«Наука и образование в современных реалиях»


ДЕНЕ ҚАБІЛЕТТЕРІН ТӘРБИЕЛЕУ ҚҰРАЛДАРЫ МЕН



Pdf көрінісі
бет129/146
Дата15.02.2022
өлшемі2,78 Mb.
#25529
түріСборник
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   146
Байланысты:
6-.-

ДЕНЕ ҚАБІЛЕТТЕРІН ТӘРБИЕЛЕУ ҚҰРАЛДАРЫ МЕН 
ӘДІСТЕРІ 
 
Тӛлеген  Е.Б. 
Аға оқытушы  Укшебаев Қ.Т 
Шымкент университеті, Шымкент қаласы 
 
Аннотация 
Средства и методы воспитания физических способностей 
 
Дене  дайындығы  бойынша  сабақтарды  ҧйымдастыру  белгілі  бір 
уақытқа  жаттықтыру  ықпалдары  жоспарын  мҧқият  әзірлеуді  талап  етеді. 
Мысалы,  бір  сабаққа,  аптаға,  айға,  жарты  жылға,  т.б.  бҧл  жоспардың 
мазмҧны,  ең  алдымен  мәніне  қарай  жаттықтыудан  кейінгі  жағдайын 
қарастыратын жаттықтыру жҥктеме шамасы тәрізді белгілерін қамтуы тиіс. 


329 
 
Ӛскелең  ағзаның қызметтік мҥмкіндіктеріне сәйкес келетін дене жҥктемесі 
денсаулықты нығайтуға, дене дайындығын артыруға кӛмектесіп, ал шектен 
тыс жҥктеме бҥкіл ағзаға кері әсер етеді.  
 
Сонымен,  жаттықтыру  ықпалының  негізгі  қҧрамдас  бӛліктерінің  бірі 
жаттықтыру  жҥктемесінің  шамасы  болып  табылады,  ал  таңдалынып 
алынуы,  яғни  белгіленген  дене  қабілеттеріне  және  барлық  таңдалған 
жҥктемеге  жалпы  ықпалды  ҧсынатын  жалпы  қабілеттерді  тәрбиелеуге 
бағытталған болуы мҥмкін. 
 
Дене  жаттығуларын  орындау  арасындағы  демалыс  жаттықтыру 
ықпалының  маңызды  қҧрамдас  бӛлігі  болып  табылады.  Жаттықтыру 
жҥктемесі мен демалысты кезектестіру – сабақты дене дайындығы бойынша 
жҥргізудің  басты  шарттарының  бірі.  Алайда  мҧнда  да  ӛзіне  тән  ережелер 
мен  заңдылықтар  бар.  Дене  қабілеттерін  таңдап  тәрбиелеуде  демалысқа 
жҧмсалатын уақытты біліп, жҥректің жиырылу жиілігі кӛрсеткіші бойынша 
анықталады және демалыс ағзаны және олардың жҥйелерін қалпына келтіру 
ҥшін қажет. 
 
Жаттықтыру  сабақтары  жалпы  дене  дайындығына  бағытталып 
кешенді ӛткізіледі. Сосын арнайы дайындыққа уақыт беріледі, онда барлық 
қҧралдар  мен  әдістер  таңдаулы  сипатта  болады.  Бҧл  жағдайда  дене 
қабілеттеріне  тәрбиелеуді  бір  жаттықтыру  сабағы  бойында  және  барлық 
кӛпжылдық жҧмыс бойынша бірізділігі мен кезеңдестіруді сақтау қажет. 
 
Осы  қҧрамдас  бӛліктердің  барлығы  дене  дайындығы  әдістерінің 
негізін  қҧрап,  балалар  мен  жасӛспірімдердің  дамуының  жас  ерекшеліктері 
заңдылықтарына келуі тиіс. 
 
Бірлікте  және  ӛзара  байланыста  болып,  олар  балалар  мен 
жасӛспірімдердің  және  жастардың  дене  дайндығы  жҥйесінің  негізін 
анықтайды.  
 
Дене  жҥктемесі  шамасы.  Сабақ  барысында  кӛлемді  арттыру  арқылы 
немесе  абсолюттік  және  қатыстық  қарқындылықты  арттыру  жолымен 
шектік жҥктемелерге жетуі мҥмкін. Сол арқылы шешілуі тиіс бірінші мәселе 
–  бҧл  жаттықтыру  жҥктемелерінің  ҧзақтығы  мен  дене  жаттығуларының 
орындалу ҧзақтығы. 
 
Бір  кездері  жастардың  дене  және    спорттық  дайындығы  ілімінде 
жақсы денсаулық пен жоғары спорттық нәтижелерге жету ҥшін жаттықтыру 
жҥктемелерін кӛбейту арқылы жетуге болады деген пікір қалыптасты. Ауыр 
атлетикадан, жҥзуден, гимнастика мен велосипед спортында  сабақтар саны 
артып, жҥктеме кӛлемі кӛбейді. Алайда, бҧл кҥткен нәтижелерді кӛрсетпеді. 
Мҥмкіндігінше,  екінші  шама  яғни  мәні  жағынан  оттегі  қажеттілігін 
арттыратын  қарқындылық  ҧмыт  қалды.  Аэробтық  мҥмкіндіктерді 
дамытудағы  бірқалыпты  ҧзақ  жҧмыс  қарқыны  емес,  қысқа  уақыттық 
қайталулар  тҥрін  де  орындалған,  шағын  демалыс  аралықтарына  бӛлінген 
анаэробтық,  жҧмыстар  тиімді  ықпал  ететін  ілім  мен  іс  –  тәжірибеде 
анықталады. 
 
Егер  дене  дайындығы  ілімі  мен  іс-тәжірибесін  талдауға  келетін 
болсақ,  кӛптеген  дене  қабілеттерін  тәрбиелеу  жаттығуларды  шектік,  ҥлкен 


330 
 
қарқынмен  орындауды  талап  ететініне  кӛз  жеткіземіз.  Бірақ  мҧнда 
жаттықтыру  жҥктемесі  кӛлемі  шағын.  Біз  қандай  дене  қабілетін 
тәрбиелейтінімізге байланысты. 
 
Мысалы,  шапшаңдық  пен  оның  барлық  пайда  болу  тҥрлерін 
тәрбиелеуде  ӛте  жоғары  жылдамдықпен  орындалатын  жаттығулар 
пайдаланылады. 
 
Жылдамдық  жаттығулары  шектік  қуат  жҧмыстарына  жатады, 
олардың,  ҧзақтығы  дәрежелі  спортшыларда  20  –  22с,  ал  тӛмен 
дайындалғандарда  бҧл  уақыт  бҧдан  да  аз  болады.  Жас  спортшылардағы 
шапшаңдықты  тәрбиелеу  5  –  6с.  Қысқа  мерзімдік  жҥктемелерде  тиімді 
жҥргізіледі.  Жҥктемелер  сияқты  демалыс  ҥзілістері  де  тҧрақты  емес, 
ағзаның  біркелкі,  қайталану  жҧмыстарына  бейімделуіне  байланысты 
шапшаңдықты дамыту деңгейін тҧрақтандырмас ҥшін ӛзгертіп отыру қажет. 
 
Кҥшті  тәрбиелеуге  бағытталған  жаттығулар  шамамен  20  –  60  %  
шектік  кҥшпен  аз  және  орташа  серпінмен  тез,  орташа    және  бірқалыпты 
ырғақта  орындалуы    мҥмкін.  Жаттығулар  кӛптҥрлі  болып,  бҧлшық  ет 
топтары  жҧмыс істеуі тиіс. 
 
Балалар  мен  жасӛспірімдердегі  кҥшті  тәрбиелеудің  негізгі  әдісі  – 
қайталау,  оның  негізгі  қҧралдары  сыртқы  қарсылықпен  және  серпіліп 
орындалатын жаттығулар, олар мынаған тең: 8  – 9 жастағы балалар ҥшін - 
ӛзіндік дене салмағының, ½ -і, 12 – 13 жас ҥшін 2/3 – і, 14, 15 жас ҥшін – ¾ - 
і.  Тек  15-16  жастан  кейін  ғана  жасӛспірімдер  ӛзіндік  салмағына  тең 
серпілуді пайдаланады. 
 
Тӛзімділікті  тәрбиелеуде  тҥрлі  қарқынмен  200  –  300м  –  ден  3000  м 
қашықтықтағы  жаттығулар  қолданылады.  Қолайлы  жас  ерекшеліктері 
кезеңіндегі  қысқа  демалыс  аралықтары  бар  шектік  қарқында  орындалатын 
жаттығулар басым болуы мҥмкін. 
 
Ептілік  пен  ҥйлесімділікке  арналған  жаттығулар  ағза  шаршамай 
тҧрып,  мынадай  бірізділікте  алғашқылардың  бірі  болып  орындалады. 
Қимыл  қызметінің  алғашқы  дамуы,қызмет  даму  барысында  кҥш  алып, 
шарықтау  шегіне  жетеді,  ептіліктің  даму  ырғағы  ӛте  жоғары  болғанда 
шарықтау шегі болады. 
 
Иілгіштікті  тәрбиелеудегі  жаттығуларды  орындау  ҧзақтығы  қандай 
буындарға  кҥш  тҥсетініне  байланысты  болады.  Сонымен,  иілгіштік 
қайталауды былай мӛлшерлеуде жасӛспірімдік кезеңде тиімді дамиды. Иық 
буыны 25 – 30 – 40;  сан-жамбас буыны 25-35-45; омыртқа буыны 30-40-50. 
қарқындылық ӛлшемі қимыл қҧлашы болады. 
 
Дене  жаттығуларының  орындалу  қарқындылығы  жаттықтыру 
жҥктемесінің  бағытына  байланысты  болады  және  ЖЖЖ  бойынша 
бағаланады. 
 
Дене дайындығы мектеп жасына дейін  жҥргізілетіні белгілі, қозғалыс 
ойындары  оның  қҧралы  болып  табылады.  Бағыты  бойынша  қозғалыс 
ойындарын жан-жақтлау мақсатына қарай жапон профессоры Кацубэ 3  – 5 
жастағы  балалар  ҥшін  ЖЖЖ  кӛрсеткіштері  бойынша  қарқындылықтың 
тӛмендегіше классификациясын ҧсынды (соққы мин 
-1
). 


331 
 
 
Жоғары – 160 тан аса, 
 
Орташа – 159-130 шамасында. 
 
Кіші – 129 дан аз. 
 
Әрине, ЖЖЖ (соққы мин 
-1
) кӛрсеткіштері бойынша жҥктеме кӛлемі 
реттеліп,  бақыланатын  жас  спортшылардың  дене  дайындығы  бойынша 
жаттықтыру  сабақтары  оқушылардан  ЖЖЖ  бойынша  жҥктемеге  ағзаның 
жауап беруін дербес анықтау дағдысын талап етеді. 
 
Жҥктеме  мен  демалысты  кезектестіру.  Жаттығуды  орындау 
арасындағы  демалыстың  аралық  ҧзақтығы  жаттықтыру  ықпалдарының 
маңызды  қҧрамдас  бӛліктерінің  бірі  болып  табылады.  Демалыстың 
ҧзақтығы мен сипаты дене қабілетін таңдап дамытуды анықтайды.  
 
Қазіргі  кезде  жылдамдық  –  кҥш  және  жылдамдық  қабілеттерін, 
тӛзімділікті,  иілгіштікті,  ептілікті  дамытудағы  дене  жаттығулары 
арасындағы  демалыстық  аралықтарын  дәл  анықтауға  мҥмкіндік  беретін 
мәліметтер  бар.  Бҧл  мәліметтер  жасы  мен  жынысына    қарамастан  жалпы 
мәліметтер береді. 
 
Осыған байланысты тҥрлі жастағы және жынысы әр тҥрлі балалар мен 
жасӛспірімдердің  шектік  қарқындылықтағы  жҥктемеден  кейінгі  ЖЖЖ  – ін 
қалпына келтіру ӛзгерісін зерттеу бойынша зерттеулер жҥргізілді. Алынған 
мәліметтер  қыздар  мен  ҧлдарда  ЖЖЖ  (соққы  мин 
-1
)  кӛрсеткіштерін 
алғашқы  минутта  қалпына  келтіруді  орташа  қарқындылық  аймағында 
белгіленетінін,  ал  екінші  минутта  кіші  қарқындылық  аймағына  жететінін 
кӛрсетті.  
 
ЖЖЖ  қалпына  келтіруде  жас  және  жыныстық  айырмашылықтар  ӛте 
айқын  байқалатынын  айта  кеткен  жӛн.  Әдетте,  қыздардың  ЖЖЖ  қалпына 
келтірудің  тҥрлі  минуттарын  да  ҧлдар  мен  жасӛспірімдерге  қарағанда 
шамасы ҥлкен болады. 
 
Сонымен арнайы әдебиеттерде келтірілген жалпылау ҧсыныстары мен 
алынған  мәліметтер  тҥрлі  бағыттағы  дене  жаттығуларын  орындау 
аралығындағы демалысты анықтауға мҥмкіндік береді. 
 
Демек,  жоғары  қарқындағы  жылдамдық  пен  жылдамдық  –  кҥш 
ерекшеліктерін  және  ептілікті  дамытуда  ҥлкен  демалыс  аралығы  150-180с, 
ал  тӛзімділік  пен  иілгіштікті  дамытуға  –  қысқартылған  60-90с  аралығы 
қолданылады.  
 
Жоғары  қарқындағы  жҥктемелерге  қолданылатын  ҥлкен  аралықтар 
тек  ептілікті  тәрбиелеуде  ғана  сақталады.  (150-180с.),  жылдамдық  –  кҥш 
қабілеттерін тәрбиелеуде қысқарған аралықтар, ал тӛзімділік пен иілгіштікті 
тәрбиелеуде 30-60с-қа тең кіші аралықтар пайдаланылады. 
 
Орта  қарқындылықты  жаттығуларды  орындауда  аз  демалыс 
аралықтары, ал тӛзімділікті, иілгіштік пен ептілікті тәрбиелеуде – қысқарған 
аралықтарды талап етеді. 
 
Дене  жаттығуларын  орындау  қарқынына  қарай  ҥш  тҥрлі  демалыс 
аралығы ҧсынылады. 

ҥлкен,  ол  жҧмыс  қабілетін  қалпына  келтіретін  дене  жаттықтыруларын 
кезекті қайталауға мҥмкіндік береді. 


332 
 

қысқарған, келесі жаттығуларды орындау бастапқы деңгейге сай келсе 
онда жҧмыс қабілеті әлі қалпына келтірілмеген

кіші  дене  жаттығуларын  орындауды  жҧмыс  қабілеті  біршама 
тӛмендеген жағдайда жҥргізілгенде. 
 
Демалыс  аралықтарын  бағалау  ӛлшемдері  біздің  зерттеулеріміз  бен 
тҥрлі  аймақтарда  орындалған  зерттеулерде  алынған  жас  спортшылардың 
ЖЖЖ-ін қалпына келтірудің аталған ӛзгерістері болуы мҥмкін. 
 
Сабақ барысында белсенді немесе пассивті демалыс қолданылады, ол 
жаттығуларды  орындау  қарқыны  мен  ҧзақтығына  байланысты.  Әрине, 
демалыстың кіші аралықтары пассив қимылдармен, ал ҥлкен аралықтары  – 
белсенді сипаттағы жаттығулармен ауысады. 
 
Кешенділік  пен  бірізділік.  Қорытылған  жан-жақты  мәліметтер  мен 
жҥргізілген іс-тәжірибелер жаттықтыру ықпалдарының қҧрамдас бӛліктерін 
де,  олардың  жас  спортшыларды  денелік  дайындау  барысындағы  дене 
қабілетіне тәрбиелеудің кешенділігі мен бірізділігін де анықтайды. 
 
3  –  6  жастағы  мектепке  дейінгі  кезең  барлық  дене  қабілеттерін 
тәрбиелеу ҥшін қолайлы кезең болып саналады. Егер осы жаста қамтылмай 
қалған  қабілет  болса  онда  болашақта  дене  қабілеттері  тәрбиеге  келмейді 
немесе тәрбиеге кӛнуі қиын болады. 
 
Жалпы  дене  дайындығы  ҥшін  тән  кешенді  дене  қабілетін  тәрбиелеу 
оқушылардың  денсаулығына,  жҧмыс  қабілетіне,  ақыл-ой  дамуына  дҧрыс 
ықпал  етеді.  Дене  қабілеті  жақсы  дамыған  оқушылар  қимыл  әдістерін  тез 
меңгереді.  Әрине  олардың  спорттағы  табысы,  бірінші  кезекте  ӛзіндік  дене 
қабілетіне және олардың қалай дамығанына байланысты болады. 
 
Дене  қабілеттерін  кешенді  тәрбиелеу  барысында  сабақтарда 
тӛзімділікті,  шапшаңдықты,  иілгіштікті,  ептілік  пен  кҥшті  дамытуға 
бағытталған  жаттығулар  пайдаланылады.  Бірақ,  бҧл  таңдаулы  бағыттағы 
жаттығулар  тең  болып,  кез-келген  бірізділікте  жҥргізіле  береді  дегенді 
білдірмейді.  Жҥктеменің  таңдаулы  кӛлемі  қандай  қабілеттің  белсенді 
дамығанына  қарай  анықталады,  ал  жаттығуды  орындау  бірізділігі  ағзаның 
физиологиялық заңдылықтарына байланысты болады. Мысалы, тӛзімділікке 
арналған жаттығулардан кейін қимыл әдістері нашар меңгеріледі, ал кҥшті 
тәрбиелеуден соң жылдамдық қабілеті нашар дамиды. Бҧл табиғи жайт. Кҥш 
пен  тӛзімділікке  арналған  жаттығуларды  ҧзақ  орындауға  байланысты 
шаршаған соң, әрине, келесі жаттығуларды бақылауы қиындап, ҥйлесімділік 
және  кеңістік  бағдары  бҧзылып,  соның  нәтижесінде  қимыл  әдістері  нашар 
орындалады.  
 
Сабақты  иілгіштік  және  ептілік  (қимыл  әдісі)  шапшаңдық,  кҥш, 
тӛзімділік  тәрізді  дене  қабілеттерін  тәрбиелеу  бірізділігін  сақтап  жалпыға 
ортақ сызба бойынша қҧруға болады. 
 
Балалар  мен  жасӛспірімдердің  тҥрлі  жас  кезеңдеріндегі  дене 
қабілеттерін  таңдаулы  тәрбиелеу  бірізділігін  анықтауда  сәл  ӛзгеше  амал 
қолданылады.  
 
Мҧндағы  дене  қабілеттерін  табиғи  дамытудың  белсенділігі  мен 
ырғағын  сипаттайтын  кӛрсеткіштер  дене  қабілетін  тәрбиелеу  бірізділігін 


333 
 
таңдау  ҥшін  негіз  болады.  Ӛте  белсенді  кезеңдері  (сенситивтік)  дене 
қабілетіне  жаттықтыру  ҥшін  сезімтал  және  оларды  тәрбиелеуде  тиімді 
болып  табылады.  Дене  қабілетін  дамытудағы  кезеңдік  пен  гетерохрондық 
олардың жасына қарай тәрбиелеу бірізділігін де бейнелейді. 
 
Мысалы,  тӛменгі  сынып  оқушыларындағы  дамудың  жоғары  ырғағы 
жылдамдық-кҥш  қабілеттерін  сипаттайтын  кӛрсеткіштерде  байқалады. 
Демек, ҥш жыл ішінде бҧл қабілет ҧлдарға 44 % - ға, ал қыздарда 34 %- ға 
артады. 
 
Осыны  жас  ерекшеліктері  тҧрғысынан  қарағанда  ҧлдардағы  8  –  9 
жастағы ырғақ 22 % - ды, 9 – 10 жаста 4 % -ды, 10-11 жаста – 18 % - ды, ал 
қыздарда 11,5 және 18 %- ды қҧрайды. 
 
Сонымен, тӛменгі сыныптардағы жылдамдық-кҥш жаттығулары басты 
орындарда  тҧрады.  Орта  және  жоғарғы  мектеп  жасында  басқа  дене 
сапаларын  тәрбиелеуде  ӛзгеше  кезеңдестіру  қолданылады.  Балалар  мен 
жасӛспірімдердің  кӛпжылдық  спорттық  дайындық  сатыларын  таңдауы 
тәрбиелеудің  барлық  ағымын  дәл  анықтап,  жоспарлауға  мҥмкіндік  беретін 
кӛптеген ғылыми мәліметтер де осыны анықтайды. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет