Название документа: дфл



бет22/27
Дата30.03.2023
өлшемі171,16 Kb.
#77825
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
Договор финансового лизинга (типовая форма qaz)

Лизингтік мәміле

«_____» жобасы шеңберінде (уәкілетті органның Шешіміне сәйкес жобаның атауы), Тараптардың және Лизинг нысанасын Сатушының азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған келісілген іс-қимылдарының жиынтығы;

Лизингтік төлемдер

Шартта айқындалған және Шарттың қолданылу мерзімі ішінде жүзеге асырылатын Лизинг нысаналарының барлық құнын өтеуді ескере отырып есептелетін, Шарт бойынша оның бүкіл қолданылу мерзімі ішінде төлемдердің жалпы сомасын білдіретін мерзімді төлемдер, олар келесілерді қамтиды:
1) Лизинг берушіге Шығындарды өтеу;
2) Шарт бойынша сыйақы.

Жеңілдік кезеңі

Лизинг алушы Негізгі борышты қайтару және (немесе) сыйақыны төлеу жөніндегі міндеттемелерден босатылатын кезең;

Мониторинг

Қаржы-шаруашылық қызметті, Лизинг нысанасының техникалық жай-күйін және Қамтамасыз етуді салыстыру, талдау және қорыту жолымен бақылауды жүзеге асыру мақсатында Лизинг алушының қызметін, Лизингтік мәміленің іске асырылу барысын мерзімді кешенді тексеру. Мониторинг қашықтықтан (Лизинг беруші Лизинг алушыдан талап еткен құжаттардың негізінде) не Лизинг беруші өкілдерінің Лизингтік мәмілені іске асыру орнына барып, Лизинг нысанасының орналасқан, Қамтамасыз ету орны немесе Лизинг алушының орналасқан жері жүргізілуі мүмкін;

Салықтар

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, белгілі бір мөлшерде өндірілетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипаттағы, мемлекет заң жүзінде біржақты тәртіппен белгілеген бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер, Шарт шеңберінде келесілерді қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет