Критериалды бағалаудың моделі оқушының дамуын, оның
қызығушылығын және оқуға деген ынтасын арттыруға бағытталады. Егер әр
оқушыға және оның ата-анасына түсінікті болатындай нақты әрі өлшемді
бағалау критерийлері белгіленетін болса, бұған жетуге әбден болады. Анық
құрастырылған бағалау критерийлерінің көмегімен мұғалім де, оқушы да:
• Оқушы оқытудың қай сатысында?
• Олар білім алуда неге талпынады?
• Бұған жетуге көмектесу үшін не істеу керек?
екенін түсінеді.
Критериалды бағалаудың мақсаты бағалау критерийлерінің негізінде
оқушылардың оқу жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу және оқу үдерісін
жетілдіре түсу үшін оны барлық қатысушыларға ұсыну.
Критериалды бағалаудың міндеттері:
1. Оқу үдерісінде бағалаудың қызметі мен мүмкіндіктері аясын кеңейту;
2. Жүйелі кері байланыс орнату арқылы оқушылардың өзін-өзі үнемі
жетілдіріп отыруына жағдай жасау;
3. Бірыңғай стандарттарды, сапалы бағалау құралдарын, механизмдерін
қалыптастыруға көмектесу;
4. Қолжетімді, нақты, үздіксіз:
- оқушыларға олардың оқу сапасы туралы;
- мұғалімдерге оқушылардың ілгерілеуі туралы;
- ата-аналарға оқу нәтижелерінің деңгейлері туралы;
- басқару органдарына ұсынылған білім беру қызметінің сапасы туралы
ақпараттар ұсыну;
5. Оқу нәтижелеріне деген жауапкершілік сезімін тәрбиелеу арқылы
рефлексия, өзін-өзі реттеу және өзін-өзі бағалау дағдыларын дамыту.
Критериалды бағалаудың қағидаттары (принциптері): Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. Бағалау оқытудың ажырамас
бір бөлігі болып табылады, ол оқу бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілетін
нәтижелермен тікелей байланысты.
Шынайылық, сенімділік және валидтілік.Бағалау дәл және сенімді
ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлердің, құралдардың оқу
мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді бағалайтынына сенімділігі
болады.