Научный журнал


ч дыбысымен шатастыруға мүлде болмайды. Оның үстіне тш дыбысына  қарағанда, тж



Pdf көрінісі
бет14/22
Дата03.03.2017
өлшемі4,64 Mb.
#5604
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22

ч дыбысымен шатастыруға мүлде болмайды. Оның үстіне тш дыбысына 
қарағанда, тж реңкі сәл жуысыңқы айтылатынын білген жөн. Әйтпесе сөз 
мағынасы өзгеріп немесе түсініксіз болып қалады [4]. Жалпы бұл нормалар 
Қазақ тілінің 2005 жылы шыққан орфоэпиялық сөздігінде көрсетілген [6]. 
Қазақ тілінің негізгі дыбыстық заңдылығы – үндестік заңы (сингармонизм 
заңы).  Сөздің  бірінші  буыны  жуан  болса,  соңғы  буынға  дейін  сөз  жуан 
айтылады. Бірінші буын жіңішке болса, соңғы буынға дейін сөз жіңішке 
айтылады. Және сөздің бірінші буыны еріндік дауыстымен айтылса, кейінгі 
буындардағы дауыстылар да, дауыссыздар да еріндікпен айтылады. Сонда 
қазақ тілінде жуан-еріндік үндесім, жіңішке-еріндік үндесім, жуан-езулік 
үндесім, жіңішке-езулік үндесім болып келген. Алайда В. В. Радловтың 
жинаған материалдарында ерін үндестігі кейде бұзылып, ерін-езу араласып 
отырады.  Бұл  19  ғ.  бірінші  жартысындағы  қазақ  тілінің  дыбыстық 
заңдылығында  тіл  үндесімнің  (лингвалды  сингармонизм)  жетекші  рөл 
атқарғанын, ал ерін үндесімнің (лабиалды сингармонизм) жаппай құбылысқа 
айналмағанын көрсетеді. 
Әлем  тілдерінің  ішіндегі  қазақ  тілінің  өзіндік  орнын  тауып,  негізгі 
дыбыстық заңдылығын көтерген ғалым проф. Ә. Жүнісбек қазақ тілтанымына 
негіз болып келген үстем тілдер теориясынан арылу арқасында тілдің ақиқат 
дыбыс құрамы мен жүйесін төл теория тұрғысынан анықтаудың мүмкін 
екенін айтқан. Радловтардың жазбаларын шынайы тіл деген. «Фонем ұғымын 
ендірген ғалымдар І. Кеңесбаев, Талипов, Ж. Аралбаев екпінді негізгі, ал 
үндесім заңдылығын көп фонетикалық құбылыстардың бірі етті» деп жазады 
автор [7, 3].
Қазақ халқының ұлттық ерекшелігі ретінде бір феноменді құбылыс 
болған  және  қазір  де  бар.  Ол  –  эпостық  жырларды  бірнеше  күн  бойы 
тоқтамай,  жатқа  айта  білетін,  есте  сақтау  қабілетінің  күштілігі.  Жыр 
мақамынан жаңылмау, өлең жолдарының үсті-үстіне түйдектіліп құйыла 
беруі – осы қазақ тіліндегі үндесім заңының әсерінен деген де көзқарас бар 
(А. Фазылжанова). 
Сөздің бірыңғай айтылуы эстетикалық жағынан жағымды әсер береді. 
Кедергісіз  қабылдатады.  Оны  мақал-мәтелдердің  құрамынан  да  байқай 
аламыз: тоғыз тоңқылдақ, бір шіңкілдек, жер-жебіріне жету. Үндесім 
арқылы жағымды әсер беруді тоқтатпау, үзіп алмау, сөз ағымын тұтастыру, 
сөйтіп  келесі  ой  түйдегін,  сөз  ұйқасын  шақыру,  ұмыттырмауға  үндесім 
заңдылығы  қызмет  еткен  деген  ойдамыз.  Өйткені  ғалымдар  (Радлов, 
Бодуэн де Куртенэ, Қ.Жұбанов) анықтағандай, сингармонизмнің түбір мен 
қосымшаны қатырып ұстап тұратын («цемент») қызметі, сөзжасауыштық 
қызметі негізгі. 
Ерін  үндесімі  –  бірінші  буындағы  ерін  дауыстылардың  әсерінен  
(о, ө, ұ, ү) екінші-үшінші буындағы езуліктердің (ы, і, е) еріндікке айналып, 
ұқсап, жуықтап айтылуы. Қазақ тіліндегі ерін үндестігі қырғыз, алтай, тува 
тілдеріндегідей жаппай қамтитын құбылыс емес екені белгілі. Сондықтан 
ерін үндестігі жазба тілде көрініс таппаған. Қазақ тіліндегі ерін үндестігі – 
2-3 буынға дейін сақталатын, ары қарай сөз неше буыннан тұрса да соңында 
езулікпен айтылатын құбылыс. Ерін үндестігінің 2-3 буынға дейін анық 
естілетін, айтылатын тұсы ашық буын жағдайында. Мысалы: көбелек – көбөлөк, 
құбылыс – құбүлұс, сүйініш – сүйүнүш, бөдене – бөдөнө, бұрылыс – бұрүлұс, 
бүлініс – бүлүнүс, көпене – көпөнө, күйініш – күйүнүш, құйылыс – құйұлұс.
Жалпы, ерін дауыстыларын еріндік реңкінің күштісінен әлсізіне қарай 
орналастырсақ, былай болады: ө, о, ү, ұ. «Ашықтан қысаңға қарай а, ә, о, ө, 
е (э), ы, і, ұ, ү, и, у; езуден ерінге қарай и, а, ә, ы, і, е, (э), о, ө, ұ, ү, у.
Сондықтан ө дыбысы үшінші бітеу буында сирек айтылады да, ашық 
буынды жоғарыдағы түбір сөздерден басқа жағдайда, мысалы, түбір мен 
жалғау жағдайында үшінші буын е болып дыбысталады. Болмаса өзінен 
еріндігі әлсіз ү болып айтылады. Мысалы: көркемдік – көркөмдүк, өзенге – 
өзөңге, көркемдеу – көркөмдеу.
Тіліміздегі ерін үндестігінің жаппай қамтитын құбылыс емес екенін 
жалғаулар  арқылы  білуге  болады.  Жалғаулар  қатарында ө-мен  келетін 
еріндік варианттар жоқтың қасы. Сондықтан сөз ашық буынды болса да, 
үшінші буындағы жалғау езулікпен айтылады. Мысалы: төбеле, төпеле [4]. 
Ерін үндестігінің бұл нормасы әдеби норма болып табылады. Кейбір әсіресе 
Қазақстанның шығыс аймағында ерін үндесімі 4-5 буынға дейін айтылады. 
Бірақ ерін үндесімінің 3-буынға дейін айтылатын нормасы қазіргі жастардың 
тілінде мүлде жоғалып бара жатыр деуге болады. Бұл қатарда қала жастары 
бірінші орында тұр. Орта буын өмірден кеткенде қазақ тіліндегі ерін үндесімі 
де езуден кететін сияқты. 
Бүгінде ықшамдау құбылысы, яғни дауысты дыбыстың бірінің түсіріліп, 
сусып, көмескі айтылуы көбірек және заңды құбылыс. Мысалы: алты атар 
– алт’атар, екі ағайынды - ек’ағайынды, төргі үй – төрг’үй, қараауыз - 
қар’ауұз, саптыаяқ – сапт’айақ. 
Сөйтіп, 19 ғ. бірінші жартысына дейін қазақ тіліндегі үндесім заңдылығы 
тіл  және  ерін  үндестігі  түрінде  болды.  Үндестік  заңын  19  ғасырда  да, 
бүгінде де кірме жұрнақтар бұзып келеді (хана, паз, қор, кер). 19 ғ. басында 
қазақ  халқының  ұлы  перзенті  А.  Байтұрсынұлы  қолданыстағы  араб 

Вестник ПГУ, ISSN: 1811-1823.                                                  Серия филологическая. №1. 2016 
ПМУ Хабаршысы                                                      
164
165
жазуына реформа жасады. Қазақ тілінің фонологиялық құрамын анықтады. 
Таңбаланатын дыбыстардың санын анықтады. Негізгі дыбысқа, инвариант 
фонемаларға ғана әріп арнады: 24 әріп, 1 дәйекшеден тұратын қазақтың 
тұңғыш әліпбиі мен емлесін жасады. Бұндағы негізгі мақсат қазақ тілінің төл 
дыбыстық табиғатын ғасырлар бойында, өзге халықтармен араласатын заман 
ішінде сақтап қалу еді. 21 ғ. қазақ тілінің жоғалмауына латын графикасына 
көшу  арқылы,  орфоэпиялық  нормаға  нұқсан  келтірмейтін  жазу  жүйесін 
жасау арқылы қол жеткізе аламыз ба деген ойдамыз.
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ 
1  Күдеринова, Қ. Қазақ жазуының теориялық негіздері. – Алматы, 
2010. – 376 б.
2 «Қазақ» газеті 1913. – Алматы : Арыс, 2009. – 477 б. 
3  Томанов,  М.  «Қазақ  тілінің  тарихи  грамматикасы»  Фонетика. 
Морфология. – Алматы : «Мектеп», 1981. – 206 б.
4  Күдеринова,  Қ.  Жеке  дыбыстардың  орфоэпиясы  //  Қазақ  тілінің 
орфоэпиялық анықтағышы – А., 2005.
Уәлиев, Н. Қазақ тілінің орфоэпиялық анықтағышы. – А., 2005.
6 Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі. – А., 2005.
Жүнісбек, Ә. Қазақ фонетикасы. – А., 2009. – 312 б. 
14.01.16 баспаға түсті.
К. Б. Кудеринова
Проблемы обучения орфоэпии казахского языка
Университет имени Сулеймана Демиреля, г. Алматы.
Поступило в редакцию 14.01.16.
K. B. Kuderinova
Problems of teaching the Kazakh language orthoepy
Suleyman Demirel University, Almaty.
Received on 
14
.01.16.
В  статье  рассматриваются  история  формирования  норм 
казахского языка, современные изменения норм казахской орфоэпии 
и некоторые аспекты орфоэпических норм в обучение. 
This  article  discusses  the  history  of  the  Kazakh  language,  rules 
formation change of the modern Kazakh orthoepy rules and some aspects 
of orthoepic standards in education.
ӘОЖ 81 .432.1-4
Ш. Қ. Құрманбаева 
п.ғ.д., профессор, С. Аманжолов атындағы Шығыc Қазақстан мемлекеттік 
университеті, Өскемен қ.
e-mail: shkapantaykizi@mail.ru
ЕЛДІҢ ТУРИСТІК ИМИДЖІН 
АРТТЫРУДА ЛИНГВОЕЛТАНЫМДЫҚ СӨЗДІК 
ЖАСАУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Мақалада  Қазақстанның  туристік  индустриясының 
ақпараттандыруға мұқтаждығы мәселесі сөз болады. Автордың 
ойынша, лингвоелтанымдық сөздік жасау елдің тұрақты дамуының 
факторы ретіндегі табиғи және мәдени мұраларының нысандарын 
әйгілеуге ықпал етеді.
Кілтті  сөздер:  лингвоелтанымдық  сөздік,  туризм,  имидж, 
топонимдер.
Қазақстанның  халықаралық  туризмге  енуінің  өзіндік  болашағы 
бары  белгілі.  Біздің  әлеуетті  нарықтарымыз  –  Ресей,  Қытай,  Европа, 
Таяу  Шығыс.  Тек  Ресей  мен  Қытайдың  өзі  ғана  150  миллионнан  астам 
туристермен  қамтамасыз  етеді.  Бүгінде  Қазақстанда  52  елмен  визасыз 
режимге көшу жөнінде келісімдер жасалған. Одан басқа «ЭКСПО-2017»-ні 
өткізуге дайындық барысында басқа да көптеген елдермен виза режимін 
қарапайымдандыру жұмыстары жүргізілуде [1]. 
Солай  бола  тұра,  Қазақстан  туризмінің  бүгінгі  даму  қарқыны  бар 
әлеуетті  толық  пайдалануға  мүмкіндік  бермей  отыр.  Әлемде  біз  жайлы 
туристік мақсатпен баруға тұратын ел ретінде әлі өте аз біледі. Бірнеше 
халықаралық жәрмеңкелерге қатысу күтетін әсерге қол жеткізуге мүмкіндік 
бермей отыр. Туристік саланың дамуының төмен деңгейі елдің туристер үшін 
жағымды имиджін қалыптастыру мәселесіне қатысты ғылыми зерттеулердің 
жоқтығымен де тікелей байланысты. Қазақстанда туризм саласында белсенді 
PR-кампаниялар, имидждік жобалар жасау мәселесі бойынша кешенді және 
жүйелі  талдаулар  жүргізетін  ғылыми-зерттеу  құрылымы  жоқ.  Елімізде 
қалалар  мен  аймақтардың  туристік  имиджін  көтерумен  шұғылданатын 
мықты мемлекеттік-жекеменшік ұйымдар да жоқ. Аналитиктердің айтуынша, 
«туркомпаниялардың  80  пайызынан  астамы  қазақстандықтардың  шет 
елдерде демалуын ұйымдастырумен шұғылданады, демек, олар шетелдік 
турөнімдерді сату-сатып алумен айналысады» [2]. 

Вестник ПГУ, ISSN: 1811-1823.                                                  Серия филологическая. №1. 2016 
ПМУ Хабаршысы                                                      
166
167
Турист үшін саяхат жасалатын ел туралы ақпарат неғұрлым көп болса, ол 
елге бару соғұрлым арзанға түсетіні белгілі. Түрлі аналитиктердің көзқарасы 
бойынша, республиканың қазіргі туристік нарығындағы жағдай маркетингті 
қолдануды, жаңа тұтынушының басты ерекшеліктерін зерттеуді, туристік 
қызметтерді  қолданушының  уәждемесі  мен  мінез-құлық  ерекшеліктерін 
айқындауды талап етеді. 
«Туризм  елге  валютаның  келуін  арттыру,  жаңа  жұмыс  орындарын 
тудыру, инфрақұрылымдарды жақсарту т.б. арқылы аймақтың экономикасы 
мен дамуына өте ықпал етеді. Туризмнен максимум табыс табу үшін әрбір 
мемлекет өзінің әлеуметтік-экономикалық саясатының бір бөлігі ретінде 
туристік саясатын жетілдіре түседі» [3]. Бүкіләлемдік туристік ұйымның 
мәліметтері бойынша елге келген әрбір турист сол елде орта есеппен 1.000 $ 
қалдырады да туристік саланы қамтамасыз ететін халық шаруашылығының 
32 түрлі саласында 9 жұмыс орнының ашылуына ықпал етеді. 
Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2013  жылғы  28  ақпандағы  
№  192  қаулысымен  бекітілген  Қазақстан  Республикасының  туристік 
саласын дамытудың 2020 жылға дейін тұжырымдамасында Қазақстан бай 
туристік-рекреациялық мүмкіндіктерге ие бола отырып, туризмнің жеткілікті 
деңгейде  дамымауымен  сипатталатындығы  баса  көрсетіле  отырып,  бұл 
саланы ақпараттық қамтамасыз етудің маңыздылығы ескертіледі [4]. Елдің 
туристік имиджін қалыптастыруда ақпараттық өрісті кеңейту, Қазақстан 
жайлы барлық деңгейлерде сауатты, сапалы жарнама жасаудың қажеттілігі 
дау тудырмайды. 
Туристік индустрияның ақпараттандыруға мұқтаждылығы бизнестің 
бұл  түрінің  ел  экономикасындағы  маңызымен  байланысты.  Аталмыш 
тақырыпты зерттеу барысында аймақтың туристік имиджін көтеруге және 
нығайтуға кері әсер ететін бірнеше мәселелер анықталды. Бүгінгі күнде ол 
мәселелер төмендегідей:
1. Қазақстан жайлы шетелдіктерге арналған да, өз отандастарымызға 
арналған  да  ақпараттардың  болмауы,  PR  құралдарының  жеткіліксіз 
қолданылуы;
2.  Туристердің  назарын  өзіне  аудартатын  туристік  және  басқа  да 
нысандардың лингвоелтанымдық анықтамасының болмауы. 
Ақпараттың  жоқтығынан  туындайтын  маңызды  мәселелердің  бірі 
ретінде аймақтардағы туризмді жете бағаламаушылықты айтуға болады. 
Ғалымдар бұл мәселенің төмендегі себептерін атап көрсетеді: «Түкпірдегі» 
дамымай қалған аймақ деген ментальды категория, дотациялы экономика, 
инфраструктураның  болмауы,  инвесторлардың  қызықпаушылығы, 
азрентабельділік, мамандардың жетіспеушілігі, ресурстармен объектілерді 
білмеу,  тұтынушылардың  төмен  уәждемелілігі;  алайда  ең  алдымен  – 
туризмнің мәдени-танымдық миссиясын төмен бағалаушылық» [5]. 
Ғалымдардың  айтуынша,  ««Тарихқа  саяхат»  ретіндегі  мәдени 
туризм  әсіресе  мәдени-тарихи  құндылықтар  жоғары  бағаланатын  және 
ұлттық танымның дамуына аса мән берілетін елдерде ерекше дамыған» 
[6, с. 14]. Осыдан келіп, жасалатын кешен туристердің мәдени-танымдық 
қызығушылығын қанағаттандыруға бағытталатын болады. Оларда аймақтың 
тарихи дамуының ерекшеліктері, оның табиғи жағдайлары, географиялық 
жағдайы, экономикасы, қоғамдық құрылымы, салт-дәстүрі мен тұрмысы т.б. 
көрініс табатын болады. 
Мемлекеттің  имиджі  тұтас  алғанда  бір  елдің  мүддесін  қорғайтын 
және алға жылжытатын тиімді механизмі, қорғанысын қамтамасыз ететін 
құралы болып табылады. Мемлекет өзін қоршаған сыртқы әлемде неғұрлым 
жақсы жағынан көрсетсе, оны шет елдерде соғұрлым жақсы қабылдайтын 
болады, ал имиджді ескермеу тек қана саяси емес, экономикалық жағынан 
да негативті салдарларға алып келуі әбден мүмкін. 
PR-дың басты құралдарының бірі - туризмді дамыту. Елдің жағымды 
бет-бейнесін сол елге келіп-кететін туристер жасайды. Ал Қазақстан жайлы 
шетелдік туристердің көзқарасы бұлыңғыр немесе тіпті жоқ деуге де болады. 
Қазақстанның шетелдегі нақты портретін айқындап алудың мерзімі баяғыда 
жеткен. Бұл кезеңде әлемдік қауым әлі күнге біздің аймақтарымыз жайлы 
ғана емес, жалпы Қазақстан туралы өте аз біледі. 
Көптеген отандастарымыздың өздері туған жерлерін білмейтіні және оған 
мүлдем бейжай қарайтыны белгілі. Осыдан келіп, мемлекетіміздің имиджін 
туристік нарықта және жалпы экономикалық тұрғыда көтерудің қажеттілігі 
туындайды. Көптеген ғалымдар елдің туризмін дамыту мен табиғи-мәдени 
ескерткіштерді қорғау мәселесін аймақтардан бастау қажет деп есептейді [6]. 
Туристік индустрияның әлемдік тәжірибесінде туристерге арналған 
ақпараттар  ағымының  молдығы  мен  сапалылығы  негізінен  қаланың, 
аймақтың  туристік  саясатының  дұрыс  жолға  қойылғандығының  белгісі 
болып  табылады.  Ол  арқылы  жағымды  имидж  қалыптасып,  туристік 
қызметтер табысты алға жылжитын болады. Осыдан келіп, бұл ақпараттар 
PR-саясаттың негізгі құрамдас бөліктерінің біріне айналады, қоғам тарапынан 
дұрыс қарым-қатынастың болуына, аймақтың бәсекеге қабілеттілігінің арта 
түсуіне ықпал жасайды. 
Туризмде түрлі коммуниканттар арасындағы мәдениаралық қатынас 
ерекше көрініс табатыны белгілі. Туристік мәтіндер – бұл бүгінгі күнде 
аса  кең  тараған  шетелдік  мәдениетті  баяндау  құралдарының  бірі.  Түрлі 
мәдениеттер тоғысында туындайтын тікелей мәдениаралық диалог кезінде 
халықаралық қарым-қатынас тілі түріндегі арнайы бір тіл туады. Ерекше 
қызығушылық тудыратын туризмнің тұрмыстық лексикасы болып табылады. 
Бұл – Қазақстанға келген шетелдік туристердің алдынан шығатын көп ұлтты 
мәдениетке тән тақырыптардың кең спектрі. 

Вестник ПГУ, ISSN: 1811-1823.                                                  Серия филологическая. №1. 2016 
ПМУ Хабаршысы                                                      
168
169
Г. Д. Томахиннің айтуынша, мәдени нысандарды адекватты қабылдау 
тек қана мәдени-тарихи сипаттағы аялық білім негізінде жүзеге асады [7]. 
Елдің ұлттық-мәдени ерекшелігін көрсететін осындай мәтіндерді бойына 
жинақтап, түратын бір өнім лингвоелтанымдық сөздік болып табылады. 
Лингвоелтанымдық сөздіктер - әлемдік тәжірибеде туристер үшін бөтен ел, 
басқа мемлекет, өзге мәдениет жайлы аялық білімнің үлкен ақпарат көзі. Әуел 
баста оқыту-үйрету қызметін атқарып келген лингвоелтанымдық сөздіктер 
бүгінгі күнде өз бағытын ауыстырып, басқа елдің мәдениеті жайлы ақпарат 
іздеген оқырманға қарай бұрылған, осылай өз мойнына танымдық бағыттағы 
міндеттерді қатар жүктеп алған. 
Лингвоелтанымдық сөздіктер әрқилы, тартымды, қызықты ақпараттар 
мен ережелер, қағидалар, құндылықтар жүйесін вербалды және паравербалды 
түрде жеткізеді, елдің мәдени-туристік аясы мен онда тұратын өкілдердің 
салт-дәстүрлері, ділі мен құндылықтары, сөйлеу мәдениеті жайлы терең 
мағлұмат жинауға ықпал етеді. Бұлардың барлығы өз кезегінде туристерге 
өз мәдениетін тереңірек тануға мүмкіндік береді. 
Лингвоелтанымдық  лексикография  әуел  баста  тілді  тұтынушылар 
тарапынан, өз елінің мәдениетін басқа ұлт өкілдеріне таныстыру мақсатында 
жасалды. Ал орыс тіл білімінде соңғы жылдарда оқыту, үйрету мақсатында 
басқа  елдердің  лингвоелтанымдық  сөздігін  жасаудың  үлкен  тәжірибесі 
жинақталды. Атап айтқанда, Ресей ғалымдары тарапынан XX ғасырдың 
соңы мен XXI ғасырдың басында жарық көрген Греция [8], Америка [9], 
Германия [10], Великобритания [11], Австралия және Жаңа Зеландия [12] 
жайлы лингвоелтанымдық сөздіктер және Ресей жайлы мол ақпарат беретін 
«Россия» атты мультимедиалық сөздік [13] бұған дәлел бола алады. Аталған 
сөздік өнімдерінен Ресей лексикография ғылымының анағұрлым алда дамып 
келе жатқанын көруге болады. 
Осы орайда Қазақстан жайлы лингвоелтанымдық сөздіктің осы күнге 
дейін болмауы тіл білімінің лексикография саласының ғана емес, жалпы 
еліміздің  инновациялық-индустриялық  дамуына  да  кері  әсерін  тигізіп 
отырғандығын мойындауымыз қажет. 
Лингвоелтанымдық  сөздіктерде  тарихи  тұлғалардың  аттары  мен 
географиялық атаулар ел жайында басты мәдени ақпарат тасушы болып 
табылады, олардың көпшілігі символикалық немесе метафоралық мәнге ие 
болады. Соған байланысты Шығыс Қазақстан жайлы лингвоелтанымдық 
сөздіктің көлемді бір бөлімі жер-су атауларын қамтиды. 
Шығыс Қазақстан облысының туристік саласының дамуына байланысты 
Алматы мен Астана қалаларынан кейін 3-орынды иеленеді. 2020 жылдарға дейінгі 
Қазақстан Республикасының туристік саласын дамыту Тұжырымдамасында 
«Шығыс Қазақстан кластері «Табиғат таңғажайыптары әлемі» және экологиялық 
туризмді дамыту орталығы ретінде» белгіленетіні жайлы айтылған [4]. 
Шығыс Қазақстан кластеріне ШҚО-ның солтүстік және шығыс бөліктері 
енеді.  Кластердің  орталығы  кластердің  орталығы  болады,  оған  туристік 
қызығушылық тудыратын 8 басты жер енгізіледі. Олар: «Берел» мемлекеттік 
тарихи-мәдени  қорық-мұражайының  нысандары;  Бұқтырма  су  қоймасы; 
Ертіс өзені мен Жайсан көлі; Катон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи 
паркі; Қалжыр өткелі; Риддер-Анатау және Иванов таулары; Алакөл көлі; 
Семей қаласы [4].
Табиғи-климаттық  тұрғысынан  алғанда  Шығыс  Қазақстан  теңдесі 
жоқ өңір болып табылады. Облыстың шекарасында 9 аудан орналасқан: 
Риддер, Бескарағай, Бородулиха, Зайсан, Катонқарғай, Тарбағатай, Үржар, 
Шемонаиха және Күршім аудандары.
Өңір туристік мүмкіндіктері бойынша тартымды және перспективалы 
болып  табылады.  Облыс  шегіндегі  рекреациялық  аймақтар  -  Бұқтырма 
жағалауы,  Сибина  көлі,  Алакөл  көлі,  Катонқарағай,  Глубокое  ауданы, 
Риддер, Өскемен қаласының маңы.
Облыстың өңірлеріне тән 5 басты туризм түрлерін ерекше атап өтуге 
болады. Олар: 1) Экологиялық туризм (Катонқарағай, Күршім аудандарында 
және  Риддер  қаласында);  2)  Мәдени  –  танымдық  (Семей  қ.,  Абай  және 
Ұлан аудандары); 3) Емдеу – сауықтыру (Катонқарағай, Үржар аудандары);  
4) Жағажай (Зырян, Ұлан, Күршім аудандарында); 5) Тау шаңғысы (Глубокое, 
Зырян аудандары және Риддер қ.).
Өңірде Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы, Алтай ботаникалық 
бақшасы «Ак-кем», «Ак-Кем-Риддер», «Бумеранг», «Радуга» турклубтары, 
2  тау  шаңғы  базасы,  4  демалыс  базасы  –  «Синегорье»,  «Климовка», 
«Громотуха»,  «Кедровка»  бар.  Катонқарағай  ауданында  Катонқарағай 
мемлекеттік  ұлттық  табиғи  паркі  бар.  Күршім  ауданында  Марқакөл 
ұлттық  қорығы  және  Марқакөл  көлі  бар.  Тұзсыз,  ағынсыз  Алакөл  көлі 
Балқаш-Алакөл белдеуінде орналасқан, ол Алматы және Шығыс Қазақстан 
облыстары шекарасында Үржар ауданында орналасқан.
Облыс  аумағы  су  ресурстарына  бай,  жерінен  800  өзен  ағып  өтеді, 
олардың жалпы ұзындығы 10 мың км-ден артық. Басты күретамыры өзінің 
көп сулы салалары – Үлбі, Үбі, Қарақаба, Қалжыр, Күршім, Нарын, Бұқтырма 
және басқа да таулы өзендері бар Ертіс өзені болып табылады. Облыста 
Зайсан, Марқакөл, Алакөл, Сасықкөл сияқты ірі көлдер бар. Мұнан бөлек 
көп ұсақ көлдер, су қоймалары бар, олардың ең ірісі Бұқтырма су қоймасы 
болып табылады.
Лингвоелтанымдық  сөздік  мәтінінде  осы  жоғарыда  аталған  жер-су 
атауларының қысқаша сипаттамасы беріледі, онда туристер үшін барынша 
толық мәліметті қамту қағидасы ескеріледі. 
Елдің тұрақты дамуының факторы ретіндегі табиғи, мәдени нысандарын 
сақтау,  дамыту  және  насихаттау  жұмысының  нәтижелі  болуына  оның 

Вестник ПГУ, ISSN: 1811-1823.                                                  Серия филологическая. №1. 2016 
ПМУ Хабаршысы                                                      
170
171
туристік жерлері жайлы ақпараттар ағымын кеңейту арқылы қол жеткізуге 
болады. Сондықтан туристік нысандар жайлы жан-жақты сипаттама жасалған 
мәтін пен сапалы суреттерді қамтыған лингвоелтанымдық сөздік кез келген 
тұтынушы үшін, оның ішінде туристер үшін таптырмас құнды еңбек болары 
сөзсіз. 
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ 
1 Депутат Д. Назарбаева: Формирование имиджа Казахстана за рубежом 
должно вестись системно // [Электронды ресурс]. – Кіру режимі: http://www.
zakon.kz/4593836-deputat-d.nazarbaeva-formirovanie.html  (қаралған  күні: 
19.07.15).
Дуйсенгалиев, Т. Мировой опыт развития туристической индустрии 
в применении к нашей стране // [Электронды ресурс]. – Кіру режимі: http://
www.zakon.kz/217500-mirovojj-opyt-razvitija-turisticheskojj.html  (қаралған 
күні: 19.07.15). 
Дмитриев, М. Н. Экономика и предпринимательство в социально-
культурном  сервисе  и  туризме  /  М.  Н.  Дмитриев,  М.  Н.  Забаева.  –  М.  : 
ЮНИТИ-ДАНА, 2006. – 399 с.
4 Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға 
дейін тұжырымдамасы. [Электронды ресурс]. – Кіру режимі: http://adilet.zan.
kz/kaz/docs/P1300000192 (қаралған күні: 19.07.15).
Масленникова, О. Н. Путеводитель: сотворение новой реальности // 
Вестник Гуманитарного факультета Ивановского государственного химико-
технологического университета. Выпуск 5. Научный журнал. – Иваново : 
ИГХТУ, 2012. – С. 52-58.
6  Никифорова,  А.  А.  Состояние  и  охрана  памятников  природного 
и  культурного  наследия  в  регионах  ресурсного  типа:  автореф.  канд.  ... 
культурологии. – Нижневартовск, 2011. – 24 с.
Томахин, Г. Д. Понятие лингвострановедения. Его лингвистические 
и лингводидактические основы // Иностранные языки в школе. – М. : 1980. 
– С. 77-81.
Николау, Н. Г. Греция: лингвострановедческий словарь.– Издательство : 
М. : Эдиториал УРСС, 1995. – 288 с.
9  Англо-русский  лингвострановедческий  словарь  Американа  // 
Americana English-Russian Encyclopedic Dictionary. – Смоленск : Издательство 
«Полиграмма», 1996. – 1208 с.
10 Мальцева, Д. Г. Германия: страна и язык. Лингвострановедческий 
словарь. - M. : Русские словари, 1998. – 382 с.
11  Великобритания:  Лингвострановедческий;  словарь:  Литература. 
Театр. Кино. Музыка. Танец. Балет. Живопись. Скульптура. Архитектура. 
Дизайн; СМИ: / Сост. Г. Д. Томахин. – М. : ООО «Изд-во ACT», ООО «Изд-
во Астрель», 2001. – 336 с.
12 Австралия и Новая Зеландия. Лингвострановедческий словарь / Под 
рук. В. В. Ощепковой, А. С. Петриковской. М.: Рус. яз., 1998. -216 стр.
13  Мультимедийный  лингвострановедческий  словарь  «Россия»  — 
инновационный проект Гос. ИРЯ им. А.С. Пушкина. [Электронный ресурс]. 
–  Режим  доступа:  /http://ls.pushkin.edu.ru/lsslovar/index.php?title/  (дата 
обращения: 19.07.15).
04.02.16 баспаға түсті.
Ш. К. Курманбаева

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет