Nazarbayev
Intellectual
Schools
389
«Қазақстан Республикасындағы – білім және ғылым» атты ақпараттық-статистикалық материалдар
жинағына енген Елбасының «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» деген
ойы нақтылай түседі. Осы ретте Қазақстан Республикасы, әсіресе, тәуелсіздік кезеңінен соң әлемдік
деңгейден артта қалмау үшін білім беру жүйесінде – әлемдік білім деңгейіне көтерілу, оқытудың жаңа
әдістерін қолдану сияқты маңызды, әрі түбегейлі жаңаша міндеттер қойып отыр. Ел президенті Н. Назарбаев
«Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін жолға қоюға тиістіміз» деп
қолдау көрсетті. Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында:
• халықтың барлық топтарының сапалы бiлiмге қол жеткiзуiн қамтамасыз ету;
• әлемдiк тәжiрибе және тұрақты даму қағидаттары негізiнде бiлiм берудiң мазмұны мен құрылымын
жаңарту;
• бiлiм берудi халықаралық стандартты жiктеу ұсынымдарына сәйкес кәсiптiк бiлiм беру,
• бiлiм беру үдерісін оқу-әдiстемелiк және ғылыми негізде жетiлдiру секілді бірқатар нақты
міндеттер қойылып отыр.
Қазақстан Республикасының білім жүйесін сапалы түрде қайта құру кезеніңде дүниежүзілік білім
жүйесіне ену үшін әлемдік білім жүйесіндегі озық тәжірибелерді жинақтап, сұрыптап, оның тиімді
тұстарын енгізу қажет болып отыр.
Сондықтан да, бүгінгі күні білім беру жүйесінде оқыту үрдісін тың идеяларға негізделген мазмұн
және технологиялармен қамтамасыз ету міндеті тұр.Қазақстан Республикасының әлеуметтік,экономи
калық,қоғамдық саяси өміріне белсенді араласуға дайын құзіретті тұлғаны қалыптастыруға ықпал ету.
Ол 2020жылға дейін енгізілетін 12 жылдық білім беру мазмұнынан көрініс таппақ.12жылдық білім беру
жүйесінде мектеп оқушысынан күтілетін нәтиже түйінді және пәндік құзіреттерді қалыптастырумен
айқындалады.Түйінді құзіреттерді қалыптастыру мен дамытуда зерттеу әрекетінің маңызы зор.Алайда,оқу
үдерісінде оқушылардың ұжымдық және дербес ұйымдастыру мүмкіндіктері шектеулі.Оның шешімі
сабақтан және сыныптан тыс уақыттарда ғана табылады.Білім беру мекемелеріндегі баланы өзіндік зерттеу
ізденісін қолдану тәжірбиесі оның бір жақты ғана шешілетінін көрсетіп отыр.Төменгі сыныптың оқушысы
оның өзіндік оқу зерттеулеріне арнайы түрде үйреткен кезде ғана жасай алады.Оқушының зерттеушілік
қабілеттін дамытудың арнайы тренингтері тиімді болмақ.
Адамзат тудырған алыптардың қатарындағы ұлы Абай мұрасының, оның педагогикалық
көзқарастарының алар орны өз алдына бір төбе. Озық мәдениеттің жарық жұлдыздары XX ғасырдың
басында тәлімдік ой- пікірлерімен барша қазақ даласын дүр сілкіндірген Шәкәрім, Ахмет, Халел, Мағжан,
Сұлтанмахмұт, Жүсіпбек, Мыржақыптардың ұлттық дәстүрді өз туындыларының негізгі арқауы еткен
педагогикалық тұжырымдары қазіргі заман талабымен үйлесе үндесіп жатқандығы белгілі. Кемеңгер
Ахмет Байтұрсынұлының өткен ғасыр басында –«Мектептің жаны мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі
hәм сондай болмақшы…әуелі біз елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек. Неге десек,
болыстық та, билік те, халықтық та оқумен түзеледі. Қазақ ісіндегі неше түрлі кемшіліктің көбі түзелгенде,
оқумен түзеледі» – деген ұлағатты ескертпесі бүгінгі қазақ мектебінің ұлттық білім стратегиясының
тұғыры ретінде қабылдануда.
Ұлы Мағжан Жұмабаев:«Баланы өз күшіне сендіріп үйрету керек» деген және бір затпен танысқанда
сыртқы сезімдердің көбі қатынасса, ол зат ұмытылмайды. Балаға бір нәрсені білдіру керек болғанда,
осы жолды ұстау керек. Яғни мүмкін болғанша баланың сыртқы сезімдерінің көбін қатынастыру керек.
Мысалы, бір заттың түрін де көрсет, дыбысын да естірт, ұстатып та көр, иіскет, дәмін татқыз, сыйпат,
суретін салғыз. Баланың жаратылысының өзі осыны тілейді. Бала өзінің көрген нәрсесін ұстағысы келеді.
Ұстаған нәрсесінің дәмін татқысы келеді. Осы жолды ұстағанда, баланың білімі берік болады.
Білім берудің мақсатын айқындау үшін Жүсіпбек Аймауытовтың мына сөздерін еске алған жөн:
“Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашылған саналы
ақыл көзімен қарай білсе, міне, білімдендірудің кездейтін түпкі мақсаты — осы. Мектеп осы бағытта
баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек.
390
Nazarbayev
Intellectual
Schools
Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд:
Жай мұғалім хабарлайды,
Жақсы мұғалім түсіндіреді,
Керемет мұғалім көрсетеді,
Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді.
Қайта өрлеу дәуiрiнiң ұлы ойшылы, ХҮI ғасырда өмiр сүрген француз ғалымы Мишель Монтень
оқытудағы танымдық әрекеттiң маңыздылығын ерекше атап көрсеттi: «Тәрбиешi баланы бастан – ақ оның
бойындағы қабiлеттердi еркiн көрсете бiлуiн, түрлi заттардың дәмi мен олардың ерекшелiктерiн ажыратуда
өз бетiнше әрекет етуiн, кейде оған жол көрсетiп, кейде, керiсiнше, өзiне iздеп отыруын қалаймын».
Монтень таным әрекетiнде оқушының басшылық ролiнiң маңыздылығын түсiндi. Ол: «Оқушы мұғалiмнен
алған бiлiмiн түгел сүзбеден өткiзiп, өз бетiнше талдау жасату қажет. Соның нәтижесiнде оның бiлуге
құштарлығы дами түсетiнi сөзсiз», - деп жазған болатын.
Демек, Монтень пiкiрлерiнде оқушының танымдық iзденiмпаздығын дамыту идеялары айтылған.
Монтеньнен кейiн iзденiмпаздық ұғымы мен ондағы мұғалiмнiң ролi туралы идеяның маңыздылығын
Я.А. Коменский, Ж.Ж. Руссо, И.Г. Пестолоцци және т.б. мұраларында жалғасын тапты.
Танымдық iзденiмпаздықты дамытудағы оқыту әдiстемесiнiң негiзiн Я.А. Коменский қалады. Ол:
«Таным бастамасы – сезiмнен, бала сезiне бiлмесе, оның ой – өрiсiнде ешқандай өзгерiс болмайды.
Оқытуды зат туралы сөзбен емес, сол затты бақылау арқылы шәкiрттiң ойын дамыту керек», - деп жазды.
«Мен өз шәкiртiмнiң әрқашанда өз бетiнше бақылауын, практикада өздiгiнен тұжырым жасауын
дамытуды – бiлiм берудегi негiзгi жетiстiкке жету құралы ретiнде қарастырамын», - деген болатын.
Коменский оқытудың мақсаты ғылыми бiлiмдi меңгеру және өмiрге пайда келтiру деп бiлдi. Ол
«Ұлы дидактика» еңбегiнде: «Заттың не құбылыстың түп тамырына жету, анықтау қабiлетiн дамыту, оны
шынайы түсiну және қолдана бiлу қажет», - деп ерекше атап өттi.
Я.А.Коменскийдiң шәкiрттiң iзденiмпаздығы туралы пiкiрiн Д. Локк одан әрi дамытып, оқу
әрекетiндегi мотив пен ұмтылыс туралы сөз ете отырып, баланы дамытудағы iзденiмпаздықтың қажеттiгiн
атап көрсеттi.
Ж.Ж.Руссо тәрбие мақсатын сөз ете отырып, баланың шығармашылық тұлғасын көрсету керектiгiн
айтты. Ол алғаш рет оқытудағы белсендiлiк пен өзбеттiлiк, iзденiмпаздық ұстанымын көрсетiп бердi.
Ж.Ж.Руссо идеясын И.Г.Пестолоцци әрi қарай дамытты. Ол баланың iзденiмпаздығын дамытудағы
мұғалiмнiң ролiн ерекше атап көрсеттi.
ХҮIII – ХIХ ғасырдағы танымдық iзденiмпаздық теориясының дамуына И.Г. Песталоцци еңбектерiнiң
маңызы зор болды.
И.Г. Песталоций оқыту әдiстемесiнiң жалпы психологиялық қайнар көзiн iздедi, сол арқылы ғана
адамның дамуын жүзеге асыруға болады деп есептедi.
Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет
пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас
буын - еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар
мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды
құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,- деген тұжырым
жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет.
Заман талабына сай оқу үрдісін ұйымдастыруда оқушыны өнімді әрекетке баулу арқылы өз
мүмкіндігін сезінуге, ашуға,өз бетінен білімін толықтыруға үйрету , аса қабілетті балалардың танымдық
мүмкіндіктеріне сай сұранысын қанағаттандыру аса маңызды. Осыған байланысты баланы зерттеу
әрекетіне дайындау, оның зерттеушілік ізденіс білігі мен дағдыларын қалыптастыру қазіргі білім беру
ісінің маңызы міндеті болып есептеледі.
Педагогика бойынша зерттеу тәжірбиелеріне сүйене отырып, педагогикалық жаңалықтың мынадай
критерийлер жиынтығын анықтауға болады:
Nazarbayev
Intellectual
Schools
391
Инновацияның негізгі критерийі ғылыми педагогикалық тәжірбиеге де баға беруде басшылыққа
алынатын жаңашылдық деп білеміз. Сондықтан инновациялық процеске араласқысы келетін мұғалім қолға
алған жаңалығының мәнін, оның жаңашылдығының деңгейін анықтап алуы тиіс. Біреулер үшін жаңалық
болып табылатын құбылыс екіншілер үшін олай болмауы мүмкін. Осыған байланысты мұғалімдерді
инновациялық процеске тартқанда олардың еріктілігін, тұлғалық ерекшелігін, дербестік-психологиялық
мінездемелері ескерілуі тиіс.
Жаңашылдықтың бірнеше деңгейін бөліп көрсетуге болады.
Критерийлер жүйесіндегі оптималдық нәтижеге қол жеткізуге мұғалім мен оқушының жұмсаған
күшінің шығыны мен қолданған тәсілінің тиімділігін айқындайды. Әртүрлі мұғалімдер әртүрлі
еңбек жағдайымен бөлек оқушылар ортасында бірдей жоғары нәтижеге қол жеткізеді. Оқу процесіне
педагогикалық инновацияны енгізіп, барынша аз дене, ой еңбегін және аз уақыт жұмсап жоғары нәтижеге
қол жеткізу оның оптималдығын білдіреді.
Нәтижелік инновацияның критерийі ретінде мұғалім қызметіндегі оң нәтижелердің барынша
тұрақтылығын білдіреді. өлшемдегі технологиялық, нәтижені бақылау мен белгілеудегі, түсіну мен
баяндаудағы тұтастық бұл критерийді, жаңа әдістің маңыздылығын, оқыту мен тәрбиелеудің тәсілдерін
бағалаудың басты құралына айналдырады.
Инновациялық бұқаралық тәжірбиеде шығармашылықпен қолдану мүмкіндігі педагогикалық
инновацияны бағалаудың критерийі ретінде қарастырылады. Шындығында, құнды педагогикалық идея
немесе технология шартты ерекшеліктерімен, күрделі техникалық жарақтан-дырылуымен немесе мұғалім
қызметінің ерекшелік-терімен тар шеңберге тығылып, қолдану мүмкіндігі шек-теулі болса, онда біз
педагогикалық жаңашылдық туралы айта алмас едік. Білім, әлеуметтік-қажеттілік болумен бірге біршама
қызметтер атқарады. Ғалымдардың пайымдауында (Н. В. Берковский, А.А. Реан) білім қызметтері
төмендегідей:
• Адамның ғылым және мәдениет әлеміне енуінің ең оңтайлы да жедел жолы. Бүкіл дүние қазіргі
таңда әлем және барша планета азаматын тәрбиелеуге ұмтылыс жасап, білім аймағында барлық күш- қуатын
топтастыруда. Дүниежүзілік білім кеңістігі жедел дамуда. Сондықтан да әлем қауымдастығы адамның
жасайтын орны не елі, білім игеру типі не деңгейіне тәуелсіз жаhандық білім стратегиясын қалыптастыру
талаптарын алға тартып отыр;
• Тұлғаның әлеуметтенуі мен ұрпақтар жалғастығын қамтамасыз ету тәсілі. Адамдардың
идеологиялық көзқарасы мен талғамдарының, әлеуметтік танымдарының, мұраттары мен тіршілік
климаттарының түбегейлі өзгеріске түсіп жатқан заманда білім қайта жаңғырту мен тарихи және
әлеуметтік тәжірибені әулеттен әулетке өткізу процесін қалыпты жүргізуге мүмкіндік береді, сонымен
бірге жаңа саяси және экономикалық жағдайларды, қоғам және мәдениет дамуын жаңа бағыттарын жас
ұрпақ санасына ендіріп, бекітуге жәрдемдеседі. Тек білімнің ғана үйлестіру, тұрақтандыру қызметіне бола
, адам жаңа өмір салттары мен тіршілік шарттарына икемделіп, бейімделеді.
• Адамның қоғамдық және рухани өмірін , сонымен бірге жалпы халықтық рухани сана қалыптастыру
тетіктері: Білім беру және тәрбиелеу мекемелері белгілі дәуір адамының әлеуметтік- мәдени іс-әрекеттерінің
ең жоғары өрнек - үлгілерін шоғырландырады. Осыдан білімнің әлеуметтік құндылығы білімді де ізгілікті
қоғам адамының маңыздылығымен өлшенеді. Білімнің адамилық (гуманистік) құндылығы әрбір жеке
тұлғаның танымдық және рухани қажеттерінің даму мүмкіндіктерінен көрінеді. Біртұтас білім жүйесінің
барша түрлері мен деңгейлерінде елдің интеллектуал және рухани- инабаттық мүмкіндіктері жинақталып,
даму жолына түседі.
• Мәдени қалыпқа енген жеке мінез-құлық және қимыл- әрекет үлгілері мен қоғамдық өмірдің
бекіген формаларының ауысып (трансляция) баруы. Оқу және тәрбие барысында адам өркениет дамуына
қажет әрі мәдени-тарихи маңызы бар әлеуметтік- мәдени нормаларды игереді, атап айтсақ, олар: адамның
әлеуметтік топтар мен өндірістегі, отбасы мен қоғамдық орындардағы, сонымен бірге ортақтасу, жеке
392
Nazarbayev
Intellectual
Schools
тұлғалық және іскерлік қатынастардағы моральдық және ізгілік талап өлшемдері.
• Аймақтық жүйелер мен ұлттық салт-дәстүрлердің даму әдісі. Кейбір аудан тұрғындарының
ерекшелігі педогогикалық міндеттерге өзіндік өң береді. Жастардың қала не ауылдың рухани өміріне
енуі осы білімнің арнасында өтіп жатады. Аймақтық білім жүйесінде бұқара халық арасындағы әрқилы
әлеуметтік топтардың сұраныстары ескеріледі.
• Тұғырлы мәдени құндылықтар мен қоғамның даму мақсаттарын бірден бірге өткізіп тұрушы және
іске асырушы әлеуметтік институт (ресми құрылым, мекеме). Әлеуметтік институттар жас ұрпақты бүгінгі
қоғамда дербес жасауға мақсат бағдарлы дайындау жұмыстарын іске асырып барады.
• Жеке адам мен қоғамдық өмірдегі мәдени ауысулар мен қайта түрленудің белсенді үдеткіш күші.
Әлемдік тәжірибеде қалыптасқан мынандай тұжырымдама бар. Озық елдер өздерінің білім
саласындағы жетістікке жетуін негізгі үш міндетпен байланыстырады. Олар:
- ұстаздардан әрбір балаға тең дәрежеде көңіл бөлуді талап ету;
- педагогикалық кадр құрамының кәсіби деңгейінің жоғары сапасын үнемі бабында ұстау;
- мұғалімдік қызметке барынша дарынды жандардың тартылуына көңіл бөлу
Әрбiр жеке тұлғаның құндылық қасиеттерiн дамытып, қалыптастыруға аса мән берiлiп отырғаны
белгiлi. Әсiресе ұрпақтан – ұрпаққа мирас болып келе жатқан салт – дәстүр, әдет – ғұрыптар, тарихи –
әдеби мұралар арқылы оқушылардың жеке бас қасиетiн дамыту мүмкiндiгiне барынша көңiл бөлiнгенiн
ғылыми – зерттеу еңбектерден аңғарамыз.
Көп жылдық бастауыш сынып мұғалiмi ретiнде байқағаным – бастауыш сынып оқушысының есте
сақтау мен танымдық қызығушылық қабiлетi жақсы болады. Кез-келген оқу әрекеті,оның ішінде зерттеу
әрекеті ерекше қолдау және сапаны бақылау жүйесін талап етеді.Ол мазмұнын,ұйымдастыру формалары
нәтижені бағалау әдістерін көздейді. Білім беру тәжірибесіне, оның ішінде шетелдік тәжірбиеге, жаңаша
көзқараспен қарап, зерделеп, алдыңғы қатарлы идеяларды отандық білім беру тәжірибесіне енгізу,
қазіргі кезде өзекті болып отыр. Соңғы кезеңде білім беру саласында да әлемдік өзгерістер жүруде. Олар
мектептерге әсер ете отырып, болашақта үлкен өзгерістер мен жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік
береді. Шешуі қиын мәселелерді әлемдік білім беру тәжірибелерді ұштастыра отырып шешімін табуға
болады. Осыған орай оқытудың да мазмұны мен әдіс-тәсілдерін жаңартуға мүмкіндіктер туады. Білім
жүйесін жаңарту мәселесі басқа жақын және алыс шетелдердің іс-тәжірибелеріндегі алдыңғы қатарлы
озық үлгілерді, оқытудың тиімді жолдары мен әдістерін де қолдана білуді керек етеді.
Егер баланың қызығушылығы жайында жүйелi мәлiмдемелер түсiп отырса, баланың даму үрдiсi
шапшандайды. Бiз бұл жерде Л.В. Занковтың идеясын негiзге алдық. Ол баланың қоғамдық өмiрдiң әртүрлi
жақтарымен еркiн араластыру керек, әртүрлi баланың дамуы үшiн туындайтын шегiнiстерден қашпауымыз
керек, керiсiнше, баланың дамуына қандай дәрежеде ықпал еткенiн айқындай отырып, жүргiзу қажет деген
ұсынысын зерттеуiмiзге басшылыққа алдық. Тарихи ескерткiш мұраларға жүргiзiлген саяхат – сабақтар
мен эксурсиялар баланың танымын қалыптастыруда негiзгi орын алатынын практика барысында айқын
байқадық. Мысалы ретінде бір жұмыстың журнал нұсқасы
Зерттеу жұмысының тақырыбы: Қарахан әулие, Айша бибі, Бабажа-хатун кесенесі.
Оқушының аты-жөні: Ермеков Нұрдаулет Тлеуханүлы
Мектебі: Балқаш қаласындағы №2 Абай атындағы лицей.
Ғылыми жетекшінің аты-жөні: Торыбаева Айгүл Есімқызы
Әртүрлi жүргiзiлген саяхат жұмыстары бастауыш сынып оқушыларының ынтымақтастығын жетiлдiре
түседi. Бұл туралы психолог Л.С.Выготский «Дербес жұмыс iстегеннен гөрi бала ынтымақтастықта
күштiрек әрi ақылдырақ болып, ол өзi шеше алатын интелектуалды қиындықтар деңгейi жөнiнен биiкке
көтерiледi…», - дейдi.
2011 жылы білім беруді дамытудың жаңа кезеңі басталды. Мемлекет басшысы Қазақстанды әлемдік
Nazarbayev
Intellectual
Schools
393
деңгейдегі білім орталығына айналдыру туралы биік мақсат қойды. Білім беруді дамытудың мемлекеттік
бағдарламасы қабылданды. Биылғы оқу жылының және алдағы онжылдықтың басты міндеті – оқытудың
түбегейлі жаңа сапасына қол жеткізу екендігіне назар аударып, бұл жұмыс ең алдымен мұғалімдерге
қатысты екенін, олар оқыту бойынша басты тұлға болып есептелетінін алға тартып, сондықтан да мұғалім
кәсібі қоғамда ең беделді, құрметті мамандыққа айналуы тиіс деп атап өтті.
Қай кезеңде де жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру, қоғам алдындағы, ең жауапты, маңызды ісі болған
және солай болып қала бермек. Сондықтан мемлекетіміздің дамуы, жаңаруы жолындағы жаңалықтары мен
түрлі өзгерістері білім саласына өз әсерін тигізуде. Бүгінгі бүкіл әлемдік білім беру үрдісіне ұмтылыстар,
өзгеріп жатқан, жаңа өмірге бейімделуге қажеттілігі туындап отыр. Ұстаз шәкіртіне мәлімет беріп қана
қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында
өмір сүруге тәрбиелеу керек.
Әдебиет:
1. Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. -А., 1991.
2. Алмаханова Х. Жас өспірімдерге эстетикалық тәрбие беру. /Методикалық нұсқау. А., 1990.
3. Әбенбаев С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. -А., 1999.
4. Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық мәселелерi және тарихы. А; “Бiлiм” 2004 ж.
5. Жарықбаев К.Б., Қалиев С. Қазақ тәлiмiнiң тарихы. А; “Санат” 1995 ж.
6. Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. А; “Санат” 2001 ж.
7. Қалиев С., Молдабеков Ж., Иманбекова Б. “Этнопедагогика” Астана. 2005 ж.
8. Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. Алматы -2002.-250 бет
9. Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Оқулық.Алматы-2005.- 359 бет
10. Намазбаева Ж.И. Психология, оқулық Алматы-2005.- 430 бет
11. Алдамұратов А. Жалпы психология,Алматы,1996. – 300 бет
12. Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы 1993. – 300 бет
13. Илина Т. А. Педагогика:- Алматы, 1977.- 488 бет.
14. Ж.Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаев. Педагогика. – Алматы, 2002. - 369 бет.
Төребаева К.Ж.
педагогика ғылымдарының докторы
Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты
(Қазақстан Республикасы)
ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ:
ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ
Әлемдік білім кеңістігінің қалыптасуы мен даму тарихы, оның әр кезеңіндегі айқындалған
тенденциялары халықтың гүлденіп өркендеуінің, қоғамдағы прогрессивтік өзгерістердің білімге
байланыстылығы менжалпы білім саласының маңыздылығын дәлелдейді. Әрбір мемлекеттің
интеллектуалдық, экономикалық, парасаттылық және мәдени қатынасы білім саласының дамуына және
оның жаңашадаму мүмкіндіктеріне тікелей байланысты екендігін педагогика ғылымы мен білімінің даму
тарихы айқындап отыр.
Егемен Қазақстанның ғылымы мен білімінің стратегиясы ұлттық білім мен тәлім-тәрбие идеяларын
сақтай отырып, әлемдік білім кеңістігіне кірігуімен анықталады. Үшінші мыңжылдық жылнамасын ашып
отырған бүгінгі жаңарған Қазақстанның білім беру саясатындағы өзекті ой -еліміздің экономикасы мен
әлеуметтік саласының тұрақты дамуының басты факторларының бірі екендігі.
394
Nazarbayev
Intellectual
Schools
Еліміз ғасырлар тоғысында тәуелсіз мемлекетке айналып, өзінің қоғамдағы саяси, әлеуметтік-
экономикалық, мәдени білім парадигмасы жүйесін әлемдік өркениет үлгісінде дамытуға бағыт алуда.
Өркениетті әлемнің таңдаулы мүшесі болу – елдің рухани және мәдени қуатына, ғылымы мен біліміне
байланысты.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана әлемдік дамудың
алдында, озық тұсында болады», - деп атап көрсеткен. Жаһандану жаңа қоғамда орын алған экономикалық
өзгерiстер мен технологиялық жетiстiктер – қоғам дамуының қозғаушы күшi болып табылатын бiлiм
жүйесiне өзіндік әсерін тигізеді. Сонымен қатар, білім беру дүниежүзілік интеграциялық үдеріспен қатар
дамуда да маңызды роль атқарады. Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық
қасиеттер, ғылым және практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру және дамыту үшін
қажетті жағдайлар жасау болып табылады[1, 22].
Білім беру жүйесі жаңа бағыт іздеу, оқыту мазмұнын жаңартуға бет бұрды. Әлеуметтік жағдайды,
жаңашылдық өзгерістер мен әлемдік педагогикалық тәжірибені ғылыми тұрғыдан талдау білім беруді
дамытудың жаңа бағдары - жаңа стратегиясын таңдауға себепші болды. Қазақстандық білім жүйесін
модернизациялаудың негізгі бағыттарының мақсаты – оның нарықтық экономика жағдайында,
жаһандануды ескере отырып, жаңа мазмұнын қамтамасыз ету. Білімді модернизациялау осы салада
жинақталған позитивті әлеуетті сақтау негізінде бұл үдерісті тереңдетіп, дамытудың жаңа құқықтық,
ғылыми-әдістемелік, қаржылық-материалдық және кадрлық сәйкестік қажеттілігін туғызады.
Білім- адам үшін берері көп, мағынасы кең ұғым. Ғылыми әдебиеттерде білім- айналадағы дүниенің,
адамның практикалық және танымдық қызметі үшін қажетті жақтарын бейнелеу делінсе, келесі әдебиетте
білімді тиісті объектілер туралы біздің алған хабарларымыз, акпараттарымыз деп қарайды.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде білім - оқу, үйренумен санаға қонатын ақиқат жайлы түсінік, ал
Қазақ кеңес энциклопедиясында білім - бүкіл танымның даму үрдісінде қалыптасқан адамзат мәдениетінің
рухани қазынасының жиынтығы делінген. Білімге берілген анықтамалардыңбарлығының мағынасы біреу-
адам баласының іс-тәжірибесінде, рухани өмірінде жинақталған ақпарат, шындық жүйесі.
Адамның айналадағы дүниені танып - білуі күрделі қайшылыққа толы, ұзаққа созылатын және жаңа
білімді игеруімен байланысты жүреді.Әлемдiк қауымдастықтың бiртұтас бiлiм кеңiстiгiн қалыптастыруға
бағытталған ортақ мүддеге барынша әрекеттенуi – жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына
сiңiрген саналы да парасатты тұлғаны тәрбиелеуі. Бұл тұрғыдан қарағанда, білім барша қоғамдар мен жеке
индивидтер өмірінің ажырамас бір бөлігі ретінде қалыптасатынын айтуға болады.
Білімнің әлеуметтік өмірдегі ерекше сипатқа ие болу кезеңі білім мен әлеуметтік тәжірибені ұрпақтан
– ұрпаққа жеткізу үрдісі қоғамның тіршілік әрекеттерінен өз алдына бөлініп және тәрбие мен оқуды іске
асыратын арнайы кәсіби мамандардың пайда болу дәуірінен басталады. Жалпы білім қорын ғылымға
дейінгі, яғни күнделікті өмірде туындаған қарапайым білім және ғылыми білім деп екіге ажыратуға
болады. Ғылымға дейінгі қарапайым білім – тіршілік барысында, іс-әрекет үстінде, тәжірибе ауқымында
жинақталады. Ол бар болғаны құбылысты сипаттайды, оқиғаның қалай өтіп жатқанын пайымдайды. Ал,
ғылыми білім - терең де мазмұнды. Ол құбылысты, оқиғаны жай сипаттаумен ғана шектелмейді. Ғылыми
білім оқиғаларды, құбылыстар мен фактілерді сырттай сипаттап қана қоймайды, сонымен қатар оларды
түсіндіреді, ішкі табиғатын, мәнді жақтары мен маңызды байланыстарын ашып көрсетеді, яғни даму
заңдылықтарын айқындайды. Осы негізде ғылыми білім оқиғалардың, кұбылыстардың даму бағдарына
болжам жасайды. Білім және ғылым мәселені тарихи талдау, оның қалыптасуы мен дамуы прогрессивті
ой-пікірлерді қамтитынын көрсетті.
Жоғарыда атап көрсетілген сөздіктер мен ресми құжаттардан басқа зерттеуші ғалымдар білім
ұғымына берген әртүрлі анықтамаларына көңіл аударуға болады, мысалы И.Я.Лернер «білім – бұл тұлғаның
дамуын қамтамасыз ететін, білімдердің біліктілік пен дағдылардың, шығармашылық әрекет тәжірибесінің
және әлемге деген сезімдік-құндылықты қарым-қатынастардың педагогикалық икемделген жүйесі» деп
анықтайды[3,42].
Ю.К.Бабанскийдің анықтамасы бойынша, білім - оқушылардың қабілеттерін жан-жақты дамытуға,
Nazarbayev
Intellectual
Schools
395
олардың дүниетанымын, моралін және мінез-құлқын қалыптастыруға, қоғамдық өмір мен еңбекке
дайындығын қамтамасыз ететін ғылыми білімдер, іскерліктер мен дағдылардың меңгерілуінің жүйесі
[4,24]. Оны тұтас жүйе ретінде сараптау қажеттігін көрсете отырып, В.С.Леднев білімге мынадай
анықтама береді: «білім - тұлғаның қасиеті мен сапасын өзгерту үрдісінің мазмұны, оның қажетті шартты,
ұйымдасқан әрекеті [5,12].
Білім – ұлттық мәдениеттің ұдайы дамуы мен жаңаруының берік негізі. Ол - өмір сүрудің мәні мен
мазмұнын, ұлттық өркениеттің тарихи тағдырын, болмысын айқындайтын бірден бір жүйе. Осылайша
әлемде болып жатқан жаңа өзгерістер қоғам мен мемлекеттің алдына жаңадан туындап жатқан
құндылықтарды ескере отырып, білім беру жүйесін түбегейлі өзгерту мәселесін қояды.
XXI ғасыр табалдырығындағы әлеуметтік-мәдени жағдай тек қана білім беру жүйесінің өзін ғана емес,
оның негізгі өзегін өзгертуді көздейтін жаңа білім кеңістігіне өтудің қажеттілігін қойып отыр. ХХ ғасырда
қоғамдық өмірдің барлық саласының негізінде ғылым - өндіріс - білім мәдени макромоделінің болғаны
белгілі. Мәдени саладағыдай, білім беруге деген жаңа қатынас және онымен байланыста туындаған білім
берудің жаңа парадигмалары мәдениет - білім - тарих бірлігіне негізделген жаңа мәдени макромодельді
енгізуге жол ашты.
Егер білім саласында әлемдік деңгейде талдау жасайтын болсақ, онда үнемі өзгеріп жататын
қажеттіктерге бейімделіп, оның ішкі жағдайына белсенді түрде әсер етіп және сол қажеттіктерді алдын-
ала анықтай отырып, үнемі даму үстінде болатынына көзіміз жетер еді.
Р.С.Омарова: «Қазіргі «ақпараттық қоғамда» білім өзінің шынайы көрінісін тапты. Демек, білім –
материалдық және рухани құбылыстар туралы шынайы, әрі нақты мәліметтер жиынтығы, олардың адам
санасында дұрыс, объективті бейнеленуі. Білім беру - жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзат мәдени
мұрасының сабақтастығын сақтай білуге тәрбиелеу және әрбір шәкіртті жеке тұлға деп қарап, табиғат пен
қоғам туралы ең қажетті жалпы ғылыми біліммен қаруландыру, қоғамдық құбылыстар мен табиғи ортаны
танып-білуге үйрету, ғылыми-әдіснамалық негізде дүниеге танымдық көзқарас қалыптастыру болып
табылады. Сондықтан білім дамуының әлемдік үдерісімен пара-пар, өз өткен тарихымыздағы жетістіктерге,
ұлттық құндылықтарымызға сүйеніп, жалпы білім беру саласын жаңа сапалық деңгейге көтеру маңызды»
деп атап көрсетеді[2,39]. Білімге осылайша талдау жасай отырып, қазіргі жаһандану жағдайында білім
беру міндеттері - жеке адамның шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты
өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, ұлттық мәдениеттің озық үлгілерін насихаттау, халық
дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу т.б. деген түйін жасауға болады. Білім беру республикамыздың әрбір
азаматының қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмірге қатысуын қамтамасыз етіп, жеке адамның
құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыруға бағытталуы керек.
Жаңа замандағы адамды тәрбиелеу қазіргі білім ұйымдары алдына үлкен міндеттер қояды. Әр
заманның өз қаһармандары, дәуір мойындайтын тұлғалары, бүгінгі азаматтық қоғам жағдайында ұлттық
тәрбие берудің басты мазмұны болуы тиіс. Қазіргі білімнің ақпараттық негізде құрылуы жаһандану
талаптарының негізгі идеясы. Ақпараттардың көлемі әрбір он жылда шамамен екі есе артады. Ғылыми-
техникалық ілгерілеудің қарқынына ілесуге ұмтыла отырып, білім жүйесі оның мазмұнының ұлғаюына
әсер етеді. Бұл жағдайда адам өмірі оңтайландыру арқылы шешілуі қажет. Сол үдерісті ғылымда
синергетикалық жағдай, яғни бірлескен әрекет кезеңі деп атайды. Дәл осы кезеңде этномәдени тұрғыдан
өзара кірігу, өзара әрекеттесуге қол жеткізуге болады. Оның басты шарты - адам санасының тек білімдер
жиынтығы тұрғысында қалмай білікке ұласуы. Бұл азаматтық қоғамда этномәдени білім берудің басты
ұстанымдарының бірі болып табылады.
Қандай қоғам болса да ол болашақ ұрпақ арқылы биологиялық және рухани жаңарады. Бүгінгі
жаһандану қоғамы жастары да білімнің озық тәжірибелері негізінде жан-жақты қалыптасуда. Дегенмен,
қазіргі білім берудің қалыптасуының ұзақ тарихы бар екені сөзсіз. Сол тарихты тану,оның тарихи даму
кезеңдерін білу заңды қажеттілік. Өз кезеңінде білімнің генезисіне, оның өткені мен бүгінгі болашағына,
басқаша айтқанда,білім философиясына негіздемейұлттық біліміміз де толық болмайды деген сөз.
Білім философиясына тарихи-танымдық ұстаныммен келетін болсақ, білім беру, оқыту жүйесінің
396
Nazarbayev
Intellectual
Schools
генезисі – оның қалыптасу тарихының тұтастығы мен бірлігі.
Бүгінгі таңдағы Егеменді еліміздің ең басты мақсаты - өркениетті елдердің қатарында болу, бүкіл
әлемдік білім кеңістігінен орын алу болып табылады. Мұның өзі ұлттық білім беру жүйесінің даму
бағыттарын тың арнаға, жаңа сапаға жеткізудің қажеттілігін алға тартады. Осыған байланысты қазіргі
уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптастыруда, бұл үрдіс білім парадигмасының
өзгеруімен қатар жүреді.
Жаңа білім беру парадигмалары бірінші орынға тұлғаның білімін, білігі мен дағдысын емес, оны
жан – жақты дамыту, ұлттық тәлім – тәрбиені бойына сіңірту, рухани жан дүниесін қалыптастыру міндетін
қойып, мемлекетіміз білім кеңістігіне аяқ басқан кезеңінде, ғылым – білімнің құндылығын, рухани
маңыздылығын қояды[6,39].
Қазақстанда жаһандық инновациялық экономиканың құрылуы білім және ғылым саласына жаңа
талаптар қоя бастады. Бұл өзгерістер ғылыми-инновациялық білімді қалыптастыру талаптарына
қаншалықты қатысты болса, жоғары оқу орындарында ғылыми-инновациялық ортаны кеңейту қажеттігін
туындатты.Білім беру, зерттеу және тәрбиелеу үштағандық тұғыры университеттік білімнің іргетасын
қалайды. Білім мен ғылым мазмұнының дамуы бірнеше негізгі бағыттарды қамтиды:
Біріншіден, қазіргі заманғы ғасыр – білім және ғылыми-техникалық прогресс ғасыры, бұл білім беру
мен ғылымды дамыту функциясын күшейте түседі.
Екіншіден, білім берудің, ғылыми-техникалық прогресттің қашан да жаңарып отыруына байланысты
жаңа кәсіби проблемаларды шешуде дайындықтарын қалыптастыру талаптарын айқындайды.
Үшіншіден, жоғары мектепте үйлесімді ғылыми қызмет теориясы болашақ мамандардың ғылыми-
инновациялық мәдениет негіздері мен білгірлігінің қалыптасуына, педагогтар мен студенттердің
шығармашылығын үйлестіруге мүмкіндіктер береді.
Төртіншіден, аталмыш теория ғылымның дамуын жаңа деңгейге көтерілуіне мүмкіндік береді.
Білім берудің логикасы, құрылымы және жүйесі, негізгі категорияларын оның теориялықзаңдылықтары
мен қағидаларын айқындауға негіз болады. Аталмыш теорияларға: жоғары оқу орындарындағы ғылыми
қызметтің даму тарихы, әлемнің түрлі елдеріндегі жоғары мектептегі ғылымның дамуын және қазіргі
заманғы жай-күйін салыстырмалы сипаттауды, ғылыми қызметтің мақсаты мен міндеттері, мазмұны,
әдістері мен қағидалары, дәстүрлері мен ғылыми мектептері сияқты негізгі категорияларды, жоғары
мектептегі ғылыми қызметтің жағдайы мен ғылыми-инновациялық ортаны қосуға болады.
Ғылым мен білім беделі ел экономикасының әр түрлі салалары үшін мамандар даярлаудың сапасына
қарай анықталады.
Қазақстан жоғары мектебінің жаңа даму сатысының негізінде келесі басымдылықтар жатыр:
республиканың жоғары оқу орындарының желісін рационализациялау, студенттер контингентін
қалыптастырудың жаңа моделіне көшу, жоғары білім беру сапасын көтеру, ғылым мен білімді интеграциялау.
Әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы осы заманғы білім беруді дамыту,
кадрлар біліктілігі мен оларды қайта даярлау жүйесіне зор маңыз берілген. Мұның өзі ұлттық білім мен
ғылым жүйесінің даму бағыттарын тың арнаға, жаңа сапаға жеткізудің қажеттілігін алға тартады. Осыған
байланысты қазіргі уақытта Қазақстанда білім мен ғылымның өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл үрдіс
білім беру парадигмаларының өзгеруімен қатар жүреді.
Жаһандану үрдісі бел алып келе жатқан қазіргі кезеңде Қазақстанның дүниежүзілік интеграциялық
үдерістерден тыс қалуы мүмкін емес. Ал бұл үдерістердің ең алдымен елдің білім беру жүйесіне әсер етуі
– табиғи жағдай. Олай болса, біздің біліміміз де басқа елдермен тең болуы керек, ал ғылымға деген жаппай
ұмтылыс, жаһандану тұсындағы өміршең түсініктен туындайды. Себебі, оның жетістіктерінсіз қазірдің
өзінде нарық жағдайына бейімделген, бәсекелестік қабілеті жоғары, тұрақты экономикаға қол жеткізу
мүмкін емес. Алдыңғы қатарлы елдердің арасында жоғары деңгейде дамудың жолы - өзіндік ғылым
саласы. Мемлекет ғылымсыз еріксіз шикізат көзіне, қоршаған ортаға, адам өміріне қауіпті радиоактивті
қалдықтардың үйіндісіне айналады. Мұндай жағдайда ұлттық болмысы қалыптасқан халық ретінде
сақталу қиын болады.
Nazarbayev
Intellectual
Schools
397
Жоғарыда айтылған пікірлерді қорыта келе, білім беру Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін
қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Ендеше бізге экономикалық және
қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесін, ұлттық мектебімізді
қалыптастыруымыз қажет. Қазіргі жаһандану заманында өзге мемлекеттердің көлеңкесінде қалмай,
ықпалына ермей, дәстүріміз бен тілімізді түлету, ұлттық мәдениетімізді сақтау, қазақ болмысынан
туындайтын этникалық ерекшелігімізді баянды ету. Ол - тіл, дәстүр,ұлттық сана мен рух, отаншылдық. Жас
ұрпақ санасында осы рухани құндылықтар қалыптасса, еліміздің шын мәнінде егеменді жолмен дамып,
оның байлығы ұлтқа қызмет етері сөзсіз. Білім беру саласында әлемдік тәжірибелерді үйрене отырып,
патриоттық тәрбиенің бастауы болып табылатын этномәдени білім мен тәрбиені естен шығаруға болмайды.
Қоғамның ұлттық негізде жаңаруы жоғары мектептеұлттық тәрбие ісін дамытудағы жетекші фактор болып
саналады. Бұл оқу орындары жұмысын ұлттық негізде құру, яғни ұлтымыздың өмірінен орын алган ұлттық
білімдержүйесін таңдап,соның негізінде студенттерді даярлау қажеттігін дәлелдей түседі.
Әдебиет:
1. Нысанбаев А.Н. Жаһандану және Қазақстанның орнықты дамуы. Глобализация и устойчивое
развитие Казахстана.- Алматы, 2002.- 264 с.
2. Әбілқасымова А.Е., Садықов Т.С. Қазіргі дидактика. А: Ғылым, 2005.
3. Архангельский СИ. Учебный процесс в высшей школе, его закономерные основы и методы. - М.,
1980. – С. 24.
4. Краевский В.В. Методология педагогической науки. - М., 2001. – С. 41-45.
5. Бейсенбаева А.А. Современные образовательные тенденции в Казахстане: глобализация,
интеграция и гуманизация. -С. 168-169. Безопасность, дипломатия и международное право // Материалы
международной региональной конференции. - Астана, 18-19 января 2001 / Под ред. М.Жолдасбекова. -
Астана, 2001. - 208 с.
6. Мұқанбетжанова Ә.М. Бастауыш білімнің интеграциясы арқылы оқушыларда дүниенің ғылыми
бейнесін қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздері: пед. ғыл. докт. дис. – Алматы, 2000. – Б. 56.
Туғанбаев М.Л.
химия ғылымының кандидаты, доцент
Мұсабекова Г.Е.
Оңтүстік Қазақстан облысы педагог кадрлардың
біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты
(Қазақстан Республикасы)
12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ МҰҒАЛІМ ҚҰЗЫРЕТІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН
ТАЛАПТАРДЫҢ
ДАМУ ДИНАМИКАСЫ
XXI ғасырда, адамды өзгермелі заманда өмір сүруге үйретіп қана қоймай, сонымен қатар, сол заманның
әрі қарай өркендеуіне ықпал жасай білетін білікті, шығармашыл, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру
және дамыту мақсаты өзекті болып отыр. Сол себепті, білімнің дамуындағы әлемдік тенденция негізінде
Қазақстандық 12 жылдық білім беру жүйесі қоғамға объективті баға бере отырып, өзіндік ойы бар және
оны іске асыра алатын адамды қалыптастыруды басты міндеттер қатарына қойды.
Қазақстан Республикасы 12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасында көрсетілгендей,
білім берудің басты мақсаты: өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі
даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл, білімді
398
Nazarbayev
Intellectual
Schools
тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Ол үшін мектеп түлегі құндылықты-бағдарлы, мәдениеттанымдық,
когнитивтік, коммуникативтік, ақпараттық-технологиялық, әлеуметтік өзара қарым-қатынас, тұлғалық
өзін-өзі дамыту құзыреттіліктерін бойына сіңіруі керек. Өйткені, бұл құзыреттіліктерді игеру оқушының
жалпы орта білім беретін мектеп жағдайында нәтижелі әлеуметтендірілуіне игі ықпал етеді.
Олай болса, осындай оқушы мақсаттары мен құзыреттіліктерін, оның құнды іс-әрекеттерін жолға
қоятын мұғалімнің өзінің құзыреттіліктері қандай болмақ? Оны кім дамытады және қалай? Әрине, сөз жоқ,
бұл мәселені бірінші кезекте көтеретін институт- біліктілік арттыру жүйесі.
Сонымен, 12 жылдық білім беру жүйесі білім сапасын көтеру үшін жасалып отырған реформа.
Ал, білім сапасы дегеніміз – қоғам қажеттілігіне сәйкес дара тұлғаның азаматтық, тұрмыстық және
кәсіби құзыреттілігінің дамуы мен қалыптасуын, қоғамдағы білім процесінің жағдайы мен нәтижесін
анықтайтын қоғамдық категория.
Қазіргі кездегі конференциялар мен ғылыми - әдістемелік семинарлардың қайсысын алып қарасақ
та “мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі”, “білім сапасы”, ”білім үдерісін ресурстық қамтамасыз ету” сияқты
сөз тіркестерін көреміз. Дегенмен, тәжірибе көрсеткендей керемет идеялар және сөздермен нақты іс көп
жағдайда сай келмей жатады.
Кез келген жаңаның туу, даму, іске асу жолында “кәсіби мифологемалар” тұр.
Олар мұғалім әрекетінде мақсатқа жеткізу және ынталандыру ролін атқарады. Практик үшін ең
күрделісі, көз көріп, құлақ естіп үйреніп қалған күнделікті формулалардың жаңа идеялар мен концепциялар
туғанда жоғалып кетпеуі немесе өмір сүруін тоқтатпауы, қайта, соларға сүйене отырып жалғасын табуында.
Құзыретті мұғалімнің білім беру принциптері
Болған және бола да бермек
Жаңа аспект
Барлық шәкірттерге мұғалімнің өз білімі
мен тәжірибесін беруі.
Оқушылардың жеке - дара дамуы, қалыптасуы мен
жетілуінің ескерілуі.
Оқушыларды болашақ өмірге даярлау.
«Осында және қазір» өмір сүруге үйретумен қатар,
инновациялық қажеттілікті, яғни, үнемі өзгерістер
заманында өмір сүруді қалыптастыру.
Оқыту мақсаты: білім беру.
Оқыту мақсаты: оқушылардың пәнге деген сұранысы
мен қызығушылығын арттыра отырып өзін - өзі дамыту
және өзін - өзі жетілдіруге баулу.
Қалыптасқан білімдерінің негізінде оқыту.
Нақты жағдаяттарға анализ және синтез жасай отырып
оқыту.
Оқытуда қайта жаңғырту, қайта дайындау
әдістері.
Алған білімдерін өмірдің өнімді қызметімен
байланыстыруға машықтану.
Білім беру мекемелерін дамытуда
Өткені. Қазіргісі
Қазіргісі. Болашағы
Мұғалім - оқу үрдісінің негізгі тұлғасы,
режиссері.
Мұғалім - режиссер, тренер, модератор, фасилитатор.
Мұғалім білім беруде жауапкершілікті өз
мойнына алады.
Оқушы білім алуда, бағыт таңдауда жауапкершілікті өз
мойнына алады.
Мұғалім жетектеумен жұмыс істеу іскерлігін
жүзеге асырады.
Оқушылардың дербес өзі жұмыс істеу іскерлігін жүзеге
асырады.
Мұғалімнің
белсенділігі
оқушы
белсенділігінен артық.
Оқушының белсенділігі мұғалім белсенділігінен артық.
Nazarbayev
Intellectual
Schools
399
Жоғарыда көрсетілген таблицалардағы принциптер негізінде үстіміздегі жылы облыстық педагог
кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты базасында мұғалімдердің біліктілігін
арттыру курсының мазмұнына инвариативті және вариативтік бөліктер енгізілді. Оқу бағдарламамыздағы
міндеттерді жүзеге асыру үшін орталықта педагог кадрлардың біліктілігін арттыру үш сала: жас мамандар,
шығармашыл мұғалімдер, барлық санаттағы мұғалімдерге арналып жүргізілуде.
Жаңадан қаржы сауаттылығы, инклюзитивтік оқыту, электрондық оқыту жүйесі сияқты қосымша
курстар енгізілді.
Ваучерлік - модульдік жүйеге көшу барысында дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Бұл курстар арқылы ұстаздар өз білімін толықтырады, алдын ала дайындалған жаңа әдістемелер мен
технологияларды игереді, оларды жұмыс барысында пайдаланады.
12 жылдық білім беру курстары барысында мұғалімнің қазіргі таңда инновациялық қызметті
меңгеруіне қатысты зерттеушілік, ақпараттық, педагогикалық және ұйымдастырушылық, басқарушылық
қызметін ұйымдастыруға бағыт-бағдар беріліп, интерактивті тақтада және компьютерде электронды
оқулықтарды пайдалану әдістемесі туралы дәрістер өткізілуде.
Курс барысында мұғалімдердің инновациялық, шығармашылық кәсіби әрекетті жүзеге асыруға
дайындығын анықтау және бағалау сауалнамалары жасалынып, статистикалық өңделеді.
Сонымен, акме-сауалнама негізінде мұғалімдердің білім саласында инновациялық бетбұрыс жасауға
деген құштарлықтары орта дәрежені көрсетті.
Бұл деген сөз әлі де көптеген мұғалімдер заманауи талаптарына ілесе алмай жатқандығын білдіреді.
Өкінішке орай, сауалнама рейтингі “білім жүйесін модернизациялауда мұғалім белсенділігінің басты
роль алатындығы туралы теория респонденттер түйсігінен орын алғанымен, олар өздерін осы процеске
тікелей қатысушылар ретінде есептемейді” деген пайымға әкеледі.
Осылайша құзыреттік амал арқылы кәсіби әрекетті интуитивті дәрежеден рефлексивті дәрежеге алып
келу қажеттігі туындайды.
Сонымен, 12 жылдық білім беруге көшу алдында дамытуды қажет ететін құзыреттер:
әлеуметтік құзыреттілік - әлеуметтік ортада басқа адамдардың көзқарасына сәйкес әрекеттер жасай
алу;
коммуникативтік құзыреттілік - өзіндік ойын түсіндіру мақсатында қарым-қатынасқа түсе алу
қабілеттілігі;
пәндік құзыреттілік – адамдық мәдениеттің жеке салалары тұрғысынан талдау жасай алу және
әрекет ете білу қабілеттілігінің болуы. Білім мазмұны оқушының тек пәндік орта қалыптасуын ғана емес,
оқушының жалпы адам немесе азамат ретіндегі қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Білімділік құзыреттілік – қалыптасқан дара тұлғалық сапа. Білімділік (білім беру) компетенциясының
негізгі бөлігі барлық білім беру салалары арқылы өтіп, оларды бір тұтас мазмұнға біріктіреді. Білімділік
компетенттілік негізінде оқушы болашақта әлеуметтік-экономикалық және өзара қарым-қатынасты
қиналмай іске асыра алады. Сонымен, білімділік құзыреттілік – мінез, нормативті мектеп бітірушінің
бойындағы қасиеттерін сипаттайды, “білімділік құзыреттілік ” терминін анықтайды, оның мағынасын
ашады, толықтырады.
Бұл жағдайда тек қана “біліктілік” ұғымымен шектеліп қала алмаймыз. Қарастырылып отырған әр
құзыреттілік біліктіліктер кешенін құрайды. (П.ғ.д., профессор В.В.Гузеев пікірі. Мәскеу.).
Дегенмен, қазіргі кезде талаптарға сай заңнамалық база және педагог еңбегін материалды және
моральды ынталандыратын, оның әлеуметтік мәртебесін көтеретін жүйе әлі қатая қойған жоқ.
Қазіргі заман мұғалімі тұлғалық келбетінің қоғамда лайықты орын алмай жатқан жағдайлары да бар.
Соның біреріне тоқтасақ:
• біліктілікті арттыру және қайта даярлау жүйесіндегі өзгерістер жалпы білім беру жүйесінде болып
жатқан өзгерістерден кейде артта қалуда;
• Инновациялық тәжірибелерді таратуда біліктілікті арттыру жүйесіндегі қарапайым және жылдам
әсер ететін механизмдер әлсіз.
400
Nazarbayev
Intellectual
Schools
Білім стандарттарын жасау кезінде жоғары оқу орындарымен байланыс аз. Қазіргі кезде ЖОО –да
білім беру мен мектеп практикасы арасында алшақтық бар. Мектепте базалық білімі жеткіліксіз болған
бітірушілер жоғары оқу орнында да мамандығына сай білім алып кете алмайды. Немесе ЖОО-н бітіріп
келген маман өз дәрежесінде мектептің жұмысын жүргізе алмай жатқандары көп. Қазақстандық білім беру
жүйесінде әлі күнге дейін белгілі бір пәндерді тереңдетіп оқыту бойынша арнайы бағдарлама түзілмеген.
Көптеген педагогтар университет кафедрасы мен біліктілік арттыру институттарының әдіскерлері бекітіп
берген авторлық бағдарламасын жүзеге асырып жатыр. Әрине бұл әрекет те біраз балалардың талабын
қанағаттандыруда. Дегенмен, ЖОО –ң ғалымдарын қатыстыра отырып, бірыңғай білім, білік, дағды
жүйесін құру қажеттілігі туындауда.
Қазіргі таңда ЖОО жалпы орта білім беретін қызметкерлердің біліктілігін арттыруға үмітті. Олардың
басты қызметі пәндік білімді оқытуға бағытталған, ал, мұғалімдерге пәнді оқытудың дидактикалық
аспекттері, құзіреттілік, психо-физиологиялық, акмеологиялық, балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі
жобалық қызметті қамтамасыз ету, мотивациясы түрлі деңгейдегі оқушылармен жұмыс жасау жолдары
және т.б. туралы біліктілік те қажет.
Республикадағы орта білім берудің сапасы мен тиімділігіне кері әсер ететін факторлар – ескірген
әдістемелік білім беру мазмұнын таңдау үрдісі, оқуға деген ынтаны төмендететін және оқушылардың
денсаулығын нашарлататын ақпараттың шамадан тыс болуы, тұлғаның дамуына емес үстірт алуға
бағытталу, оқу жетістіктерін бағалаудың ескірген жүйесінің сақталуы болып табылады.
Осылайша бар мәселелер орта білім беру жүйесін қазақстандық қоғам дамуының және әлемдік білім
беру кеңістігіне кірігу шарттарының қазіргі заманғы талаптарға сәйкес жаңғыртуды талап етеді.
Өйткені түпкі мақсат – Қазақстан мемлекетін дүниежүзілік экономикалық қоғамдастыққа мүше етіп
қана қоймай, еліміздің ішкі рыногын әлемдік рыноктың бір бөлігіне айналдыру.
Әдебиет:
1. Вербицкий А.А.Контекстное обучение в компетентностном подходе // Высшее образование в
России. 2008. №11.
2. Глоссарий терминов рынка труда, разработки стандартов образовательных программ и учебных
планов. Европейский фонд образования. ЕФО, 1997.
3. Зимняя И.А.Компетентность человека – новое качество результата образования // Проблемы
качества образования. Кн. 1. Актуальные задачи обновления и развития образовательных стандартов. М.,
2010.
4. Зимняя И.А.Ключевые компетенции – новая парагдима результата образования // Высшее
образование сегодня. 2009. №5.
5. Ибрагимова Г.И. Концентрированное обучение: история, теория, практика: Монография. Казань:
Центр инновационных технологий, 2010.
6. Краевский В.В., Хуторской А.В. Основы обучения: Дидактика и методика. М.: Изд. Центр
«Академия», 2007.
7. Кроль В.М. Педагогика. М.: Высшая школа, 2008.
8. Новиков А.М. Основания педагогики: Пособие для авторов учебников и преподавателей. М.:
Эгвес, 2010.
Nazarbayev
Intellectual
Schools
401
Бейсахметова Ж. А., Тулегенова М. Б.
Казахский национальный педагогический университет имени Абая
(Республика Казахстан)
ЭФФЕКТИВНОСТЬ ИСПОЛЬЗОВАНИЯ СОВРЕМЕННЫХ ТЕХНОЛОГИЙ ПРИ
ОБУЧЕНИИ ИНОСТРАННЫМ ЯЗЫКАМ
Одной из основных составляющих национальной инновационной политики Казахстана является
формирование инновационной системы образования. Именно такая форма образования будет
способствовать качественной подготовке нового поколения квалифицированных специалистов, которые
весьма восприимчивы к инновациям, готовы создавать и реализовывать инновационные проекты. Казахстан
старается перенять опыт тех стран, которые начали возрождать экономику своих государств посредством
усиления образования, то есть формирования человеческого капитала. При этом подчеркивается, что
ведущая роль в обеспечении перехода к эффективной экономике, основанной на сумме знаниий, всегда
принадлежит как средней, так и высшей школе. «Казахстан является одним из наиболее динамично
развивающихся государств, строящим реальное экономическое пространство.
Однако, сложившаяся экспортно-сырьевая ориентация его экономики не соответствует уровню
научного и промышленного развития страны. Сохранение и наращивание интеллектуального и кадрового
потенциала наукоемких отраслей – единственно возможный способ перехода экономики Казахстана с
сырьевого пути на высокотехнологичный». [1]
В этом контексте важнейшая задача школы – организация образования при помощи инновационных
технологий. Это означает, что основная цель современного учителя - отобрать такие методы и формы
организации учебной деятельности, которые наиболее адекватно соответствуют поставленной цели
развития личности.
На страницах казахстанской печати в последние годы все чаще поднимается вопрос об использовании
новых технологий обучения. Это подразумевает использование не только новых технических средств
в преподавании, но и новые формы и методы обучения, новый подход к самому процессу обучения.
Основная цель обучения иностранным языкам - формирование и развитие коммуникативной компетенции
обучаемого, его практическое владение иностранным языком.
Современные задачи преподавателя заключается в том, чтобы, во-первых, создать условия
практического овладения языком для каждого обучающегося, во-вторых, отобрать такие технологии
обучения, которые позволили бы каждому ученику в процессе обучения активизировать познавательную
деятельность. Обучение в сотрудничестве, проектная методика, использование новых информационных
технологий, Интернет-ресурсов - все это в целом способствуют реализации личностно-ориентированного
принципа в обучении. Данные методики, как в совокупности, так и в отдельности обеспечивают
индивидуализацию и дифференциацию обучения на основе личностного подхода с учетом уровня
обученности.
Одна из интересных и весьма продуктивных технологий при изучении иностранного языка,
основываясь на нашем опыте преподавания, является метод совместного обучения. Она заключается в
том, чтобы создать условия для активной совместной учебной деятельности учащихся в разных учебных
ситуациях. Обучаемые разные: одни быстро понимают объяснение новой темы преподавателем, легко
овладевают лексическим материалом, коммуникативными умениями; другие – затрачивают больше
времени на осмысление нового учебного материала. Как правило, такие ребята не задают вопросы при всем
классе, и чаще всего даже не осознают, чего именно они не понимают. Отсюда и неправильная постановка
вопроса. Тогда, как нам видится, необходимо объединить ребят по 3-4 человека и дать одно общее задание
для всей группы. В этом случае преподаватель оговаривает роль каждого ученика в выполнении этого
402
Nazarbayev
Intellectual
Schools
задания и возникает ситуация, в которой каждый отвечает не только за собственный результат (что часто
оставляет обучаемого равнодушным), но, что особенно важно, за результат всей группы. Это способствует
тому, что слабые ученики стараются спросить у сильных непонятные им вопросы. Хорошо успевающие
ученики наоборот, стараются, чтобы все члены группы, и, в первую очередь слабый ученик, очень хорошо
поняли новый материале. Наряду с этим у них у самих есть возможность проверить собственный уровень
знаний и понимание данной темы. Следовательно, объединенными усилиями они восполняют пробелы.
Такова суть обучения в сотрудничестве.
Наша преподавательская практика показывает, что учиться сообща не только легче и интереснее, но
и весьма продуктивно. При этом важно, что эффективность отражает не только учебную успеваемость
обучаемого, но и затрагивает их интеллектуальное и нравственное развитие. Учиться вместе, это не только
что-то выполнять сообща – это уметь поддержать друг друга в вопросах знания, взаимопомощи, языковой
компетентности.
На сегодняшний день есть много форм формирования групп обучения данной технологии в
сотрудничестве [2]. Наиболее часто встречаемые следующие:
1.Группа учащихся организована до занятия с учетом их психологической совместимости. При этом
в каждой группе должны быть и сильные, и средние, и слабые ученики. Если работа группы ведется
довольно слаженно, то её состав можно не менять. Если же обучение по каким-то причинам не клеится, то
состав группы можно изменить.
2.Группе дается одно задание. Его исполнение предусматривает распределение ролей между всеми
членами группы.
3.Дается оценка работы не только одного ученика, а всей группы. При этом важно, что оцениваются
не столько знания, сколько совместные усилия ребят. Иногда позволительно предоставить ребятам
возможность самим оценить их результат.
4.Преподаватель сам отбирает одного учащегося из группы. Он должен отчитаться за выполненное
задание. Иногда целесообразно выбрать именно слабого ученика. В случае, когда такой ученика сможет
обстоятельно объяснить каких результатов достигла их совместная работа, ответить на поставленные
вопросы, следовательно, цель достигнута и группа справилась с заданием.
Приведем некоторые варианты обучения в сотрудничестве [3].
1. Student team learning (STL, обучение в команде). В данном случае реализации обучения в
сотрудничестве уделяет первостепенное внимание именно «групповым целям» (team goals) и успеху всей
группы (team success). Успех в данном случае может быть достигнут только в результате самостоятельной
работы каждого члена группы (команды). Постоянно взаимодействуя друг с другом ученики группы
работают едино над темой или обозначенной проблемой, подлежащей изучению. Варианты этого подхода:
а) индивидуально-групповая (student – teams – achievement divisions – STAD) и б) командно-игровая (teams
– games – tournament – TGT) работа.
2. Другой вариант организации обучения в сотрудничестве описана профессором Э. Аронсон в
1978 году. Он назвал её - Jigsaw. Учащиеся собираются в группы по 4-6 человек для работы над учебным
материалом. Учебный материал разбит на определенные фрагменты (логические или смысловые блоки).
Такой вид обучения иностранному языку, как правило, используется нами для закрепления нового
тематического и языкового материала. Каждый член группы самостоятельно находит материал по своей
подтеме. Затем, изучающие один и тот же вопрос, но работающие в разных группах, встречаются и
презентируют информацию как эксперты данного аспекта. Это называется «встречей экспертов». Затем они
возвращаются в свои группы и обучают всему новому, что узнали, товарищей по группе. Те, в свою очередь
рассказывают о своей части задания. Все общение происходит на иностранном языке. Отчитываются по
всей теме как отдельный ученик в целом, так и вся команда.
3.Другая форма обучения в сотрудничестве – learning together (учимся вместе) представлен Д.
Джонсон и Р. Джонсон преподавателями из университета штата Миннесота в 1987 году. Класс делится
на группы по 3-4 человека. Каждая подгруппа получает только одно задание, которое является составной
Nazarbayev
Intellectual
Schools
403
Достарыңызбен бөлісу: |