«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ Басқарма шешімінің 2020 жылдың



Pdf көрінісі
бет14/23
Дата19.10.2022
өлшемі0,65 Mb.
#44216
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23
Байланысты:
КБ модели НЗМ

 
15) оқытудың күтілетін нәтижелері – оқушының оқу үдерісі аяқталған 
кезде нені біліп, түсініп, нені көрсете алатынын айқындайтын құзыреттіліктер 
жиынтығы;
16) рефлексия – қайта ойлауға және өз әрекетінің нәтижелеріне талдау 
жасауға, өзін-өзі тануға бағытталған ойлау үдерісі; 
17) рубрика – бағалау критерийлеріне сәйкес оқушылардың оқу жетістіктері 
деңгейлерін сипаттау тәсілі;
18) тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы – тоқсандық 
жиынтық бағалаудың мазмұны мен құрылымын құрастыруға және оны өткізуге 
қойылатын талаптар;
19) түрлі деңгейдегі тапсырмалар – оқушының қабілетін есепке ала 
отырып, дифференциациялық оқытуды ұйымдастыру үшін қолданылатын 
күрделілігі түрлі деңгейдегі тапсырмалар; 
20) Мұғалімдердің Кәсіби қауымдастығы (МКҚ) – тиімді оқыту және оқу 
практикасын дамыту үшін ғылыми зерттеулер мен инновациялар арқылы 
тәжірибе алмасуды бастайтын мұғалімдер тобы. 
2. Критериалды бағалаудың құрылымы 
Оқу жылы барысында оқудың ілгерілеуі, үлгерімі туралы мәліметті жинау 
үшін бағалаудың екі түрі жүзеге асырылады: қалыптастырушы және жиынтық 
бағалау (4-сурет). Жиынтық бағалау өз кезегінде бөлім/ортақ тақырыптар 
бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық, орта білім беру деңгейі бойынша 
жиынтық бағалаудың рәсімдерінен тұрады.
4-сурет. Критериалды бағалаудың құрылымы 
Бағалау тәсілдері критериалды бағалаудың түрлеріне, пән мазмұнына 
қарай ерекшеленуі мүмкін.
Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі болып 
табылады, оқу үдерісі барысында мұғалім тарапынан жүйелі өткізіліп отырады. 
Критериалды бағалау 
Қалыптастырушы бағалау
Тоқсандық жиынтық 
бағалау 
Бөлім/ортақ 
тақырыптар бойынша 
жиынтық бағалау 

Сыртқы жиынтық 
бағалау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет