Тобықтай түйін Наурызға ислам дінінің ықпалы зор болған. Оның әсерін бүгін де байқауға болады. Қазақтар наурызды ата-бабасының аруағымен байланыстырады, құран қатым түсіреді, құрбандық шалады, өлген ата-анасының, туған-туыстарының басына барып, құран оқиды, т.б. Наурыз бен алас семантикалық мағынасы жағынан тығыз байланыста болған сыңайлы. Екі мейрам да табиғаттың (экологиялық) тазалығына қызмет еткен. «Алас» мейрамы кезінде, қуарған ағаштардың, шабылған талдардың орнына жаңа шыбықтар еккен, бұлақтардың көзін ашқан, ескі шөптерді өртеген немеесе жаңа шабындыққа, жайылымға жер дайындап әдейі өрт қойған, оған қарама-қарсы өрт жіберіп, бүкіл алқап өртке оранбас үшін, қатаң реттеп отырған, оны «өртең»-деп атаған. Бір сөзбен айтқанда күзеуде, көктеуде, қыстауда үнемі алас жүріп отырған. Кейіннен алас өзінің ту бастағы мағынасынан сәл де болса айрылып, отбасылық мейрамға дейін төмендеген. Наурыз бен тәңір, ұмай мифтік жағынан тығыз байланысты. Сол сияқты наурыздың ұлттық мейрам болғанына қарағанда о бастағы көне атауы басқа болған сияқты. Мысалы, «Ұлыстың ұлы күні» - деген. Түркі жұрты да күн мен түнді, аспан мен жерді (Тәңір мен Ұмай) күннің өз өсін айнала отарып жерді айналатынын ежелден білген, жұлдыздардың (жұлдызшылар) ағысын, ағуын адамның өмірге келуімен байланыстырған.
Абай:
Күн күйеу, жер қалыңдық сағынысты,
Құмары екеуінің сондай күшті, - десе,
Мәшһүр Жүсіп:
Аспан көк – байы, Жер – қатыны – дейді.Бұл – күн мен жерді образ арқылы суреттеу болғанымен, Ұмай мен Тәңір бейнесін ашып беруде таптырмайтын көркемдегіш тілдік құрал.Демек, наурыз - түркінің атадан балаға жалға
сып келе жатқан мейрамы. Ендеше, Мәшһүр Жүсіптің: «Елді, жұртты оңға бастаймын! Ілгері басуына, мал басы өсуіне тілеулес боламын!»-деушілер... осы наурызды құрметтеп: «Ұлыстың ұлы күні» атандырып, той-тамаша қылдыруға тырысу керек» - деген сөзі әлі де өзінің құндылығын жойған жоқ.
АйтмұхамбетТҰРЫШЕВ, филологияғылымдарыныңдокторы, С.Торайғыров атындағы ПМУ профессоры.