Наурыз – Ұлттық мейрам наурыз- бүкіл шығыстың жаңа жылы, жыл басы. Мәшһүр Жүсіп: «Қазақтың қазақ болғанда, өзіне арналған, сыбағасына тиген жалғыз мейрамы – наурызнама»



бет3/4
Дата28.04.2023
өлшемі80,98 Kb.
#87632
1   2   3   4
Мәні мен маңызы жоғары
Нұх пайғамбар еркегі, ұрғашысы араласып, сексен қаралы жолдасымен кемеге мініп, алты ай, он күн суда жүзіп, су тартылып, кеме Қазығұрт тауына кез болып, қара жерге тоқтаған. Өздерінің аман-есен қалғандарына қызық, мереке, той жасаған. Дәл осы күнді ай есебімен санағанда «Мұхарамма» айының оны екен де, жұлдыз есебімен санағанда, күннің хамале бір уәжібіне кірген күні бірінші хамале болып табылады екен. Нұх пайғамбардың тұңғыш баласының аты Сам екен. Ғараб (араб), Ғажам – сол Самның ұрпағы екен. Біреуі - Ғараб деген ұрпағы ай есебін ұстап, жыл басын «Мұхарамма» деп санап, оны – «Ғашура күні» - деп, мейрам қылып ұстаған. Екіншісі - Ғажам жұрты жұлдыз есебін ұстап «Бірінші хамале» жыл басы деп, мейрам қылып ұстаған.
Мұның ұстап қалған күні наурыздың (М-Ж.) тоғызына дәл келіп, қыс пен жаздың аударыс, төңкерісіне дәлме-дәл
болып шыққан. Қазақ мұны «Бұхар есебі» - дейді. Бұл есептен біздің қазақ жұрты Ресей империясының құрамына
қосылмайынша аумай, жаңылмай ұстап келген. Сол уақытта патшалар «Жаңа жыл тойы!» деп, сегіз күн ұдайымен қол астына қараған жұртқа той, тамаша беретін дәстүр болған.
Үйсін Төле билердің заманында наурыздаманың қадір-құны астан, тойдан ілгері болады екен. Би Едіге Баянауланың бауырында жүз кісі болып, Қызылтаудағы Сәти тасында отырған Мырзақұл баласы Сәти мырзаға барып, наурызды қылдырамын деп атқа мінген екен дейді. Сәти (Тәти - М-Ж.) мырза үйде жоқ екен. Қансонар болған соң, бүркіт алып, аң аулауға шығып кеткен екен. Баяу деген бәйбішесі: “мырзаңыз ас-суды алып кеткен жоқ” деп, ас та төк, шаш та төк наурызнама қылыпты. Баяу бәйбіше Едігеге сіз бір жақтан бір жаққа бара жатқан жолаушы емессіз, әдейі наурызнама қылдыра келдіңіз. Ұдайы сегіз күн қылмаған соң, мұны қылуға не сәндігі бар? – деп сегіз күн күтіп сыйлап, бір күннен бір күнін асыра беріпті. Сәти (Тәти - М-Ж.) мырза алдырған түлкілерінің ішінде бір қара түлкісі бар, наурыздаманың үстіне келіп қалыпты. Қара түлкіні алғанына бір қуанып, «Наурыздама қылдырамын» - деп, Едігенің келгеніне екі қуанып:
-Бұл наурыздама Баяудікі болды. Мен ұрғашының наурыздамасына ортақтаспаймын! - деп, басы Едігенің өзіне түйе бастатқан тоғыз, онан кейінгісіне: біріне түйе, біріне ат, жүз кісіден бір кісіні құр қоймай, ең аяғы атшыларға дейін бір-бір матадан үлестіріп: Міне, - менің наурызым! - деп, сый қылыпты. Наурыз жайын ұқтыратын кітаптың аты – «Салдама» дейді екен. Ол күнде тілі орамды, сөзге шешен шалдардың батасы болады. Қожа кітап оқығанда, шалдар бата қылғанда, жұрт жылап, шулап: «Амин!» - деп отыратын болған. Мал сойып,наурыздама қылуға шамасы келмейтін кедейлер жалғыз қой сойса да, наурыз күні бір қазан көжеге салып: «Ауылға та
тырамыз!»-деп, басын сақтап қояды. Байлардың бәйбішелері ірімшік пен майдан жасап, қарын-қарын жент сақтайды. Қыстың күні: «Бұл жентіңізді қашан бастайсыз, бізге қашан татырасыз?-деушіге: «Шырақтарым, әлі Самарқанның көк тасы жібігенде, бұл жент те өзі балқып, босайды. Сонда бастаймын! Осы күнде қайыршықтай қап-қатты пышақ өте ме!» дейді екен. Мәшһүр Жүсіп: «Міне, мен осы жентті жасатып, дәл наурыз деген күн бастатып көрген кісімін. Айтқаны-айтқандай!» - депті. Қазақта «Наурыз» деген де кісі аты болған. Келін-кепшіктер атай алмай: «Ұлы күн» деп, «Ұлыстың ұлы күні!» деп кеткен. «Ұлыс» Түркінің ата-бабаларынан қалған ескі тіл. Біздің қазақта: «Ұлыстың ұлы күні» - Наурыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет