Бұл елде Наурыз мерекесі үш күн тойланады. Наурыздың 21-23 аралығында күллі республика аумағында мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады. Наурыз айындағы барлық сәрсенбі күндер қасиетті болып саналады. Бұл күндерді «юскю» деп атайды. Сейсенбі күні ер адамдар қайтқан туған-туыстарының бейітіне барып, дұға қылады. Бейіт басына әйелдер де барады. Өздерімен бірге алуа, шәрбәт сияқты тағамдарды ала барып, бейіттен қайтқан соң, оны кедей-кепшіктерге үлестіріп береді. Невруз қарсаңындағы сәрсенбі күнін «ахыр чершенбе» деп атайды. Бұл күні үй-ішін жинастырып, ыдыс-аяқтарды тазалайды. 7 ұлттық тағам қосылған «йеди-левин» тағамы әзірленеді.