Научно-методический журнал Scientific and methodological journal 2009 жылдың қыркүйек айынан бастап шығады Издается с сентября 2009 года



Pdf көрінісі
бет114/222
Дата19.10.2023
өлшемі3,44 Mb.
#119149
түріНаучно-методический журнал
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   222
Байланысты:
annotation141066

Білім берудің заманауи әдістемелері мен технологиялары
Современные методики и технологии обучения
Modern methods and technologies of teaching


ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ /ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ
/PEDAGOGICS AND PSYCHOLOGY
№2, 2018
144
145
Білім берудің заманауи әдістемелері мен технологиялары/
Современные методики и технологии обучения /Modern methods and technologies of teaching
Ақпаратты сығуға арналған базалық техноло-
гиялар. Виртуалды дүниені 3D-көрсету және 
анимация. Мультимедиалық қосымшалар 
жасау құралдары. Мультимедиалық техно-
логияларды бизнес-процестерді жоспарлау, 
сипаттау үшін пайдалану және оларды визу-
алдандыру.
12. Smart-технологиялар. Заттар Интерне-
ті. Үлкен деректер. Блокчейн технологиясы. 
Жасанды интеллект. Smart-сервистерді пай-
далану. АКТ-дағы жасыл технологиялар. 
Телеконференциялар. Телемедицина.
13. E-технологиялар. Электрондық биз-
нес. Электрондық оқыту. Электрондық 
үкімет. Электрондық бизнес: Электрондық 
бизнестің негізгі модельдері. Электрондық 
бизнестің ақпараттық инфрақұрылымы. 
Электрондық бизнесте құқықтық рет-
теу. Электрондық оқыту: архитектурасы, 
құрамы және платформалары. Электрондық 
оқулықтар. Электрондық үкімет: тұжырым-
дамасы, архитектурасы, сервистері. Дамы-
ған елдерде электрондық үкіметті іске асыру 
пішімдері.
14. Кәсіби саладағы ақпараттық техно-
логиялар. Индустриалдық АКТ. Мамандан-
дырылған кәсіби саланың міндеттерін 
шешуге арналған бағдарламалық қамтама-
сыздандыру. Кәсіби саладағы заманауи 
АТ-трендтер: медицина, энергетика және 
т.с. Іздестіру жүйелерін және электронды 
ресурстарды кәсіби мақсаттарда пайда-
лану. Индустриалдық ақпараттық-комму-
никациялық технологиялардағы қауіпсіздік 
мәселелері.
15. АКТ даму келешектері. АТ нарығы 
саласындағы даму келешектері: еркін 
бағдарламалық 
қамтамасыздандырудың 
дамуы. АТ кәсіпкерліктің экожүйесін 
қалыптастыру және шағын стартап-ком-
панияларды қолдау. Акселерация және ин-
кубация бағдарламалары. Электрондық 
төлемдердің және логистиканың қа-
жетті 
инфрақұрылымын 
дамыту. 
E-технологиялардың даму келешектері.
Бакалаврларды ақпараттық технология-
лардың мәнісімен, түрлік құрамымен және 
даму келешектерімен, АКТ құралдарын пай-
даланушы деңгейінде пайдалануға амалдар-
мен, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз 
ету тәсілдерімен таныстыратындықтан, атап 
көрсетілген мазмұннан бұл оқу курсының 
барлық бакалаврларға қажетті екендігі 
көрініп отыр. Жалпылаудың белгілі бір үле-
сімен, аталған курс бойынша оқып, білім 
алуын аяқтаған бакалавр ең кең таралған 
цифрлық құралдар туралы түсінікке ие және 
оларды пайдалана алады деп есептеуге бола-
ды. 
Дәл сол кезде ақпараттық технология-
лар білім беру ұйымында бар болып отыр-
ған және педагогтар енді олармен пай-
даланушылар ретінде өзара әрекеттесе 
алатын жағдайларда, педагогтардың өз 
кәсіби қызметін тиімді іске асыруымен 
байланысты 
мәселелер 
қарастырудың 
аясынан тысқары қалып қалады [3-5]. 
Жоғарыда қарастырылған курста бұл 
тақырыптамаға 13-ші Электрондық оқыту: 
архитектурасы, құрамы және платформа-
лары. Электрондық оқулықтартарауының 
тақырыптары ғана ішінара қатысты болып 
отыр. Бұл ретте мұндай оқыту студенттерді 
тек электрондық оқыту және электрондық 
оқулықтар түсінігімен және технологиялық 
ерекшеліктерімен ғана таныстырады, бұл 
осы курстың мақсаттарымен және атауымен 
ақталған.
Осылай келген кезде мазмұнның:

білім беруде пайдаланылатын цифрлық 
құралдардың түрлік құрамы, оларды 
бірыңғайландыруға, біріктіруге және жүйелі 
өзара байланысты пайдалануға амалдар;

білім беру қызметін іске асыру үшін 
цифрлық ресурстарды іздестіру техноло-
гиялары және одан кейінгі жерде олардың 
сапасын, қолдануға жарамдылығын және 
қажетсінілуін бағалау критерийлері;

цифрлық білім беру ресурстарының әр 
алуан түрлерін жасауға ортақ амалдар;

әртүрлі пәндерге оқытудың әдістемелік 
жүйелерінің цифрлық құралдарды тиімді 
және дәлелді пайдалануды қажетсіну сала-
лары;

жеке-жеке, бірікпеген немесе өзара 
байланысқан цифрлық құралдарды пайда-
лану жағдайларында білім беру ұйымының 
педагогтарының және әкімшілігінің оқу, 
оқудан тыс, бақылау-өлшеу, ғылыми-әдіс-
темелік және ұйымдастыру-басқарушылық 
қызметін іске асыруының ерекшеліктері;

білім беру ұйымының цифрлық білім 
беру ортасын құруға амалдар;

телекоммуникациялық технологиялар 
қолданылған жағдайда оқып, білім алу-
шылармен, мектеп оқушыларының және 
студенттердің ата-аналарымен қарым-қаты-
нас жасаудың өзгешелігі;

қоғам өмірінің бір бөлігі ретінде білім 
беруді ақпараттандырудың ерекшеліктері;

цифрлық технологияларды білім беруде 
қолданудың оң және теріс жақтары;

цифрлық технологиялардың негізінде 
күндізгі, қашықтықтан және аралас оқытуды 
ұйымдастырудың ерекшеліктері; 

жаңа өнеркәсіп революциясы техноло-
гияларын білім беру мақсаттарында қолдану 
мүмкіндіктері;

цифрлық университетте оқытудың 
ерекшеліктері секілді маңызды элементтері 
педагогтарды даярлау аясынан тысқары 
қалады.
2018 жылғы 23 ақпандағы Қазақстан-
Ресей «Цифрлық университет» ғылыми-
әдіснамалық семинарының ұсыныстарына 
сәйкес, бұл мәселені ҚазҰПУ-де «Цифр-
лық университет» жобасын іске асы-
ру аясында барлық бакалаврлардың 
– болашақ педагогтардың және педагог-
психологтардың оқу жоспарларына көлемі 
3 кредит қосымша «Білім берудегі цифрлық 
технологиялар» университет пәніненгізу 
арқылы шешуге болады. Бұл оқу курсын ба-
калаврлар «Ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялар» курсын оқығаннан кейін 
барып оқуға тиіс және ол студенттердің 
цифрлық 
технологияларды 
пайдалану 
жағдайларында білім беру қызметін іске 
асырудың жоғарыда атап өтілген және басқа 
да аспекттерін меңгеруіне бағытталған болу-
ға тиіс. 
«Білім берудегі цифрлық технологиялар» 
курсына оқыту педагогтың еңбек іс-әрекетін 
– оларды сабақта да, сабақтан тыс іс-әрекетте 
де пайдалана отырып, тәрбие жұмысының 
заманауи, оның ішінде интерактивті түрлері 
мен әдістерін іске асыруға төселуіне, сондай-
ақ білім беру нәтижесіне жетуге – педагогтың 
келесі жалпы кәсіби құзыреттіліктерін 
қалыптастыруға бағдар алуға тиіс:

оқытуды, тәрбиелеуді және дамыту-
ды оқып, білім алушылардың әлеуметтік, 
жастық, психофизикалық және жеке бас 
ерекшеліктерін, оның ішінде олардың ерек-
ше білім алу қажеттіліктерін ескере отырып 
іске асыруға қабілеттілік;

кәсіби қызметке білім беру саласының 
нормативтік-құқықтық құжаттарына сәйкес 
дайындық;

мамандардың кәсіби міндеттерді шешу-
дегі пәнаралық және ведомствоаралық 
әрекеттестігіне қатысуға қабілеттілік;

кәсіби қызметтің стандартты міндет-
терін ақпараттық-коммуникациялық тех-
нологияларды қолдана және ақпараттық 
қауіпсіздіктің негізгі талаптарын ескере 
отырып, ақпараттық және библиографиялық 
мәдениеттің негізінде шешуге қабілеттілік;

сипатты кәсіби міндеттерді шешу үшін, 
педагогикалық өзара әрекеттестік техноло-
гияларын пайдалану;

ақпараттық және телекоммуникациялық 
технологияларды практикада қолдану, ақ-
парат қорғау құралдарын және жүйелерін 
қолдану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   222




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет