Нарықтық экономика жағдайында кез келген кәсіпорынның банкроттыққа өзі ұшырауы немесе басқа кәсіпорынның банкротқа ұшырауына байланысты іскерлігінің кез келген уақытта тоқтап қалу мүмкіндігі жоғары


Капитал құрылымының көрсеткіштерін бағалау



бет13/15
Дата20.12.2022
өлшемі133,11 Kb.
#58483
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
2.3 Капитал құрылымының көрсеткіштерін бағалау
Келесі капитал құрылымының көрсеткіштерін қарастырайық.Бұл көрсеткіштер кәсіпорында ұзақ мерзімді қаражаттары бар инвесторлар мен кредиторлардың қорғаныс дәрежесін сипаттайды.
№ 5-кесте-капитал құрылымының көрсеткіштері.

Капитал құрылымының көрсеткіштері

Формуласы

Жолдың коды

Мәні

1.меншік коэфиценті

Меншік капитал/баланстың түпкі сомасы

38.030-38.028/38.024-38.023

-1,57

2.Қаржылық тәуелділік көрсеткіші

Қарыз каитал/меншік капитал

38.033+38.042/38.024-38.023

1,9

3.Кредиторлардың
қорғаныс коэфиценті

Таза пайда+пайыздарды төлеу бойынша шығындар+пайдаға салық/пайыздарды төлеу боынша шығындар

39.011+39.004(с)+39.008/
39.004(с)

4,2




жолдың коды

Көрсеткіштер

2005 жыл басына мәні

2005 жыл басына мәні

100.38.030

Меншік капитал бөлімінің түпкі сомасы

446165582

769905858

100.38.028

Резервтік капитал







100.38.024

Ағымдағы активтер бөлімінің түпкі сомасы

7914519147

959568876

100.38.023

Ағымдағы активтер бөлімінің жиынтық сомасы

401839447

455687537

100.38.033

Ұзақ мерзіммді міндеттемелердің түпкі сомасы

149349

100.38.042

Ағымдағы міндеттемелер бөлімінің жиынтық сомасы

1237617496

17529474734

100.39.011

Таза табыс

0

323740276

100.39.004(с)

Пайыздарды өтеуге байланысты шығындар

98477571

100.39.008

Корпоративтік табыс салығы бойынша шығындар







(Кестеге ақпарат көзі-қосымша 1 негізінде жасалған)
Капитал құрылымының көрсеткіштері кәсіпорынға ұзақ мерзімге қаражат салған инвесторлар мен кредиторлардың мүмкін жоғалтулардан қорғаныс дәрежесін көрсетеді.Яғни кәсіпорынның ұзақ мерзімді қарыздарын өтеу қабілетін көрсетеді.Бұл топтың коэфиценттерін төлемқабілеттік коэфиценті деп те атайды оларға: меншік коэфиценті,қаржылық тәуелділік коэфиценті және кредиторлардың мүмкін жоғалтулардан қорғаныс коэфиценті кіреді.
Меншік коэфиценті кәсіпорынның жалпы капиталындағы меншік капиталының үлесін көрсетеді.Батыс тәжірибесінде оның көлемі 60 % -дай және одан жоғары болғаны кәсіпорынның жеткілікті қаржылық тұрақтылығын көрсетеді деп саналады.
Қаржылық тәуелділік коэфиценті кәсіпорынның қаражаттың сыртқы көздерінен тәуелділік дәрежесін көрсетеді.Оның мәні неғұрлым жоғары болса соғұрлым кәсіпорынның қарыздарының көлемі жоғары.Нарықтық экономика жағдайында оның мәні бірден аспау керек деп қабылданған.
Кредиторлардың мүмкін жоғалтулардан қорғаныс коэфиценті ұсынылған несие үшін пайыздардың өтелмей қалу жағдайынан кредиторлардың қорғаныс дәрежесін көрсетеді.Осы көрсеткіш бойынша есептілік период ағымында кәсіпорын қарыздар бойынша пайыз өтеу үшін қанша қаражат тапқанын көрсетеді.
Меншік коэфиценті кәсіпорынның капиталындағы меншік капиталдың үлесін сипаттайды.Сәйкесінше кредиторлар мен кәсіпорынның меншік иелерінің қарым қатынасын айқындайды.Жалпы батыс тәжірибесінде оның мәні,яғни меншік капитал жалпы капиталдың 60 % немесе одан жоғары мән болғаны дұрыс деп қабылданған.Біздің кәсіпорында оның мәні -1,57-ге тең әрине бұл өте аз шама.[]
Бұл кәсіпорынның сыртқы қаражаттарға тәуелділігін сипаттайды.Неғұрлым ол жоғары болса,кәсіпорынның соғұрлым қарыздары көп.Көрсеткіштің мәнінің деңгейінің жоғарылылығы да кәсіпорынның ақшалай қаражаттарының тапшылығын тудыруы да мүмкін.Бұл көрсеткіштің интерпретациясы көптеген факторларға тәуелді.
Батыс тәжірибесінде бұл кәсіпорынның мәні 1-ден аспауы қажет.Біздің кәсіпорында оның мәні 1,9-ге тең.Яғни біздің кәсіпорнымыздың сыртқы қаражаттарға тәуелділігі өте жоғары.
Келесі көрсеткіш кредиторлардың қорғаныс көрсеткіші-ол ұсынылған несие үшін кредиторларға пайыздың берілмей қалу қаупінен қорғаныс дәрежесін көрсетеді.Біздің кәсіпорында оның дәрежесі өте төмен-4,2.
Әр түрлі шаруашылық субьектілердің және бір кәсіпорынның әр түрлі бөлімдерінің жұмысының тиімділігін қарастырғанда көзделген пайданың,рентабельділіктің немесе табыстылықтың шамасы туралы сөз қозғалуда.Жоғарыда көрсетілгендей рентабельділікті есептеудің алгоритмдері көп.Бірақ егер де бір көрсеткішті қарапайым алгоритммен әр түрлі есептеу әдістерін қолданып шығарғанның өзінде оның мәндері әр түрлі болуы мүмкін.Бұл жерде бухгалтерлік стандарттардың және есептілікті құрудың қағидаларының әр түрлілігінде ғана емес.Рентабельділік көрсеткішткері бір мәнді кәсіпорындардың қаржылық жағдайы бірдей деп айтуға болмайды.Және де олардың іскерлігінің қай салада болуына байланысты шығындары да әр түрлі көлемде,әрине түсетін пайданың көлемі де әр түрлі.
Екінші бөлімді қорытындылай келе жалпы ЖШС «СП «FIAL» кәсіпорнының қаржылық жағдайына келетін болсақ,баланстың көптеген бөлімінде активтер бойынша азаюлар,дебиторлық міндеттелердің көбеюі орын алып отыр.Және қаржылық көрсеткіштердің мәні де соған сәйкес қуантарлық емес.Бұл кәсіпорында ақшалай қаражаттардың үлкен бөлігі кен орнымыздағы аяқталмаған өндіріске,мұнай кен орнын зерттеуге,ондағы мұнайдың құрамын анықтауға байланысты зерттеу жүргізген университеттерінің (мысалы Актаудағы-НИПИНЕФТЕГАЗ) қызметтеріне,бас бөлімдегі,бөлімшелеріндегі және де кен орнындағы жұмыскерлердің жалақысына және тағы басқа жұмыс барысында шығындар орын алған.Ал бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайының төмен болғанына қарамастан банктерден несие ала-алу қабілеті-бұл кәсіпорынның үлес иелерінің беделі және кәсіпорынның салалық ерекшелігіне байланысты.Ол үлес иелерінде бұл кәсіпорын сияқты тағы да осы салада 5-6 кәсіпорны бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет