Научный журнал


Семантика жестовых знаков



Pdf көрінісі
бет17/22
Дата03.03.2017
өлшемі4,64 Mb.
#5604
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

Семантика жестовых знаков
Международный казахско-турецкий университет 
имени Х. А. Ясави, г. Туркестан.
Поступило в редакцию 06.01.16.
S. Magzhan
Semantics of sign marks
A.Yesevi International Kazakh-Turkish University, Turkestan.
Received on 06.01.16.
В  статье  рассатриваются  вопросы,  касающиеся  схожих  и 
противоположных значений семантики различных жестовых знаков.
Использование  определенных  кинетических  жестов  в  речи 
позволяет говорящему донести до слушателя свое мнение, заставить 
его  прочувствовать  его,  а  также  показывает,  что  говорящий 
знаком с окружающей общественной системой и традициями. В 
таких ситуациях семантика жестов и знаков выходит на первый 
план, поэтому ни в коем случае нельзя о них забывать. Причем в 
международных отношениях семантика жестов и знаков становится 
еще более актуальной, на чем заостряется внимание в данной статье. 
Также рассматривается тот факт, что большая часть ошибок в 
интерпретации семантики порождается формальной схожестью 
этих  знаков  и  жестов.  В  статье  представлены  взгляды  и  идеи 
исследователей, касательно указанной схожести знаков и жестов 
и наличия универсальных парадействий. 
В частности, затронуты вопросы о знаках, стоящих обособлено 
и  входящих  в  систему  жестов,  запрещенных  этикетом  для 
использования в различных коммуникативных отношениях.
The article deals with the similarities and opposite semantic meanings 
of different gestural signs.
The use of certain kinetic gestures in speech allows the speaker to 
convey their opinion to the audience, to make them feel it, and it also 
shows that the speaker is familiar with the surrounding social system and 
traditions. In such situations, the semantics of gestures and signs comes 
to the fore, so in any case can not be forgotten. Moreover, in international 
relations, the semantics of gestures and signs becomes even more urgent, 
as emphasized in this article. We also consider the fact that most of the 
errors in interpreting the formal semantics is generated by the similarity 
of the signs and gestures. The article presents the views and ideas of 
the researchers, about the similarity of the signs and gestures, and the 
availability of the universal paraactions.
In particular, there are raised questions about the signs, standing 
isolated and in the system of gestures, prohibited for use in a variety of 
communicative relations.

Вестник ПГУ, ISSN: 1811-1823.                                                  Серия филологическая. №1. 2016 
ПМУ Хабаршысы                                                      
190
191
ӘОЖ 081.81 
Ш. Мажитаева
1
, Ж. Кабыкен
2
1
ф.ғ.д., профессор; 
2
магистрант, Академик Е. А. Букетов атындағы Карағанды 
мемлекеттiк университетi, Қарағанды қ.
e-mail: :  S_mazhit@mail.ru; sh-mazhit@inbox.ru
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ «ҚЫРЫҚ МЫСАЛЫНЫҢ» 
КЕЙБІР ТІЛДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мақалада қазақ әдебиетіне ХІХ ғасырдың екінші жартысында 
қалыптасып, ХХ ғасырдың басында сәтті жалғасын тауып, ерекше 
дамыған мысал жанры туралы қысқаша шолу жасалады.
Мысал жанрының дамуы бүкіл қазақ поэзиясын жаңа деңгейге 
көтерген  қазақ  әдебиетінің  классигі  Абай  дәуірімен  тұспа-тұс 
келеді. Осы мақаламызда рухани серпіліс кезеңінде Абай дәстүрін 
жалғастырған,  мысалды  әдебиетімізде  жаңа  биікке  көтерген, 
ХХ  ғасыр  басында  қазақ  әдебиетінің,  әдеби  тіліміздің  дамуына 
өзіндік  үлес  қосқан  –  Ахмет  Байтұрсынұлының  «Қырық  мысал» 
атты жинағына кірген мысалдардың кейбір тілдік және стильдік 
ерекшеліктері қарастырылады. 
Ахмет  Байтұрсынұлының  «Қырық  мысал»  жинағы  –  қазақ 
фольклорының алтын діңгегі іспеттес. 
Кілтті  сөздер:  фольклор,  мысал  жанры,  қазақ  поэзиясы,  
А. Байтұрсыұлының «40 мысалы», мысал сюжеті.
Мысал  жанры  қоғамдағы  немесе  жеке  адамның  бойындағы  кейбір 
жағымсыз жайт, кемшілік, дерт, ұнамсыз мінез-қылықты ашық, тура санамай, 
аллегориялап сынап-мінейді. «Аллегория» – грекше астарлап айту, басқаша 
айту деген сөз. Яғни мысал – аллегория әлгідей кемшілік дертті көбінесе 
адамның емес, басқа бір хайуанаттың, құстың немесе бір заттың басында 
болған  оқиға  етіп  суреттейді.  Өзінің  айтар  идея,  ой-пікірін  жасырып, 
жұмбақтап айтады [1, 54 б.]. Әңгіме бір жәндік, бір зат туралы болғанмен, 
оның ар жағында адам бейнесі, адам ісі, адам мінезі тұрады.
Мысалдың алғашқы үлгілерінің пайда болуын біздің эрамызға дейін 
VIII  ғасырдағы  гректердің  өмірінен  байқаймыз.  Олар  белгілі  бір  ойды, 
пікірді дидактикалық мазмұнда айтып беретін әңгімелер түрінде көрінген. 
Бүгінгі күнде әдебиеттану ғылымында мысалдың тұлғасы әбден тұрақталып, 
қалыпты бір арнаға түсті. Осы үдерістің өзі ұзақ тарихи дамудың нәтижесі. 
Сондықтан  да  осы  үлгідегі  Лафантен,  Крылов,  Абай  мысалдарын  жете 
бағалау үшін мысалдың алғашқы үлгілеріне жан-жақтық таным қажет.
Мысалдың  шығу  тегі,  типологиялық  дамуы  және  оның  бойында 
лирикалық,  эпостық,  драмалық,  тіпті  трагедиялық  элементтердің 
кездесесетіндігі ғалымдардың әртүрлі байлам жасауына әкелген. Мысалды 
халық ауыз әдебиетіндегі жануарлар эпосымен тығыз байланысты қарастырған 
Е. А. Костюхиннің пікірінше, теорияда мысал тек қана әдебиет жанрының бірі 
ретінде қарастырылмайды, сонымен қатар бір ойды берудің өзіндік формасы 
және тіпті жалпы сөз өнерінің іргелі формасы ретінде қаралады [2, 164 б.].
Эпостың шағын өткір жанры мысалдың қазақ әдебиетінде жедел дамып, 
әдеби  үдерісте  ықпалды  маңызға  ие  болған  кезеңі  XIX  ғасырдың  аяғы 
мен ХХ ғасырдың басы. Аталған кезең аралығында дүниеге келіп, дербес 
жанр ретінде қалыптасқан мысал қазақ әдебиетіне шығыстан да, сонымен 
бірге батыстан да енді деп айтуға әбден болады. Өйткені аталған кезеңде 
шығармашылық еткен қазақ қаламгерлері алдымен төл фольклорлық және 
әдеби мұрамыздан, қалай сусындап өссе, қалыптасса, соң олардың әрқайсысы 
білім алған ордаларының бағыт-бағдарына сай не батыс не шығыс әлемінің 
фольклорлық және классикалық әдебиет үлгілерімен танысып өсті. Осыған 
орай олардың шығармашылықтары алдымен ұлттық содансоң не шығыстық, 
не батыстық әдебиет үлгілерімен тығыз байланыста қалыптасты. Мысалы, 
Дулат  Бабатайұлы,  Майлықожа,  Молда  Мұса,  Тұрмағамбет  Ізтілеуұлы, 
Шораяқтың Омары секілді ақындардың мысал өлеңдері мен дастандары 
шығыс фольклоры және әдебиеті материалдарының негізінде шығыспен 
тығыз байланыста дүниеге келді деуге келеді [3, 62 б.]. Ал Ыбырай, Абай 
секілді  ұлы  ағартушы  ақындарымыз  бастаған  Ахмет  Байтұрсынұлы, 
Спандияр Көбейұлы, Бекет Өтетілеуұлы, Сәбит Дөнентайұлы қостаған келесі 
топ орыс әдебиетін оқып өсті, қалыптасты. Олардың дені, негізінен, орыс 
әдебиетінен мол аудармашылық жұмыс жасады.
Қазақ даласындағы сол бір қоғамдық тарихи мезгіл қазақ халқының 
рухани өміріне де әсерін тигізбей қойған жоқ. Міне, осы әлеуметтік өзгерістер 
мен рухани серпіліс мысал жанрының дамуына ықпал еткен негізгі факторлар 
еді. Жалпы, өміріндегі өзекті мәселелерді көтерер көсем сөз сияқты өтімді, 
өктем  жылдам  жанарлардың  әдеби  аренаға  толық  шықпай,  шыққанның 
өзінде бүкіл халыққа мол дәрежесінде жетпей жатқан кезде халықты елдікке, 
бірлікке, оқу-білімге шақыруды ғибраттық сарында, табиғатында поэзиямен 
егіз мысал жанрының халық үшін маңызы ерекше болды [4, 96 б.]. 
Мысал  жанрының  дамуы  бүкіл  қазақ  поэзиясын  жаңа  деңгейге 
көтерген қазақ әдебиетінің классигі Абай дәуірімен тұспа-тұс келді. Рухани 
серпіліс кезеңінде Абай дәстүрін жалғастыра мысалды әдебиетімізде жаңа 
биікке көтерген – Ахмет Байтұрсынұлы. Ахмет Байтұрсынұлы 1909 жылы 
Петерборда басылып шыққан «Қырық мысал» атты жинағы қазақ мысал 
жанрының алтын діңгегі іспеттес. Ол осы салада жарық көрген тұңғыш жинақ 
болатын. Бүкіл халық, әдеби орта жылы қабылдаған «Қырық мысал» жинағы 

Вестник ПГУ, ISSN: 1811-1823.                                                  Серия филологическая. №1. 2016 
ПМУ Хабаршысы                                                      
192
193
1933 жылы Орынборда, 1922 жылы Қазанда қайтара басылып, сол кезеңдегі 
мысал жанрының дамуына үлкен әсер етті. А. Байтұрсынұлы мысалдары сол 
кездің өзінде қазақ әдебиетіндегі өзгеше құбылыс ретінде танылды.
Ахмет Байтұрсынұлы «Қырық мысал» еңбегінде Ресей отаршыларының 
зорлық-зомбылығын, елдің тұралаған халін жұмбақтап, тұспалдап жеткізді. 
А.Байтұрсынов мысал жанрының қызықты формасы, ұғымды идеясы, уытты 
тілі арқылы әлеуметтің санасының оянуына ықпал етті. Ақынның азаматтық 
арман-мақсаты,  ой-толғамдары  кестеленген  өлеңдері  жұртшылықты 
оқуға, өнер-білімге шақыру, мәдениетті уағыздау, еңбек етуге үндеу. Ақын 
халықты қараңғылық, енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерден 
арылуға шақырды. Абайдың ағартушылық, сыншылдық дәстүрін жаңарта 
отырып, А. Байтұрсынұлы ХХ ғ. басындағы қазақ әдебиетін төңкерісшіл-
демократтық  дәрежеге  көтерді.  Сондай-ақ  қазақ  тіліне  А.  С.  Пушкин,  
М. Ю. Лермонтов, Ф. Вольтер, С. Я. Надсон өлеңдерін аударды [5]. Бұл 
аудармалар А. Байтұрсынұлының тақырыпты, идеялық-көркемдік деңгейі 
жоғары туындылар. Ел тағдырының келешегіне алаңдаулы ақын көп қырлы 
ісімен, даналық саясатымен қазақ жастарының рухани көсемі болды.
Мысалдарды  А.  Байтұрсынұлы  салт  жолымен  айтылатын  сөздер 
тобына жатқыза отырып, мынадай анықтама келтіреді: «Адамның ғамалын, 
мінезін,  құлқын  жанды,  жансыз  нәрселер  арқылы  салт-санасына  сәйкес 
көрсетіп  өнегелеу  мысалдау  болады»  [6,  37].  Сонымен  қатар  ғалымның 
біз үшін маңызды ескертуі де бар: мысалдар көбінесе хайуандар шыққан 
ертегілерден алынады. Ондай ертегілерде хайуандарға адамша тіл бітіріп, 
адамша мінездеп, іс еткізіп, түрлі өнеге боларлық сипаттанған. Одан әрі 
ғалым пікірі келесідей: «Мысалда аңдар, құстар, хайуанаттар, өсімдіктер 
іс-әрекеті,  мінезі  арқылы  адам  бойындағы  мінді,  кемшілікті  тұспалдап, 
әжуә күлкі етеді... Осындай шағын көлемді, оқиғалы, адамға сабақ болатын 
тағылымдық шығарманы мысал дейді» [6, 37 б.], – деп түйіндей түседі.
«Қырық мысал» жинағына енген мысалдар – көлемімен де, сюжеттік 
дамуымен  де  өзге  сөз  зергері  туындыларынан  дара.  «Қырық  мысал» 
жинағына жазған «Замандастарыма» деген кіріспесінде орыс классиктерінің 
мысалдарын тәржімелегені туралы айтып, аударманың мән-мақсаты, дәуір 
дүбіріне ілесу ниеті, қиындық жағдайларда орындағаны туралы айтады:
Орыстың тәржіме еттім мысалдарын,
Әзірге қолдан келген осы барым.
Қанағат азға деген, жоққа – сабыр,
Қомсынып қоңырайма, құрбыларым!
А.  Байтұрсынұлы  Крылов  мысалдарын  жолма  жол  аудармай,  еркін 
аударған.  А.Байтұрсынұлы  өлеңі  Крылов  нұсқасына  жолма-жол  сәйкес 
келіп отырмаса да, мағынасы жағынан әбден жақын және көркемдігі де өте 
жоғары. Мәселен, түпнұсқада:
Он бросился со всех четырех ног;
Однако ж пропасти перескочить не мог:
Стремглав слетел и – до-смерти убился.
А что́ ж его сердечный друг?
Он потихохоньку в овраг спустился
И, видя, что уж Льву ни лести, ни услуг
Не надо боле,
Он, на просторе и на воле,
Справлять поминки другу стал
И в месяц до костей он друга оглодал [7] – десе
Ал Ахмет Байтұрсынұлында:
Желікті мына сөзге енді Арыстан,
Қарғуға жар шетіне келді Арыстан.
Жете алмай қарғығанмен ар жағына,
Ішіне сайдың құлап өлді Арыстан.
Түлкі қу құлап өлген досын көрді,
Ақырын ойға түсіп, жақын келді.
Атаусыз сүйген досын тастасын ба,
Сол жерде кешікпей-ақ асын берді.
Өлтіріп досын алдап Түлкі бұзық,
Жеп жатыр өлісімен етін бұзып.
Бір айдай азық етіп Түлкі жатты, деп аударып, ары қарай осы мәселеге 
қатысты өз көзқарасын былай тұжырымдайды: 
Сүйегін жан досының таза мүжіп.
Досың көп тірілік пен амандықта,
Түлкідей сөз беретін жарға жықпа –
Әр іске амандықта айдап салып,
Мүжитін сүйегіңді жамандықта.
Кісіге таза жолдас табу қиын,
Көбін-ақ дос етеді мал мен бұйым.
Досыңнан, дұшпаныңнан бірдей сақтан,
Басында, сірә, Ахмет, болса миың.
Ойлама шын достарың мол екен деп,
Сөзіне ере берме жол екен деп.
Досынды қиын іске қайрап тұрған –
Білгейсің шын дұшпаның сол екен деп. 
Бұл жолдардан А. Байтұрсынұлының адамдардың жақсы және жаман 
қылықтары туралы, дос пен дұшпаныңды уақытында ажыраты білу туралы 
ой толғағанын көреміз. 
А. Байтұрсынұлы Крылов мысалдарының оқиғасын, тақырып желісін 
беруде де, тұрмыс табиғат суреттерін сипаттауда қазақ даласының, қазақ елінің 

Вестник ПГУ, ISSN: 1811-1823.                                                  Серия филологическая. №1. 2016 
ПМУ Хабаршысы                                                      
194
195
өмірімен қабыстыруды мақсат еткені және солай сипаттап бергені көрінеді. 
Айтайын деген ойын жеткізуді басты міндет санаған. Қоғамдағы жағымсыз 
құбылыстарды,  адам  бойындағы  әр  түрлі  жайсыз  қасиеттерді,  мінез-
құлықтарды тура сынамай, астарлап жеткізе білген. А. Байтұрсынұлының 
пікірінше, дұшпан тебеді – құлатады, дос түртеді – қол береді. 
Шынында,  айнымалы,  дүние  құмар,  көрініп  қалуға  бейім  жандар 
ортамызда бар-ақ. Біздің қоғамда доспын деп жүріп бір-ақ сәтте алдап кетер 
адамдар көп. Ақын солардан алданып қалмауға шақырады. 
«Қасқыр  мен  тырна»  мысалында  адамдардың  адамгершілік, 
қайырымдылық, адалдық, қиындыққа тап болған адамдарға қол ұшын беру, 
көмек көрсетуі және сол көрсеткен көмек, жасаған жақсылық дәл сондай 
жақсылықпен  қайтады  деген  ой.  Мысалда  психологиялық  екіұдайылық 
арқылы мысал персонаждарының арасындағы драмалық тартыс шиеленісіп, 
ондағы әрбір сөз, диалог ғибраттық оймен үндеседі. Басы балеге душар 
болған «қасқыр» сықылды өзіне керек кезде бұлбұлша сайрап, қиындығынан 
«тырнаның»  көмегімен  құтылып  алып,  соңында  ештеңе  көрмеген,  тіпті 
білмеген қалып танытып жасаған жақсылықты ұмытып, «рақметтің» орнына, 
«тез кет» деп өзіне тап береді. 
Өзімізге таныс қазақ мысалдарында да түлкі – қулық, айлакерліктің, 
қасқыр  –  қатыгез,  қарақшылықтың,  мысық  –  жалқаулықтың,  есек  – 
ақымақтықтың символы ретінде қызмет атқарады. Бір жағынан, қызықты 
форма, екінші жағынан, ұғымды идея, үшінші жағынан, қазақ тұрмысына 
ет-жақын  суреттер  ұласа  келіп,  бұл  өлеңдерді  төл  дүниесіндей  етіп 
жіберді.  Әртүрлі  аңдар,  әртүрлі  адамдар  кейпінен  хабар  беріп,  ишара 
тұжырым жасалады. Адамдардың мінезі, өмір ағысы, тағдыр сабағы, заман 
қабағына  қатысты  көптеген  жайттарды  әсіресе  патша  отаршылардың 
зорлық-зомбылығы, байлардың, жуандардың тепкісі, елдің азып-тозуына 
байланысты  сарындарды  Ахмет  Байтұрсынұлы  жұмбақтап,  тұспалдап 
жеткізеді, кейде ашық дәл айтылатын ойлары да кездеседі. Алуан-алуан 
ойға жетелейтін «Қайырымды түлкі», «Ала қойлар», «Үлес», «Қартайған 
арыстан»,  «Өгіз  бен  бақа»,  «Ат  пен  есек»  мысалдарында  әлеуметтік-
қоғамдық  жағдайларды  меңзейтін  оқиғалар,  адамдар  психологиясымен 
сарындас әуездер, тағылымды, ғибратты тұжырымдар мол орын алады. 
Сонымен Ахмет Байтұрсынұлы мысалға шығармашылық даралығымен 
келген жаңашыл суреткер болды. Ақын мысалдарының өзіндік бір ерекшелігі 
– уақиғаға құрылуы эпостық сарыны. Мысалы «Аңдарға келген індет» атты 
драмалық тартысқа құрылған мысалдың көтерген жүгі қайсібір шұбалаңқы 
поэмалардың  сюжетінен  салмақтырақ  [6,56  б.].  Ахмет  Байтұрсынұлы 
мысалдарының  эпостық  тынысты  жазылуы  жанр  табиғатын  түсінбей 
шашыраңқылыққа  ұрыну  емес,  қайта  әлемдік  белгілі  сюжет  мазмұнын 
терендете мысалды драмалық сипатты шығарма деңгейіне көтеруінде.
Мақаламызда әдебиеттану мен тіл білімінде сөз болып келе жатқан 
мысал табиғаты жайлы, оның қалыптасу тарихы, көркем аударма, аударма 
жасаудағы тілдік айшықтау түрлері, ол жайындағы ғылымдағы теориялық 
пікірлер мен әртүрлі зерттеулерге қысқаша тоқталып өттік. 
Ахмет Байтұрсынұлы – жанр табиғатын терең таныған адам. Ол өз 
мысалдарында фольклорық, жанрлық және көркемдік дәстүрді үйлесімді 
берген. Мысалдың сюжеттік ортақтығы сияқты фольклорық дәстүрмен бірге, 
жанрлық дәстүрді, әртүрлі көркемдік тәсілдерді (пернелеу, ғибрат, персонаж, 
әңгімелеу, сатира, драмалық тартыс, сентенция) ұтымды пайдалана білген. 
Ахмет Байтұрсынұлының «Қырық мысал» жинағы қазақ әдебиетін жаңа 
тақырыптар мен идеялармен, ойлармен, өрнектермен байытты. Абайдың 
ақындық дәстүрі ілгері жалғасты, заман талабына сай жігерлі поэзия туды. 
Ахмет Байтұрсынұлы «Қырық мысал» кітабындағы мысал өлеңдер – 
осы жанр саласындағы қазақ әдебиетінде стильдік биіктен көрінген көркем 
туындылар екені даусыз. 
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ
Құнанбаев, А. Таңдамалы шығармаларының жинағы ( «Ғасырлар 
даналығы» сериясы). – М. : Орыс раритеті, 2006.
Костюхин, Е. А. Типы и формы животного эпоса. – М. : Наука. 1987. 
–265 с.
Жұбанов, Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы : Ғылым, 
1999. – 581 б. 
Әуезов, М. Әдебиет тарихы. – Алматы, 1991.
5  Сыздықова,  Р.  Қазақ  әдеби  тілінің  тарихы  (ХV-ХІХ  ғасырлар): 
Көптомдық шығармалар жинағы. – Алматы : «Ел-шежіре», 2014.
Байтұрсынұлы, А. Қырық мысал: Өлеңдер. – Алматы : Жазушы, 
2001. – 120 б.
7  Құнанбаев,  А.  Шығармалары  (Қара  сөздер).  –  Алматы  :  Жалын, 
1979. – 1982.
27.01.16 баспаға түсті.
Ш. Мажитаева, Ж. Кабыкен
Некоторые языковые особенности «40 басен» А. Байтурсынова
Карагандинский государственный университет 
имени академика Е. А. Букетова, г. Караганда.
Поступило в редакцию 27.01.16.

Вестник ПГУ, ISSN: 1811-1823.                                                  Серия филологическая. №1. 2016 
ПМУ Хабаршысы                                                      
196
197
S. Mazhitayeva, Z. Kabyken 
Some language features of «40 fables» of A. Baytursynov
Academician E. A. Buketov Karaganda State University, Karaganda. 
Received on 27.01.16.
В статье сделан краткий обзор становления и развития жанра 
басни, проникшего в казахскую литературу во второй половине ХІХ 
века и получившего успешное развитие и распространение в начале 
ХХ века. 
Авторы  статьи  отмечают,  что  развитие  басни  получило 
широкое распространение в период расцвета творчества классика 
казахской литературы Абая, вознесшего казахскую литературу на 
новый уровень. 
Особое место отводится сборнику Ахмета Байтурсынова «40 
басен», опубликованному в начале ХХ века, который сыграл важную 
роль в становлении жанра басни в казахской литературе. 
В статье рассматриваются некоторые лингвостилистические 
особенности басен, вошедших в сборник «40 басен» А. Байтурсынова. 
Данный  труд  внес  значительный  вклад  в  развитие  казахской 
литературы начала ХХ века, сохраняя нравственные и культурные 
литературно-поэтические традиции Абая.
The article made a brief overview of the formation and development 
of the genre of fables, penetrated the Kazakh literature in the second 
half of the nineteenth century and became a successful development and 
dissemination of the early twentieth century.
The authors note that the development of the fable is widespread in 
the heyday of creativity of Kazakh literature classic Abai,which ascended 
the literature to a new level.
Special attention is paid to the collection of Akhmet Baitursynov «40 
fables», that was published in the early twentieth century and played an 
important role in the development of the fable genre in Kazakh literature.
The article discusses some features of linguostylistic fables, included 
in the collection of A. Baitursynov «40 fables». This work has made a 
significant contribution to the development of Kazakh literature of the 
early twentieth century, preserving moral and cultural literary and poetic 
tradition of Abai.
ӘОЖ 37.016:809.434.2
Б. М. Мәуленова, С. М. Сапина
1
ф.ғ.к., доцент, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті; 
2
ф.ғ.к., 
доцент, КАЗГЮУ Университеті, Астана қ.
e-mail: bota_m68@mail.ru
ТІЛДІ КӨПДЕҢГЕЙЛІ ЖҮЙЕМЕН ОҚЫТУ 
Мақалада  өзге  тілді  дәрісханада  қазақ  тілін  үйретудің 
көпдеңгейлі  «Қазақ  тілі.  Тілдарын»  оқу-әдістемелік  кешендері 
туралы сөз болады. Мақаланың мақсаты – қазақ тілін жүйелі түрде 
меңгертуге бағытталған осы көпдеңгейлі оқу-әдістемелік кешендердің 
сипатымен, құрылымымен, ерекшеліктерімен таныстыру. Авторлар 
кешендегі сабақтар материалының мазмұнын, ол материалдарды 
ұсынуда  басшылыққа  алынатын  қағидаттарды  көрсетеді.  Тіл 
үйретудегі коммуникативтік, құрылымдық-семантикалық әдістердің 
артықшылықтарын дәлелдейді. Әр қағидатты түсіндіріп, оны оқу 
құралынан келтірілген мысалдар арқылы бейнелейді.
Кілтті сөздер: деңгейлік оқыту, көпдеңгейлі жүйемен оқыту, оқу-
әдістемелік кешен, функционалдық грамматика, коммуникативтік 
бағыт, құрылымдық-семантикалық бағыт.
Мемлекеттік  тілді  көпдеңгейлі  жүйемен  оқыту  мәселесі  арнайы 
қолға алынғалы бері көптеген оқулықтар, оқу кешендері, оқу-әдістемелік 
құралдардың  жарық  көргені  белгілі.  Сол  еңбектердің  нәтижесінде 
мемлекеттік  тілді  көпдеңгейлі  жүйемен  үйрету  мен  оқытудың  тиімді 
әдістемелері жасалып, өзіндік дәстүрлі жүйесі қалыптасты. Осы тұрғыдан 
алғанда өзге тілді дәрісханада қазақ тілін үйретудің көпдеңгейлі «Қазақ тілі. 
Тілдарын»  оқу-әдістемелік  кешендері  қазақ  тілін  дамытуға  өзіндік  үлес 
қосары анық. 
Қазақстан  Республикасы  Мәдениет  және  ақпарат  министрлігі  Тіл 
комитетінің  тапсырысы  бойынша  Қазақстан  Республикасында  тілдерді 
дамыту  мен  қолданудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік 
бағдарламасы  аясында  ҚР  СТ  1928-2009  ҚР  мемлекеттік  стандарт 
талаптарына сәйкес өзге тілді дәрісханада қазақ тілін үйретудің көпдеңгейлі 
«Қазақ тілі. Тілдарын» А1 (2012 жылы), «Қазақ тілі. Тілдарын» А2 (2013 
жылы),  «Қазақ  тілі.  Тілдарын»  В1  (2014  жылы),  «Қазақ  тілі.  Тілдарын» 
В2  (2015  жылы)  оқу-әдістемелік  кешендері  құрастырылып  шығарылды. 
Аталмыш  оқу-әдістемелік  кешендер  оқу  құралы,  жұмыс  дәптері  және 
әдістемелік нұсқаудан тұрады.

Вестник ПГУ, ISSN: 1811-1823.                                                  Серия филологическая. №1. 2016 
ПМУ Хабаршысы                                                      
198
199
Көпдеңгейлі «Қазақ тілі.Тілдарын» сериясының «Қазақ тілі. Тілдарын» 
А1  кешені  қазақ  тілінің  бастапқы  деңгейін  өздігінен  оқып-үйренгісі 
келетіндерге; «Қазақ тілі. Тілдарын» А2 кешені қазақ тілін жаңа үйреніп 
жүрген және білімін әрі қарай жалғастырғысы келетін тіл үйренушілерге, 
«Қазақ тілі. Тілдарын» В1 – орта деңгей, білімін әрі қарай дамытқысы келетін 
көпшілікке, «Қазақ тілі. Тілдарын» В2 – қазақ тілінің орта деңгейін игерген 
және білімін әрі қарай дамытқысы келетін көпшілікке арналған.
Сабақ материалдары өмірдегі әлеуметтік-тұрмыстық қажеттіліктерден 
туындайтын коммуникативті міндеттерді шешуге қажетті функционалдық-
грамматикалық құрылымдарды меңгертуді көздейді. Жеделдетіп оқыту курсы 
негізгі 16 сабақтан және жаттығуға арналған 38 практикалық сабақтан, курс 
мазмұны жиілілік негізінде алынған лексикалық минимумнан, ыңғайлы кесте 
түрінде жасалған 16 функционалдық грамматикалық құрылымнан тұрады. 
Әр модуль функционалдық грамматика көмегімен коммуникативті міндетті 
шешуге бағытталған 4 сабақты қамтиды.
Қазақ тілін оқытудағы негізгі мақсат – тіл үйренуші адамның ойлау 
қабілетін біртіндеп қазақыландыру, сөйлеуге үйрету, сөйлесім дағдыларын 
қалыптастыру, тіл мәдениетін көтеру. Ол үшін түрлі грамматикалық және 
лексикалық құрылымдарды ұтымды пайдалана білген абзал [1, 13]. 
Мемлекеттік тілді көпдеңгейлі жүйемен оқытып, меңгерту ісінің соңғы 
нәтижесі тілді үйретуге арналған оқулықтардың, оқу құралдарының, түрлі 
оқу-әдістемелік кешендердің жасалу сапасына тікелей байланысты. 
Көпдеңгейлі  «Қазақ  тілі.  Тілдарын»  оқу-әдістемелік  кешендері 
қажеттілік  пен  нақты  мазмұнға  құрылған,  тіл  үйренушінің  ұсынылған 
материалды игеру мүмкіндігі ескерілген.
Нәтижеге  жетуге  бағытталған  тілді  оқытудың  көпдеңгейлі  «Қазақ 
тілі.  Тілдарын»  оқу-әдістемелік  кешендерінің  басты  қағидаттары  – 
ықшамдылылық, жүйелілік, бейнелілік, комбинаторлылық, коммуникативтік 
бағыт,  құрылымдық-семантикалық  бағыт,  «қарапайымнан  күрделіге» 
ұстанымы,  интерактивтілік,  тіл  кедергісінен  жылдам  өту.  Енді  осы 
қағидаттарды жеке сипаттайық.
Ықшамдылылық  дегеніміз  –  қазақ  тілі  функционалды  синтаксис 
негіздерінің ыңғайлы кесте түрінде берілуі. Мысалы, 
Кесте 1 – Іс-әрекеттің, қимылдың кімге/қайда/неге бағытталғаны+ қажеттілік 
модальдылығы [2, 16].

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет