4. Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізудегі дерек жинау әдісін талдау Сауалнама - ең көп таралған зерттеу құралы. Жабық сауалнамада жауаптың бірнеше нұсқасы беріледі.Ашық сауалнамада қатысушылар сұрақтарға өз сөздерімен жауап береді. Жартылай құрымдастырылған сауалдамада қатысушыларға жауап нұсұалары ұсынылады және өз жауабын жазуға да мүмкіндік беріледі. Сауалнаманың негізгі бөлімі зерттеудің мақсатына байланысты негізгі (нақтылау және сүзгі) сұрақтардан тұрады.
Сұхбат алу үшін зерттеу мәселесіне бақытталған сұрақтар құрастырылуы керек. Сұхбатты зерттеуге тартылмаған адаммен сынақтан өткізген дұрыс. Сұхбат жаңа проблеманы анықтауға мүмкіндік береді. Ұзақтығы 5-30 минут болуы мүмкін. Құрылымдалған сұхбат- әр адамға біріңғай мәнерде бірдей сқрақтар беріледі. Жартылайқұрылымдалған сұхбат- сұрақтар тізімі бағыттаушылық негізде болып келеді. Құрылымдалмаған сұхбат- сұхбат берушіңің өз көзқарасы негізінде бір мәселе негізінде әңгімелеп беруі.
Бақылау үдерісінің кезеңдері
Мақсат пен міндеттерді анықтау
Бақылау объектісін, нысананы және жағдаятты таңдау
Алынған ақпаратты салыстыру,өлшеу,өңдеудң жоспарлау
Қажетті бақылау нысандарын бекіту
«Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі» Питер Клайн Оқушылардың танымдық қызығушылығын үш деңгейге бөлуге болады.
жоғары деңгей: өзіме істетші –мен сонда түсінемін.Оқушы танымдық міндеттерді өздігінен шешуге ұтымды жолдарды қолдана білуімен, жаңаны білуге деген қызығушылығының жоғары болуымен және өз іс- әрекетін бақылап, бағалай білумен сипатталады;
орта деңгей: маған көрсетші – менің есімде қалады. Оқушы танымдық іс-әрекет деңгейін өздігінен орындауды оқытушының көмегін қажет етуімен сипатталады;
төменгі деңгей: маған айтшы – мен ұмытып қаламын; оқушы тапсырманы қайталаумен шектеліп, оқытушының көмегімен орындайды.