Название документа: дфл


Лизинг беруші міндеттенеді



бет7/27
Дата30.03.2023
өлшемі171,16 Kb.
#77825
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27
Байланысты:
Договор финансового лизинга (типовая форма qaz)

Лизинг беруші міндеттенеді:

  1. Лизинг алушы таңдап алған Лизинг нысанасын Сатушының меншігіне сатып алу және оны Лизинг алушыға Шарт талаптарымен лизингке беру;

  2. Лизинг алушы Шарт бойынша барлық міндеттемелерді толық орындаған кезде Лизинг нысанасына меншік құқығын Лизинг алушыға беру;

  3. Лизинг алушы Шарт (Дефолт) бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде Лизинг алушыға мерзімі белгіленіп жазбаша хабарлама жіберу (ол Дефолт жағдайын жою үшін кемінде 3 (үш) жұмыс күні болуы тиіс);

  4. егер Лизингтік төлемді өтеу күні демалыс не мереке күніне түссе және Лизингтік төлемді төлеу одан кейінгі жұмыс күні жүргізілген жағдайда тұрақсыздық айыбын немесе айыппұл санкцияларының өзге де түрлерін өндіріп алмауға;

  5. Лизинг алушыға мерзімі өткен Негізгі борышқа есептелген сыйақыны қоса алғанда, есептелген сыйақы сомасына ЭШФ айлар бойынша бөле отырып, кезеңділікпен және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес мерзімдерде беруге;

  6. Шарттың 6.4-тармағының 37) тармақшасында көзделген шарттарды қоса алғанда, Лизинг алушыдан тасымалдаушы қол қойған Бірлескен қызмет туралы үлгі шартты алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде келісуге және қол қоюға;

  7. Қазақстан Республикасының заңнамасында, Шартта және оны орындауға жасалған және онымен байланысты келісімдерде көзделген өзге де іс-әрекеттерді жүзеге асыру.




    1. Лизинг алушы міндеттенеді:

  1. Шарт бойынша міндеттемелердің уақтылы және толық орындалуына ықпал етуге қабілетті кез келген мән-жайлар анықталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей Лизинг берушіге бұл туралы жазбаша хабарлауға міндетті;

  2. Шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін Лизинг берушінің жазбаша сұрау салулары шеңберінде Лизинг берушіге Лизинг алушының Шарт талаптарын орындауын бақылау үшін қажетті, сондай-ақ оның қаржылық жай-күйі мен Лизинг нысанасының жай-күйіне қатысты ақпарат алуға мүмкіндік беретін дәйекті мәліметтер мен құжаттарды ұсынуға;

  3. Шарт бойынша міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындау туралы шешім қабылдаған кезде мұндай орындалғанға дейін кемінде 15 (он бес) жұмыс күні бұрын бұл туралы Лизинг берушіге жазбаша хабарлауға міндетті;

  4. тұлғалардың белгісіз тобына арналған Лизинг берушінің жұмыстары мен көрсетілетін қызметтеріне кәсіби мүддені қалыптастыруға немесе қолдауға арналған ақпаратты кез келген нысанда, кез келген құралдардың көмегімен таратуға және орналастыруға және Лизинг берушіге сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруды, сондай-ақ жарнаманы Лизинг нысаналарында таратуды және орналастыруды қоса алғанда, жұмыс істеп тұрған инвестор ретінде Лизинг беруші туралы ақпарат беру туралы жарияланымдар/өзге де растайтын құжаттар беру жолымен оларды іске асыру және Лизинг берушімен алдын ала жазбаша келісе отырып, Лизинг нысаналарында, жылжымайтын мүліктерде және т.б. Лизинг берушінің логотипі бар жапсырмаларды орналастыру жөніндегі іс-әрекеттерді жүзеге асыруды қоса алғанда іске асыру. Лизинг алушыда корпоративтік Интернет-ресурс болған жағдайда, ол Лизинг берушінің Интернет-ресурсына көшумен баннерді орналастыруға міндеттенеді. Бұл ретте осы тармақшада көрсетілген жарнаманы тарату және орналастыру жөніндегі шығыстар Лизинг алушының есебінен жүзеге асырылатын болады;

  5. салыстырып тексеру актісіне оны алған күннен бастап 3 (үш) Жұмыс күні ішінде қол қою;

  6. Лизинг берушіге бір мезгілде қағаз тасығышта және электрондық түрде жіберілетін кез келген құжаттаманы (сканерленген көшірмелер) ұсыну;

  7. Шартта және САСШ-да көзделген тәртіппен Лизинг нысанасын қабылдау және Сатушы таңдап алған Лизинг алушымен САСШ жасасу;

  8. төмендегілерді қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, Шартта көзделген барлық сомаларды төлеу бойынша міндеттемелерді толық және уақтылы жүзеге асыруды қамтамасыз ету: Лизинг төлемдерін өтеудің түпкілікті кестесі қалыптасқанға дейін Шарт бойынша есептелген сыйақыны қоса алғанда, Лизингтік төлемдер, Лизинг алушының қатысуы, Қосымша шығыстар, Берешек, сондай-ақ Шарт талаптарын орындамау және (немесе) тиісінше орындамау нәтижесінде Лизинг берушіге келтірілген залалдарды Шартта көзделген мерзімде және мөлшерде, ал егер мерзімдер мен мөлшерлер Шарт талаптарымен айқындалмаса, Лизинг берушіге жазбаша хабарламасында айқындалған мерзімде және мөлшерде өтеу;

  9. талап ету бойынша, Лизинг беруші айқындайтын мерзімдерде және шарттарда Лизинг алушының қатысуын ұлғайтуды қамтамасыз ету, егер Шарт жасалғаннан кейін Лизинг беруші үшін: Лизинг нысанасы құнының өзгеруін, валюта бағамдарының өзгеруін 9және басқаларын қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, САСШ талаптарының қолайсыз өзгеруі орын алған жағдайда, Лизинг алушының қатысуын ұлғайтуды қамтамасыз ету;

  10. Шартта көзделген талаптарды сақтай отырып, Лизинг нысанасын толық ақаусыз ұстау, Сатушының регламентін қатаң ұстана отырып, Лизинг нысанасын ағымдағы техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді өз есебінен жүзеге асыру, қандай да бір ақау пайда болған жағдайда Лизинг нысанасын өз есебінен жөндеу немесе оны Лизинг берушімен келісілген басқа ұқсас мүлікке ауыстыру;

  11. Дефолт қаупі болған кезде Дефолт себебі болуы мүмкін және (немесе) жағдайы болып табылатын мән-жайларды көрсете отырып, Лизинг берушіге дереу жазбаша хабарлама, оның ішінде оларды жою жөнінде қабылданатын шаралар туралы ақпарат жіберу;

  12. қосымша шығыстарды төлеуге, ал оларды Лизинг беруші төлеген жағдайда Лизинг алушы Лизинг берушінің талабы бойынша төлеуге шот/хабарлама/ЭШФ берілген күннен бастап көрсетілген шығыстарды 10 (он) жұмыс күні ішінде өтеуге міндетті, түзетілген ЭШФ жазып берілген кезде мерзімді есептеу ЭШФ түзетілген күнінен басталады;

  13. Лизинг берушінің қызметкерлерін мониторинг жүргізу барысында қызметтік, өндірістік, қоймалық және басқа да үй-жайларға жіберуге міндетті. Мониторинг жүргізудің саны мен мерзімдерін Лизинг беруші дербес айқындайды және Лизинг алушымен келісілмейді;

  14. Лизинг нысанасын пломбалау қажет болған жағдайда Лизинг алушы Лизинг нысанасына оны пломбалау үшін кедергісіз рұқсат беруге және оны Лизинг берушіге қамтамасыз етуге және пломбалау актісіне қол қоюға міндетті;

  15. Шарттың барлық қолданылу мерзімі ішінде Лизинг берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз ерікті түрде қайта ұйымдастыруды/таратуды жүзеге асыру жолымен өзінің құқықтық мәртебесін өзгертпеуге және Шарт талаптарын тиісінше орындамауға әкеп соғуы мүмкін іс-әрекеттер жасамауға;

  16. келесі мерзімдерде Лизинг берушіге қызмет бойынша қаржылық және өзге де құжаттарды уақтылы, тиісті түрде ұсыну:

  • тоқсан сайын, есепті кезеңнің соңғы айынан кейінгі айдың 30 (отызыншы) күнінен кешіктірмей жыл басынан бастап есепті кезең үшін Лизинг алушының (Бухгалтерлік баланс, Табыстар мен шығындар туралы есеп, Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп, Капиталдағы өзгерістер туралы есеп, «Негізгі құралдар», «Кредиторлық берешек», «Дебиторлық берешек», «Қаржылық міндеттемелер» Бухгалтерлік баланс баптарының таратып жазылуы, баланс валютасынан 20% - дан астамын құрайтын Бухгалтерлік баланс баптарының таратып жазылуы, кірістер мен шығыстарды егжей-тегжейлі көрсете отырып, табыстар мен шығындар туралы есептің барлық баптарының таратып жазылуы, контрагенттер бөлінісінде ақша қаражатының қозғалысы туралы есептің барлық баптарының, сондай-ақ өткен есепті кезеңмен салыстырғанда елеулі ауытқулардың себептері бар түсіндірме жазба) қаржылық есептілігін беруге;

  • тоқсан сайын, есепті кезеңнің соңғы айынан кейінгі айдың 30 (отызыншы) күнінен кешіктірмей, Лизинг беруші сұратқан нысанға сәйкес жыл басынан бастап есепті кезең аралығындағы кезеңде әлеуметтік-экономикалық тиімділік бойынша есепті, сондай-ақ Лизингтік мәмілені іске асыру туралы ақпаратты, оның ішінде шығару, өткізу және өзіндік құны бойынша нақты көрсеткіштерді, сондай-ақ жасалған шарттар/келісімшарттар бойынша ақпаратты ұсынуға міндетті;

  • есепті жылдан кейінгі жылдың 30 (отызыншы) шілдесінен кешіктірмей түсіндірме жазбамен бірге тәуелсіз аудитордың жылдық қаржылық есептілікті растау жөніндегі есебінің көшірмесін ұсынуға;

  • Лизинг берушінің бірінші талабын алған күннен бастап 10 (он) күннен кешіктірмей Лизинг беруші сұраған күнгі қаржылық есептілікті (таратып жазу арқылы) және қаржылық жай-күйі туралы деректерді ұсынуға;

  • уәкілетті органдардың Лизинг алушының құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың жоқ/бар екендігі туралы анықтамалары және әр жылдың 30 (отызыншы) шілдесінен кешіктірмей ұстаушылардың тізілімінен (ұстаушылардың тізілімін жүргізетін АҚ және ЖШС үшін) үзінді көшірме;

  1. орган шешім қабылдаған және уәкілетті органды құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізу туралы хабардар еткен күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірілмейтін мерзімде өзінің құрылтай құжаттарына өзгерістер/толықтырулар енгізу туралы Лизинг берушіні жазбаша хабардар етуге; заңды тұлға ретінде өзінің алдағы қайта ұйымдастырылуы туралы - болжанатын қайта ұйымдастыру күніне дейін 1 (бір) айдан кешіктірмей; Лизинг алушы органдарын қайта сайлау/тағайындау туралы (яғни заңды тұлға ретінде қайта ұйымдастыру атқарушы орган, басшы, Директорлар кеңесі, бақылау кеңесі және т. б.) – тиісті шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей;

  2. Шарттың талаптары бұзылған кезде Лизинг берушіге Шарттың талаптарына сәйкес тұрақсыздық айыбын (өсімпұл, айыппұл) төлеуге;

  3. Шартта, техникалық құжаттамада белгіленген нысаналы мақсаты бойынша Лизинг нысанасын пайдалану, Лизинг нысанасының келісілген орналасқан жері бөлігінде бұзушылықтарға жол бермеу;

  4. Лизинг нысанасының ілеспе техникалық құжаттамасы түпнұсқаларының толық сақталуын қамтамасыз ету;

  5. Лизинг нысанасын пайдалану, сақтау, иелену және (немесе) пайдалану салдарынан жеке/заңды тұлғаларға, үшінші тұлғалардың мүлкіне, сондай-ақ Лизинг нысанасының сақталуына, барлық зақымдануына жауапты болу;

  6. Шарттың талаптарына сәйкес Лизинг және қамтамасыз ету нысанасының бүліну, жойылу немесе жоғалу тәуекелін сақтандыруға;

  7. Лизинг алушының кінәсінен туындаған Лизинг нысанасының жай-күйі нашарлаған жағдайда Лизинг берушіге тиісті Лизинг нысанасының өтелмеген құнының сомасына қосымша өтімді қамтамасыз етуді кепілге беруге;

  8. қамтамасыз етуді ішінара немесе толық жоғалтқан (осының нақты қаупі туындаған) және (немесе) Лизинг алушының қаржылық жай-күйінің нашарлауы және (немесе) Қамтамасыз ету жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкес емес Лизинг алушының/Кепіл берушінің/Кепілгердің иелігінен қамтамасыз етудің шығуы және (немесе) Лизинг алушы Шарт бойынша міндеттемелерді тиісінше орындамаған жағдайда және (немесе) қамтамасыз ету құны (кепілдік құны) төмендеген жағдайда Лизинг беруші жүргізген қамтамасыз етуді қайта бағалау, Қамтамасыз ету құнының төмендеуіне әкеп соққан Қамтамасыз ету жай-күйі өзгерген жағдайда Лизинг берушінің талаптарын қанағаттандыратын қамтамасыз етуді Лизинг берушіге қажетті, қолайлы және жеткілікті деп есептейтін нысанда, көлемде және мерзімдерде қосымша қамтамасыз етуді ұсынуға;

  9. Шарт жасалған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде Лизинг алушының құзыретті органдарының (акционерлерінің/қатысушыларының) шешім қабылдауын қамтамасыз етуге және Лизинг алушының үлесін/акцияларын иеліктен шығару туралы не қатысушылардың/акционерлердің құрамы өзгерген жағдайда құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген және (немесе) Лизинг алушының қатысу үлесін/акцияларын сатып алу бойынша мәміле жасалған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде Лизинг алушының үлесін/акцияларын иеліктен шығару туралы келісім жасасуын қамтамасыз етуге;

  10. Лизинг берушінің жазбаша келісімінсіз сомасы Лизинг нысанасының жалпы құнының/Лизинг алушы активтерінің теңгерімдік құнының/ Лизинг алушының меншікті капиталының __% (__________) асатын, қарыз, қаржы лизингі, кепілдіктер, кепіл шарттарын қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, мүлікті сатып алуға, иеліктен шығаруға не сатып алу, тікелей немесе жанама иеліктен шығаруға байланысты мәмілелер және (немесе) бірнеше мәмілелер жасаспауға;

  11. Лизинг алушы Лизингке беру актісіне қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде тіркеуге жататын Лизинг нысанасына арналған құжаттарды ресімдеуге, Лизинг алушы ретінде өзіне, уәкілетті органдарда есепке алуды (тіркеуді) жүргізуге және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына, халықаралық келісімдерге сәйкес талап етілетін/талап етілуі мүмкін барлық қажетті іс-шараларды жүргізуге және қолданылып жүрген заңдарда және халықаралық келісімдерде ұйғарылған барлық шарттылықтарды тіркеу және (немесе) орындау қорытындылары бойынша Лизинг берушіге Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және халықаралық келісімдерге сәйкес Лизинг нысанасының тіркелгенін растайтын құжаттарды беру міндетті (бұл ретте «Ерекше белгілер» бағанында немесе мағынасы бойынша өзге тиісті бағанда Лизинг беруші мен Шартқа сілтеме көрсетілуі тиіс 10). Лизинг алушы Лизинг нысанасына құжаттарды тіркеуге және ресімдеуге байланысты барлық шығыстарды көтереді.

  12. егер бұл Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес талап етілетін болса, Лизинг алушының банк шоттарына Лизинг беруші қойған төлем талаптарының акцептін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде жүргізуге;

  13. Шарт жасалған сәттен бастап ол мен оған қызмет көрсететін банктер арасындағы банктік шоттың барлық шарттарында заңнамада көзделген кез келген тәсілдермен оның банктік шотынан ақшаны алу, оның ішінде Лизинг берушінің пайдасына банктік шоттарды тікелей дебеттеу туралы талап көзделсін. Осы тармақшада көрсетілген Лизинг алушының міндеттемесі ол жасасатын және Шарт жасасқаннан кейін жасалатын банктік шоттың барлық шарттарында орындалуы тиіс. Шарт немесе Шарт жасасқаннан кейін жасалатын банктік шот Шарты жасалған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде Лизинг берушіге Шарттың осы тармақшасына сәйкес енгізілген талаптары бар өзі жасасқан банктік шот шарттарының нотариалды куәландырылған көшірмелерін ұсынуға міндетті. Шарт жасалған күннен кейін жасалған банктік шот шартына өзгерістер енгізілген жағдайда, сондай-ақ кез келген банктік шот шартының қолданылуы бұзылған (тоқтатылған) жағдайда көрсетілген оқиғалар басталған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Лизинг берушіге жасалған факті туралы жазбаша хабарлауға және жасалған өзгерістер енгізу туралы келісімнің немесе банктік шот шартын бұзу туралы келісімнің/бұзу туралы өтініштің нотариалды расталған көшірмесін ұсынуға міндетті;

  14. Лизинг берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз Лизинг нысанасын немесе оның бір бөлігін жалға, сублизингке немесе өзге тәсілмен үшінші тұлғаға иеленуге және пайдалануға бермеуге;

  15. Лизинг беруші берген сенімхат негізінде Лизинг нысанасын кедендік ресімдеуді жүргізуге, бұл ретте сатып алу бойынша кедендік төлемдерді, салықтарды есептеу және төлеу кезінде төлемнің тағайындалуында Лизинг берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірін (БСН) көрсету;11

  16. Шартқа қосымша келісімді, оның ішінде Лизинг берушіден Лизингтік төлемдерді өтеудің жаңа кестесін алғаннан кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде оған қол қоюға, мөрмен бекітуге және тиісті данасын Лизинг берушіге беруге міндетті. Осы міндеттеме кестенің өзгеру себептеріне қарамастан, Лизингтік төлемдерді өтеудің барлық ресімделетін кестелеріне, сондай-ақ Шартқа барлық қосымша келісімдерге жатады;

  17. Лизинг нысанасы ішінара берілген Негізгі борышты өтеу мерзімі басталған жағдайда Лизинг алушы ішінара берілген Лизинг нысанасының барлық құнына Шартқа № 3 қосымшаға сәйкес Лизинг төлемдерін өтеу кестесіне қол қоюға міндетті:

  • Негізгі борыш бойынша бірінші төлем басталғанға дейін;

  • Лизинг нысанасы ішінара берілген кезеңде Негізгі борыш бойынша кейінгі төлемдер басталғанға дейін, бұл ретте алдын ала құн Лизинг нысанасын соңғы бергеннен кейін өзгертілуі тиіс;

  1. жыл сайынғы негізде, өз есебінен Лизинг нысанасы және қамтамасыз етеді қайта бағалауды жүргізуге және Лизинг берушіге әр жылдың 31 қазанына дейінгі мерзімде бағалаушыны бағалау туралы есептердің түпнұсқаларын беруге;

  2. Лизинг берушінің талабы бойынша мониторинг жүргізу мақсаттары үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитетінен Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық құпиясы болып табылатын мынадай мәліметтерді алуға Лизинг берушіге келісім беруге өтініш беруге: Лизинг берушінің кірістердің өсу серпінін айқындау үшін Лизинг алушының кірістері; Лизинг берушінің жұмыс орындарының орташа жылдық санының өсуін айқындау үшін Лизинг алушы қызметкерлерінің саны; Лизинг берушінің жұмыс орындарының орташа жылдық санының өсуін айқындау үшін; бюджетке төленген салықтардың өсу серпінін Лизинг беруші анықтау үшін Лизинг алушы төлеген салықтардың сомасы;

  3. кез келген өзге міндеттемелерді, оның ішінде қаржылық міндеттемелермен және қаржылық тәртіптермен байланысты емес қаржылық емес сипаттағы, шарттан айқындалған және туындайтын міндеттемелерді орындау;

  4. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жасалған Бірлескен қызмет туралы шарт шеңберінде Лизинг нысаналарын үшінші тұлғалар (бұдан әрі – тасымалдаушылар) пайдаланған жағдайда, Бірлескен қызмет туралы шартта келесі шарттарды көзделсін:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет