Научно-методический журнал Scientific and methodological journal 2009 жылдың қыркүйек айынан бастап шығады Издается с сентября 2009 года


«Білім берудегі цифрлық технология-



Pdf көрінісі
бет115/222
Дата19.10.2023
өлшемі3,44 Mb.
#119149
түріНаучно-методический журнал
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   222
Байланысты:
annotation141066

«Білім берудегі цифрлық технология-
лар» 
курсына оқытудың мазмұнына келесі 
тараулар мен тақырыптар кіре алар еді.
1. Кіріспе. 
Заманауи цифрлық технологи-
ялар.
Заманауи цифрлық технологиялар және 
оларды білім беруде пайдалану. Цифрлық 
құралдарды жеке-жеке пайдаланудан, білім 
беруді жүйелі ақпараттандыруға көшу. Білім 
беруді ақпараттандыру түсінігі. Білім беруді 
ақпараттандырудың цифрлық құралдары.
Білім беруді ақпараттандырудың оң-
ды және теріс жақтары. Білім беруді ақпа-
раттандырудың 
цифрлық 
құралдарын 
пайдаланудың мақсатқа сәйкестілігі және 
тиімділігі.
Білім беруді ақпараттандыру және қоғам 
өмірі. Қазақстан Республикасында және 
шетелде білім беруді ақпараттандырудың 
қалыптасуы.


ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ /ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ
/PEDAGOGICS AND PSYCHOLOGY
№2, 2018
146
147
Білім берудің заманауи әдістемелері мен технологиялары/
Современные методики и технологии обучения /Modern methods and technologies of teaching
2.
 Цифрлық білім беру құралдары.
Цифрлық құралдардың білім беру-
ге енуі. Білім беруде пайдаланылатын 
аудиовизуалдық және техникалық құрал-
дардың түрлері.
Мультимедиа технологиялары және 
құралдары. Виртуалды және толықтырылған 
нақтылық құралдары. Цифрлық робототех-
ника. Цифрлық модельдеу технологиялары. 
Білім берудегі 3D-модельдер және көлемдік 
басу.
Білім беруде қолданылатын телекомму-
никациялық құралдар. Цифрлық коммуни-
кация құралдарын оқыту және тәрбиелеу 
барысында тұлғааралық қатынас жасау үшін 
пайдалану. 
3.
 Білім беруді ақпараттандыру техноло-
гиялары.
Ақпаратты сақтау және ұсыну техно-
логиялары. Білім берудегі бұлттық тех-
нологиялар. Білім берудегі үлкен дерек-
тер технологиялары. Оқу материалын 
ұсынудың гипермәтіндік технологиялары. 
Гиперсілтемелер. Гипермәтіннің апараттық 
мақалалары. Гипермедиа құралдары.
Ақпараттық модельдеу технологиялары.
Ақпарат 
табыстау 
технологиялары. 
Жергілікті және ғаламдық компьютерлік 
желілер. Компьютерлік желілердің ресур-
стары оқыту құралы ретінде. Оқу үрдісінде 
пайдаланылуы ойға қонымды Интернет 
ресурстары. Білім беру Интернет-пор-
талдары. Интернет арқылы алынатын ау-
дио- және бейнеақпаратты жаңғыртудың 
ерекшеліктері.
Арнайы қажеттіліктері бар адамдарды 
оқытудағы заманауи ақпараттық технологи-
ялар.
4.
 Білім беру қызметінің әр алуан түрлерін 
цифрландыру.
Оқу үрдісіндегі цифрлық технологиялар. 
Цифрлық оқыту құралдарының түрлері және 
жіктемесі. Цифрлық оқыту құралдарын 
жасауға және қолдануға қойылатын талап-
тар. Цифрлық оқыту құралдарының сапа-
сын бағалау. Білім беруде қолданылатын 
цифрлық құралдарды сараптау әдістері және 
технологиялары.
Күндізгі және қашықтықтан оқытуды 
ақпараттандырудың ерекшеліктері мен 
әдістері. 
Цифрлық 
құралдарды 
қолданудың 
негізінде оқытуды дараландыру және сара-
лау. Тұлғаға бағдарланған оқытуды ұйымдас-
тырған кезде цифрлық технологиялардың 
артықшылықтарын пайдалану. Білім беруді 
ақпараттандыру жағдайларында ұйымдас-
тырылған тұлғаға бағдарланған оқытуға 
қойылатын әдістемелік талаптар. 
Оқыту нәтижелерін бақылауды және 
өлшеуді ақпараттандыру. Цифрлық бақылау 
және өлшеу құралдары. Бақылау-өлшеу 
материалдарын жасауға және қолдануға 
қойылатын талаптар. Оқыту нәтижелерін 
бақылауды және өлшеуді ақпараттандыру 
әдістері.
Оқудан тыс іс-әрекетті ақпараттандыру. 
Ғылыми және әдістемелік зерттеулерді 
ақпараттандыру. Ғылыми-зерттеу қызметіне 
арналған цифрлық құралдардың түрлері 
және жіктемесі. Білім беру ұйымдарында 
ғылыми зерттеулерді ақпараттандыру әдіс-
тері.
Білім беру ұйымының ұйымдастыру-
басқарушылық қызметін ақпараттандыру. 
Ұйымдастыру-басқарушылы 
қызмет 
үшін цифрлық құралдардың түрлері және 
жіктемесі. Білім беру ұйымының кітап-
ханасындағы цифрлық технологиялар. 
Оқытушының қызметін ақпараттандыру. 
Білім беру қызметін есептеу, жоспарлау
және әкімшілік ету. «Виртуалды» білім 
беру ұйымдары. Ата-аналармен жұмыстағы 
цифрлық технологиялар.
5. 
Цифрлық оқыту және тәрбиелеу құ-
ралдарының мазмұндық толымдалуын 
іріктеу және қалыптастыру.
Білім беру саласы және пәндік сала-
лар. Гипермәтіндік презентация жасау. 
Гипермәтіндік мақала мазмұнын дұрыс 
қалыптастыру қағидалары. Презентациялар-
да Интернет-ресурстарды пайдалану.
6. 
Цифрлық білім беру ортасы
.
Жоғары оқу орнының және мектептің 
цифрлық білім беру ортасы түсінігі. Цифр-
лық білім беру ортасын қалыптастыру 
факторларының жүйесі. Оқу үрдісін цифр-
лық білім беру ортасының компоненттерін 
пайдалана отырып ақпараттандырудың ерек-
шеліктері. Ұтқыр білім беру технологиялары 
және әдістері.
Ақпараттық білім беру кеңістігі цифрлық 
білім беру орталарының жүйесі ретінде.
7. Педагогтардың цифрлық технология-
ларды кәсіби пайдалануға дайындығы.
Педагогтардың білім беруде цифрлық 
құралдарды пайдалануға дайындығын қа-
лыптастыру факторлары. Педагогтарды 
білім беруді ақпараттандыру саласында да-
ярлау жүйесі. Педагогтарды цифрлық уни-
верситетте даярлау.
Екі курстың да үлгілік мазмұнын салысты-
ру олардың қайталанбайтыныдығын және 
бір бірін толықтыратындығынкөрсетіп отыр. 
Оларды оқыту аясында студенттер – болашақ 
педагогтар жиынтығында цифрлық техноло-
гияларды пайдалану және өздерінің кәсіби 
педагогикалық қызметін цифрлық техноло-
гияларды жаппай енгізу жағдайларында іске 
асыру саласында білімдер мен біліктіліктер 
ала алады. Бұл ретте екі курстың да мазмұны 
инвариантты, педагогтарды және педагог-
психологтарды даярлаудың бейінімен және 
мамандануымен ешқалай байланыспаған бо-
лып табылады. Ұсынылып отырған түрінде 
мұндай курстар жүйесі ҚазҰПУ-де барлық 
бакалаврларды – болашақ педагогтарды да-
ярлау аясында іске асырыла алады.
Төмендегі кестеде іске асырылып отыр-
ған «Ақпараттық-коммуникациялық тех-
нологиялар» курсының және ұсынылып 
отырған «Білім берудегі цифрлық техноло-
гиялар» курсының мазұнының үзінділері 
келтірілген, оларды салыстыру екі пәннің де 
мазмұнының бір мезгілдегі сабақтастықпен 
қиылысуларының жоқ екендігін айқын 
көрсетіп отыр (1-ші кесте).
Кесте 1
 

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   222




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет