Нақты сандар облысында нольдің мынадай қасиеті бар екенін білеміз, ноль мен кез


Критериалды бағалаудың басты міндеттері



Pdf көрінісі
бет55/131
Дата24.03.2022
өлшемі1,67 Mb.
#28682
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   131
Критериалды бағалаудың басты міндеттері. 
Жалпы жағдайда: 
  оқушылардың  танымдық  қабілеттерін,  сыни  ойлауын,  есте  сақтауын  оқу-танымдық 
әрекеттерді орындауға икемдеу; 
 оқушылардың оқуға деген ынталарын арттыру, бағалау туралы теріс  ұғымдарды жою, 
оқу барысындағы жауаптарды талдау мен сараптау мақсатындағы белсенділігін арттыру; 
 оқушылардың білімдерін жүйелеу, бекіту, тереңдету; 
 оқушыларды шыдамды болуға және өзін-өзі ұстай білуге үйрету; 
 оқушының сабаққа қызығушылығы мен белсенділігін арттыру; 
 оқушы білімінің жүйеленуі, тереңдеуі, есте сақтауының ұзаруы; 
 білім  алу  барысындағы  қиындықты,  қателікті  білім  олқылықтарын  және  оның 
себептерін дер кезінде анықтау; 
 оқушының  білім  алу  үдерісін  қадағалап,  дәл  және  жедел  түрде  сапалы  білім  алғаны 
жөнінде кері байланыс ақпаратын алу; 
 оқушының  барлық  жұмыс  түрлерінің  бағалануын  қамту  (өзіндік  жұмыс,  ағымдағы 
бағалау, тренинг, үй жұмысы, жоба жұмысы, шығармашылық жұмысы т.б.); 
 оқушының білімін ағымдық және қорытынды бағалау, баға сапасын арттыру. 
Мұғалімдер үшін: 
 сапалы нәтиже алуға  бағытталған критерийлерді әзірлеуге; 
 өзінің іс-әрекетін жоспарлау және талдау үшін қажетті ақпаратты жедел түрде  алуға; 
 білім беру сапасын жақсартуға; 
 әр  оқушының  жеке  ерекшеліктері  мен  қабілеттерін  ескере  отырып,  жеке  оқыту  
траекториясын құруға; 
 бағалаудың түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға; 
 оқу бағдарламасын жетілдіруге ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді. 
Оқушылар үшін: 
 өзінің  түсінігі  мен  қабілетін  көрсету  үшін  оқытудың  түрлі  формаларын  және  ойлау 
әрекетінің әр түрін қолдануға; 
 өз нәтижелерін болжау арқылы табысқа жету үшін бағалау критерийлерін білуге және 
түсінуге; 
 өзінің және өз құрдастарының жетістіктерін бағалап, рефлексияға қатысуға; 
 шынайы  міндеттерді  шешу  үшін  өз  білімдерін  қолдануға,  түрлі  көзқарастарды 
білдіруге, сын тұрғысынан ойлауға мүмкіндік береді. 
Ата-аналар үшін: 
 өз баласының оқытылу деңгейі туралы шынайы дәлелдер алуға; 
 баланың оқудағы жетістіктерін қадағалауға; 
 оқу үдерісінде  оқушыларға қолдау көрсетуге; 
 мектеп әкімшілігімен, жалпы мұғалімдермен кері  байланыс орнатуға; 
 баласының  сыныпта  және  жалпы  мектепте  өзін  жайлы  сезінуіне  сенімді    болуына  
мүмкіндік береді. 
       Критериалды  бағалаудың  қызметтері:    оқытушылық,  бақылаушылық,  дамытушы-
лық,  тәрбиелеушілік,  диагностикалық  және  негіздеушілік.    [3]    Мысалы,  диагностикалық 
қызметі,  бұл  білім  беру  үдерісіне    қатысушы  оқушылардың  мазмұндық  және  эмоционалдық 
рефлексиямен  мұғалімдердің  педагогикалық  рефлексиясы  арасындағы  негізге  алынған 
байланыс  кезеңдерін  қамтиды.  Шын  мәнінде    бағалау,  ол  жеке  оқушының,    жеке  сыныптың 
оқушылары  арасында  білім  беру  нақты  жағдайда  қалай  өтіп  жатқандығын  анықтауға 
бағытталған  болуы  тиіс.  Сол  сияқты  критериалды  бағалаудың  әрбір  қызметінің  осындай 
өзіндік мақсаты мен міндеттері болады. 
Критериалды бағалау жүйесіне қойылатын талаптар:   [4] 
1.  Оқу материалдарының қаншалықты табыспен меңгергендігін, практикалық дағдының 
қай  дәрежеде  қалыптасқандығын  анықтауға  мүмкіндік  беруі  керек.  Басқаша  айтқанда, 


~ 174 ~ 
 
берілген  курс  бойынша  ең  төменгі  талап  деңгейінде  оқушының  жеткен  жетістігін 
салыстыруға мүмкіндіктің болуы. Бұл жағдайда  бастапқы нүкте ретінде міндетті минимумды 
алу керек, өйткені сол ғана біршама айқын анықталған құжат болып табылады. 
2.  Бағалау  жүйесі  әрбір  оқушының  дайындық    деңгейінің  жалпы  өзгерісін  және  оның 
танымдық  іс-әрекет  аймағындағы  түрлі  жетістіктер  динамикасын  (ақпаратты  меңгеруі, 
ақпаратты  өңдеуі,  өз  ойы  мен  бейнелеулерін  шығармашылықпен  көрсетуі  т.б.)  есепке  алуы 
керек.    Өйткені  бұлар  оқушының  білім  алу  жолындағы  табыстары  мен  сәтсіздіктерінің  бет-
бедерін көрсете алады.  
3.  Бағалау ақпаратында ол туралы дәлме-дәл түсініктеменің бар болуы, өйткені бағалау 
аса ашық түрде өтіп, ағымдағы және қорытынды бағалардың қойылу себептері түсіндірілген 
болуы керек. 
4.  Бағалау  жүйесінде  оқушының  өз  жетістіктерін    және  оқу  үдерісінде  болып  жатқан 
рефлексиясын мадақтайтын және өзіндік бағалауын дамытатын механизмге негізделген болуы 
тиіс.  Бұл  жағдайда  өзін  бағалауда  оқушы  өз  нәтижесін  мұғалім  бағасымен  салыстыруға 
мүмкіндігі болады. 
5.  Бағалау жүйесінде мұғалім, оқушы, ата-ана, сынып жетекшісі және мектеп әкімшілігі 
мен  педагогикалық  ұжым  арасындағы  тұрақты  байланысты  ескеруі  және  қамтамасыз  етуі 
керек. Мұндай байланыссыз оқу үдерісін толық қалыптастыру туралы сөз болуы мүмкін емес. 
6.  Бірыңғай білім беру кеңістігі туралы сөз болғандықтан, бағалау жүйесі  нақты мектеп 
сыныбы  үшін  қолдануға  мүмкіндігі  болуы  тиіс.  Басқаша  айтқанда,  түрлі  сабақтағы    бағалау 
жүйесі түрлі ұстанымға негізделіп жасалса, тиімді нәтиже беруі мүмкін емес. 
7.  Бағалау  жүйесі  оқушының  психологиялық  ерекшіліктерін  ескере  отырып,  соған  сай 
жүргізілуі қажет. Оқушының жанын жаралаудан аулақ болу керек. 
 Критериалды бағалаудың мынадай негізгі практикалық мәнділіктері бар: 
 оқушының жеке бас сапасы емес, оның оқу жетістіктері бағаланады; 
 оқушы  жұмысы,  оларға  бұрыннан  белгілі  –  дұрыс  орындалған  үлгі  жұмыстарымен 
салыстырылады; 
 оқушыға  баға  қорытудың  айқын  алгоритімі  белгілі,  сондықтан оқушы  өз  жұмысының 
деңгейін өзі де анықтай алады және оны ата-анасына хабарлау мүмкіндігі бар; 
 оқушыға не үйретілген болса, соны ғана бағалауға болады. 
  Критериалды бағалау жүйесінің ерекшеліктері: 
 оқушының  нақты  қиындық  тудыратын  сұрақтарын  білу  және  оны  жою  мүмкіндігінің 
болуы; 
 оқушының  бағалау  туралы  теріс  ішкі  сезімінің  болмауы,  психологиялық  жайлы 
ортаның болуы; 
 бағалаудың шынайылығы, анықтылығы және ашықтығы; 
 оқушының даму үдерісін анықтау мүмкіндігі; 
 оқушының  қиындықтарды  жеңуге  деген  құштарлығының  жоғары  деңгейінің 
қалыптасуы; 
 кері байланыстың жиілігі, рефлексия; 
 ішкі және сыртқы бақылаулардың болуы; 
 оқу-тану әрекетіне оқушыны ынталандырудың болуы; 
 сын тұрғысынан ойлау қабілетіне көңіл бөлінуі.   [5] 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет