ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САУЫҚТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ АРҚЫЛЫ
САЛАУАТТЫ ӚМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Ағабек Д.Қ.
Шымкент университеті
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Джусипов
Қазіргі кезде қоғамымыз саяси және әлеуметтік ӛзгерістер ҥстінде.
Осыған байланысты адамдардың тҧрмыс-тіршілігі, сана-сезімі және әдет-
ғҧрпы да ӛзгеретіні заңды қҧбылыс. Яғни, бҧл болашақта біздің
ҧрпақтарымыз жаңа ӛмір салты бойынша ӛмір сҥреді деген сӛз. Ендеше ол
қандай ӛмір салты болмақ, біздің ҧлттық рухани болмысымызға сәйкес келе
ме, соны қазірден ойлап, оның теориялық негізін жасап, жастарымызды сол
бағытта тәрбиелеуіміз қажет. Ҧлтымыздың ӛткендегі ӛмір салтын зерттей
отырып, оны қазіргі жағдайымызбен салыстыру арқылы халқымыздың
болашақтағы ӛмір салтын да болжауға болады. Ҧлттың бҥгіні де, болашағы
да дені сау, тәрбиелі, білімді ҧрпаққа байланысты.
Денсаулық мәселесі жҥзеге асатын сауықтыру кешендерінің толық
мәнінде жҥзеге асырылуы адамның денесін ӛмір бойы жетілдіріп отыруына
негіз жасайды. Онда жабдықталған қондырғылар мен денесін
шынықтырумен
ҥнемі
айналысу
оқушы-жастардың
бос
жҥрмеу
проблемасын шешудің, жат қылықтардың кӛрінісін болдырмаудың да тиімді
жолы.
Дене шынықтыру – сауықтыру жҧмыстарын жетілдіру мәселесін
ғылыми тҧрғыда негіздеу, оның тҥп тамыры мен тарихи даму
жағдайларынан бастап талдауды қажет етеді.
Сауықтыру кешендерін дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесінің
дамуы мен қалыптасуын тарихи тҧрғыда талдап ӛтсек, оның бастау кӛздері
антикалық дәуірден-ақ бастау алған. Ертедегі Греция мен Римде дене
тәрбиесіне негізделген кешендер жҥйесі болған.
Спартада ҥстем тап балаларына әскери дене шынықтыру берілді. Қҧл
иеленушілердің балалары 7-ден 18 жасқа дейін мемлекеттік тәрбие
мекемелерінде тәрбиеленді. Бҧл мекемелерде дене шынықтыруға ерекше
мән берілді. Балалардың денесін шынықтыру, қолайсыз климат
жағдайларына тӛтеп беруге жаттықтыру, әскери жаттығуларға (жҥгіру,
секіру, кҥрес, жекпе-жек, найзаласу т.б.) ҥйретілді. Бҧл шаралар әрине
сауықтыру кешендерінсіз жҥзеге асу мҥмкін емес еді.
Ежелгі дҥниенің және орта ғасырдың дене шынықтыру кешендеріне
ҥңілсек дене шынықтыру мен спорт ӛзінің тарихи тамырымен ӛте тереңге
кетеді. Археологиялық қазба жҧмыстары тас дәуірінде дене шынықтыру
жаттығуларына арналған кешендер болғанына мәліметтер берілді. Мҧндай
кешендер Ҥндістан, Мысыр, Орта Азия және Оңтҥстік Америка жерлерінде
111
табылды. Егей мәдениеті тарихи жерорта теңізінің шығысында б.э.д. 30-12
ғасырларда дене шынықтырудың алғашқы тҥрлерінің табылғандығын
куәлендіреді. Бҧл жерлерден садақшылардың ӛгіздің ҥстіне секіріп
жатқанын тасқа салынған бейне табылған. Ежелгі Грецияда дене
шынықтыру дамуын сипаттайтын айғақ бар, ол олимпиядалық ойындар. Бҧл
ең маңызды болмыс ойындар Олимпта әр тӛрт жылда міндетті тҥрде
ӛткізіліп тҧрды. Қҧжаттардағы мәліметтерге сҥйенсек бҧл мерекелер б.э.д.
776 жылы ӛткізе бастаған, осы жылдардан кҥнтізбелік 4 жылдық есеп
олимпияда басталған.
Жалпы гректің және аймақтық ойындарды ӛткізу ҥшін кӛптеген
стадиондар салынды. Олардың қалдықтары Олимпия, Делфапирея, Милетис
және сол қатардағы адамдар табылды. Антик стадионында Эллилік,
Эленилік және Ежелгі гректік болып ҥш кезеңге бӛлінеді. Егеменді
мемлекет болып саналатын гректің ежелгі қалалары ғылым, ӛнер және
спорт саласында ҥнемі бір-бірімен бәсекеде болған және тату кӛршілік пен
бейбіт жарыстардың рухы Ежелгі Грецияда дене шынықтыру және спорт
дамуына әсер етті. Ал ол ӛз кезеңінде Эллиндік кезеңде стадиондардың
кӛркемдеп безендіруіне жол ашты. Грек стадиондары ӛздерінің
архитектуралық тҥрі мен орасан зор кӛлемдігі мен және сыртқы пішінінің
қоршаған орта кӛрінісіне келісіп ҥйлесуі мен ерекшеленді. Эллиндік
кезеңдегі стадиондар мемлекеттің қоғамдық ӛмірінің ортасы ролін атқарды.
Археологиялық қазба жҧмыстарынан бірінші жҥгіру, кҥрес және т.б.
жарыстарын кӛз алдымызға елестетуге болады. Ерте кезеңдердегі Ежелгі
Гректердің стадионында кӛрермендер ҥшін арнайы қҧрылғылар болған
емес. Олимпиядадағы стадион ерте дҥние стадиондары ішіндегі ең бірінші
болып кӛрермендерге требуналар салды. Кейін осыған ҧқсас кешендерге
болашақ ҥлгісі болып қалды.
Ерте дҥние гректері требунадан қарап отыру мҥмкіншіліктерінің зор
екендігін негізгі принциптерін ӛте жақсы білген. Эллин кезеңіндегі
стадиондар қоғамдық ӛмір ортасының рӛлінен гӛрі қала тҧрғындарының
кӛрермендер кӛретін кешенге айналды. Стадион требуналары онша ҥлкен
болмады. Себебі, олар текқана сол қаланың тҧрғындары ҥшін салынды.
Ежелгі Римдік кезеңдегі стадиондар кешені Ежелгі Римдік империяның
қалыптасу уақытымен сәйкес келеді. Бҧл уақытта Эллиндік стадиондар
қайта жӛңдеуден ӛтті. Жарысқа қатысушылар санының кӛбеюіне
байланысты ареналар кеңейтіліп кӛрермендер ҥшін мәр-мәр тастан
стационарлы требуналар қҧрылды. Б.э.д. І- ғасырда Антитеатр сияқты
ежелгі Римдік кӛріністер кӛретін кешендердің тҥрлерін салу қалыптаса
бастады. Соңында антитеатрлар осы заманғы спорттық ареналарды салуға
белгілі бір дәрежеде әсерін тигізді. Оның жарқын айғағы ежелгі Римдік
«Колизей» антитеатр болып табылады. Ең бірінші «Колизей» ҥш қабатты
болып салынып, б.э. 2-ғасырында тӛртінші қабаты қосылды. Оның
сыйымдылығы 250 мың халық. Ежелгі Римде терм деген суға тҥсетін орасан
зор бассейндерге кӛңіл бӛлінген. Б.э. І-ІІ ғасырда салынған ең ҥлкен және
ӛте әдемі терм Диоглетиано мен Каракалда болған. Каракалдағы термнің
112
алып жатқан жерінің аумағы 120 мың шаршы метр кешеннің ҧзындығы 338-
337 метр, қабырға қалыңдығы 6 метр болған. Бҧл термоларда бір уақытта
3000 мың адам сыйған. Олар жуыну, терлеу, массаж, душ, ванна қабылдау,
ыстық, жылы, және суық ванналарда жҥзу процедураларын қабылдаған. Б.э.
ІY-ғасырда Римде мемлекет христиан діні қолдау таба бастады. Шіркеулер
бірнеше мың кӛрермендер жинап ӛткізілетін кӛріністерге белсенді тҥрде
кҥрес жҥргізілді. Христиан дінінің кеңінен таралуын антилік әлемдегі
замандағы кӛптеген спорт кешендерінің кҥйреп қирауына әкеп соқтырды.
Орта ғасырдың басы дене шынықтыру қҧлдырауы мен сипатталады. Х-ХІ
ғасырларда дене шынықтыру жаттығуларының кейбір мақсаты ӛте баяу
дами бастады. Оған ХІ ғасыр шығыстағы сауда канализациясының крес
жорығының және соғыс серілерінің пайда болуынан басталуы себеп болды.
Орта ғасырлардағы дене шынықтыру жаттығуларының негізгі бағыты соғыс
серілерін соғысқа дайындау болды. Феодальдық дамыған қоғамда ХІ-ХІY
ғасырларда тап кҥресінің әсерінен кӛпшілік халықтың (шаруалар мен қала
тҧрғындары) дене шынықтыру қалыптасты. Аристократтар тҧрғындарға
ойындар мен серуендеу ҥшін алаңдар мен спорт орындарды салу мен қатар
саябақтарда әр тҥрлі кӛріністік сауық қҧратын кешендерді салды. Орта
ғасыр кезеңінің аяғы феодальдық кешеннің қҧлдырауына буржуазиялық
мәдениеті және дене шынықтыру пайда болуына әкелді. Буржуазия европа
мемлекеттерін ӛз қолдарына батыл алып саяси билікті жаулап алып,
капиталистік ӛнер кәсібін қызу дамытып жатқан жерлерде ірі спорттық
кешендерді салуға мҥмкіндіктер пайда болды. Европаның әр тҥрлі елдерінде
спорттық кешендерді жаппай сала бастау тек 19-ғасырдың аяғында
басталды. Оған барлық жердегі жаппай спорттық қоғамдардың, клубтардың
қҧрылуы әр тҥрлі елдердегі спорттық байланыстардың дамуы
олимпиядалық ойындардың қайтадан ӛткізіле бастауы себепші болды.
Қазақстандағы ең алғашқы спорт клубы Семейде пайда болған. 1912
жылы «Нептун» спорт клубының қҧрылуы соның айғағы. Онда гимнастика,
жҥзу, семсерлесу т.б. спорттың тҥрлері жҥргізілген. «Нептун» клубы
кӛпшілік қатысқан спорттың жеңіл атлетика тҥріне байланысты жарыс
ӛткізілген.
Әл-Фарабидің «Бақыт жолын сілтеу» деген трактатында адамды
бақытқа жеткізетін ҥш нәрсеге кӛңіл бӛледі:
1. «Адам ӛзінің қалыптасуы ҥшін іс-әрекет, тіршілік жасау, дене
мҥшелерін іске қосу арқылы қажетті әрекеттер: отыру, тҧру, жҥру, кӛру,
есту сияқты т.б. қимылдар жасайды.
2. Жан эффектілері негізінде қҧштарлық, рахат, қуаныш, ашу, қорқу,
жабырқау, қызығу т.б. сезімдерін кӛрсету.
3. Ақыл-парасат арқылы адам іс-әрекеттерін, сана-сезімдерін, ізгілікті,
имангерлікті, қимыл-қозғалыстарын басқарады». Әл-Фарабидің пікірінше,
әрбір баланың тәрбиесінде ҥш қасиет: дене кҥші, рухани және ақыл-ой
бірлікте болғанда ғана жан-жақты ҥйлесімді жеке тҧлғаны қалыптастыруға
болады [.
113
М.Жҧмабаев дене тәрбиесінің адам психологиясымен байланысын
кӛрсете отырып, ғылыми тҧжырым жасаған. Ол: «Дене – жанға, жан- денеге
байлаулы. Бірінің біреуінсіз кҥні қараң. Ӛзімізге мәлім: денеміз сау болса,
жанымыздың ісі де сау, жақсы болады, яғни ақылымыз тҥзу, сезіміміз
дҧрыс, қайратымыз берік болады. Егерде денеміз ауру болса: яки жҧмыс
қылып шаршаса, жанымыз да ауру, жанымыз да шаршайды, басқа ауру,
мидың ауруы жан ісіне жаман әсер қылады. Нашар ауа басты айналдырып,
қанды дҧрыс жҥргізбей, денеге әсер қылады да, жанға барып қол салады,
яғни жанның ісі шабандайды, бҧзылады, ой кҥнгірт тартады, сезім тоза
бастайды, қайрат жосиды», - деп жазады.
Ағылшын педагогы Джон Локк дене тәрбиесін басқа тәрбиелердің
негізі деп есептеп, оның мәнін жоғары кӛтереді. Ол: «Мықты денеде –
мықты рух», - болады дей отырып, дене тәрбиесінің ӛз заманына сәйкес
жҥйесін ҧсынды. «Бала денесін ерте жастан бастап шынықтыру керек, оның
денесіндегі бостық, сылбырлықтар жойылуы тиіс», - деді. Локк баланы ауа
райының барлық тҥріне ҥйретудің, қатаң режимге қалыптастырудың
қажеттілігін кӛрсетті. «Дҧрыс ҧйымдастырылған дене тәрбиесі, - деді
Д.Локк, - баланы ерлікке және табандылыққа ҥйретуге әсер етеді».
Швейцария ағартушысы И.Г. Песталоцци де денені сауықтыру
жӛнінде қҧнды ой пікірлер қалдырған. «Дене тәрбиесінің міндеті – адамның
барлық табиғи кҥштерін, қабілетін дамыту және ол даму жан-жақты
дамумен ҧштасады», - деп жазды. «Бала әртҥрлі қимылға, қозғалысқа
ҧмтылады. Осыдан келіп ойын, тағы басқа әрекеттер туады», - деп дене
тәрбиесіндегі ойынға ҥлкен мән берген. Дене жаттығуларының жҥйесі
арқылы баланы болашақ еңбек әрекетіне даярлауға болады деп есептейді .
Орыстың демократ – педагогы, дене тәрбиесі теориясының негізін
қалаған, ірі қоғам қайраткері Петр Францевич Лесгафт дене тәрбиесінің
жҥргізілу ерекшеліктерін анықтай отырып, осы тәрбиенің ғылыми
негізделген теориясын ҧсынады. Бҧл қҧрған дене тәрбиесі теориясының
дҥние жҥзілік мәні бар. Ол ӛзінің екі томдық «Мектеп жасындағы
балалардың дене тәрбиесіне басшылық» деген еңбегінде (1888-1901ж.) дене
тәрбиесінің әр тҥрлі жҥйесін терең сынап, осы жӛнінде ӛз теориясын
ҧсынады. Оның ойынша, дене тәрбиесі барлық істердің, жҧмыстардың
жҥйесінен тҧрады. Сондықтан дене тәрбиесі ақыл-ой, адамгершілік және
эстетикалық тәрбиелеумен тығыз байланысты .
Оның ҥйретуінше, дене жаттығулары мінез бен ақыл-ой қабілетін
дамытатын бірізді, тізбекті болуы қажет. Дене қозғалыстарының жҥйесі
баланың табиғи дамуына сәйкес келіп, бҧлшық еттердің бҥкіл тобын қамтуы
керек. Дене жаттығулары, дене шынықтыру оқытушыларының ҧқыпты
тҥсіндірулері арқылы жҥргізіледі. Лесгафт ақыл-ой жҧмысының дене
шынықтыру жаттығуларымен және ойындармен алмасып отыруын талап
етті. Сонымен қатар ол ауыр гимнастикалық жаттығулардан сақтандыруды,
кӛбіне табиғи қозғалыстарды: жҥгіру, секіру, ойын т.б. ҧсынды.
Лесгафттың
ғылыми-педагогикалық шығармаларында баланың
сыртқы
ӛмірі
мен
мінез-қҧлқының
ерекшеліктерін
анықтайтын
114
психологиялық материалдар мол орын алған. Сондықтан Лесгафт бала
психологиясын зерттеу арқылы педагогиканы жоғары сатыға кӛтеруге ҥлес
қосты.
Сауықтыру кешендерінде сауықтыру міндеттері:
- денсаулықты жан-жақты нығайтуға және ҥйлесімді дене дамуына
кӛмектесу, дене мҥсінін дҧрыс қалыптастыру, дене бҧлшық еттерінің әр
тҥрлі топтарын дамыту, организмнің барлық жҥйесін және олардың
қызметтерін дҧрыс және ӛз уақытында дамыту, жҥйке жҥйесін нығайту, зат
алмасу процестерінің белсенділігін арттыру;
- оқушылардың жас мӛлшеріне қарай дененің мҥмкіндіктері мен
жҧмысқа қабілеттілігінің деңгейін қамту;
- организмнің ӛзінің шынығуы ҥшін қолайсыз, жағымсыз жағдайларға
қарсыласу деңгейін арттыру.
Сауықтыру кешендерінде білімділік міндеттері:
- тҧрмыс жағдайында, еңбекте (жҥру, жҥгіру, секіру, лақтыру,
ӛрмелеу, ауыр заттарды кӛтеру, алып жҥру т.б.) және әскери-қолданбалы
сипаттағы қимылдарда (кедергілерден ӛту, шаңғымен жҥру, кҥрес
элементтері, т.б.), табиғи қозғалыстарда ӛмірлік маңызға ие қозғалыс
дағдыларын қалыптастыру;
- қозғалыстың берілген ӛлшемдеріне сәйкес кҥшті саналы тҥрде
реттей білуді қажет ететін жаттығу техникаларын меңгеру есебінен
қозғалыс тәжірибесін молайту;
- кҥрделендірілген жағдайда дененің қозғалыс қимылдарын басқару
қабілеттілігін, оның ішінде қозғалыстың жаңа тҥрлерін меңгеруді дамыту;
- дене қызметінің барлық тҥрлерін меңгерудің саналылық негіздерін
қамтамасыз ететін білім жҥйесін қалыптастыру.
Сауықтыру кешендерінде тәрбиелік міндеттері – денені ҥйлесімді
қалыптастырумен
бірге
оқушы-жастарды
адамгершілік,
ақыл-ой
эстетикалық және еңбек тәрбиесіне баулу.
Сауықтыру кешендеріндегі дене тәрбиесінің мақсаты – адам
тҧлғасының, оның дене қасиеттері мен қабілеттерінің жан-жақты жетілуі,
қозғалысты дағдылары мен ептіліктерінің қалыптасуы, нәтижесінде тән
саулығын кӛтеру.
Сауықтыру кешендеріндегі дене тәрбиесінің негізгі қҧрал-жабдықтары
– дене шынықтыру жаттығулары, табиғаттың тума кҥш кӛздерін пайдалану
(кҥн энергиясы, ауа мен су ортасы және т.б.), гигиена ережелерін ҧстану (әр
адамның жеке басына, еңбегіне, тҧрмысына және т.б. байланысты). Дене
шынықтыруға арналған жаттығулар тән-дене қабілеттерінің дамуына әр
тараптан әсер етеді. Олардың адам ағзасына ықпал жасау заңдылықтарын
тану және орынды қолдана білуден әрбір оқушы дене шынықтыру
мәдениетін, дене тәрбиесі мақсаттарын іске асыруға пайдалана алады. Бҧл
тәрбие тҥрі ҥш негізгі бағытта орындалып жатады: жалпы дене дайындығы,
кәсіби дене дайындығы, спорттық дайындық. Дене тәрбиесіне орай іс-
әрекеттер мазмҧны ӛз ішіне таңғы гимнастиканы, таза ауада жҥріп-тҧруды,
115
кешкі серуенді, салауаттық кҥндерін, спорттық бӛлімдерге қатысуды,
туристік саяхаттарды және т.б. қамтиды.
Сауықтыру кешендері арқылы салауатты ӛмір салтына жастарды
баулуда «дене мәдениеті», «дене тәрбиесі», «спорт», «дене қуатының
қалпына келуі», «дене қуатының тынығуы», дене қуаты дайындығы», «дене
қуатының жетілуі», «дене қуаты білімі» т.б. тҥсініктеріне назар аударған
жӛн.
Дене мәдениеті – адамдардың дене қуатының жетілуі ҥшін
пайдаланылатын қоғамдық-материалдық (спорт ғимараттары, қҧрал-
жабдықтар) және рухани (арнаулы білім, ғылыми тәжірибе) байлығын
қҧрайтын халықтың жалпы мәдениетінің бір саласы. Ол негізгі дене
мәдениеті, спорт, сауықтыру, қолданбалы дене мәдениеті болып кӛрініс
табады.Енді осы тҥсініктерге қысқаша анықтама берген жӛн.
Достарыңызбен бөлісу: |