Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі іс-тәжірибені транслиатциялау. Іс-әрекеттегі зерттеуді ұйымдастыру


Іс-әрекеттегі зерттеу дегеніміз не?



бет2/4
Дата12.01.2023
өлшемі25,37 Kb.
#61113
түріСабақ
1   2   3   4
1.Іс-әрекеттегі зерттеу дегеніміз не?
Бұл ретте ең маңыздысы жүйелілік.Іс-әрекеттегі зерттеуде мұғалім сыныптағы жағдайды зерттеп, оған қатысты болжам жасайды. Белгілі бір ситуацияның болу себебін анықтау үшін, жағдаятты жан-жақты бақылау керек. Бұндай бақылау белгілі бір қорытынды жасауға алып келеді. Жүйелі зерттеу тәжірибемізді өзгертуге,анықталған жағдаятты басқаша жасауға рефлекцияны дамытады. Іс-әрекеттегі зерттеу - Action research –Оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдіру мақсатында бірізді, тізбектелген,жоспарланған іс-әрекеттерді орындауды, сондай-ақ зерттеу барысында алынған нәтижелерге жүйелі түрде мониторинг жүргізуді көздейтін үдеріс. Іс-әрекеттегі рефлекция-алдыңғы қадамдарды жоспарлау және орындау мақсатында іс-әрекет жасау (мысалы, оқыту мен оқу), іс-әрекет нәтижелерін сыни талдау және бағалау барысындағы мұқият ойлану үдерісі.
2. Іс-әрекеттегі зерттеуде ақпаратты жинақтауды қалай жоспарлауға болады?
Зерттеу бағыты: нысана, қажетті мәліметтер; Қолдағы бар мәліметтер: алдағы жиналатын мәліметтер,салыстыру; Қатыстырылым: кімнен? қанша адам? қалай іріктеу керек?; Тереңдік: қандай мәселелер?, зерттеу аясы; Уақыт шегі: дерек жинауға бөлінетін уақытты нақтылау; Адами ресурстар: әдіс, білім, зерттеушілік дағды.
Сандық және сапалық деректер. Сандық деректер- зерттеу сұрағы бойынша нақты объективті деректер (сауалнама, тестілеу). Сандық деректер ( зерттеу басында және аяғында жүргізіледі) анализ, мониторинг жасауға мүмкіндік береді. Сапалық деректер- талдауды қажет ететін хабарлы деректерден тұрады.

  • Жеке сұхбаттасу барысындағы мәліметтер

  • Құжаттарды,есептерді қарау кезінде анықталған мәліметтер

  • Бақылау негізіндегі жазба ақпараттар

  • Бақылаушының толық ұғындырулары мен ескертпелері

3. Деректердің шынайылығы мен сенімділігін қалай тексеруге болады?
Шынайылық- ішкі және сыртқы болып бөлінеді.Ішкі шынайылық- зерттеу мәселесінің себеп-салдарын анықтау үшін керек. Сыртқы шынайылық- таңдау мен іріктеуде қателердің жоқтығы (ерекше адамдарға,ерекше жерлерде,ерекше уақытта) Сенімділік- деректерді бірнеше қайталап алғандағы нәтижесінің бірдейлігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет