«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
Басқармасының 2016 жылдың 15 тамызындағы
шешімімен бекітілген (№ 39 хаттама)
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының
оқушыларының оқу жетістіктерін критериалды бағалау ережесі
1. Жалпы ережелер
1. «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
дербес білім беру ұйымы
оқушыларының оқу жетістіктерін критериалды бағалау ережесі (бұдан әрi -
Ереже) негізгі қызметі білім беру болып табылатын «Назарбаев Зияткерлiк
мектептері» дербес білім беру ұйымының 2017 жылдың 16 тамызындағы
(хаттама №41) Басқарма шешімімен бекітілген «Назарбаев
Зияткерлік
мектептері» ДББҰ білім беру бағдарламасы - NIS-Рrogramme (бұдан әрі – Білім
беру бағдарламасы) бойынша оқитын «Назарбаев Зияткерлiк мектептері» дербес
білім беру ұйымы оқушыларының (бұдан әрі – Зияткерлік мектептер) оқу
жетістіктерін критериалды бағалауды өткізу мен ұйымдастыру тәртібін
анықтайды.
2. Берілген Ереже осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес жетілдірілген
критериалды бағалау моделіне көшу кестесі бойынша Назарбаев Зияткерлік
мектептері оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау үшін қолданылады.
3. Аталған Ережеде төмендегідей анықтамалар қолданылады:
1)
бағалау критерийі – оқушының оқу жетістіктерін бағалауға негіз
болатын белгі;
2)
балл қою кестесі – тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларына балл
қою бойынша бірыңғай норманы белгілеу үшін мұғалімдер қолданатын кесте;
3)
дескриптор – тапсырмаларды орындау кезіндегі
әрекетті көрсететін
сипаттама;
4)
жиынтық бағалау – оқу бағдарламасындағы бөлімдер/ортақ тақырыптар
бойынша және белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан, оқу жылы, білім беру деңгейі)
аяқталғанда өткізілетін бағалаудың түрі;
5)
жиынтық жұмыс – оқудың белгілі бір кезеңінде (тоқсан, оқу жылы, білім
беру деңгейі) және оқу бағдарламасындағы бөлімдер/ортақ тақырыптарының
пән бойынша оқу жетістігі деңгейін анықтауға арналған оқушылардың жұмысы;
6)
критериалды бағалау – белгіленген критерийлер негізінде оқушылардың
нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудың күтілетін нәтижелерімен
сәйкестендіру үдерісі;
7)
критериалды бағалау бойынша электрондық журнал –
жиынтық
бағалау (бөлім/ортақ тақырыптар, тоқсан) нәтижелерін тіркейтін және
тоқсандық, жылдық, қорытынды бағаларды автоматты түрде есептеу мен балды
бағаға айналдыруды жүзеге асыратын электрондық құжат;
2
8)
қалыптастырушы бағалау – оқуды дер кезінде түзетуге мүмкіндік
беретін, оқушымен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етіп, оқу
үдерісі барысында жүргізілетін бағалаудың түрі;
9)
модерация – бағалаудың анықтығы мен дәлдігін қамтамасыз ету үшін
қойылған балдарды стандарттау мақсатында
тоқсандық жиынтық бағалау
бойынша оқушылардың жұмыстарын талқылап қарастыратын үдеріс;
10)
оқу бағдарламасының ортақ тақырыбы – нақты пән бойынша оқу
мақсаттарына жету үшін түрлі пәндер аясында білімі мен білігін біріктіретін
құрал ретінде пайдаланылатын мазмұны бірыңғай ортақ
компонент;
11)
оқу мақсаттары – оқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша оқу курсы
аралығында білу, түсіну және дағды жетістіктеріне қатысты күтілетін
нәтижелерді қалыптастыратын тұжырым;
12)
оқушы портфолиосы – пән бойынша оқу жылына оқушының оқу
жетістігінің жеке және жинақталған бағаларын тіркейтін тәсіл;
13)
оқушының оқу жетістігі деңгейі – бағалау
критерийлеріне сәйкес
оқушылардың оқу жетістігін дамыту деңгейі;
14)
рубрика – бағалау критерийлеріне сәйкес оқушылардың оқу жетістіктері
деңгейлерін сипаттау тәсілі;
15)
тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы – тоқсандық
жиынтық бағалаудың мазмұны мен құрылымын құрастыруға және оны өткізуге
қойылатын талаптар;
16)
ерекше қажеттілігі бар оқушы – тумысынан немесе жүре пайда болған
ауруы бар оқушылар (уақытша еңбекке жарамсыздық, мүгедектік);
17)
ерекше жағдайларды қамтамасыз ету – жиынтық бағалау өткізу
кезеңінде ерекше қажеттілігі бар оқушы үшін ерекше жағдайды ұйымдастыру
және жасау.
4. Барлық оқу пәндері бойынша оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеруді
тексеру мақсатында оқушылардың оқу жетістігін
критериалды бағалау
өткізіледі.
5. Критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы және жиынтық бағалауды
қамтиды.