Екісатылы әдістің мәні – нарықты маңызды белгілері бойынша біртіндеп екіге бөлу. Жүйені құрушы ретінде тауар үшін ең маңызды белгі алынады. Сегменттеу белгілеріне байланысты іріктеу нарықты жүйелеп бөлу жолы арқылы екі топқа бөлінеді

Нарықтың мақсатты сегменті – фирманың тиімді маркетингтік қызметі үшін таңдалған бір немесе бірнеше сегменттер. Нарықтың мақсатты сегментін нарықты қамтудың көпшілікке арналған (дифференциалданбаған) және дифференциалданған маркетинг стратегияларының бірін қолдану арқылы таңдауға болады. Фирма нарықтың тартымды сегменттерін таңдау кезінде өздерінің мақсатын, күшті және әлсіз жақтарын, бәсеке деңгейін, нарық мөлшерін, өткізу және пайда арналарымен арақатынасын есепке алуы тиіс.

Компания мақсатты нарық типтерінің бесеуінің біріне тоқталуы тиіс: 1.«Шоғырландырылған» немесе «фокусталған» маркетинг стратегиясын қолдана отырып, фирма өз ресурстарын бір немесе бірнеше субнарық қажеттіліктерін қанағаттандыруға шоғырландырады. Кейде оны тұтынушылардың ерекше тобына бағытталған мамандандыру стратегиясы деп те атайды. 2. ^ Таңдап мамандану. Мұндай стратегияда фирма қойылған мақсаттар мен бар ресурстарды ескере отырып бірнеше сегменттерді таңдайды. Бұл сегменттер ұқсас та, мүлдем әртүрлі де болуы мүмкін, бірақ оның әрқайсысы компанияға жоғары табыс әкеледі. Бұл стратегия тәуекелдіктерді бөлу мүмкіндіктерін береді. 3. ^ Тауарлық мамандануы. Компания нарықтың бірнеше сегментіне ұсынатын бір тауарды шығаруға күш жұмсайды. Алайда, бұл жағдайда жиі аталған тауарды басқа тауарлардың ығыстыру тәуекелі жоғары болады. 4. Нарықтық мамандануы. Компания таңдалған топ тұтынушыларының әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға көңіл аударады. Бұл жағдайда фирма тұтынушыларға үлкен тауарлар ассортиментін ұсынады. 5. ^ Нарықты толық жаулап алу. Дифференциалданған көшбасшы болуы мүмкін.