Наука и новые технологии №4, 2014 328 Жақсылықова К. Б., Ускенбаева Р. М



жүктеу 248.28 Kb.
Pdf просмотр
Дата06.03.2017
өлшемі248.28 Kb.

 

 

НАУКА И НОВЫЕ ТЕХНОЛОГИИ № 4, 2014 

 

328 


 

Жақсылықова К.Б., Ускенбаева Р.М. 

КӨНЕ МИФОЛОГИЯЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ ЖƏНЕ ОНДАҒЫ 

ТІЛДІК ҚОЛДАНЫСТАР 

 

УДК:801.51.04 



Мақалада  ұлт  тарихын,  тілін    жалпы  халықты 

танытуда  негізгі  фактор  болып  саналатын  мифтік 

ұғымдарға  жəне  жалпы  мифке  анықтама  беріледі. 

Ондағы 

тілдік 

бірліктердің 

қолданыс 

ерекшелігі 

айқындалады. Жəне оның танымдық мағынасы ашылады. 

Кілт  сөздер:  1.  миф 2. Мифология 3. Фольклор 4. 

Тілдік  бірліктер 5. Ертегі 6. концепт 7. Фразеологизм 8. 

Мифтік ұғым 9. Мифтік сана 10. Тілдік қолданыс 

The article deals with the concept of the myth, and also 

its capacity to reflect national history, language and spirit of 

the people. It reveals acquaintance with researches of the 

Kazakh myth, and also about a word meaning in mythology, its 

feature and its educational value. 

В статье раскрываются понятие мифа, а также его 

способности  отразить  национальную  историю,  язык  и 

сам  дух  народа.  Дается  ознакомление  с  исследованиями 

казахского мифа, а также о значении слова в мифологии, 

его особенности и его просветительского значения. 

Сан  ғасырлардан  атадан  балаға  мирас  болып 

келе жатқан рухани мұраларды бүгінгі күн талабына 

сай  жаңаша  бағамдау  үшін  мемлекеттік  «Мəдени 

мұра»  бағдарламасы  жасалды.  Осы  бағдарламаның 

алдына  қойған  мақсаты  мен  міндетін  түсіндіру 

барысында  еліміздің  президенті  Н.  Назарбаев: «... 

ұлттық мəдениетімізді ұлықтап, бар мен жоғымызды 

түгендеп,  жүйелеп,  келер  ұрпаққа  аманаттау – 

«Мəдени  мұра»  бағдарламасының  басты  мақсаты 

болуы  тиіс», - деген  болатын [1]. Көне  мифология-

лық  шығармалар  «Қорқыт  ата  кітабы», «Ер  төстік», 

«Еділ-Жайық», «Дың  сұлу»  т.б.  шығармалардың 

еліміздің ізгі дəстүрін ұдайы насихаттап, имандылық 

келбетін сақтап қалуына ерекше əсері болғаны кəміл. 

ХХ  ғасырға  дейін  ұлттық  фольклортану 

ғылымында  қазақ  мифологиясының  өзі  жеке  дара 

зерттелмей  келгені  белгілі.  Мифологиялық  шығар-

маларды  жүйелі  жинақтау,  оны  саралау  ісі  де 

жеткілікті  дəрежеде  қолға  алына  қойған  жоқ.  Оның 

бір себебі, мифология халықтың ескі наным-сеніміне 

тікелей  қатысты  болғандықтан  да  Кеңестік  дəуір 

кезеңінің  идиологиясына  кері  əсерін  туғызатын 

жағдай  ретінде  танылды.  Ел  тəуелсіздік  алғаннан 

кейін  ғана  осы  саланы  жеке  сала  ретінде  тануға 

арналған  ғылыми  зерттеу  жұмыстары  туындай 

бастады.  

Жалпы  көне  мифологиялық  шығармаларға 

тоқталмас  бұрын  «миф»  дегеннің  не  екеніне  көз 

жеткізіп алсақ.  

Мифология – адам  баласының    рухани 

мəдениетінің  ең  көне  түрі  деп  айтсақ, «Миф» 

дегеніміз  сананың əлі толық жетілмеген біртұтас ең 

алғашқы түрі. Мифтік шығармаларға аңыз, ертегілер 

жататыны  мəлім.  Мифология  гректің mifos – аңыз, 

ертегі  жəне logos – ілім,  білім  деген  сөздерінен 

шыққан.  Алғашқы  кезеңдердегі  қоғам  дамуының 

бастапқы  сатыларында  қоғамдық  сананың  формасы 

мифтер барлық халықтарда болды.  

Дін  тарихын  зерттеуші  Мирча  Элиаде  миф 

туралы  мынадай  анықтама  береді: «Миф  белгілі  бір 

қасиетті  тарих  туралы  болған  алғашқы  оқиғаны  сөз 

етеді. Бұл əрқашан «жаратылыс» туралы, белгілі бір 

заттың қалайша қалыптасқандығы, яғни өз тіршілігін 

қалай  бастағандығы  туралы  сөз»-дейді [2]. Ал 

Дж.Ф.Бирлайн  мифке  «миф – адам  баласы  үшін 

барлық  уақытта  да  бейне  бір  өзгермейтін,  тұрақты 

дүние.  Мифте  көрініс  тапқан  жалпы  модельдер, 

сюжеттер, тіпті ұсақ детальдар барлық жерде немесе 

заттарда  кездеседі.  Басқаша  айтқанда,  ұрпақтан 

ұрпаққа  беріліп  келе  жатқан  біздің  ата-бабалары-

мыздың  естелік  мұраларының  жиынтығы.  Миф – 

біздің  дүниетанымымыздың  құрылымында  көрініс 

тапқан.  Ол  қанымызда,  генімізде  таңбаланған» 

дегенді  айтса[3],  К.Г.Юнг  «Миф – энергияның 

сарқылмас қайнаркөзі» дейді [4]. 

Мифтің поэтикасын зерттеу обьектісі етіп алып 

жүрген  Е.М.Мелетенский  ежелгі  классикалық 

мифтердің ерекшеліктерін атап көрсетеді: «қандай да 

бір 


заттың 

мəнін 


оның 

пайда 


болуымен 

байланыстыру;  яғни  заттың  жаратылысын  түсіндіру 

деген  сөз – оның  қалай  пайда  болғанын  əңгімелеу; 

айналаны қоршаған дүниені сипаттау деген сөз – сол 

дүниенің пайда болу тарихын баяндау»[5]. 

Белгілі  ғалым  И.  М.  Тронский  өзінің 

«Античный  миф  и  современная  сказка»  деген 1934 

жылы шыққан еңбегінде «Миф и сказка отличаются 

не по своей форме, а по своей социальной функции» 

деп  анықтама  береді.  Мифтің  əлеуметтік  жағдайы 

əрқашан  бірдей  бола  бірмейді.  Ол  сол  халықтың 

мəдениетіне  де  байланысты  дей  келе  миф  пен 

ертегінің  ара  қатынасын  былай  көрсетеді:  Миф  не 

может быть отличаем от сказки формально. Сказка и 

миф  (в  особенности  мифы  доклассовых  народов) 

иногда  настолько  полно  могут  совпадать  между 

собой,  что  в  этнографии  и  фольклористике  такие 

мифы  часто  называются  сказками.  На  «сказки 

первобытных»  даже  имелась  определенная  мода,  и 

таких сборников, и научных, и популярных, имеется 

очень много. Между тем если исследовать не только 

тексты,  а  исследовать  социальную  функцию  этих 

текстов,  то  большинство  их  придется  считать  не 

сказками,  а  мифами.  В  современной  буржуазной 

фольклористике  совершенно  не  учитывается  то 

огромное  значение,  которое  присуще  этим  мифам» 

[6]. 

Мифті  мəдениеттанудың  зерттеу  обьектісі 



ретінде  қарауды  негіз  деп  санайтын  ғылым  өкілдері  

А.  Ф.  Лосев,  П.  С.  Гуревич,  В.  П.  Шестаковтар  ұлт 

мəдениетін  зерттеуде  мифтік  шығармалардың 

алатын орнының ерекше екенін баса айтады.  Мифті 

мəдениеттану  негізінде  зерттеу  мифтің  орны  мен 


 

 

НАУКА И НОВЫЕ ТЕХНОЛОГИИ № 4, 2014 

 

329 


 

ролін  мəдениет  жүйесінде  зерттеуге  мүмкіндік 

береді,  оның  идеологиямен,  философиямен,  эстети-

камен,  дінмен  өзара  байланысын  қарастырады, 

сонымен  қатар  мəдени  дамудың  сан  алуан 

кезеңдеріндегі мифтердің ролін зерттейді [7].  

Түркі  мифологиясын  зерттеуде  түрік  ғалымы 

Мурат Ораздың «Түрік мифологиясы» деген еңбегін 

атап 

көрсетуімізге 



болады. 

Кейінірек 

түрік 

профессоры,  Бахауеддин  Өгелдің  «Түрік  мифоло-



гиясы»  деген  үлкен  еңбегі  жарық  көрген.  Бұл  еңбек 

бауырлас  халықтардың  көне  шығармаларын  яғни 

мифологиясын  жүйелі  қарастырған  кешенді  еңбек 

болды.  Зерттеу  жұмысында  туыстас  елдердің  ортақ 

мұраларын  жүйелі  зерделеп,  рухани  мұралардың 

табиғатын ашып көрсетеді [8]. 

Бурят 

ғалымы 


Н.О.Шаракшинова 

өзінің 


«Бурятское народное поэтическая творчество» деген 

еңбегінде  миф  ұғымына  өзінше  анықтама  беріп 

кеткен [9]. Сонымен  қатар  зерттеуші  ғалым  И.В. 

Стеблеваның  зерттеу  еңбегі  де  түркі  халықтарының 

мифологиясын зерттеуге өзіндік үлесін қосқан [10].   

Эпос, ертегі, аңыздар, тарихи əңгімелер арқылы 

мифологиялық  кейіпкерлер  түрлі  халықтардың 

рухани мəдениетіне, əдебиетіне, сурет-мүсін өнеріне 

енді.  Олар  қазақтың  ауыз  əдебиетінде,  эпостық 

жырларында  бар.  Қоғамдық  өмірдің  алғашқы 

қауымдық  формасының  жойылуына  байланысты 

қоғамдық сананың алғашқы түрі ретінде Мифология 

да  тарих  сахнасынан  кетті.  Бірақ  мифологиялық 

санада  туған  сұрақтар:  дүниенің,  адамның  пайда 

болуы, əлеуметтік өмірдің себебі, адамның тууы мен 

өлімі  т.б.  жайындағы  сұрақтар  дүниеге  көзқарастың 

түбірлі сұрақтары ретінде қалып қойды. 

Қазақ 


фольклортану 

ғылымының 

негізін 

салушы  ғалымдардың  еңбектерінде  миф  деген  атау 

кездеспегенімен  байырғы  адамдардың  санасындағы 

рухани ерекшеліктер аракідік аталып өтеді. Мысалға 

алатын  болсақ,  қазақ  тіл  білімінің  негізін  салушы 

ғалым  А.Байтұрсынұлы  «Адам  анайы  шағында  бала 

сияқты жанды, жансыз нəрсені айырмаған. Жанды да 

жансызы  да  бірдей  тіршілік  ететін,  бірдей  өмір 

сүретін  сияқты  көрінген...  Табиғаттан  ұзап  кеткен 

жері болмаған соң, адамның өзі де табиғатпен қатар, 

табиғатпен  жалғас,  сабақтас,  өзектес  сияқты  күйде 

өмір  шеккен.  Жансыз  нəрселерді  жанды  деп 

таныған»  деп  мифтік  шығармалардың  табиғатына 

түсінік беріп кеткен [11]. 

Зерттеуші  ғалым  С.Қондыбай  өзінің  «Қазақ 

мифологиясына  кіріспе»  деген  еңбегінде  қазақ 

мифологиясы  деген  ұғымға  «бүгінгі  қазақ  халқын 

жасауға  қатысқан  бірнеше  мыңжылдық  көшпелі  ру-

тайпалардың  "орташа"  алынған  өздері,  дүние-ғалам, 

өмір  туралы  түсініктерінің,  ежелгі  танымдарының 

бірыңғай  жүйесі»  деп  түсінік  бере  келіп,  мифоло-

гияның    ауыз  əдебиеті  мұраларының – жырлар  мен 

дастандардың,  əртүрлі  шежіре  аңыздардың,  ертегі-

лердің,  жұмбақ  пен  мақал-мəтелдің,  фразеологизм 

мен  діни  əфсаналардың  өн  бойында  жəне  қазақ 

тілінің  сөздік  қорының  қойнауында  жасырынып 

жатқандығын айтады [12].  

Түркі  халықтарына  ортақ  мұра  Мөде  мен 

Қорқыт  ата  кітабын  мифтік  аңызға  жатқызуымызға 

болады.  Себебі  аңыздың  белгілі  бір  жағдайда 

шындыққа  негізделетіндігі  болса,  мифтік  аңыздың 

кейіпкерлері Мөде мен Қорқыттың тарихи прототипі 

болуы əбден мүмкін.  

Миф  жəне  мифология  деген  ұғымдар  туралы 

ғылыми көзқарастың өзі бүгінде екі салаға бөлектеп, 

бір-бірінен ірге тартып алшақтап кеткен. Біріншісі – 

мифтерді,  оны  зерттеуі  тиіс  мифологияны  ауыз 

əдебиетінің  бір  саласы  (жанры)  деп  қарау,  сол 

көзқарас  негізінде  мифологияға  əдеби  тұрғыдан 

бағам  жасап,  əдеби  тұрғыдан  оның  қалыптасуы 

жөнінде  көркемдік,  тілдік,  т.б.  үрдістері  мен 

сипаттары  (ерекшеліктері) жөнінде  тұжырым  жасау. 

Белгілі  бір  деңгейде  бұл  дұрыс  та  болып  шығады. 

Бірақ  мұндай  зерттеудің  қоғам  үшін  қайыры  аз 

болатындығын да ескеру қажет сияқты. Өйткені, миф 

тек   əдебиеттің  ғана  үлесіне  тиген  дүние  емес,  одан 

əлдеқайда  зерттелу  аумағы  кең  тақырып.  Ауыз 

əдебиеті үлгілері ретінде оның тек бір ғана қырынан 

қарастырылу  мүмкіндігі  бар.  Қазақ  ғалымдарының 

миф  туралы  бүгінгі  таңда  беріп  отырған  бағасы – 

осы.  Екіншісі – мифті  ауыз  əдебиеті  ауқымынан 

шығып кететін, өз алдына дербес (əрине, гуманитар-

лық  ғылымдардың  барлығының  тоғысар  тұсында 

орналасып, 

сол 

ғылымдардың 



əдістемесіне 

сүйенетін) ғылыми пəн деп қарастыру. Бұл жағдайда 

осы  ғылыми  пəнді,  саланы  дамытудың  өзінің 

теориялық,  əдістемелік,  терминологиялық  жүйесін 

қалыптастыру қажет болады.  

Зерттеуші-ғалым 

Ə.Қоңыратбаев 

қазақ 


ертегілері жайлы «қазақ ертегілерінің қай түрі болса 

да замана елегінен өтіп, халық санасына сіңіп кеткен 

сюжеттер.  Онда  бірқатар  елдерге  ортақ  əрі  төл 

сюжеттер болып жүрген мотив-образдар аз емес» деп 

айта  келіп  қазақ  ертегілерін  тақырыбына  қарай: 

мифтік  ертегілер,  хайуанаттар  тура  ертегілер, 

тұрмыс салт ертегілері деп бөліп қарастырады. 

 

Ə.Қоңыратбаев  біздің  мақаламызға  арқау 



болып  отырған  мифтік  ертегілер  жайлы  «бұл 

ертегілер  тым  ерте  замандарда  адам  табиғат  сырын 

толық түсініп болмаған кезде туған» деп түсінік бере 

келіп,  мифтік  шығармаларда  өмір  көріністерінің  аз 

болатындығын  жəне  мифологиялық  ойлаудың 

адамдардың  тас  дəуірінде,  үңгірлерде  өмір  сүрген 

кезеңдерінде  бастау  алуы  мүмкін  дегенді  айтады.  

Сонымен қатар зерттеуші ол замандағы адамдардың 

ойлау  қабілетінің  төмен  болғандығын  айтады. 

Табиғат  жаратылысы  күн,  ай  от,  судың  тылсым 

табиғатына  түсінбеген  сол  қоғам  өкілдері  табиғатқа 

табынғанын,  олардың  кейбірінен  қорықса,  кейбіріне 

табынғаны  жəне  оларды  адамша  ойлай  алатын 

құбылыс  ретінде  қабылдағыны  баршамызға  белгілі. 

Аталған  мифтік  ұңымдар  ежелгі  үнді  грек,  араб 

елдерінің шығармаларында сақталған.  

Қазақ 

фольклорының 



негізін 

салушы 


Ə.Қоңыратбаев  қазақ  мифологиясының  жоғарыда 

атап  өткен  кезеңде  емес  одан  бертініректе  яғни 

матриархат пен патриархат дəуірінің ауысу кезеңінде 


 

 

НАУКА И НОВЫЕ ТЕХНОЛОГИИ № 4, 2014 

 

330 


 

туса керек деп болжам жасайды. Оның бұлай болжам 

жасауының  себебі  де  бар,  өйткені  қазақ  мифология-

сының  негізі  болып  саналатын  образдар  жалмауыз, 

мыстан  кемпір,  жезтырнақтар  матриархат  пен 

патриархат дəуірінің наным-сенімдері.  

Осы  кезеңде  туған  мифтік  ертегілердің  басты 

кейіпкерлері мергендер мен батырлар болған. Себебі 

аңшылық  кəсіп  ер  азаматтардың  əрекетімен 

байланысты  болғандықтан  мергендер  мен  батырлар 

сол қоғамдың сыйлы өкілдері болған.  

Осы кезеңде адам баласын ең негізгі киелі күш 

деп  түсіну  ұғымы  қалыптасқан.  Табиғаттың  тілсіз 

күштерін  мифтік  ойлаумен  байланыстырып,  соған 

адам əрекетін қарсы қоятын қиял-ғажайып ертегілері 

осындай негізде туған деп айтуымызға болады.  

Ғалым  мифтік  ертегілерге  түсінік  бере  келе,  əр 

ертегідегі  орын  алатын  кейіпкерлерді  талдап 

көрсетеді.  Сонымен  қатар  Ə.Қоңыратбаев  мифтік 

ертегі  Ер  Төстікті  жан  жақты  талдап,  оқырман 

қауыммен жақындастыра түседі.  

Жалпы  «Ер  Төстік»  ертегісін  алғаш  рет  қағаз 

бетіне 

түсірген 



орыстың 

көрнекті 

ғалымы 

Г.Н.Потанин. Ол бұл ертегіні 1896 жылы Шоқанның 



əкесі  Шыңғыстың  ауылына  барғанда  жазып  алған. 

Ертегіні  Ə.Қоңыратбаев  образдарына  қарай  талдай 

келіп шығарманың тілдік ерекшелігіне сəл тоқталып 

кетеді.  Ол  «ертегінің  лексикасы  мен  синтаксисі 

халықтық  ойлау  тілінің  байлығына  негізделген..... 

ертегінің синтакситік құрылысы əдеби тілімізден көп 

бөлек  емес,  көбіне  күрделі  құрмалас  сөйлемдер 

кездеседі.  Тілінде  «Құба  інген» «Ақсырмал», «желі 

толған түйе» деген табиғи эпитеттер, қаратпа сөздер 

кездеседі» деп айтады.  

«Ер  Төстік»  ертегісі  ең  ескі  дəуірде  шыққан 

көне  эпостық  жыр.  Ең  ескі  дəуəрде  шыққан 

бақташылық  жырдың  ерекші  түрі  айтыла  келе 

ертегіге  айналған.  Яғни  онда  кездесетін  жер  аттары 

алғашқы  қоғам  дəуірінде  кездесетін  жер  аттарымен 

сəйкес келеді. Бұл дегеніміз ертегінің ерлік дəуірінен 

қалған көне жыр екендігін көрсетеді. Жaлпы мифтік 

шығарманың шарықтап дамуы көне грек əдебиетінде 

көрініс  табатын  болса,  сондағы  кезедесетін  мифтік 

кейіпкерлер  осы  Ер  Төстік  жырында  да  тұнып  тұр 

деуімізге  болады.  Мысалы,  Одиссей  Троя  қаласын 

талқандап,  еліне  қайтар  жолда  үлкен  дауыл  тұрып 

оның кемесін толқын айдап бір өзі жалғыз көзді дəу 

Полифеммен алысса, «Ер Төстік»  ертегісінде  Төстік 

жалмауыз 

кемпірден 

егеуін 

алып, 


сəйгүлігі 

Шалқұйрықпен  жосытып  келе  жатқанда,  жер  қақ 

айырылып,  жер  астындағы  жылан  патшасының 

қолына  барып  түседі.  Байқағанымыздай  екі 

шығармадағы  оқиға  желісі  бір  біріне  сондай  ұқсас. 

Тек  екеуінің  бірі  бірінен  айырмашалағы – Одиссей 

теңіз  стихиясында  кемемен  жүзсе  қазақ  ертегісінің 

батыры Төстік даланың жүйрігіне мініп, сар даланың 

құба жолымен жортады. Одиссейдің кемесін жалғыз 

көзді  дəу  Полифем  алға  бастырмай  дауыл  шақыра 

берген  соң,  Одиссей  жел  тəңірі  Ауелден  бір  көрік 

жел  алып,  теңізге  тыныштық  орнатады.  Ер  Төстік 

жер  үстіндегі  дəумен  алысқанда,  жол  соқтыратын 

алып  қара  құс  батырға  қанатының  біреуін  беріп, 

қиындыққа  кездескен  кезінде  сол  қанатты  тұтатса 

саған  көмектесуге  жететінін  айтады.  Ер  Төстіктің 

қасындағы  тауды  тауға  соғатын,  көлдің  суын  бір-ақ 

ұрттайтын  жайын  алыптары  гректің  Тезей,  Зевс, 

Уран  сияқты  алыптарымен  бірдей.  Грек  мифтік 

шығармаларының  кейіпкері  Уран  теңіз  дəуі 

Кронспен  шайқасқа  түссе, «Ер  Төстіктегі»  жайын 

алып  теңіз  түбінде  жататын  Долман  алыппен 

алысады.  

Жалпы  қазақ  əдебиетінде  фольклордың,  соның 

ішінде  ертегілердің  алатын  орны  ерекше.  Қазақ 

əдеби  тілін  зерттеуге  ерекше  үлес  қосқан  Р.Сыздық 

фольклор  тілінің  əдеби  тілге,  қазақтың  ескі  жазба 

тіліне,  тіпті  осы  күнгі  жазба  əдеби  тілге  қайнар  көз 

болудағы орны ерекше екендігін атап көрсетеді [13]. 

Қазақ  ауыз  əдебиетінің  тілі  əдеби  сипат  алған, 

белгілі бір сөз жұмсау нормаларын қалыптастырған, 

көркемдік-эстетикалық  қуаты  күшті  тіл  екендігі 

белгілі.  Ертегі  жанрының  өзіндік  тілдік  ерекшелігі 

қалыптасқан,  көркем,  өзіне  тəн  лексикалық  жəне 

стильдік нормасы бар.    

Осы  негізде  алып  қарастыратын  болсақ  «Ер 

Төстік»  ертегісінің  де  өзіне  тəн  стильдік  ерекшелігі 

бар  деп  айтуымызға  болады.  Ертегілердің  басым 

көпшілігінде  кездесетіндей  бұл  шығармадағы  оқиға 

желісі  көбіне  етістіктің  өткен  шақ  категориясында 

баяндалады.  Мысалы,  Ерте  заманда  Ерназар  деген 

кісі  болыпты, ... келіпті, ... кетіпті, ... үйінде 



қалыпты,  тағы сол сияқты. Бұлай баяндалуының да 

өз  себебі  бар.  Себебі  етістіктің  шақ  категориясын 

оның  ішінде  бұрынғы  өткен  шақ  категориясын 

қолдану  арқылы  бұл  шығармадағы  оқиғалардың 

бұрын  өтіп  кеткенін  танимыз.  Сонымен  қатар  осы 

категориялар «Ер Төстік»   ертегісінің біз жоғарыда 

атап  өткендей  көне  мифологиялық  шығарма 

екендігін дəлелдей түседі. 

Қазіргі  қазақ  тіл  білімінде  етістіктің  шақ 

категориясы  біршама  зерттелгенімен,  əлі  де  шешуін 

таппаған  мəселелер  баршылық.  Оларды  оқулықтар-

да,  лингвист  ғалымдардың  монографияларында  шақ 

категориясының  əртүрлі  топтарға  бөлініп,  түрліше 

аталып 


жүргенін 

байқаймыз. 

Бұл 

жөнінде 


Ж.Түймебаев  өткен  шақ  формасы,  оның  жіктелуі, 

транспозициясы 

(шақ 

формаларының 



ауысып 

қолданылуы)  жəне  классификациялау  принциптері 

туралы  жарияланған  бірнеше  мақаласында  оқулық-

тар  мен  зерттеу  еңбектеріндегі  өткен  шақ  түрлеріне 

берілген  анықтамалардың  тіл  ғылымының  қазіргі 

деңгейіне  сай  еместігін,  өткен  шақтың  грамматика-

лық  табиғаты  жеткілікті  ашылмағандығын  т.б. 

шешімін таппаған мəселелерді сөз етеді [14].  

Сонымен  қатар  ертегінің  көне  шығарма 

екендігін  дəлелдей  түсетін  жəне  ертегілерге  ортақ 

тілдік  қолданыстардың  бірі  Ерте  заманда  сөз 

тіркесі.  Шығарманың  өн  бойында  алғашқы  қауым 

адамдарының дүниенің тылсым күшін қабылдауында 

қиялынан  туған  кейіркерлер  көптеп  кездеседі. 

Мысалы,  пері,  жалмауыз,  көлтауысар,  желаяқ, 

таусоғар,  шалқұйрық,  көлжұтар,  таутөңкерер, 


 

 

НАУКА И НОВЫЕ ТЕХНОЛОГИИ № 4, 2014 

 

331 


 

айдаһар, саққұлақ, самұрық жəне т.б. 

Қазақ  елінің  ұғымында  қасиетті  саналатын 

көптеген  түсініктер  бар.  Солардың  ішіне  қырық, 

тоғыз,  жеті,  үш  сандары  да  жатады.  Халқымыз 

өміріндегі  айтулы  оқиғаларды  осы  сандармен 

əрдайым  байланыстырып  отырған.  Сонымен  қатар 

қандай  да  бір  сəйкестік  болса,  оны  жақсылыққа 

жорып,  бақыт  əкеледі  деп  сенген.  Жалпы  жеті 

санының  қазақ  ұғымында  сонымен  қатар  жалпы 

түркі  халықтарының  ұғымында  неліктен  қасиетті 

саналады  дегенді  саралай  келіп  жеті  санының 

адамның  негізгі  мүшесі  бастағы  орналасқан  дене 

мүшелеріне байланысты деген болжам айтады. Олар 

екі  көз,  екі  құлақ,  екі  танау,  жəне  ауыз  қуысы. 

Осылардың  адамның  тіршілік  көзі  екендігін  айта 

келіп,  оның  тура  мағынасындағы  қажеттілігі  мен 

наным-сенімдегі 

қасиетімен 

байланыстырады. 

Ертегінің  өн  бойында  ұлт  түсінігінде  қасиетті 

саналатын  осы  сан  есімдер  көптеп  кездеседі. 

Мысалы,  тоғыз  қабатты  кетпен,  тоғызы  тоғыз 

жағынан, тоғыз қара сандық, тоғыз балапан, тоғыз 

жан,  жеті  айлық  жол,  жетеу,  үш  күн,  үш  қабат, 

үш  жан,  үштен  бірі,  қырық  құлаш,  қырық  елік, 

қырық Борықты бұлақ  т.с.с. 

Сонымен 


қатар 

шығармада 



Ауылдың 

ортасындағы  үлкен  бір  қоңыр  үйдің  тұсына  келіп, 

мейман  болатындығын  білдіреді  деген  сөйлем  бар. 

Осы  сөйлемдегі  қоңыр  сөзі  қазақ  ұғымында 

концептік  мəнге  ие  сөз  деп  айтуымызға  болады. 

Жалпы  концепт  дегеніміз – этномəдени  санада 

сақталатын,  белгілі  бір  ұлттың  ұрпақтан-ұрпаққа 

берілетін  ықшам,  əрі  терең  мағыналы  шындық 

болмыс, ұлттық мəдени құндылықтары жөніндегі сан 

ғасырлық  түсінігін  білдіретін  құрылым  болатын 

болса тіліміздегі түр-түстер өздерінің символикалық 

қасиеттері арқылы түр-түске мүлдем қатысы жоқ не 

одан  бүгінде тым  алыстап кеткен  ұғым-түсініктерді, 

мəн-мағыналарды білдіретін түстер бар. Осы жердегі 

«қоңыр» - бұл  қазақ  түсінігінде  ауқымы  кең 

философиялық ұғым, эргологиялық аспект, қазақтың 

дүниетанымы,  тіл,  ділін  бейнелейтін,  макроконцепт 

екені  даусыз.  Ертегідегі    «қоңыр»  тілдік  қолданысы 

қазақ  үйінің  сабырлылықтың,  қарапайымдылықтың, 

құдайы  қонаққа  құшақ  жаятын  қонақжайлылықтың 

символы болып тұр деуге болады. Өз алдына зерттеу 

обьектісіне  айналуды  қажет  ететін  «қоңыр»  сөзінің 

концептілік  ұғымға  лайық  екендігін  дəлелдейтін 

тілдік  бірліктер  жалпы  тілімізде  көптеп  кездеседі. 

Мысалы:  қоңыр  үй,  қоңыр  өлең,  қоңыр  əн,  қоңыр 

күз,  қоңыр  дала,  үш  қоңыр,  қоңыр  дауыс,  қоңыр 

тіршілік  т  с.с.  Жалпы  қазақ  халқының  өзі 

қарапайымдылықты,  тұрақтылықты  өмір  сүру 

салтында негіз етіп алғандығы мəлім.  

Шығармада  кезедесетін  тарғақ,  тұсбақан, 



кесір,  көкпек,  кісе,  қарақшы  (Жұрт  қарақшының 

түбінен  аттарын  күтеді),  қазанат  сөздері  қазіргі 

кезде  жалпыға  бірдей  түсінікті  емес.  Ол  сөздердің 

мағынасын  тек  түсіндірмелі  сөздіктер  арқылы  ғана 

тани аламыз: 

Тарғақ – далалы,  шөлейттi  жерлерде  болатын 

кiшкене,  сұр  түстi  құс.  Тарғақ  жығылмай  бір 

қанатын сүйреп ұша жөнеледі. 

Кесір – Залал, зиян, зардап. Қызыма сəлем айт, 

Сорқұдықтың басына көшін қондврмасын, қондырса 



кесір болады.  

Көкпек – Аласа  боп  өсетiн,  дəмi  ащы  қатты 

шөп.  Қасына  келсе  бұйдасы  бір  көкпекке  оралып 

қалған екен.  

Кісе – Күмiспен,  жезбен  əшекейлеп  iстеген 

пышақ  қыны,  шақпақ  салатын  қалташалары  бар 

қайыс белбеу. Ерназар сасыңқырап қалып қорбаңдап 

кісесін қараған болады.  

Қарақшы – Бəйгiге  (жарысқа)  түскен  аттар 

келiп  тоқтайтын  мəре.  Жұрт  қарақшының  түбінен 

аттарын күтеді. 

Қазанат – Ұзақ  жолға  шыдамды,  мықты  ат, 

қазақ  жылқысының  байырғы  арғымақтан  туған  бiр 

тұқымы.  Жабы  емес  қазанат,  Ер  серігі  қолқанат, 

Шалқұйрықты мін, Төстік! 



Жабы – Қазақ жылқысының нашар, қарабайыр 

тұқымы.  

Осы  жерде  кісесін  алуға  барған  Төстіктің 

атының  бұйдасының  дəл  ащы  шөп  көкпекке  ілініп 

қалуының  өзінде  батырдың  жолының  болмайтын-

дығын  осы  шөпті  беру  арқылы  да  суреттеп  тұрғаны 

мəлім.  

Сол сияқты ертегідегі бақай зат есімі (Төстіктің 

бір  бақайы  өрмекті  іліп  кетеді)  казіргі  кезде  аяқ 

түрінде  қолданылатынын  жəне  тек  сол  аяқтың  бір 

бөлшегі  ретінде  ғана  тілдік  жұмсалымға  түсетінін 

белеміз.  Мысалы:  Басынан  бақайшығына  дейін – 



басынан аяғының ұшына дейін. 

Қорыта  келе  қазақ  халқының  төл  туындысы, 

халқымыздың салт-дəстүрінің насихатталуына үлкен 

үлес  қосып  келе  жатқан  төл  туындыларымыз  көне 

мифтік шығарма екендігі даусыз. Миф дегенннің өзі 

жалпы  ғылымдардың  бастауы  десек,  ондағы  тілдік 

қолданыстар  арқылы  сол  кездегі  қоғамның,  ұлт 

санасының негізі  көрініс табады деуге болады. Сол 

арқылы  сол  кездегі  қоғам  өкілдерінің  танымдық 

аясын  танимыз.  Осы  негізде  «Ер  Төстік»  ертегісінің 

келер  ұрпаққа  тарихын,  тілін,  ділін,  танытуда  жəне  

тəрбиелеуде  құнды  шығарма  екені  даусыз.  Жəне 

ондағы    тілдік  қолданыстар  ұлттық  тіліміздің  бай 

екендігін дəлелдей түседі. 

 

Пайдаланылған əдебиеттер: 

1.

 



Елбасы  Н.Назарбаевтың 2003 жылғы  жолдауындағы 

«Мəдени мұра» бағдарламасы. 

2.

 

Элиаде  М.  Священное  и  мирское/  Пер.  С  фр. – М.: 



Издательство МГУ, 1994 г. – с. 144. 

3.

 



Бирлайн Дж.Ф. Параллельная мифология – М.: 1997 г. 

– с. 15. 

4.

 

Юнг  К.Г.  Об  архетипах  коллективного  бессознатель-



ного ( перевод А.М.Руткевича)// Архетип и символ. М.: 

Ренессанс: 1991 г. 

5.

 

Е.М.Мелетенский Поэтика мифа. М., 1976 г. –С.172.  



6.

 

Тронский  И.  М.  Античный  миф  и  современная 



сказка//С.  Ф.  Ольденбургу:  К  пятидесятилетию  науч.-

обществ, деятельности. 1882—1932. А., 1934. 



 

 

НАУКА И НОВЫЕ ТЕХНОЛОГИИ № 4, 2014 

 

332 


 

7.

 



А.ф.Лосев//Диалектика мифа М.: "правда", 1990 г. 

8.

 



Bahaeddin Ogel. Turk mitolojisi.I.Cilt.2.Baski.Ankara: 

Turk Tarih Kurumu, 1993. 

9.

 

Шаракшинова  Н.О.  Мифы  бурят.  Иркутск:  Восточно-



Сибиркое книжное издательство, 1980 г. 

10.


 

Стеблева  ИВ.  К  реконструкции  древнетюрксой  рели-

гиозно-мифологический  системы // Тюркологический 

сборник. 1971. М.: Наука, 1972 С. 213-226 

11.

 

А.Байтұрсынов «Ақ жол» Алматы, 1991ж. 



12.

 

С.Қондыбай  «Қаза  мифологиясына  кіріспе»  Алматы 



1999 ж. 

13.


 

Р.  Сыздықова . ХVІІІ-ХІХ  ғ.ғ.  Қазақ  əдеби  тілінің 

тарихы. - Алматы: Мектеп, 1984. 

14.


 

Түймебаев  Ж.К.  Қазақ  тілі.  Грамматикалық  анықта-

ғыш. Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2004. 

15.


 

Беседина Н.А. Морфологически передаваемые концеп-

ты.- Москва,2006.  

 

 



Рецензент: п.и.к. Мусаева В.И.  

_______________________ 

 

 



 

 


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет