Наурыз – Ұлттық мейрам наурыз- бүкіл шығыстың жаңа жылы, жыл басы. Мәшһүр Жүсіп: «Қазақтың қазақ болғанда, өзіне арналған, сыбағасына тиген жалғыз мейрамы – наурызнама»



бет2/4
Дата28.04.2023
өлшемі80,98 Kb.
#87632
1   2   3   4
Үш наурыз
Л.Будагов өзінің сөздігінде: «Наурыз - түріктердің ұлттық календарлық мейрамы. Қырғыздарда үш наурыздың түрі бар: 1. көне наурыз - жалпы қырғыздық; 2. парсылық ноурузъ – тоғызыншы наурыз немесе көктас деп аталады. Бұл туралы мынандай аңыз бар. Бұхарда көктас болған екен. Ол бірер минутта өзінен өзі жұмсарады, сол уақытта пышақты қадап үлгеру керек, ал қадап үлгермеген жағдайда, ол тас қайтадан қатып қалады екен. Осы бұхарлықтардың аңызы самарқанттық түрі көк сұраудың пайда болуына әсер еткен сияқты. 3. Руы Байбақты. Сыйық сұлтан тайпасынан шыққан біреу қырғыздардың арасына, Түркістанға ескі наурызға теңестірілген 12 және 13 күндік жаңа күн санауды енгізген. Қырғыздар бұл стильді қатты қолдайды, Сыйық сұлтанның тайпасы бұны қатаң сақтайды екен» деп жазды. Жоғарыда Л.Будагов жазған үш наурыз қазақ ақын-жырауларының өлең-жырларында ұшырасады. Мысалы, М-Ж. Көпеевтің ауыз әдебиетін жинаған үлгілерінде үш наурыз тіркесі кездеседі. Үш наурызды берейін, Сол үш наурыз өткен соң, Уадаға келгеймін; Бай үйінде жатады, Үш наурызға жұбанып; Қанша аяйтын жаның бар, Үш-ақ наурыз өткенде. Осы үш наурыздың халық метрологиясына қатысы барын С.Жанпейісова да кандидаттық диссертациясында атап өткен. Демек, үш наурыз деген, наурыз мейрамының бір жылда үш рет өткенін білдірмесе керек. Ол наурыз мейрамының түрлі өтілу сипатынан хабардар етеді. Наурыз мейрамы кезінде «наурыз көже»; «наурыздық» дайындалған. «Наурыз көжеге» жеті тағамның түрін қосқан. Ә.Қайдар «Наурыз көже - қазақтың мұсылманның жаңа жыл мейрамында дайындалатын дәстүрлі тағамы» - деп жазды.
Аңыздар не дейді?
Қазақ арасында тараған Наурыз атының шығуы туралы аңыз көпке белгілі. Солардың бірі қазақтың бабасының аты Наурыз екен. Оның баласы болмаған. Өлер алдында Наурыз өзінің атын қалдыратын ешкімі болмағанын өкінішпен Әбдірайымға айтады. Әбдірайым оның атын «Наурыз көжеге» береді. Наурыз сол кісінің туған және өлген күні екен. Енді бір аңызда Наурыз өзінің атын ешкімге қалдыра алмайтыны туралы айтады. Ақсақалдар ақылдаса келе, жыл сайын Наурыз көже дайындап, құран оқып, дұға қайырады. Енді бірде Наурыз жылда өлетін жаман бейне ретінде көрінеді. Оның өлгеніне қуанған жұрт наурыз көже дайындайды. Бұл ислам діні иелерінің тілділерге қарсы жасаған әрекеті болса керек. Көптеген түркі халқының, оның ішінде қазақ елі Наурызды мифологиялық кейіпкермен байланыстырады.
Жалпы, осы аңыз жайында Д.Кармышеваның «Земледельческая обрядность» - деген кітабында да жақсы жазылған. Б.Уахатовтың Наурыз халық өлеңдерінде де кеңінен орын алған деген ойына біз де қосыламыз.
Мәшһүр Жүсіп «Нұх Наурыз тарихы» - деген жазбасында «Нұх пайғамбар дарақтан кеме пішкен, Ол кеменің тақтайын тышқан тескен» - дейді. Топан судың қаптағаны айдан анық екендігін айта келіп, әуеде құстан басқаның ұшқанын, суда балықтан басқаның жүзгенін көрдіңдер ме? – деп, міне, енді бұл күнде адамзат аэроплан жасап алып, құстай ұшпай ма, су астымен жүретұғын кеме жасап алып, дариялардан балықтай жүзбей ме?! Бұл уақыт өткен сайын, адамзаттың ақыл-ойы артылып, ғылым-білімнің күшейгені деп жазады. Топан судың болғандығын, үйіліп, төбе-төбе болып қалған құмдар: Қызылқұм, Қар құм, Жеті қоңырдың құмы т.б. айтады. Су астынан ең алғаш қылтиып көрінген тау - ол Ұлытау, тау тұңғышы болғандықтан Ұлытау атанған. Одан кейін тарбайып-тарбайып, адыр-бұдыр болып көрінген мен едім дейді – Тарбағатай мен Шыңғыс таулары. Ал су астынан көп жыл көрінбей тұншығып шыққан кенже тау – Баянаула. Баянауланың ұзындығы жиырма бес шақырым, көлденеңі – он бес шақырым. Бір өзінде жеті көл бар –дейді Мәшһүр Жүсіп.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет