Нақты сандар облысында нольдің мынадай қасиеті бар екенін білеміз, ноль мен кез



Pdf көрінісі
бет123/131
Дата24.03.2022
өлшемі1,67 Mb.
#28682
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   131
ӘОЖ 357.35 
 
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ЗЕРТТЕУ ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДА 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЕСКЕРУ 
 
Пазылова  Гульмира Шойгариновна 
Педагогика және психология магистрі 
Педагогикалық шеберлік орталығы филиалыКөкшетау, Қазақстан 
 
Бастауыш  саты  –  оқушыда,  оның  интеллектісі  дамуының  іргетасы  танымдық  әрекеті 
қалыптасуының  қуатты  жүретін  кезеңі.  Яғни,  балада  ақыл-ой  әрекеті  сияқты  аса  маңызды 
қабілет қалыптасады. Бұл қабілет оқи білуге үйрену ынтасынан көрінеді. Окытудың алғашқы 
қадамдарынан  бастап  мектеп  осы  қабілетті  жан-жақты  дамытып,  әрі  жаттықтырып  отыруға 
тиіс. Бастауыш мектепте баланың бүкіл психикалық әрекетін: зейін, қабылдау, есте сақтау мен 
есте  қалдыру,  ойлау,  бақылау  әрекеттерін  реттеп  отыру  арқылы  танымдық  әрекеті 
қалыптасады.  
Психологтардың,  педагогтардың  (Н.Лейтес,  А.  Люблинская,  Я.Пономарев,  Ж.Пиаже, 
А.Зак. т.б.) зерттеулерінше оқушының мектептегі кезеңдерінің ішінде, әсіресе, бірінші сынып 
кезеңінде  оқушылардың  танымдық  әрекеттерінің  психологиялық  негізі  және  елестету, 


~ 229 ~ 
 
армандау,  шығармашылық  ойлау  және  ойлау  операциялары:  талдау,  жинақтау,  жалпылау, 
салыстыру және т.б. қалыптасады. Сонымен қатар әрекетті бағалау, қорытынды шығару және 
өз  пікірін  айту  сияқты  керекті  негізгі  қабілеттер  де  көріне  бастайды.  Бастауыш  сынып 
оқушыларының  маңызды  тағы  бір  ерекшелігі  –  оларды  эмоционалдық  көңіл-күйінің 
көтеріңкілігі. Қол жеткен табыстары үшін балаларды мадақтап отыру, көрген фильм, оқылған 
кітап  не  әңгіме  балаларды  баурап  алады,  олардың  жан  сарайында  жаңғырық  тудырады.  Бұл 
жастағы  балалар  айтқанға  оп-оңай  көнгіштігімен  ерекшеленеді,  олар  ересек  адамдардың, 
әсіресе, мұғалімнің тәрбиелеу ықпалына тез беріледі. /1/ 
Бастауыш  мектептің  алдында  тұрған  негізгі  мақсат  –  оқушыларға  білім  бере  отырып 
ойлау  қабілетін  дамыту,  қызығушылығын  арттыру,  оқуға  ынтасын  ояту.  Бастауыш  мектеп 
кезеңінде алған білімдерді бала өз іс-әрекетінде қолдануға машықтанады және ой қорытынды 
жасай  алу,  себеп-салдарды  анықтау,  түсінік  беру,  ойлау  қабілетінің  дамуы    анық  көріне 
бастайды және осы кезеңде оқушының ойлауы нақты-бейнеліден абстрактылы ойлауға қарай 
дамиды,    заттарды  тиісті  ұғымдарға  жатқызып,  өзінің  ойын  дәлелдеуге  үйрене  бастайды. 
Дәлелдеу  үшін  бала  тиісті  жүйе-логикалық  ойлауға  сүйенеді.  Логикалық  ойлау  анықтылы-
ғымен, бірізділігімен, дәлелділігімен ерекшеленеді.Л.С.Выготскийдің пікірі, бойынша оқымай 
жүрген  ойын  баласы  оқуға  кіргеннен  соң  ойымен  интеллектісі  үлкен  өзгеріске  ұшырайды: 
яғни натуральдық ойдан, мәдени, немесе ұғым арқылы ойлануға көшеді. 
Ой операцияларының түрлері бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетінде әр түрлі 
тереңдікте  кездеседі.  1  сыныптағылар  нақты  затқа,  не  солардың  көшірмесіне  (үлгісіне, 
суретіне  т.б.)  негізделе  отырып,  тапсырманы орындайды.  Сол затқа  не  оның  көшірмесін  көз 
алдынан  алып  кетсе,  тапсырманы  орындау  қиынға  түседі.  2-3  сыныптағылар  бірте-бірте 
заттың  жеке  қасиеттеріне,  әсіресе  негізгі  белгілерін  есінде  қалдырып,  соларды  мүмкіндікше 
топтастыруға  үйренеді.  Осының  өзі  сол  заттың  не  оның  көшірмесі  жоқ  кезінде  күрделірек 
тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді. 
Ал  аталған  операциялар  –  өзінше  динамикалық   болып тұратын  процессуалдық 
құбылыстар. Осы құбылыстар, яғни операциялар жүзеге асу үшін тиісті бейнелерге елестету 
бейнесіне, не ұғымға негізделуі тиіс. 
Бастауыш  сынып  оқушының  бірте-бірте  ой  өрісінің  қалыптасып  және  заттарды  тиісті 
ұғымдарға  жатқыза  алуына  қалай  өзінің  ойын  құрбылары  арасында  дәлелдеуге  үйрене 
бастайды. Ол не болса, соған көнбейді, өзгелерден дәлел келтіруді талап етеді. Дәлелдеу үшін 
бала  тиісті  жүйелерге  (логиканың  негіздеріне)  сүйенеді.  Сонымен  қатар  өзінің  пікіріне,  не 
берген  жауабына  сынмен  қарап:  пікіріне  не  ісіне  өзгерісінің  бағыты  тұрғысына  қарай  алуға 
үйренеді.  Әркім  өзінің  пікіріне  не  ісіне  талдау  жасап,  сынмен  қарауды  рефлексияның 
қарапайым түрінде өзін-өзі бағалай алады. 
Ойлау  үрдісі  бірнеше  кезеңдерден  өтеді.  Ол  қажеттіліктен  немесе  не  нәрсені  түсіну, 
түсіндіру керектігінен басталады. Бұл, ойлау әрекетінің бірінші кезеңі. 
   
Ойлау үрдісінің пайда болуы үшін екі шарт қажет: 
   
1) жаңа әдеттен тыс нәрсені белгілі нәрседен айыра білу; 
   
2) бұл жаңа және бейтаныс нәрсені тануға: түсінуге, сырын ашуға ұмтылу. 
Ойлау  үрдісі пайда болуында  адамның   қоршаған  дүниеден  байқаған  жаңа,  белгісіз 
нәрселерге қызығуының да елеулі маңызы бар. 
Күтпеген, бейтаныс жағдайлармен кездескенде адам алдына міндет қоя білуі керек. Ойы 
жоғары  дәрежеде  дамыған,  жеткілікті  мөлшерде  мол  өмір  тәжірибесі  бар  ересек  адамдар 
әдетте өздері-ақ міндетті аңғарады және мәселе қоя біледі. Сөйтіп, олар үшін нені танып білу 
керектігі,  яғни  ой  нысанасы  мен  ой  үрдісінің  бағыты  айқын  болады.  Ой  әрекетінің  міндетті 
атқару және қоя білу сияқты бірінші кезеңі осылай аяқталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет