Байланысты: Договор финансового лизинга (типовая форма qaz)
ЛИЗИНГ НЫСАНАСЫН САҚТАНДЫРУ Лизинг алушы Шарт бойынша Лизинг нысанасын уақытша иеленуге және пайдалануға алған күннен бастап, егер САСШ талаптарында неғұрлым ерте мерзім көзделмесе, Лизинг алушының не үшінші тұлғалардың кінәсінен болған Лизинг нысанасын, сондай-ақ мұның неден туындағанына қарамастан өзге де тәуекелдерді жоғалту тәуекелін өзіне қабылдайды.
Егер Тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, Лизинг алушы өз қаражаты есебінен Шарттың бүкіл қолданылу мерзімі ішінде Лизинг нысанасын тізбесі Лизинг берушінің Интернет-ресурсында орналастырылған мүліктік тәуекелдерден, Лизинг алушы дербес таңдаған және Лизинг берушінің Интернет-ресурсында орналастырылған ең төменгі талаптарға сәйкес келетін сақтандыру компанияда сақтандыру жолымен Лизинг нысанасын сақтандыруды қамтамасыз етуге міндеттенеді.
Лизинг алушы Лизинг нысанасын лизингке беру актісінің негізінде уақытша иеленуге және пайдалануға алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде, егер САСШ талаптарында неғұрлым ерте мерзім көзделмесе, Шартқа сәйкес Лизинг нысанасын сақтандыру фактісін растайтын құжаттардың (сақтандыру шарты/сақтандыру полисі және төлем құжаттары) түпнұсқаларын сақтандыруға және Лизинг берушіге беруге және Лизинг нысанасын сақтандырушыға тиісті сақтандыру сыйлықақысын төлеуді жүргізуге міндетті.
Лизинг нысанасын жоғалту және (немесе) кез келген сақтандыру жағдайының басталуы Лизинг алушыны берешекті төлеу жөніндегі міндеттемелерді қоса алғанда, Шарт бойынша міндеттемелерді орындаудан босатпайды. Шарттың осы бабында жазылған талаптар елеулі болып табылады және кез келген орындамау Лизинг алушының жауапкершілігіне, оның ішінде Лизинг алушы Лизинг нысанасын сақтандыру шарттарын уақтылы жасамаған жағдайда және осы кезеңде Лизинг алушының және (немесе) үшінші тұлғалардың кінәсінен Лизинг нысанасын жоғалтуға әкеп соққан кез келген жағдайдың туындауына әкеп соғады және Лизинг беруші төмендегілерге құқылы:
Лизинг нысанасына Шартта көзделген барлық сомаларды мерзімінен бұрын алуға;
төлем құжаттарын ұсыну жолымен, оның ішінде банктік шотты тікелей дебеттеу жолымен Лизинг алушының банктік шоттарынан ақша алу құқығы;
Қамтамасыз етуді өндіріп алуға.
Сақтандыру жағдайы басталған жағдайда не Лизинг нысаналарының жойылу, бүліну, жоғалу, мерзімінен бұрын тозуының қандай да бір қатері бар мән-жайлар туындаған жағдайда Лизинг алушы Лизинг беруші мен Лизинг нысаналарының сақтандырушылары болып табылатын сақтандыру компанияларын, егер Сақтандыру шартында неғұрлым ерте мерзім белгіленбесе, көрсетілген мән-жайлар туындаған кезден бастап 24 сағат ішінде осындай мән-жайлардың туындауы туралы хабарлауға міндетті.
Егер Тараптардың келісімімен өзгеше тәртіп белгіленбесе, Лизинг нысанасы жоғалған және (немесе) сақтандыру жағдайы басталған жағдайда, Лизинг алушы, егер Лизинг нысанасы жөндеуге немесе қалпына келтіруге жататын болса және, егер мұндай іс-әрекеттер Лизинг берушінің пікірі бойынша орынды болса, өз есебінен Лизингтің бүлінген нысанасын жөндеуге/қалпына келтіруге және оны жұмыс жағдайына келтіруге міндетті. Егер Лизинг берушінің пікірі бойынша Лизинг нысанасы жөндеуге немесе қалпына келтіруге жатпаса немесе мұндай іс-әрекеттер орынсыз болса, онда Лизинг алушы Лизинг берушінің бірінші талабы бойынша соңғысына Шартқа № 4 қосымшада көзделген барлық соманы Лизинг берушінің талабын алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде төлеуге міндетті.
Лизинг нысанасын толық Жоғалтқан жағдайда Лизинг берушіге түскен төлемдер, сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерін қоса алғанда, Шартта көзделген тәртіппен Лизинг нысанасының шығып қалған бөлігінде Шарт бойынша Лизинг алушының Берешегін өтеу есебіне есептеледі. Бұл ретте, Лизинг нысанасы ішінара бүлінген жағдайда келіп түскен сақтандыру төлемінің сомасы келесідей бөлінеді:
1) егер Шарт жасалған күннен бастап мерзім 12 (он екі) айдан кем болса - зақымдалған Лизинг нысанасы бойынша Негізгі борышты өтеу есебіне оның түпкілікті құнының 50% (елу) аспайтын мөлшерде;
2) егер Шарт жасалған күннен бастап мерзім Лизинг нысанасын уақытша иеленуге және пайдалануға берген күннен бастап 12 (он екі) айдан астам және 36 (отыз алты) айдан кем болса - зақымдалған Лизинг нысанасы бойынша Негізгі борышты өтеу есебіне, бұл ретте осындай өтелгеннен кейін шығарылған Лизинг нысанасының Негізгі борышының қалдығы кемінде 1 000 теңге болуға тиіс.
Егер сақтандыру төлемінің сомасы Берешекті өтемеген жағдайда, Лизинг алушы Лизинг берушіге оның талап етуі бойынша төлеуге шот/хабарлама/ЭШФ ұсынылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өтелмеген Берешек сомасының айырмасын төлейді.
Лизинг нысанасын жоғалтқан жағдайда Лизинг беруші Лизинг алушының қаражаты есебінен келтірілген залалды бағалау үшін Бағалаушыны тартуға құқылы.
Егер Лизинг алушы Шартта белгіленген мерзімде Лизинг нысанасын сақтандыруды жүргізбесе, Лизинг берушінің сақтандырушыны дербес таңдау құқығымен өзі үшін қолайлы жағдайларда сақтандыру шартын жасасу және сақтандыру шартының талаптарында өзін пайда алушы ретінде көрсету арқылы, кейіннен осы шығыстарды Лизинг алушы өтей отырып, Лизинг нысанасын немесе оның бір бөлігін сақтандыруды дербес жүргізуге құқығы бар. Шартқа қол қою арқылы Лизинг алушы Лизинг берушіге жасалатын сақтандыру шарттары шеңберінде Лизинг алушыға қажетті міндеттемелерді жүктей отырып, сақтандыру ұйымдарымен сақтандыру шарттарын жасасуға келісім береді. Лизинг беруші Лизинг алушының қатысуынсыз сақтандыру шартын жасаған жағдайда соңғысы сақтандыру шартының көшірмесін қоса бере отырып, Лизинг берушіге жазбаша хабарлай отырып, осындай шартты жасасу туралы хабардар етіледі.