2. Қалыптастырушы бағалауды өткізу тәртібі
6. Қалыптастырушы бағалау оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарына
жетуге көмектеседі, қиындықтың алдын алуға мүмкіндік береді, оқу үдерісінде
оқушылардың білімі мен дағдыларының қалыптасу, білімді меңгеру деңгейін
анықтайды.
7. Қалыптастырушы бағалау кезінде оқушыларға үздіксіз кері байланыс
беріледі. Баға, балл қою жүргізілмейді.
8. Қалыптастырушы бағалау оқудағы іс-әрекеттің әр кезеңінде (тақырыпты
түсіндіру, тапсырмаларды орындау, тапсырмаларды тексеру және т.б.) түрлі
әдістер мен тәсілдер арқылы жүзеге асырылады (сауал қою, тәжірибелік
жұмыстар, зертханалық жұмыстар, жобалар, тест тапсырмалары және т.б.).
3
9. Жұмысты ұйымдастырудың жеке, жұптық, топтық жұмыс түрлері
қолданылады.
10. Қалыптастырушы бағалаудың нәтижесі бойынша мұғалім оқу үдерісін
дер кезінде түзетіп отырады, оқушылардың жиынтық бағалау жұмысын
тапсырғанға дейінгі кемшіліктерінің, олқылықтарының алдын алады.
11. Қалыптастырушы бағалау кезінде оқушылар пән бойынша жалпы білім
берудің оқу бағдарламаларына сәйкес оқу мақсаттарына қол жеткізеді.
12. Оқушы белгілі себептермен сабаққа қатыса алмаған жағдайда (ауруына,
жақын туыстарының қазасына, конференцияға, олимпиадаға және ғылыми
жарыстарға қатысуына байланысты), оқылмаған материалды мектепке
келгеннен кейін екі апта ішінде оқу мақсаттарына жету арқылы меңгеруі қажет.
13. Қалыптастырушы бағалаудың нәтижелері тоқсандық, жылдық баға қою
кезінде есептелмейді.
3. Жиынтық бағалауды өткізу тәртібі
14. Жиынтық бағалау оқушының оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ
тақырыптар бойынша белгілі бір оқу кезеңінде (тоқсан, оқу жылы) оқуды
аяқтағандағы оқу жетістігі деңгейін анықтау мақсатында баға, балл қою арқылы
өткізіледі. Жиынтық бағалау нәтижесінде мұғалімге, оқушыға, ата-анаға және
басқа мүдделі заңды өкілдеріне оқушының ілгерілеуі туралы ақпарат беріледі.
15. Жиынтық бағалау «Өзін-өзі тану» және «Бастапқы әскери және
технологиялыық дайындық» пәндерінен басқа барлық пәндерден өткізіледі.
15-1. Тоқсандық жиынтық бағалау «Дене тәрбиесі» пәнінен өткізілмейді.
15-2. 4-тоқсанда сыртқы жиынтық бағалау өткізілетін пәндерден тоқсандық
жиынтық бағалау жүргізілмейді.
15-3. «Өзін-өзі тану» және «Бастапқы әскери және технологиялыық
дайындық» пәндерінен жартыжылдық және оқу жылы бойынша
«сыналды/сыналдамды» қойылады.
16. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша пәнге қатысты жиынтық бағалау
тапсырмаларын құрастыруды оқу бағдарламасы мен оқу жоспары негізінде
Зияткерлік мектептің мұғалімдері жүзеге асырады.
17. Тоқсандық жиынтық бағалау жұмысы мен балл қою кестесін құрастыру
ДББҰ Әдістемелік кеңесімен ұсынылып, «Педагогикалық өлшеулер орталығы»
ДББҰ филиалымен құрастырылған тоқсандық жиынтық бағалаудың
спецификациялары және пәндер бойынша оқу бағдарламасы мен оқу жоспары
негізінде Зияткерлік мектептердің әдістемелік бірлестіктерімен жүзеге
асырылады.
18. «Педагогикалық өлшеулер орталығы» ДББҰ филиалы (бұдан әрі - ПӨО)
Зияткерлік мектептердің мұғалімдерімен бірлесіп, тоқсандық жиынтық жұмыс
пен балл қою кестесіне «Педагогикалық білімдер базасы» сайтының
(sk.nis.edu.kz) «Бағалау» бөлімінде онлайн сараптама жүргізеді.
19. Тоқсандық жиынтық бағалау жұмысы мен өткізудің кестесі Зияткерлік
мектептері директорының бұйрығымен бекітіледі.
4
19-1. Аптасына жүктемесі 1-2 сағаттан тұратын пәндерден тоқсандық
жиынтық бағалау 40 минуттан аспауы қажет. Аптасына жүктемесі 3 сағат және
одан көп пәндерден тоқсандық жиынтық бағалау 80 минуттан тұрады. Осы уақыт
нормасы «айтылым» дағдысы есебінсіз тілдік пәндерге қатысты қолданылады.
«Айтылым» дағдысын бағалау жиынтық бағалау жоспарланған уақыт
барысында жүргізіледі.
20. Пән бойынша тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу кестесі Бағалау
саясатында
белгіленген
мерзімге
сәйкес
Зиятекерлік
мектептері
директорларының бұйрығымен бекітіледі және мұғалімдер, оқушылар, ата-
аналар немесе басқа да заңды өкілдер тоқсан басында хабардар етіледі. Бір оқу
күнінде екі тоқсандық жиынтық жұмыстан көп өткізілмейді.
20-1. Еңсерілмейтін жайдағы әрекеттер туындаған жағдайда, мысалы,
төтенше және шарасыз (табиғи құбылыстар, әскери әрекеттер т.б.), тараптардың
еркінсіз жиынтық бағалауды тапсыруды бекітілген мерзімде өткізу мүмкіндігі
болмаған жағдайда, тоқсандық жиынтық бағалаудың мерзімін мектеп
директорының бұйрығы негізінде өзгертуге болады.
21. Барлық оқушылардың жиынтық бағалау жұмысын орындауы міндетті.
21-1. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау тоқсанда үш реттен
артық жүргізілмейді. Тоқсан бойында меңгеруге арналған бөлімдер/ортақ
тақырыптар саны төрт және одан көп болса, олар тақырыптардың ерекшелігі мен
оқу мақсаттарының санына байланысты біріктіріледі.
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау кестесін Зияткерлік
мектеп өздігінен құрады және әдістемелік бірлестік отырысының хаттамасымен
бекітеді.
22. Тоқсандық, бөлім/ортақ тақырыптар, жылдық бойынша жиынтық
бағалауды қайта орындауға (көшіруге) рұқсат етілмейді.
23. Тоқсандық, бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды
өткізу кезінде белгілі себептермен (ауруына, жақын туыстарының қазасына,
конференция, олимпиада, ғылыми, спорттық жарыстарға және т.б. қатысуына
байланысты) келмеген оқушы мектепке келген соң екі апта ішінде тоқсандық
және/немесе бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау жұмысын
тапсыруы қажет, ол үшін оқушылардың бөлім/ортақ тақырып бойынша
меңгерген тақырыптары негізінде құрастырылған жиынтық бағалаудың
қосымша нұсқалары қолданылады.
Тоқсандық, бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды өткізу
кезінде белгісіз себептермен келмеген оқушыға (бекітілген формадағы
медициналық анықтаманың, Зияткерлік мектеп директорының бұйрығының
болмауы) жиынтық бағалау бойынша «0» балл қойылады.
Жиынтық бағалау кезінде академиялық адалдық қағидаларын бұзушылық
дерегі анықталса, оларға Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларының
академиялық адалдықты сақтау ережесі мен Оқушыларға арналған ішкі тәртіп
ережелерінде қарастырылған шаралар қолданылады.
23-1. Оқушыны Назарбаев Зияткерлік мектептері желісі бойынша
ауыстырған кезде, қабылдаушы мектеп оқу табеліндегі және ДББҰ
Басқармасының шешімімен бекітілген «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
5
ДББҰ-ның тиісті Үлгілік оқу жоспарында көрсетілген оқу пәндерінің тізімі
негізінде Білім беру бағдарламасы мен Халықаралық Бакалавриат
бағдарламасындағы оқу пәндерінің айырмашылығын анықтайды. Оқушылар
оқымаған пәндер бойынша қабылдаушы Зияткерлік мектеп бір апта ішінде жеке
сабақтардың кестесін (бұдан әрі - кесте) жасайды, кестеге сәйкес оқытуды
ұйымдастырады, содан кейін ағымдағы жылдың 25 тамызынан кешіктірмей
бөлім/ортақ тақырыптар және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізеді.
24. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың балдары
дескрипторларға сәйкес, ал тоқсандық жиынтық бағалаудың балдары балл қою
кестесіне сәйкес қойылады.
25. Оқушылардың оқу нәтижелерінің дұрыстығы, айқындығы үшін
мұғалімдер тоқсандық жиынтық бағалаудың модерациясын өткізеді.
26. Бөлім/ортақ
тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, бағалау
критерийлері, дескрипторларымен бірге, тоқсандық жиынтық бағалау
жұмыстары балл қою кестесімен бірге оқушылардың портфолиосында
сақталады.
27. Оқушы портфолиосының жүргізілуі мен сақталуына кураторлар жауап
береді.
28. Портфолио оқушылардың атаулы құжаты болып табылады, ол барлық
мұғалімдерге, әкімшілікке, ата-аналарға немесе басқа да заңды тұлғаларға
қолжетімді болуы қажет.
29. Оқушылардың портфолиосы Зияткерлік мектептерде бір оқу жылы
бойында сақталады.
30. Әрбір оқу жылының соңында оқушылардың портфолиолары осы
Ереженің 1-1 қосымшасында көрсетілген акт бойынша жойылады.
30-1. Оқушыны басқа Назарбаев Зияткерлік мектебіне ауыстыру кезінде
оқушының оқу жетістіктерінің портфолиосы жеке ісі құжаттарымен бірге ата-
анасына немесе басқа заңды өкілдеріне беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |