«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ Басқарма шешімінің 2020 жылдың


Мұғалімдердің кәсіби қауымдастығы



Pdf көрінісі
бет13/23
Дата19.10.2022
өлшемі0,65 Mb.
#44216
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23
3. Мұғалімдердің кәсіби қауымдастығы
 
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің Мұғалімдердің кәсіби қауымдастығы 
(бұдан әрі - МКҚ) Назарбаев Зияткерлік мектептерінде критериалды бағалау 
жүйесін тиімді енгізу мен қолдануды қамтамасыз етуде басты рөл атқарады.
МКҚ мектептер арасында тығыз байланыс орнатуға, педагогикалық 
тәжірибені, тиімді оқытуды және сапалы бағалауды қамтамасыз етуге 
мүмкіндік береді. Жоғары сапалы формативті және жиынтық бағалауды құру 
МКҚ жұмысының ажырамас бөлігі болып табылады. Назарбаев Зияткерлік 
мектептерінің мұғалімдері МКҚ-нің тікелей қатысушылары болып табылады, 
онда олардың тығыз ынтымақтастығы болжанады. Мұғалімдер және 
Педагогикалық өлшеулер орталығының мамандары бағалау рәсімдері мен 
құралдарын ұйымдастыруға және әзірлеуге белсенді қатысады және бағалау 
практикасын жақсарту үшін бір-бірімен өзара іс-қимыл жасайды.
Әр Зияткерлік мектепте мұғалімдер МКҚ-ны пәндер бойынша ұсынады. 
Негізгі қатысушылардың рөлдері мен міндеттері қалыптастырушы және 
жиынтық бағалау жөніндегі нұсқаулықта (2015 жыл) толығырақ сипатталған. 
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ білім беру бағдарламасы - NIS-Рrogramme 


15
 
II. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУ 
1. Терминдер мен анықтамалар 
Бұл құжатта төмендегідей терминдер қолданылады:
1) бағалау критерийі – оқушының оқу жетістіктерін бағалауға негіз 
болатын белгі; 
2) балл қою кестесі – тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларына балл 
қою бойынша бірыңғай норманы белгілеу үшін мұғалімдер қолданатын кесте;
3) дескриптор – тапсырмаларды орындау кезіндегі әрекетті көрсететін 
сипаттама;
4) жиынтық бағалау – оқу бағдарламасындағы бөлімдер/ортақ 
тақырыптар бойынша және белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан, оқу жылы, білім беру 
деңгейі) аяқталғанда өткізілетін бағалаудың түрі; 
5) жиынтық жұмыс – оқудың белгілі бір кезеңінде (тоқсан, оқу жылы, 
білім беру деңгейі) және оқу бағдарламасындағы бөлімдер/ортақ 
тақырыптарының пән бойынша оқу жетістігі деңгейін анықтауға арналған 
оқушылардың жұмысы; 
6) критериалды 
бағалау 
– 
белгіленген 
критерийлер 
негізінде 
оқушылардың нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудың күтілетін 
нәтижелерімен сәйкестендіру үдерісі; 
7) критериалды бағалау бойынша электрондық журнал жиынтық 
бағалау (бөлім/ортақ тақырыптар, тоқсан) нәтижелерін тіркейтін және 
тоқсандық, жылдық, қорытынды бағаларды автоматты түрде есептеу мен балды 
бағаға айналдыруды жүзеге асыратын электрондық құжат;
8) қалыптастырушы бағалау – оқуды дер кезінде түзетуге мүмкіндік 
беретін, оқушымен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етіп, оқу 
үдерісі барысында жүргізілетін бағалаудың түрі; 
9) модерация – бағалаудың анықтығы мен дәлдігін қамтамасыз ету үшін 
қойылған балдарды стандарттау мақсатында тоқсандық жиынтық бағалау 
бойынша оқушылардың жұмыстарын талқылап қарастыратын үдеріс; 
10) ойлау дағдыларының деңгейлері – әрбір деңгейі ойлау дағдыларын 
анықтауды қалыптастыруға бағытталған оқу мақсаттарының иерархиялық 
өзара байланыстағы жүйесі; 
11) оқу бағдарламасының ортақ тақырыбы – нақты пән бойынша оқу 
мақсаттарына жету үшін түрлі пәндер аясында білімі мен білігін біріктіретін 
құрал ретінде пайдаланылатын мазмұны бірыңғай ортақ компонент; 
12) оқу мақсаттары – оқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша оқу курсы 
аралығында білу, түсіну және дағды жетістіктеріне қатысты күтілетін 
нәтижелерді қалыптастыратын тұжырым;
13) оқушы портфолиосы – пән бойынша оқу жылына оқушының оқу 
жетістігінің жеке және жинақталған бағаларын тіркейтін тәсіл; 
14) оқушының оқу жетістігі деңгейі – бағалау критерийлеріне сәйкес 
оқушылардың оқу жетістігін дамыту деңгейі;


16


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет