Научно-методический журнал Scientific and methodological journal 2009 жылдың қыркүйек айынан бастап шығады Издается с сентября 2009 года


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ БАКАЛАВРЛАРҒА БІЛІМ БЕРУДЕГІ



Pdf көрінісі
бет112/222
Дата19.10.2023
өлшемі3,44 Mb.
#119149
түріНаучно-методический журнал
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   222
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ БАКАЛАВРЛАРҒА БІЛІМ БЕРУДЕГІ 
ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Аңдатпа
Мақалада ЖОО-ғы болашақ педагог пен педагог-психолог бакалаврларды даярлау-
да «Білім берудегі цифрлық технологиялар» оқу пәнін енгізу мақсатқа сай екендігі және 
қажеттілігі негізделген. Негіздеу аталған пәннің мазмұнын элементтермен салыстыруға 
байланысты және Абай атындағы ҚазҰПУ-де барлық бакалаврларда оқытылатын «Білім 
берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәніне сәйкес жасалынды. Осы 
пәнді зерделеудің арқасында педагогикалық мамандықтардың студенттері цифрлық техно-
логиялар саласындағы білім мен дағдыларды меңгере алады және цифрлық технологиялар-
ды кеңінен енгізу жағдайында олардың кәсіби педагогикалық қызметін жүзеге асырады. 
Екі курстың мазмұны инвариантты болып табылады, ол педагогтарды даярлау профиліне 
және мамандандыруына байланысты емес. Мақалада сипатталған мазмұнның ерекшелігін 
ескере отырып, «Білім берудегі цифрлық технологиялар» оқу курсын енгізу Абай атындағы 
ҚазҰПУ-де «Цифрлық университет» жобасының іске асырылуының бір бөлігі бола алады.
Түйін сөздер:
 
цифрлы технологиялар, оқыту жүйесі, білімді ақпараттандыру, педагогтар, 
бакалаврлар.
К
іріспе. 
Қазақстан 
Республика-
сы Үкіметінің 2017 жылғы 
12 желтоқсандағы №827 қаулысымен 
бекітілген 
«Цифрлық 
Қазақстан» 
мемле-кеттік 
бағдарламасымен 
және 
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 
қаңтардағы Қазақстан халқына «Төртінші 
өнеркәсіптік революция жағдайындағы да-
мудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауымен 
жаңа индустриалдық ақпараттық техно-
логиялардың пайда болуына байланысты 
білім беру жүйесін дамытудың басымдылық 
жолдары анықталған [1, 2]. Соның ішінде, 
қоғам мүшелерін өзінің кәсіби қызметін 
цифрлық 
технологияларды 
пайдалана 
отырып, тиімді іске асыруға даярлаудың 
маңыздылығына ерекше көңіл аударылған. 
Бұл жоғары педагогикалық білім беру 
жүйесінде педагогтарды тек информатика 
мен ақпараттық технологиялар саласында 
ғана емес, кәсіби педагогикалық қызметті ең 
жаңа технологиялар мен құралдарды пайда-
лана отырып іске асыру саласында да даяр-
лау жүргізілуге тиіс екендігін білдіреді.
Негізгі бөлім.
Қазіргі таңда Абай атын-
дағы ҚазҰПУ-де жалпы білім беретін 
пәндер циклінің аясында барлық бакалав-
рларды, ақпараттық технологиялар сала-
сында жалпы университеттік тек «Ақпа-
раттық-коммуникациялық технологиялар» 
курсының аясында даярлау жүргізіліп отыр. 
Көлемі 3 кредит бұл пән студенттердің таби-
ғи-ғылыми дамуына арналған пәндердің 
тақырыптарын қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   222




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет