Научного проекта: научные открытия профессора алимхана жунусбека в фонетике казахского языка



бет2/4
Дата17.04.2023
өлшемі194,06 Kb.
#83363
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4
ح «хә:», خ «ха:», ه«һә:»,  ع «айн» дауыссыз дыбыстары. Осындағы ح «хә:», خ «ха:», ه«һә:» дауссыздары ұлт зиялыларының жобаларында бірде х, бірде һ, бірде қ таңбаларымен белгіленген, кейбір жобаларда тіпті алынып тасталынған. А.Байтұрсынұлы, Ж.Аймауытұлы, Ә.Байділдаұлы т.б. қазақ зиялылары һ дыбыс қазақ тілінде бар, оған арнайы таңба алу керек десе [2], Қ.Кемеңгерұлы, Е.Омаров, Т.Шонанов т.б ғалымдар һ дыбысы қазақ тіліне тән емес, сондықтан әліпбиден мүлде алып тастауға болады деп тұжырымдайды [3]. Осылайша тұрақты орфографияның болмау салдарынан арабтың ح «хә:», خ «ха:», ه«һә:»,  ع «айн» т.б. дыбыстары жазбада қазақтың ауызекі сөйлеу тілімен берілсе де, әртүрлі дыбыстық тұлғада көрініс тапқан.
Ақын-жазушылар шығармаларында арабтың ح «хә:» дыбысымен басталған сөз бірде түсіп қалады, бірде а, ә, ү, и дауыстыларымен басталады, сондай-ақ қ, х дыбыстарымен де беріледі:
 حَرَامٌ (хәра:м) –  арам, қарам, харам. Қарам пейіл, азар дұшпан (Аязби). Біреуді ызаландырмақ – шариғатта харам, шаруаға залал, ақылға теріс (Абай).
حِيلَةٌ (хи:лә) – айла, ила, қайла, хайла, хәйлә. Балам салды ағашқа кеулеп жерді, алалық деп иламен мұнша зерді (Майлықожа). Бұл сөзімнің мәнісін ақылменен білетінқайласы асқан сұм қайда ? (Қожахмет).
Осылайша XIX ғасыр ақын-жазушылар шығармалары мен ауызша сөйлеу тілінде де х дыбысының حَاضِر (хә:зир) – әзір, хазір, қазір, әзір; حَاكِمٌ (хә:ким) – әкім, кәкім, хаким, хакім, хәкім; حَرْفٌ (хәрф) –

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет