"назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы оқушылардың ОҚу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесінің Əдіснамасы



Pdf көрінісі
бет14/29
Дата17.10.2023
өлшемі0,81 Mb.
#117348
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29
Байланысты:
Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау

Жақын арадағы даму аймағы 
Жақын арадағы даму аймағы – бұл Л.С. Выготский енгізген, «баланың 
қойылған міндеттерді өз бетінше шешу қабілеті анықталатын дамудың нақты 
деңгейі және үлкендердің немесе қабілетті құрдасының көмегімен күрделі 
тапсырманы шеше алу қабілеті анықталатын дамудың әлеуеттік деңгейі» 
[
Выготский, 1978] арасындағы аймақты білдіреді.
Осылайша, қалыптастырушы бағалау үдерісінде оқушыға мұғалім 
немесе қабілетті құрдасы қолдау көрсеткен кезде оның дамуы жақын арадағы 
даму аймағында өтеді.
Скаффолдинг теориясы 
Скаффолдинг теориясы Л.С.Выготскийдің жақын арадағы даму аймағы 
түсінігімен тығыз байланысты, оқыту ең әуелі, когнитивтік емес, әлеуметтік, 
тұлғааралық деңгейлерде болады деп есептеледі. Аталған дәйектерге 
қарамастан, Л.С. Выготский «скаффолдинг» терминін ешқашан 
қолданбағанымен [Stone, Clark, 2001], ол адамның когнитивтік дамуындағы 
әлеуметтік өзара әрекеттің маңызды рөлін атап көрсеткен.
19 


Скаффолдинг (көпіршелер тұрғызу) – оқушыға жақын даму аймағымен 
жүруіне және өз бетінше орындай алмайтын тапсырманы орындауға 
көмектесуі үшін мұғаліммен көрсетілетін интерактивті қолдау [Глоссарий, 
2012]. 
Скаффолдингтің заманауи теориясы – бұл білім беру үдерісіне 
қатысушылардың арасындағы өзара сеніміне негізделген серіктестік. 
Қалыптастырушы бағалау тәжірибесінде мұғалім орындайтын маңызды 
функцияларының бірі оқушыларды оқу үдерісінің барысында қолдау және 
қойылған мақсаттарға жету үшін қажетті көмек көрсету [Bruner, 1976], болып 
табылады. 
«Скаффолдингтің» негізгі сипаттамалары: 
1.
Ортақ мақсаттардың болуы. «Скаффолдинг» үшін аса маңызды
жағдай «интерсубъективтіліктің» болуы [Rogoff, 1990], яғни, ол екі 
субъектінің ортақ түсініктерінің болу жағдайы. Интерсубъективтілік оқудағы 
нәтижелер үшін мұғалім мен оқушының ортақ жауапкершілігі ретінде 
қарастырылады.
2. Ағымдық диагностика және бейімделген қолдау. Скаффолдингтің
маңызды ерекшеліктерінің бірі мұғалім оқушыларға қажетті «бірте-бірте» 
қолдау көрсету үшін олардың ілгерілеуін үздіксіз бағалап отыруы. 
Сондықтан мұндай өзара әрекет «оқушыға қажетті дағдыларды меңгеруге 
және тапсырмаларды жоғары деңгейде орындауына көмектесуі керек» 
[Wood, Bruner, Ross, 1976].
3. Диалог және өзара әрекет. Мұғалім мен оқушылардың өзара
әрекеттері скаффолдингте диагностикалық болып табылады. Бұл 
оқушыларды селқос (пассивті) білім мен тәжірибе алушы емес
сұрақтар/тапсырмаларды шешуде белсенді қатысушы, серіктес ретінде 
көруге мүмкіндік береді. Өзара әрекет диалогтің арқасында мүмкін болады 
[Palincsar, Brown, 1984], 
яғни мұғалім мен оқушы немесе оқушы мен оқушы 
арасындағы әңгімелесулері.
4. Қолдауды азайту және жауапкершілікті тапсыру. Скаффолдинг
жағдайларының бірі оқушыларға мұғалім тарапынан көрсетілетін қолдау 
көлемін біртіндеп азайту [Wood, Bruner, Ross, 1976]. Біртіндеп бұл оқушыға 
өз оқуына деген жауапкершілікті толық тапсыруға әкелуі керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет