13
Жинақтау (синтез) – бұрынғы жеке түсінікті толық біріктіру үдерісі.
Ақпаратты жаңа үлгідегі элементтердің түрлі әдістерімен біріктіру немесе
альтернативті шешім ұсыну арқылы жүйелеу.
Бағалау – анықталған стандарттар мен критерийлердің негізінде объектінің
жетістіктері, кемшіліктері, құндылықтары, маңыздылығы мен басқа да
сипаттарын анықтайтын үдеріс.
Таксономиялық тәсіл оқу мақсаттары ойлау дағдыларының деңгейлеріне
сәйкес бағалау критерийлерін құрастыруға мүмкіндік береді.
Критериалды
бағалау
жүйесінде
бағалау
критерийлері
ойлау
дағдыларының деңгейлері бойынша үш топқа бөлінген: білу және түсіну;
қолдану; жоғары деңгейдегі дағдылар (талдау, жинақтау және бағалау).
Достарыңызбен бөлісу: