Научного проекта: научные открытия профессора алимхана жунусбека в фонетике казахского языка



бет4/4
Дата17.04.2023
өлшемі194,06 Kb.
#83363
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4
а, ә, е, ө, ү дауыстыларымен басталады. Ал сақталған жағдайда, қазақша қ-ға алмасады: қажет, қазір, құрмет. Бұл сөздердегі «хә:» дыбысы түсіріліп, жіңішке қалыптасқан үлгілері да бар: әжет, әзір, үрмет т.б. Бірде жуан, бірде жіңішке дыбысталатын мұндай сөздер тілде сингармониялық варианттар қалыптастырады [6, 29б.].
2.3 Латын әліпби теріміне икемдеудің орфографиялық негізі
Қазақтың төл дыбыстарын түгендеп, соған лайықтап таңба санын ықшамдау А.Байтұрсынұлынан басталған болатын. Сол кезде таңба санын қорғаштап Ахаңның «жағасынан алғандар» болған. Оларға Ахаң «таңбаларды қысқартып, артығын борышыма берейін деп отырған жоқпын» деген екен. Менің де 42 таңбаны байлығымыз деп масаттанып отырған ағайындарымызға айтарым: артық таңбаларды еншілеп кетейін деп отырған ойым жоқ. Сонымен, қазақ тілінің төл дыбыстары: а, ә, б, ғ(-г), д, е, ж, з, й, қ
(-к), л, м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, у(w), ұ, ү, ш, ы, і. Бас-аяғы 26(-28) дыбыс. Осы дыбыстардың сыртында қазақ тілінің дыбыстарын іздеп әуре болмау керек, өзге дыбыс жоқ. Осы жердегі бәрімізді шатастырып жүрген у таңбасының дыбыс мәні, тілімізде өте жиі кездесетін, «ерін-еріндік, жуысыңқы, үнді [w] дауыссыз дыбысы» болып табылады: ау [aw], ауа [awa], әу [äw], әуе [äwe], су [suw], суы [suwu], у [uw], уық [uwuq], уіл [üwül], күлу [külüw], аю [ayuw], үю [üyüw] т.с.с. Мұндай дауыссыз дыбыс орыс тілінде жоқ, ал ағылшын тілінде бар, көріп отырсыздар, қазақ тілінде де бар.

8
Практикалық бөлім


Әліпби дыбыстар Қазақ тілінің әліпби тізімінің құрамына енген төл дыбыстарды әліпби дыбыстар деп атаймыз.
Қазақ тілінде 9 әліпби дауысты дыбыс бар. Олар қолданымдағы әліпби құрамында былай таңбаланады: А, Ә, Е, О, Ө, Ү, Ү, Ы, І.
Қазақ тілі дауысты дыбыстары жалаң (монофтонг) және құранды (дифтонг) болып екіге бөлінеді. Бастан-аяқ біркелкі айтылатын дауысты дыбысты жалаң дауысты дыбыс деп атаймыз, олар: а, ә, ы, і, ұ, ү. Бір дыбыстан басталып, екінші дыбыспен аяқталатын дауысты дыбысты құранды дауысты дыбыс деп атаймыз, олар: о, ө, е.
Осыдардың ішінде Е дыбысына тоқтала талдай өтсек.
Е дауысты дыбысы жақтың қысаң ашылып, тілдің жоғары көтерілуі арқылы жасалады. Тілдің тік қалпына қарай қысаң дауысты дыбыс болып табылады. Е дыбысын айтқанда ерін бейтарап қалады. Еріннің қатысына қарай езу дауысты дыбыс болып табылады. Е дыбысын айтқанда тіл ауыз қуысының орта тұсына орналасады. Тілдің көлденең қалпына қарай тіл ортасы дауысты дыбыс болып табылады. Дауысты (екінші сыңарының) тілдің тік қалпына қарай - қысаң, ерін қатысына қарай - езу, жасалу орнына қарай - тіл ортасы дыбыс. Жасалым белгілері: қысаң, езу, тіл ортасы дауысты дыбыс.



9
Қорытынды


Қорытындылай келе, «Әліпби жаңғыруды» мектептен, тіптен, бірінші сыныптан бастамаса болмайтын түрі бар. Сол ұрпақ өсіп жетілгенде ғана қазақ сөзінің қазақы жазылымы мен айтылымы кірме таңбалардың машақатынан тазаратын болады. Бірақ ұрпақ дайындығын бүгіннен бастау керек. Өйткені болашақ қабылданатын латын әліпбиінің құрамы мен емле ережесі бүгінгі кемшіліктерден арылып жаңаратын болады.

10
Әдебиеттер тізімі



  1. Гак В.Г. К типологии лингвистических номинаций / В.Г.Гак. – Наука, 1977. – 230-293 б.

  2. Аханов К. Тіл білімінің негіздері / К.Аханов. –Алматы: Санат, 1993. – 496 б.

  3. Мырзабеков С. Қазақ тілі фонетикасы / С.Мырзабеков. - Алматы: Қазақ, 2004. – 248 б.

  4. Раева Г.М. Түркі тіліндегі сингармониялық варианттар мен параллельдер / Г.М.Раева. – Алматы, 2000. - 141 б.

  5. Жүнісбек Ә. Қазақ тіл білімінің мәселелері / Ә.Жүнісбек. -Алматы: Абзал-ай, 2014. -367 б.

  6. Аманжолов С. Қазақ тілі теориясының негіздері / С.Аманжолов – Алматы: Ғылым, 2002 - 368 бет.

11
С.Аманжолов атындағы ШҚУ


6В01701 «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы 2-курс студенті Амангельді Нұрдәулеттің «Профессор Ә.Жүнісбектің қазіргі қазақ фонетикасына енгізген ғылыми жаңалықтары» атты ғылыми жобасына

ПІКІР

Ғылыми жоба кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады.
Ғылыми жоба тіл біліміндегі фонетика саласы жайында. Ғылыми жобада қазақ тілінің зерттелім кезеңдерінде сөз құрауыштарға (сөз просодикасына) берілген анықтамаларға артикуляциялық талдау жасау зерттеледі. Осы тұрғыдан дыбыс тіркесінің құрамды бөліктерінің артикуляциялық тұтастығын сипатталып, жинақтап, жүйелейді. Еңбектің бірінші тарауында Қазақ фонетикасының зерттелім дәуірлері сөз етіліп, ғалымдардың айтқан пікірлері, терминология және ономасиология тараулары т.б. мәселелері айтылады.
Жұмыстың екінші тарауында Қазақ әліпбиінің құрамындағы кірме таңбалардың дыбыс модельі, нақтырық айтсақ Қазақ тілінің мәтін құрамындағы дыбыс тіркестері жайында жазылады. Автор ғылыми жобадағы міндеттерді шешу барысында зерттеу әдістерін шебер қолданды. Қорыта келгенде, автор мақсатына жетті деп есептеймін. Амангельді Нұрдәулеттің ғылыми жобасы ғылыми жұмыстарға қойылатын талаптарға сай жазылған. Еңбек қорғауға дайын.
Пікір жазған:
ғылыми жетекшісі
С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың
қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к. А.А.Айтмукашова

С.Аманжолов атындағы ШҚУ


6В01701 «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы 2-курс студенті Амангельді Нұрдәулеттің
«Профессор Ә.Жүнісбектің қазіргі қазақ фонетикасына енгізген ғылыми жаңалықтары» атты ғылыми жобасына

СЫН-ПІКІР


Амангельді Нұрдәулеттің ғылыми жобасы тақырыпқа сай 2 бөлімнен тұрады. Жұмыстың Қазақ фонетикасының зерттелім дәуірлері атты 1-тарауында ғалымдардың айтқан пікірлері, мәселелері мазмұндалған.


Жұмыстың екінші тарауында Қазақ әліпбиінің құрамындағы кірме таңбалардың дыбыс модельі, нақтырық айтсақ Қазақ тілінің мәтін құрамындағы дыбыс тіркестері жайында жазылады
Зерттеу жұмысында қазақ тілі дыбыстарының артикуляциялық даму және қалыптасу кезеңдеріне ғылыми теориялық және ғылыми практикалық талдау жасап, қазақ артикуляциялық фонетикасының дербес пән ретіндегі қалыптасу желісін анықтаған. Ғылыми жоба осы сияқты келелі мәселелердің басын біріктірген, бұл тақырыптың өзектілігін танытады.
Автор бұл жұмысты жазу барысында фонетика мәселесін қарастыратын кітап, журнал беттерін, аннотациялар мен ғылыми мақалаларға зер салып, толық қарастыру жұмыстарын жүргізгендігі анық.
Автор өте мол тілдік деректер пайдаланып, түрлі ғылыми-теориялық, лексикографиялық әдебиеттерді қолданып, терең лингвистикалық талдаулар жасаған. Қысқасы, өзінің таңдап алған тақырыбын жан-жақты әрі терең түрде талданып көрсетілген.
Қорыта келгенде, Амангельді Нұрдәулет көздеген мақсатын орындап, өте құнды еңбек жазып шыққан.

Сын-пікір жазған:


ҚАЕУ доценті, ф.ғ.к. Ә.Н.Нұрланова



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет