6
бекітеді. Модерация отырысының төрағасы әдістемелік
бірлестік жетекшісі,
сондай-ақ, кез келген пән мұғалімі бола алады.
35. Модерация өткізгенге дейін оқушылардың тоқсандық жиынтық
жұмыстарын (бұдан әрі – жұмыстар) алдымен мұғаліммен тексеріледі.
Мұғалімнің тексерген жұмыстарының ішінен білім алушылардың үш
жұмысын
іріктеп алады, модерация отырысында талқылау үшін алдын ала
шифрлеп, көшірмелерін дайындайды.
Балл қою кестесіне сәйкес
бағалауда қиындық тудыратын, максималды
және минималды балл қойылған жұмыстар іріктеледі.
Егер мұғалім бірнеше
параллель сыныпта сабақ беретін болса,
жұмыстың жалпы саны бойынша
іріктейді.
36. Модерация отырысында мұғалімдер балл қою кестесіне сәйкес пән
бойынша балдарды талқылайды. Балл қою кестесіне қажетті жағдайда өзгерістер
және/немесе толықтырулар енгізіледі.
37. Модерация қорытындысы бойынша
жиынтық бағалау жұмысының
балдары модерация отырысында келісілген балл қою кестесі негізінде қойылады.
Қойылған балды өзгеру қажеттілігі бар оқушы жұмысы мұғалімдермен қайтадан
тексеріледі. Модерацияның қорытындысы бойынша жиынтық жұмыстың
балдары жоғары балға, сондай-ақ, төмен балға өзгеруі мүмкін.
38. Модерация аяқталған соң тоқсандық
жиынтық бағалаудың нәтижесі
бойынша осы ереженің 2-қосымшасына сәйкес үлгіде модерация отырысының
хаттамасы толтырылады. Хаттама әдістемелік бірлестік жетекшісінде сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: