Научного проекта: научные открытия профессора алимхана жунусбека в фонетике казахского языка



бет1/4
Дата17.04.2023
өлшемі194,06 Kb.
#83363
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

Профессор Әлімхан Жүнісбектің қазақ тілі фонетикасына енгізген ғылыми жаңалықтары

ҒЫЛЫМИ ЖОБА


6В01701 «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы


Орындаған
2-курс студенті Н.А.Амангельді
Ғылыми жетекшісі
ф.ғ.к., қауымд. профессор А.А.Айтмукашова
«___»_______2023 ж.
Өскемен 2023

АҢДАТПА
Жобаның тақырыбы: ПРОФЕССОР ӘЛІМХАН ЖҮНІСБЕКТІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ ФОНЕТИКАСЫНА ЕНГІЗГЕН ҒЫЛЫМИ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ


Ғылыми жетекші: Айтмукашова Аида Айтмукашовна - С.Аманжолов атындағы ШҚУ Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты.


Орындаған: Амангельді Нұрдәулет Айбулатұлы – С.Аманжолов атындағы ШҚУ 6В01701 «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 2-курс студенті.

Түйін сөздер: : фонетика, сингорманизм, кірме таңба, орфография, орфоэпия, емле, әліпби.


АННОТАЦИЯ

Тема научного проекта: НАУЧНЫЕ ОТКРЫТИЯ ПРОФЕССОРА АЛИМХАНА ЖУНУСБЕКА В ФОНЕТИКЕ КАЗАХСКОГО ЯЗЫКА


Научный руководитель: Айтмукашова Аида Айтмукашовна – ассоцированный профессор кафедры казахской, русской филологии и журналистики ВКУ им. С.Аманжолова
Выполнила: Амангельді Нұрдәулет Айбулатұлы – студент 2-курса образовательной программы 6В01701 «Казахский язык и литература» ВКУ им. С.Аманжолова.

Ключевые слова: фонетика, сингорманизм, вводный символ, орфография, орфоэпия, правописание слова, алфавит.


Мазмұны


Кіріспе

2

1

Қазақ фонетикасының зерттелім дәуірлері

4

1.1

Қазақ фонетикасының құрылымы

4

1.2

Қазіргі қазақ фонетикасының ғылыми аппараты жайлы

4

2
2.1
2.2
2.3

Қазақ әліпбиінің құрамындағы кірме таңбалардың дыбыс модельі
Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздерінің түрлі нұсқада жазылуы
Қазақ тілінің мәтін құрамындағы дыбыс тіркестері
Латын әліпби теріміне икемдеудің орфографиялық негізі



6
7
8

Практикалық бөлім
Қорытынды

9 10

Әдебиеттер тізімі

11

Кіріспе
Ә.Жүнісбек қазақ фонетикасына, орфография мен орфоэпия мәселелеріне, сингармонизм теориясына еңбек сіңірген ғалым. Ол жалпы, түркі және қазақ тілтанымындағы сөзқұрауыш (просодика слова) мәселесі; қазақ тіліндегі сингармонизм (үндесім түрленім) заңы; қазақ тілінің артикуляциялық базасы (моделі) құрамындағы артикуляциялық үлгілер; қазақ тіліндегі буын және морфеманың дыбыс құрамы мен желісі (линейная величина); латын әліпбиіне көшу мәселелері; қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне үйрету әдістемесі мәселелерімен айналысты.


Сингармониялық бағыт Ә.Жүнісбек еңбектердің арқасында қалыптасып, ғылыми айналымға түсіп, қалың оқырманға танымал болды. Негізгі еңбектері: «Қазақ грамматикасы» (сегментті фонетика бөлімі). Астана, 2002; «Қазақ фонетикасы». Алматы, 2009; Введение в сингармоническую фонетику. Алматы, 2009. Қазақша-орысша фонетикалық сөздік. Орал, 2009, «Қазақ тіл білімінің мәселелері», Алматы, 2018. Түркі тілдерінде сөздік екпіннің жоқ екендігін дәлелдеп шыққан. Қазақ тілі үндесім (сингармониялық) тіл болғандықтан, оның дыбыс құрамына тән ұғымдар мен атаулардың өз ерекшелігін көрсете білді. Мыңнан аса фонетикалық атауларды құрастырып, айналымға ендірді.
Қазақ фонетикасының зерттелу тарихының өзіндік ерекшеліктері бар. Ондай ерекшеліктер зерттеушілердің заманына сай әртүрлі теория практикалық ұстанымынан туындап отырды. Осы ұстанымдардың бірі де бірегейі болған кешенді жұмысы "Қазіргі қазақ әліпбиінің құрамындағы кірме таңбалардың дыбыс модельдері" болып табылады.
Жұмыстың мақсаты - қазақ тілі дыбыстарының артикуляциялық даму және қалыптасу кезеңдеріне ғылыми теориялық және ғылыми практикалық талдау жасап, қазақ артикуляциялық фонетикасының дербес пән ретіндегі қалыптасу желісін анықтау. Ол үшін төмендегідей міндеттер атқарылуы тиіс:

  1. зерттеу кезеңдерінің теориялық деңгейлерін анықтап, практикалық

жетістіктерін көрсету;

  1. қазақ тілінің артикуляциялық базасын талдап, оның құрамды

бөліктерін арнайы дәйекшелеу;

  1. қазақ тілі дыбыстарының құрамын анықтаудағы артикуляциялық

фонетиканың маңызын көрсету;

  1. қазақ тілінің дыбыс құрамының зерттеліміне ғылыми-теориялық

талдау жасау;
Курстық жұмыстың жаңашылдығы – Зерттеу жұмысында қазіргі қазақ тілі фонетикасы кешенді түрде зерттеліп, қазақ тілінің зерттелім кезеңдерінде сөз құрауыштарға (сөз просодикасына) берілген анықтамаларға артикуляциялық талдау жасалып, белгілері көрсетіліп, жасалу жолдары анықталып, түрлері мен үлгілері айқындалып, даму, қалыптасу заңдылықтары дәлелденді.
2
Алға қойған міндеттерді шешу жолдары. Біз бұл жұмысты жазу қазіргі қазақ фонетикасы мәселесін қарастыратын кітап, журнал беттерін, аннотациялар мен ғылыми мақалаларға зер салып, толық қарастыру жұмыстарын жүргіздік.
Зерттеу нысаны – қазақ тіліндегі сингармонизм (үндесім түрленім) заңы, қазақ тілінің артикуляциялық базасы (моделі) құрамындағы артикуляциялық үлгілер, қазақ тіліндегі буын және морфеманың дыбыс құрамы мен желісі (линейная величина), латын әліпбиіне көшу мәселелері, қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне үйрету әдістемесі мәселелерімен айналысты.
Жұмыстың дереккөздері. Зерттеу материалдары ретінде мерзімді басылымдар беттерінде жарық көрген ғылыми мақалалар мен тіл білімі бойынша жарық көрген еңбектер, сондай-ақ С.Мырзабеков, Ә.Болғанбайұлы, Ө.Айтбайұлы, Ғ.Қалиев сынды ғалымдардың лексикологиялық еңбектерінен және интернет желілерінен алынды.
Жұмыстың теориялық маңызы және практикалық құндылығы. Қазақ фонетика ғылымының бүгінгі теория-практикалық деңгейі, біріншіден, қордаланып қалған тіл бұзар өктем емле ережелерінен арылып, қазақ сөзінің өзіне тән табиғи емле ережелері үлгілерін қалыптастыруға толық мүмкіндік берсе, екіншіден, зерттеушілердің келер ұрпағына ақиқат жолсілтеме бола алады.
Ғылыми болжам - 1) Тұжырымдамада дыбыс тіркесінің құрамды бөліктерінің артикуляциялық тұтастығы сипатталады; 2) морфема құрамындағы дыбыстардың артикуляциялық тұтастығы қалыптасады; 3) қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге, оны бір жүйеге келтіруге негізгі бағыттар сілтейді.
Зерттеу жүргізу кезеңдері: 1) тақырып таңдау, 2) ғылыми еңбектерді оқу, 3) жоспар жасау; 4)жұмысты жазу, 5) аяқтау.
Зерттеудің әдістері. Зерттеу барысында сипаттамалы, салыстырмалы, сондай-ақ тілдік деректерді түрлі компоненттік талдау, жаппай сұрыптау, жинақтау, баяндау, сипаттау әдістері қолданылды.
Зерттеу нәтижелері мен қорытындылары – 1) қазақ тілінің зерттелім кезеңдерінде сөз құрауыштарға (сөз просодикасына) берілген анықтамаларға артикуляциялық талдау жасау; 2) қазақ тілі артикуляциялық фонетикасының әр кезеңге тән даму деңгейлері талдау; 3) Олардың тарихи негізін ашу, қазіргі кезде болып жатқан өзгерістерді анықтап, даму бағытын
белгілеу – келешектің ісі.
Жұмыстың құрылымы. Еңбек кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және осы тақырыпқа қатысы бар әдебиеттер тізімінен тұрады.

3


1 Қазақ фонетикасының зерттелім дәуірлері

    1. Қазақ фонетикасының құрылымы

Қазақ фонетикасының зерттелу тарихының өзіндік ерекшеліктері
бар. Ондай ерекшеліктер зерттеушілердің заманына сай әртүрлі теория практикалық ұстанымынан туындап отырды. Сөйтіп қазақ фонетикасының зерттелім желісі бірнеше тарихи дәуірлерден өтті. Алғашқы дәуір ХIХ ғасырдың орта тұсы мен екінші жартысын қамтыды. Қазақ жерін игерудің басты бір амалы ретінде қазақтың тілін зерттеу басталды. Ондағы мақсат қазақ тілінің қарапайым оқулықтарын жазып, сөздіктерін құрастыру болды. Ол кезде зерттеушілердің қолында дайын тілдік жазба материал болған жоқ.
Сондықтан да олар қазақ тілінің сөздерін ел аралап жүріп жинап, қалай естісе, солай жазып алып отырды. Соның нәтижесінде қазақ сөзінің таза ауызша айтылым үлгісін тап басып, қағазға түсіріп алып отырды. Олар құрастырған сөздіктерге қазақ сөзінің үндесім (сингармониялық) үлгісі сол таза ауызша айтылым күйінде (үнтаспаға жазғандай болып десе де болады) ендіріліп жатты. Қазақ тілі дыбыстарының сөз құрамындағы (сөйлеу үстіндегі) түрленім үлгілерін айна-қатесіз көрсетіп отырды. Әсіресе, ерін үндестігіне қатты көңіл бөлініп, көп буынды сөздердің соңғы буынына дейін таңбаланды. Бірінші дәуір зерттеушілерінен қалған жазба мұрағаттарды, қазіргі тілмен айтқанда, қазақ тілінің орфоэпиялық жазбасы деп қабылдауға болады. [1,136 б].
1.2 Қазіргі қазақ фонетикасының ғылыми аппараты жайлы
Қазақ фонетикасында қалыптасқан ұғымдар мен атаулар жүйесіне көптеген өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Себебі осы күнгі ұғым-атаулар «дәстүрлі» үнді-еуропа тілтанымына байланып қалған да, көбінесе қазақ тілі табиғатын не жаңсақ, не жартыкеш түсіндіріп жатады. Оның үстіне өзге тілдерде жоқ қазақ тіліндегі өзіндік құбылыстар ұғым тапшылығынан көзге ілінбей келді. Сондықтан да қазақ фонетикасына тән ұғым-атаулардың жаңа жүйесін құрастырып, оларды түсіндіруге тура келді.Сонымен,
«Фонетика» бөлімі бұрынғы көз үйренген үлгісінен көп өзгеше болып шықты. Әсіресе, көптеген дыбыстардың сипаттамасы тиянақталып, қайта жазылды. Оның үстіне дыбыстардың үндесім (сингармонизм) жүйесі бұрын-соңды болмаған жаңа тарау ретінде қосылып отыр. Тағы бір айта кететін жай – қазақ тілінің төл дыбыстары ешбір қоспасыз өз алдына талданды. Соның нәтижесінде тілімізге жасанды еніп кеткен х, һ «әріп-дыбыстар» шығарылып

4
тасталды. Ал орыс тілінен енген дыбыстарды қазақ дыбыстары құрамында қарастырудың өзін жөнсіз деп таптық (керек болып жатса, іздеген адамға олар жайлы мәлімет орыс тілтанымында жеткілікті). Өзімізді де, өзгені де шатастырып келген и, у, я, ю кірме әріптері жайлы қосымша мәлімет бергенді жөн көрдік. Алдымен қазақ тілінің төл дыбыстарының құрамын анықтап, жүйесін сипаттап алған соң барып кірме дыбыстар жайлы сөз еткен


дұрыс болар. Олар қазақ дыбыстарының құрамы мен жүйесінен үндесім орнын тауып сіңді ме, жоқ әлде жапсырма-жамау күйінде қалдыма? Жауап біреу: егер кез келген кірме дыбыс үндесім заңына бағынбаса, онда ол қазақ дыбыстарының құрамына енген жоқ деген сөз.Қазақ тілінің дыбыс құрамын төл сөзқұрауыш сингармология тұрғысынан талдағанда ғана қазіргі кездегі «қазақ тілінде қанша дауысты бар, қанша дауыссыз бар?» деген әрі тарт, бері тарт сұрақтардан арылатын боламыз. [2,69 б].

5
2 Қазақ әліпбиінің құрамындағы кірме таңбалардың дыбыс модельі


2.1 Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздерінің түрлі нұсқада жазылуы
Қазақ әліпбиі - қазақ тілінің әріптерінің жүйелі тізбегі, қазақ халқының мәдени өмірінде басқа да түркі халықтарымен бірге пайдаланып келген әр түрлі әріп таңбаларынан тұратын дыбыстық жазу жүйесі. [3,97 б].
Қазіргі қазақ әліпбиінің тізбегінде төл таңбалармен қатар кірме таңбалар араласып жүр. Төркіні бөлек кірме таңбалардың жасалым-естілім (артикуляция-перцепциясы) бөгде болғандықтан, олар қазақ сөзінің үндесім әуезін, морфем құрамын, буын тұрқы мен тасымал ретін, сондай-ақ сөйлеу ырғағын түгел бұзып бітті. Көзіміз үйреніп, қолымыз жаттығып алған соң төл-кірме жазуды да өгейсінбейтін болдық. Егер рухани сана жаңғыру ұлттың тілінен басталатынын ескерсек, онда алдымен төл әліпбиді қалыптастырып алу керек болады. Төл әліпбиден төл сөз қалыптасады, төл сөзден ұлт тілі қалыптасады. Бұл ‒ әлеми жазу тәжірибесі көрсетіп отырған фонетика-грамматикалық ұстаным. Кіріспе орнына беріліп отырған бұл бөлімде кірме таңбалардың дыбыс мәнін термелеп қана пішіндеп беріп отырмыз, кірме таңбалардың әрқайсысының жан-жақты дыбыс талданымына төменде арнайы дәріс арнап отырмыз. Қазіргі қазақ әліпбиінің құрамындағы кірме таңбалардың дыбыс құрамы (мазмұны) академиялық орфоэпиялық сөздіктерде таратылып көрсетіліп келеді. Алайда академиялық орфоэпияның нәтижесіне ешкім мән бермей отыр. Сөздіктердің, мүмкін, таралым тапшылығы болар немесе оқу-әдістеме бағдарламалары мен оқулықтарда жеткілікті мән берілмей келе жатқандықтан болар, әлде орыс әліпбиімен тұмшаланып қалғандығымыздан болар, әйтеуір кірме таңбалардың тіл бұзар машақатынан арыла алмай-ақ келеміз. Әдетте, әлеми әліпби түзу тәжірибесінде бір дыбысты бірнеше (екі-үш) таңбамен белгілеу дәстүрі жиі кездеседі. Ал бірнеше дыбысты бір таңбамен белгілеу дәстүрі жоқ сықылды. «Жоқ сықылды» деп екіұшты сөйлеп отырғанымыздың себебі бар. Өйткені әлемде жоқ әліпби үлгісі қазақ жазуында ғана бар: бір таңбамен екі-үш дыбыстың тіркесін біз ғана белгілеп келеміз. Белгілеп қана қоймай, арнайы емле ережемен бұлжымастай етіп бекітіп те қойдық. Жарты ғасыр бойы ұрпақтанұрпақ сол емле ережемен ауызданып, сол емле ережемен ер жетіп, сол емле ережемен қартайып, сол емле ережемен «ұзап» кетіп жатыр. Тіл бұзар емле ереженің бастау сәті де белгілі – 1957 жыл, белсенділері де белгілі – сол кездегі аты әйгілі тіл мамандары. Ендігі шешім не болмақ? Қазіргі естияр ұрпақты «олай емес, былай» деп сендіру қиын болып отыр. Бұрын бір ескерткеніміздей, қазақтың өзіне «қазақтың бар дыбысын бар деп, жоқ дыбысын жоқ деп» сендіре алмайтын кезеңде тұрмыз. Біз, қазіргі ұрпақ, шамасы, сол «и-у-я-юлап» өтетін тәріздіміз. Амал жоқ, күйінесің-күйесің, іс өнбесін білесің... «Әліпби жаңғыруды» мектептен, тіптен, бірінші сыныптан
6
бастамаса болмайтын түрі бар. Сол ұрпақ өсіп жетілгенде ғана қазақ сөзінің қазақы жазылымы мен айтылымы кірме таңбалардың машақатынан тазаратын болады. Бірақ ұрпақ дайындығын бүгіннен бастау керек. Мұндай дайындық ең алдымен сауат ашудың бастау көзінде тұратын мұғалім-ұстаздарға керек. Көзі ашық сауатты қауымның да игеріп алғаны артық болмайды. Өйткені болашақ қабылданатын латын әліпбиінің құрамы мен емле ережесі бүгінгі кемшіліктерден арылып жаңаратын болады. Сонымен, кірме таңбалардың дыбыс құрамын таратып, көрнекі «әліпби» моделін құрастырып шығамыз. Қазақ грамматикасында буын түрлерінің атаулары бар. Сол үлгіні дыбыс тіркестерінің талданымына да пайдалануға әбден болады. Буын түрлері мен тіркес түрлерінің дыбыс құрамы бірін-бірі қайталайды. [4,37 б].
2.2 Қазақ тілінің мәтін құрамындағы дыбыс тіркестері
Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздерінің түрлі нұсқада жазылуының басты себебі - қазақ тілінің дыбыстық аритикуляциясына сәйкес келмейтін, әсіресе, арабтың

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет