Название документа: дфл


АҚПАРАТТЫҢ ҚҰПИЯЛЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ АШЫЛУЫ



бет14/27
Дата30.03.2023
өлшемі171,16 Kb.
#77825
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27
Байланысты:
Договор финансового лизинга (типовая форма qaz)

АҚПАРАТТЫҢ ҚҰПИЯЛЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ АШЫЛУЫ

  1. Тараптар екінші Тараптан алынған және көпшілікке қолжетімді болып табылмайтын коммерциялық және банк құпияның, қаржылық және басқа да ақпараттың (бұдан әрі - Құпия ақпарат) құпиялылығын сақтауға міндеттенеді. Құпия деп «Құпия» белгісі бар ақпарат не Тараптармен құпия ақпарат ретінде көрсетілген ақпарат болып табылады.

  2. Құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға беру басқа Тараптың жазбаша келісімімен ғана, сондай-ақ Шарттың 12.3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасымен және (немесе) осындай ақпаратты алуға қолданылатын өзге де құқыққа уәкілеттік берілген органдар мен лауазымды тұлғалардың талап етуі бойынша мүмкін.

  3. Осы бапта көзделген құпиялылық туралы ережелер төмендегі жағдайларға қолданылмайды:

  1. Шарт бойынша талап ету құқықтарын беру, сондай-ақ сенімгерлік басқаруға берілген жағдайда;

  2. Лизинг алушының Шарт бойынша берешегін өтеу және осыған байланысты өзге банктерге қажетті ақпарат беру үшін Лизинг алушының және (немесе) кепілгердің банктік шоттарынан ақшаны Лизинг берушінің акцептсіз алуы;

  3. Лизинг берушінің Лизинг алушы мәмілелер жасасқысы келетін және Лизинг алушы Шарт бойынша өздеріне белгілі бір шектеулерді қабылдаған үшінші тұлғалардың шарт талаптары туралы хабардар етуі;

  4. Лизинг берушінің капиталдың ішкі және сыртқы нарықтарында қарыз алуды жүзеге асыру мақсатында, оның ішінде рейтингтер, лимиттер алу үшін үшінші тұлғаларға қажетті ақпаратты беруі;

  5. Лизинг берушінің Лизинг алушының Шарт бойынша міндеттемелерін орындамауы туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауы;

  6. Лизинг берушінің Лизинг мәміле бойынша акционерлерге/акционерге/акционердің акционеріне/Лизинг беруші акционерінің еншілес ұйымдарына, Лизинг берушінің акцияларын сенімгерлік басқарушыға, Лизинг берушінің аудиторларына, сонымен қатар мемлекеттік аудит органдарына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға және (немесе) қолданылатын құқыққа сәйкес, оның ішінде Лизинг беруші құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдарға Лизинг алушыны және (немесе) Лизинг алушының лауазымды тұлғаларын Лизинг алушының берешегін өндіріп алу мақсатында жүгінген жағдайда Лизингтік мәміле бойынша қажетті ақпаратты, өз құқықтарын қорғау және Лизинг алушының Лизинг беруші алдындағы өз міндеттемелерін тиісінше орындау мақсатында;

  7. Лизинг берушінің құпиялылық туралы олармен жасалған келісімдер шеңберінде үшінші тұлғаларға (сыртқы консультанттарға, мемлекеттік органдарға және мемлекеттік емес ұйымдарға, берешекті өндіріп алу, сақтандыру, қамтамасыз етуді бағалау, мүлікті және басқаларды қорғау жөнінде қызметтер көрсететін тұлғаларға), сондай-ақ Лизинг алушының кредиттік тарихын құру үшін кредиттік бюроға қажетті ақпаратты беруі;

  8. Лизинг берушінің Лизинг алушының берешегін өндіріп алу және осыған байланысты үшінші тұлғаларға құжаттарды ұсыну мақсатында іс-шаралар жүргізуі және (немесе) Лизинг алушы, Лизинг алушыға қатысты коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қамтитын оның берешегінің сомасы туралы ақпаратты жариялау;

  9. бұқаралық ақпарат құралдарында, Лизинг берушінің акционерінің /Лизинг берушінің корпоративтік сайтында орналастыру, үшінші тұлғаларға Лизингтік мәміле бойынша қаржыландырудың негізгі шарттары туралы (мерзімі, сомасы, валютасы, сыйақы ставкасы, Лизинг алушының атауы) және төмендегілерді қамтитын Лизингтік мәміле бойынша жалпы ақпарат туралы мәліметтер беру:

  1. Лизингтік мәміленің атауы және сипаттамасы;

  2. Лизинг берушінің Лизингтік мәмілені қаржыландыру көздері;

  3. Лизингтік мәміленің құны және Лизинг алушының / үшінші тұлғалардың Лизингтік мәмілені қаржыландыруға меншікті қатысуының мөлшері.

  1. Лизинг берушінің ұсынылған/аударылған ақша сомалары туралы ақпаратты және Лизинг алушының Шарт бойынша міндеттемелерін орындауы туралы мәліметтерді мемлекеттік және өзге де бағдарламалар қаражаты есебінен іске асырылатын Лизингтік мәміле шеңберінде кез келген мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға, акционерге/Лизинг беруші және (немесе) «Самұрық-Қазына» АҚ акционерінің акционеріне беруі.

    1. Шартқа қол қою арқылы Лизинг алушы Шартта көзделген жағдайларда кез келген үшінші тұлғаға, оның ішінде Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдарына Лизинг берушінің құпия ақпаратты ашуына өзінің сөзсіз және қайтарып алынбайтын келісімін береді және растайды.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет