Название документа: дфл


Лизингтік төлемдерді өтеу кестесі



бет19/27
Дата30.03.2023
өлшемі171,16 Kb.
#77825
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27
Байланысты:
Договор финансового лизинга (типовая форма qaz)

Лизингтік төлемдерді өтеу кестесі

Шартқа № 3 қосымшаға сәйкес негізгі борышты қайтару, сыйақыны төлеу және тіркелген индекстеу13 бойынша кезекті төлемдердің күндері/мерзімдері мен мөлшерлері;

Ақау актісі

нысаны Лизинг берушінің Интернет-ресурсында орналастырылған, Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын, Лизинг және кепілмен қамтамасыз ету затына қатысты анықталған ақаулар мен ескертулерді, олардың техникалық жай-күйін, оларға қатысты құжаттарды, сондай-ақ Ақаулық актіге қол қойылған күні анықталған ақаулар мен ескертулерді жою мерзімін көрсете отырып, Лизинг нысаналарының саны, сапасы және жиынтықтылығы және кепілмен қамтамасыз ету бойынша ақпаратты қамтитын құжат. Ақау актісінде Лизинг алушының анықталған ақаулар мен ескертулерді жою мерзімдері бойынша міндеттемесі болады, Лизинг беруші мен Лизинг алушының өкілдері Лизингтің және/немесе кепілмен қамтамасыз ету заттарының техникалық жай-күйі мен нысаналы пайдалануының Мониторингі мақсатында жүзеге асырылатын іссапар барысында жасалады және қол қойылады. Қажет болған жағдайларда: Лизинг алушы бас тартқан, шеттетілген, өзін-өзі таратқан, болмаған кезде Ақаулық актілері Лизинг мәмілесінің ерекшеліктеріне және жасалған шарттарына байланысты Лизинг алушының қатысуынсыз жасалады.

Дефолт

Шарт бойынша Дефолт жағдайы мынадай жағдайлардың кез келгені болып саналады:
1) Лизинг алушы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамайды немесе тиісінше орындамайды және, егер түзетуге жарайтын болса, мұндай орындамау Лизинг берушінің бұл туралы Лизинг алушыға хабарламасында белгілеген мерзім ішінде түзетілмейді;
2) Лизинг алушы Негізгі борыштың, сыйақының, комиссиялардың, Шарт бойынша Қосымша шығыстардың және тұрақсыздық айыбының (өсімпұлдар, айыппұлдар) сомасын қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, Лизинг берушіге Шарт бойынша тиесілі кез келген ақшаны мерзімінде және (немесе) толық емес көлемде төлемеген;
3) Лизинг алушының Шартта немесе қандай да бір хабарламада, немесе Шартқа сәйкес немесе байланысты өзі ұсынған өзге құжатта, куәлікте немесе өтініште жасаған қандай да бір куәландыру немесе бекіту Лизинг берушінің дәлелді негіздері бойынша қате болып табылса немесе жаңылыстыруға әкеп соқтырса;
4) Лизинг алушы Шартта көзделген өзінің растаулары мен кепілдіктерін бұзса;
5) Кросс-дефолт жағдайының басталуы.

САСШ

Лизинг нысманасын(ларын) меншікке сатып алуға арналған шарт, оның ішінде сатып алу-сату шарты, жеткізу шарты және осыған ұқсас заңдық табиғаты бар басқа да мәмілелер;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет