Nazarbayev Intellectual Schools Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «назарбаев зияткерлік мектептері»



Pdf көрінісі
бет37/72
Дата22.12.2016
өлшемі9,34 Mb.
#31
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   72

Nazarbayev

Intellectual

Schools

образованность,  гуманистическая  сознательность,  гуманистическое  поведение,  основывающихся 

на  гуманистическом  мировоззрении,  где  человек  является  приверженцем  гуманизма  как  гуманного 

отношения к человеку и человеческому сообществу, сторонник философии особого гуманного восприятия 

человечества в целом.

Литература:

1.  Краткий  словарь  по  философии  /Под  общ.ред.  И.В.  Блауберга  и  И.К.  Пантина  -  4-е  изд.  -  М.: 

Политиздат, 1982.- 431 с.

2.  Сухомлинский  В.А.  О  воспитании  /Сост.  и  авт.  вступит.очерков  С.Соловейчик.  -  4-е  изд.  -  М.: 

Политиздат, 1982. - 270 с.

3.  И.  Ляшенко.  Целеполагание  и  деятельность  музыкального  мышления.  В  сб.:  Музыкальное 

мышление: сущность, категории, аспекты исследования. Киев, 1989, с. 39.

4.  Кажигалиева Г.А. и Мусатаева М.Ш. Современные технологии: тенденции и перспективы // Оқыту 

- тәрбиелеу технологиясы. № 4 Алматы: КазНПУ, 2008 – с.64.

5.  Коджаспирова Г.М., Коджаспиров А.Ю. Словарь по педагогике. - Москва: ИКЦ «МарТ»; Ростов 

н/Д: Издательский центр «Март», 2005.- 448 с.

6.  Пушнова  Ю.Б.  История  мировых  религий:  крат.курс  лекций  для  вузов/  Ю.Б.  Пушнова.-  М.: 

ВЛАДОС-ПРЕСС, 2005.-168 с. – (Краткий курс лекций для вузов).

7.  М.: Большая российская энциклопедия, 2002. с. 294.

Меңдібаева С.А.

“Назарбаев Зияткерлік мектептері” ДББҰ

(Қазақстан Республикасы)

ШЕБЕРЛІК МЕКТЕБІ «ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА КРЕАТИВТІ ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ»

Шеберлік мектебінің мақсаты: креативті технология туралы түсінік қалыптастыру, әдебиет сабақтарында 

тиімді пайдалана білу

Болжам: Тренинг кезінде қатысушылар өз тәжірибелерін қайта бағалауға, жаңа әрекеттерді меңгеріп, 

олармен тәжірибелер жүргізуге мүмкіндік беру; 

тәжірибе алмасуға, бірінен-бірі үйренуге бағыттау;

білімдер мен біліктерді күнделікті практикада, іс-әрекетте қолдануға бағыттау;

тақырыпты өз бетімен түсінуге жағдай жасау;

қатысушыларға жаңа көзқараста болуға мүмкіндік беру;

саралау қабілетін дамыту

Мазмұны

• 

Тақырыптың өзектілігі 



• 

Шеберлік мектебін өткізу формасы туралы түсінік

• 

Психологиялық тренинг пен тренинг сабақтың сәйкестігі, принциптері



• 

Мастер класқа қатысушыларға арналған ережелер

• 

 Технология туралы түсінік



• 

Терминдермен жұмыс

• 

Технологияны іске асыру тәсілдері



• 

Әдебиетте креативті технологиялар компоненттері

• 

Тапсырмалар 



• 

 Рефлексия



Nazarbayev

Intellectual

Schools

229


 Тақырыптың өзектілігі

Көркем шығармаға көңіл аудармайтын, әдебиеттен рухани азық алмайтын ұрпақтың көбеюі - жалғыз 

тіл, әдебиеті мамандарының проблемасы ғана емес - қоғам індеті, қоғам дерті. Тілге деген сұраныстың 

төмендеуі, оқушыларда, ата-аналарда қазақ тіліне деген екіжақты көзқарастың қалыптасуы да (қазақ тілі 

шетелге шығу үшін негізгі пән емес) өз дегенін жүргізуде.

Бұл  мәселелердің  түп  тамырымен  өзгерту  үшін  қазақ  тілі,  әдебиет  пәнінің  мұғалімдері  тарапынан, 

оқушы тарапынан, пәнді оқыту тұрғысынан өзгеше көзқарас, басқаша шешім, ерекше екпін қажеттілігі 

туындады.  Өзгеше  ойлау  -  мәселені  басқа  тұрғыдан  қарастыруға  әкеледі.  Жаңаша  баға  беру  –  соны 

идеяларды туындатады. Сондықтан пән мұғалімін, пәнді, оқушыны үш аспектіде қарастыруға болады:

1.  Мұғалім және креатив

2.  Әдебиет және креатив

3.  Оқушы және креатив 

 Тренинг деген не?

Қазіргі кезде тренинг кәсіби және тұлғалық даму тәсілі ретінде адамзат өмірінің барлық салаларына 

енуде.

Тренинг  –  қысқа  уақыт  мерзімінде  (1-4  күн)  өткізілетін  біліктілікті  көтерудің  белсенді  курсы.  Бір 



күндік немесе көп күндік тренгинг болуы мүмкін. Әдетте тренингтерде аздаған теория элементтерімен 

практикалық  дағдыларға  үйретіледі.  Тренингті  арнайы  дайындалған  жаттықтырушылар  (арнайы 

дайындықтан өткен мұғалім) өткізеді.

Тренинг – өте қарқынды оқыту. Сарапшылардың пікірлері бойынша тренингтердегі тиімді адам саны 

10-12  адам  болуы  керек.  Бұл  біріншіден,  нұсқаушыға  тапсырманы  әрбір  адамға  жеке-жеке  көрсетуге 

мүмкіндік берсе, екіншіден, тәжірибе алмасуға, бірінен-бірі үйренуге мүмкіндік береді.

Тренингтегі оқыту әдісі қарқынды тіл үйрену әдісіндегідей «терең бойлау» әдісіне жақын. Тренингте 

рольдік ойындар, кіші топтардағы жұмыстар, «ойтүрткілер» басым болады.

Тренингтің  белсенділік  принципі  мына  себептерге  байланысты:  адам  өзінің  естігененің  10%  -н, 

көргенінің  50%  -н,  айтқандарының  70%  -н,  жасағандарының  90%  -н  меңгереді.  Тренинг  кезінде 

қатысушылар өз тәжірибелерін қайта бағалауға, жаңа әрекеттерді меңгеріп, олармен тәжірибелер жүргізуге 

мүмкіндік  алады.  Топтарда  сенімділік,  шығармашылық  ахуал  жасалатындықтан,  қатысушылардың 

білімдерін тереңдету, жаңа біліктер мен дағдылар алуына қолайлы жағдай туады. 

Тренинг тиімділігі алынған білімдер мен біліктерді күнделікті практикада, іс-әрекетте қолданылуымен 

анықталады. 

Тренинг - тек қатысушылардың жеке қасиеттерін дамытатын орын ғана емес, олардың ынтымақтаса, 

бірлесе жұмыс істеуге үйрететін жер. 

Оқыту – тек адамның басы ғана емес, өзі тұтастай қатысатын үрдіс. 

Тренинг – ең алдымен ақпаратты қабылдау. Ақпараттар әр түрлі каналдар, сезім органдары арқылы 

қабылданады. 

Осы жерлерде кейбір ерекшеліктерге кездесеміз. Адам ақпараттың көп бөлігін есту арқылы қабылдайды 

деп  ойлаймыз.  Сондықтан  да  баяндамалар  мен  лекциялар  семинар  жұмыстарының  басты  әдістеріне 

айналды. Шын мәнінде адам ақпараттың басым бөлігін көру арқылы қабылдайды: 

Есту арқылы 11 % 

Көру арқылы 83 % 

Тренингте  жадығаттарды  визуализациялау  қажеттігі  айқын  көрінеді.  Бірақ  ақпаратты  тек  қабылдап 

қана қоймай, есте сақтау, меңгеру де қажет. Осы жерде басты ереже шығады, ақпарат қабылдауға неғұрлым 

көп сезім органдарын қатыстырсақ, соғұрлым есте жақсы сақталады. Біздің: 

оқығанымыздың 10 % 

естігеніміздің 20 % 

көргеніміздің 30 % 


230

Nazarbayev

Intellectual

Schools

естігеніміз бен көргеніміздің 50 % 

естігеніміз, көргеніміз бен өзіміз айтқанымыздың 70 % 

Естігеніміз, көргеніміз, өзімін айтқанымыз бен істегеніміздің 90 % есте қалады.

Әрбір қатысушының өзіне тән ақпаратты қабылдау және өңдеу құрылымы бар. Біреулері оқу арқылы, 

екіншілері есту арқылы, үшіншілері ұстап көру, жасау арқылы жақсы үйренеді. 

Әрбір ақпарат адамның өз тәжірибесін қозғайды, осы тәжірибеге сәйкес сезім туғызып, сәйкес түсінік 

туғызады. Бұл процесс оқу жадығаттарына қатысушылардың реакциясын туғызып, оқыту барысына әсерін 

тигізуі мүмкін. 

Әрбір  қатысушының  сезімі  мен  бағасы  топтағы  оқыту  үрдісіне  әсерін  тигізеді.  Тренингте  оқу 

материалдарын қабылдаудың эмоционалдық жағын бақылап отыру керек. 

Жоғарыда айтылғандардан төмендегідей қорытындылар жасауға болады:

• 

мүмкіндігінше көрнекіліктердің көп болуы 



• 

әрбір қатысушыға өзіндік жұмысқа және өз пікірін айтуға жағдай жасалу керек 

• 

әрбір қатысушыға оқу материалдарын қабылдау мен өңдеу ерекшеліктерімен танысуға мүмкіндік 



жасалуы тиіс 

• 

әртүрлі сезім органдары қатысатындай қолданылатын әдістер түрлерін алмастырып отыру. 



 

 Психологиялық тренинг пен тренинг сабақтың сәйкестігі

1 кесте

Тренингке тән белгілер



Тренинг-сабаққа қолданылуы

Топтық жұмыс принциптерн ұстану

Топтық жұмыс принциптерін ұстану

Топ мүшелерінің өзіндік дамуына психологиялық 

көмек көрсету

Топ мүшелерінің өзіндік пәнді игеруіне көмек 

көрсету

Тұрақты топтың болуы



Сыныптармен (топтармен) жұмыс

Кеңістіктің дұрыс ұйымдастырылуы (ыңғайлы 

бөлме, қатысушылар дөңгелене отырады)

Сынып бөлмесін дәстүрден тыс безендіру

Топ мүшелерінің қарым-қатынасына баса назар 

аудару


Өзара көмек, өзара тексеру тәсілдерін қолдану

Топтық жұмыстың белсенді түрлерін қолдану

Топтық жұмыстың белсенді түрлерін қолдану

Субъективті сезімдер мен эмоцияларды 

объективтендіруё

Эврикалық әдістерді қолдануға жағдай жасау

Қарым-қатынастың еркіндігін ұстану

Қарым-қатынастың еркіндігін ұстану



Nazarbayev

Intellectual

Schools

231


Психологиялық тренинг пен тренинг сабақтың принциптері

2 кесте


Тренингке тән белгілер

Тренинг-сабаққа қолданылуы

«Бүгін және қазір». Болып жатқан оқиғаларды 

рефлекциялау арқылы өзіндік талдау жасауға 

бағыттау

Сабақта өтілген жадығаттарды рефлекциялау

«Шынайылық пен ашықтық». Өз проблемаларын 

ашық айту арқылы топ мүшелері арасындағы 

қарым-қатынасты жақсартуға жағдай жасау

Қарастырып отырған тақырыпқа көзқарасын 

ашық айту арқылы топтық тал дау жасауға 

жағдай жасау және топтағы қызу пікірталасты 

қолдау

«Мен». Болып жатқан оқиғаларды өзі арқылы 



өткізу

Қарастырып отырған оқу жадығаттарын өзі 

арқылы өткізу

«Белсенділік». Топ мүшелеріне сырттай бақылаушы 

болуға тиым салынады

Топ мүшелеріне сырттай бақылаушы болуға 

тиым салынады

«Құпиялылық». Барлық талданған, айтылған 

мәселелер топ ішіде қалады

Оқушының өз ойын ашық айтқаны үшін 

болашақта «қудалау» көрмеуі

Әдебиет пәнін оқытуда креативті технологияларды қолдану тарихы  

Технология туралы түсінік 

Креатив  –  шығармашылық,  өнертапқыштық,  шығармашылық  бастама,  ойлау  мен  интеллектісінің 

ерекшелігі, өнімділігі, шығармашылықтың субъективті жағы. 

Креативтілік – жеке тұлғаның ойлаудағы ерекшелігі, өзгеше пікір туындатуы, жаңаша идея айта білуі, 

іздеуі, табуы. 



Терминдермен жұмыс 

Креатив 


Креатив-дегеніміз жасау. Жаңа нәрсені жасап шығару, ойлап табу. Қоғам бір орында тұрмайды, үнемі 

даму  үстінде,  өзгеріске  ұшырауда.  Сонымен  бірге  қайтадан  ойлап  табу,  жасау  қажеттілігі  туындайды. 

Қазіргі заманда қоғамның барлық саласында креатив кең мағынада қолданылады.

Креативтілік және тиімділік

Креативтілік  және  тиімділік  тек  қана  бизнес  салаларында  ғана  емес,  сабақта  да  керек  тұстарын 

айқындауға болады. Өзгеше ойлап, өзіндік пікір айту - кретивті ойлаудың негізгі бөлшегі. Әдебиет пәнінде 

өзіндік көзқарас қалыптастыру –креативтілік.

Креакратия

Жағдайға қарай бейімделіп, кез-келген тұйық жағдайлардан өзгеше және тез шешімін табуға ұмтылатын 

адамдардың белсенділігін айтамыз. Ал саясатта бұндай адамдардың билігін креакратия деп атайды.

 Креативтілік теориясы

Креакратия және креативті технологиялар шет елде бастау алып, бізге енді бизнес, әсіресе шоу бизнес, 

жарнама салалары арқылы дендеп келеді. 

 Креативтілік

Креативтілік– латин термині «жоқтан бар жасау» немесе «шығармашылық» деген мағына береді. Батыста 

креативтілік деп шығармашылықтың технологиялық жағын қарастырады. Ал орыстарда кең мағынаға ие 

болған. Тек техникалық дамуды қарастырып қоймай, қоғам дамуындағы бар салаға бағыттайды. 

Шығармашылық  пен  креативтілік  мағыналас  емес.  Шығармашылық  процесс  автордың  шабытына, 

қабілетіне бағытталады. Ал креативтік процесс прагматикалық элемент, яғни бірдеңені не үшін ойлап табу 

керек, кім үшін ойлап табу керек, қажеттілігі бар ма деген сұрақтарды қамтиды. 



232

Nazarbayev

Intellectual

Schools

Креативтілікті  шығармашылықтан  тыс  қарастыруға  болмайды,  яғни  шығармашылық  болған  жерде 

креативтілік болады. Ал керісінше болуы мүмкін емес.

 Креативтілік – шығармашылық процесті ұйымдастыру технологиясы. 

 Технологияны іске асыру тәсілдері

Идеяларды іздеудің көптеген тәсілдері бар. Шартты түрде оларды үш топқа жіктеуге болады:

1.  Ойлауды психологиялық тұрғыдан белсендіру тәсілі

2.  Жүйеленген іздендіру тәсілі

3.  Бағытталған іздендіру тәсілі

Бұл әдіс әдебиет сабағы үшін өте тиімді әдіс. Әдебиет адам жан дүниесінің айнасы болса, психология 

ғылымы  адам  жанын  зерттейтін  ғылым  ретінде  әдебиеттегі  нәзік  тарамдарды  танытуда  атқаратын  ролі 

ерекше


Ойды психологиялық тұрғыдан белсендірудің ең танымал тәсілі- 40- жылдары А.Осборн ұсынған «миға 

шабуыл» әдісі. «Миға шабуыл» әдісі алғашқы кезде бизнес идеялардың ұжымдық көрінісі ретінде пайда 

болған. Яғни, қатысушылар идеяны ойлап табушылар және оны сынаушылар болып екі топқа бөлінеді. 

Негізгі ережелері мынадай:

1.  Айтылған  пікір,  ұсынылған  идеяларды  талқыға  салуға,  сынауға  болмайды.  Әркімнің  өз  ойын 

айтуға құқы бар.

2.  Басқа адам ұсынған пікірді, ойды қолдауға, дамытуға болады.

3.  Ой, пікір айтудағы нақтылық, ойды үздіксіз жалғастыру.

4.  Негізгі мақсат - көбірек жеке пікір, идеялар мен өз ойын айтқызу

5.  «Миға шабуыл» әдісінің ең бірінші шарты сыныпта психологиялық жағымды хал- ақуал туғызу. 

Оқушы ойын, пікірін, идеясын айтуда сыналудан, қателесуден қорықпау керек. Мысалы 5-сыныпта «Ақын 

қонақтарды » оқыған кезде Барлас ақынның Абайға бата берер кезін СТО технологиясы бойынша болжау 

тәсілін қолданып, өздеріне аяқтаттым. Бір оқушы сый-сияпат көрсетеді деді, біреуі жақсы тілек айтады 

деді, тағы да қонаққа шақырады деді, кетераяқ ұсынады деді. Кетераяқты үлкендер сиғызатын мағынада 

емес, шығарып салудың бір көрінісі ретінде қабылдаған балаға мен пікір қателігін дәлелдей бастасам, ол 

оқушы енді қайтып өз ойын айтудан қорынатын, қорқатын болар еді. Шығарып салудағы кетераяқты тілге 

тиек еткен оқушының кінәсі жоқ, сол салтқа куә қылған ата-ана кінәлі. Ал жағдаятқа оптимистік тұрғыдан 

қарасақ, сый-сияпат көрсету, тілек айту, кетераяқ беру- Абайға берер Барластың батасының қазіргі көрінісі, 

тек оны құндылық тұрғысына қарай бағыттау-ұстаз шеберлігі.

6.  Әдебиет  сабағында  қолдануға  тиімді  тәсілдің  бірі-«кері  шабуыл».  Бұнда  жаңа  ой,  жаңа  пікір, 

өзгеше идея іздеудің үш кезеңі қамтылған:

7.  Идеяның  немесе  пікірдің  әлсіз  түстары  мен  жағымсыз  жақтары  қарастырылады.  Мысалы  11- 

сыныпта М.Әуезов сомдаған Құнанбай бейнесін тарихи бейнемен салыстыра отырып пікір туындатуға, әрі 

жазушы еріксіз қолданған тәсілді талдауға болады. Немесе посткеңестік кезеңде жазылған шығармалардағы 

жетекші  ролде,  міндетті  түрде  қазақққа  ақыл  үйретуші  орыс  бейнесін  сынай  отырып  талдауда  кезең 

көрінісін, идеяға табынушылық сияқты құбылыстарды байқатуда тиімді тәсіл.

Әдебиет сабағында өзгеше ойлау, креативті ойлау ой қиялдан туады.. Ой - қиял сабақта бала ойына 

түрткі бола алсаңыз туындайды. Сөз дегеніңіз ой. Оқушыны сөйлете білгеніңіз ойына ой қосып, қозғау 

салғаныңыз.  Осы  процестерге  жетекші  болатын  креативті  технологиялар.  Бұл  технологияның  басты 

мақсаты-  баланың  ойлау  қабілетін  дамытып  қоймай,  асқындыру  (жақсы  мағынасында).  Әдебиетте 

креативті технологияның компоненттері мынадай:

• 

Креативті біліктер (елестету, жалғастыра алу, аглютинация)



• 

Сүлбелеу (схематизация)

• 

Топтастыру (типизация)



• 

Негізгісін бөліп алып көрсету (акцентировать)

• 

Алдын - ала білу



• 

Қайта түзу



Nazarbayev

Intellectual

Schools

233


• 

Жаңаша түрлендіру

Мен бұл технологияның әр этаптарына ерекше назар аудартамын, проблемалық сұрақтар қойып, өткір 

пікірлермен қозғау салу - оқушының өзгеше ойлауына, өзіндік қорытынды жасауына әкеледі.

Әдебиет сабағында креативті ойлауға жетектейтін процестің тағы бір түрі – мәтіндік зерттеу тәсілі.

Мәтіндік зерттеу

• 

Мәтіннен негізгі ойды табыңыз.



• 

Тосын жағдай (Мәтінде қандай тосын ойға кездестіңіз?) 

• 

Мәтіннен шығар өмірлік қағида. 



• 

Белгісіз  және  белгілі  мәліметтер.  Мәтіннен  сізге  бұрыннан  таныс  және  таныс  емес,  тосын 

ақпараттарды белгіле.

• 

Ойыңды суретпен бейнеле. Мәтіндегі негізгі ойды суретпен, кесте түрінде, карикатура түрінде 



жеткіз.

• 

Тәрбиелік мәні бар қорытынды. Оқыған мәтіннен өз өміріңе, іс-әрекетіңе септігін тигізер қандай 



қорытынды жасадың? 

• 

Талдауды  қажет  ететін  тақырыптар.  Мәтінге  сүйене  отырып,  осында  көтерілген  тағы  қандай 



мәселені талдар едің?

Тапсырмалар

• 

9-сынып. Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңін креативті технологияның компоненттері 



бойынша талдаңыз. Талдауға анализ жасаңыз

• 

11-сынып. 20-30-жылдардағы Әуезов әңгімелерін («Қорғансыздың күні», «Жетім», «Жуандық», 



«Ескілік  көлеңкесінде»,  «Кім  кінәлі?»,  «Барымта»,  «Оқыған  азамат»)  креативті  технологияның 

компоненттері бойынша талдаңыз. Талдауға анализ жасаңыз

• 

7-сынып. Абайдың 29-қара сөзін мәтіндік зерттеу тәсілі бойынша талдаңыз, талдауды қажет тетеін 



тақырыптарға проблемалық сұрақтар қойыңыз. Нені байқадыңыз?

• 

7-сынып. «Боранды түнде» әңгімесін мәтіндік зерттеу тәсілі бойынша талдаңыз. 



Талдаудың  бұл  түрі  оқушыларды  нақты  сөйлеуге,  ойын  шашыратпай,  қысқа  ғана,  негізгісін  айтуға 

баулиды. Шығармашылықпен еркін әңгімелеу оқушылардың қиялын, арманын ойын дамытады, қабілетіне 

әсер етеді. Оқушы көркем мәтінді талдай білу арқылы нақты, дәлелді сөйлеуге дағдыланады, сөз құдіреті 

мен  қасиетін  ұғынады.  Сол  себептен,  ең  алдымен  көркем  тілмен  сөйлеуге  талаптандыру  керек.  Әр 

сөйлемнің негізінде нақты ой, сол ойды анық, айқын кестелейтін сөз оралымдары болу керек. Күнделікті 

пайдаланатын  тілді  жақсы  меңгерген  баланы  оны  кестелеп,  әдемілеп  қолдануға  дағдыландыру  керек. 

Мағынасыз сөздер, шұбалаңқы сөйлемдер, айтатын ойын нақтылап беруге шорқақтық көркемдеп сөйлеуге 

зиянын тигізеді. Сондықтан көркемдеп сөйлеуді әр сабақта жүйелі түрде жүргізген тиімді болмақ. Көркем 

сөйлеу  оқып  отырған  көркем  шығармаға  да  тікелей  байланысты.  Ал  көркем  шығарма  оқыған,  көркем 

шығарманы көркем талдай білген, көркем сөйлей білген оқушы сөзсіз өзгеше ой айтуға тырысады. Ал 

өзгеше ой айту-кретивті ойлаудың көрінісі. 

Әдебиет


1. Т. Ақшолақов. Шығарманың көркем айшықтарын таныту, А., «Жазушы», 1998.

2. А. Байтұрсынұлы. Тіл тағылымы, А, «Жазушы», 1992.

3. Р. Сыздықова, Б. Шалабаев. Көркем тексті лингвистикалық талдау, А., «Мектеп», 1989.

4. Қ. Бітібаева. Әдебиетті оқытудың тиімді жолдары, А., «Жазушы», 1990.

5. Қ. Бітібаева. М. Әуезов шығармашылығын мектепте оқыту А., «Жазушы», 1994.

6. Коростылева Л.А. Психологические барьеры и готовность к нововведениям. СПб., 1996, 66 стр.

7. Мясоед Т.А. «Интерактивные технологии обучения. Спец. семинар для учителей» М., 2004

8. Пидкасистый П.И., Хайдаров Ж.С. Технологии игры в обучении и развитии. М., 1996, 268 стр.

9.Суворова Н. Интерактивное обучение: Новые подходы. М., 2005.

10. Сайт www.albest.ru, www.tor.kz 



234

Nazarbayev

Intellectual

Schools

Мұкатаева Г.К.

 

 “Назарбаев Зияткерлік мектептері” ДББҰ

(Қазақстан Республикасы)

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ БҮГІНГІ ЖАЙЫ, КЕЛЕШЕГІ

Тіл мәртебесі – елдіктің айнасы, ұлттың ұлылығы, халықтың тарихтағы орнын белгілейтін мемлекеттік 

сыны. «Адамзатты сақтаудың, ұлтты қорғаудың басты жолы тілді дамыту, қорғау»,- десек әсте қателеспейміз.

Тіл - ойдың елшісі. Кез келген уақытта жүрек қылын шертіп ой елегінен өтіп, ақыл таразысына салынады. 

Недәуір уақыт ақылда сұрыпталып, екшеліп, адам алған әсерін тіл арқылы жеткізеді. «Тіліне қарап білімі» 

демекші, пенденің тілімен әрбір сөз, пікір, тұжырым оның рухани мәдениетінің өрісін, білім-білігін, ойлау 

қабілетін көрсетіп қана қоймай, қоғамда алатын орнын анықтайды. Себебі сөйлеген сөзінен, пікірінен адам 

баласының ішкі дүниесін, жан сарайын, түйсік санасын өлшеуге, толық тануға болады. Түптеп келгенде, 

тіл – адам жанының айнасы. Өмірге бей-жай қарайтын, басынан өткен-кеткендерін парақтай алмайтын, 

өзін  тануға,  табиғатты  түсінуге,  қоғамның  бет  алысын  шамалауға  тырыспайтын  адамнан  тұрлаулы  ой, 

түбегейлі тұжырым шығу қиын. Себебі дәмді сөз тәтті ойдан шығады. Тіл – қастерлі де, құдіретті. Ол әрбір 

адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы – әр халықтың ұлттық мақтанышы. Тіл – атадан 

балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.

Тіл – өмірдің ұлы қаруы. Сөз өнері «Адамға екі нәрсе тірек тегі: бірі – тіл, бірі – дінің жүректегі», 

деп Жүсіп Баласұғын бабамыз өсиет еткендей, тіл халықтың жан жүрегі, оның күллі рухани имандылық, 

табиғи құқықтық ырыс-игіліктерінің негізі. Рухани мәдениеті биік, ойы ұшқыр, білімі толық адам өзінің 

ой-пікірін жеткізе алмаса, онда оны ел танымайды. Ал, Тәңірі бізді басқа жан иелерінен бөліп жаратып 

тіл берді емес пе?! Көрген- білгендерімізді санада қорытып, басқаға түсіндіре білуіміз үшін әлемдегі ең 

ұлы құралды сыйлаған жоқ па?! Ендеше, сол құралды халық игілігі үшін жұмсау керек. Сонда ғана біз 

ашқан жаңалықтар халық құлағына жетіп, көңіліне қонады. Халықтың психологиясын, дүниетанымын, 

табиғаттағы  әр  құбылысқа  деген  көзқарасын  ана  тілінен,  әдебиетінен  танимыз.  Біз  тіліміз  бай,  ойы 

ұшқыр халықпыз. Сан ғасыр бойы жасаған ауыз әдебиетіміз – соның айғағы. Десек те, сол әдебиеттен нәр 

алып, шырынын ынталап бойға сіңіретін жастарымыздың жоқтығы алаңдатады.Оқуға селсоқ қарайтын 

жастарымыз  теледидирдан  небір  сорақылықты,  зорлық-зомбылықты  көріп  санасының  уланып  бара 

жатқанын байқамайды. Бұл жас ұрпақты шірітудің ең сұрқия амалы. Қазақ халқының рухани байлығының 

мәйегі – тіл. Барша өнерді қадір тұтқан халқымыз солардың ішінен «Өнер алды – қызыл тіл» деп, бөле-

жара айтқаны оның қасиеті мен киесіне сенгендігі болар. «Өткірдің жүзі,кестенің бізі, өрнегін сендей сала 

алмас» деп Абай данамыз арғы-бергі тарихтың сабағын саралай келіп, халқына рухани дүниесіндегі көркем 

тілдің орны мен құдірет-күшін дәл бағалапты. Халық шешендерін бұлбұл, дүлдүл, жүйрік деп ардақтаса, 

ойды кестелі сөзбен айта білген адамда шешен атағаны белгілі.Сөздің мәнерлі, ойлы, тұжырымды болуына 

аса талғаммен қараған. Тіл өнері халқымыз үшін, шын мәнісінде дертпен тең болған.

Таза мінсіз асыл сөз

Ой түбінде жатады.

 Су түбінде жатқан тас,

Жел толқыса шығады.

Ой түбінде жатқан сөз,

Шер толқыса шығады,- деп Асан Қайғы бабамыз айтқандай, бүгінгі шеріміз – ана тіліміз десек, жаңылыс 

айтпайтын  шығармын.  Бұған  дәлелім  –  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  тілі,  ана  тіліміздің, 

атамекенімізде  өзінің  құдіреттілігі  мен  асылдығы,  өткірлігі,  тазалығы  мен  шырайлылығы  дәрежесінде 

құралып, кең жатып, өрісіне, білігіне жете алмай отырғандығы. Қазақ тілі еш уақытта өзімен көршілес 

халықтың тілдерінен сорлы болып, қатардан қалып өмір сүрмегендігі, өз сыбағасын өзгеге жібермегендігі 

мыңдаған ғасыр тарихында айқындалған. Кейбір ұл-қыздарымыздың ана тілін білмеуі, не шала білуі мені 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет