C m y k газет 2008 жылдың қазан айынан бастап шығады



жүктеу 174.86 Kb.
Pdf просмотр
Дата29.12.2016
өлшемі174.86 Kb.

C

M

Y

K

Газет 2008 жылдың 

қазан айынан

бастап шығады

№ 1 (57)

30 қыркүйек

2015 жыл

ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ-ГУМАНИТАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ГАЗЕТІ

С

апалы білім мен саналы тәрбие беру 



ісінде  іркілмей,  жолынан  жаңылмай 

еңбек  етіп  жатқан  оқу  ордаларының  бірі 

– 

Тараз 


инновациялық-гуманитарлық 

университеті.  Заманауи  үлгіде  оқыту 

тәжірибесін  қолға  алған  өңіріміздегі  білім 

ошағының  бірегейі  ТИГУ-де  1  қыркүйек  – 

Білім күніне арналған салтанатты шара өтті. 

Тал шыбықтай мың бұралған «Ақ кербез» 

бишілер тобының шыр көбелек айнала, орта-

ны жайната билеуімен басталған салтанатты 

жиын өз алдына шаңырақ көтергелі универси-

тетте жетінші рет ұйымдастырылды. Биылғы 

«Білім күні» мерекесі ел Конституциясының 

және  Қазақстан  халқы  ассамблеясының 

20  жылдығымен  және  Қазақ  хандығының 

550  жылдық  мерейтойларымен  қатар 

келіп,  ағымдағы  оқу  жылы  түрлі  мерейлі 

оқиғаларға  толы  болғалы  отыр.  Осы  атаулы 

даталарды  тілге  тиек  еткен  ТИГУ  ректоры, 

филилогия ғылымдарының докторы, профес-

сор  Саурықов  Ерболат  Байұзақұлы  жастар 

мен  университеттің  профессор-оқытушылар 

құрамын  жаңа  оқу  жылымен  құттықтады. 

Білімді  азаматтың  кез  келген  ортада  айы 

оңынан  туып,  жұлдызы  жарқырайтынын 

айтып,  болмашы  нәрсеге  әуестенбей,  білім 

нәрімен қарулануға шақырды. Табысты еңбек 

етіп, бейнеттің зейнетін көру үшін жұмыста 

қажыр-қайрат, жастарға оқуда сәттілік тіледі.

Сонымен  қатар,  Ерболат  Байұзақұлы 

Ұлттық  біріңғай  тестілеуден  жоғары  балл 

жинап,  алайда  мемлекеттік  грантқа  қол 

жеткізе  алмаған  талапты  бес  оқушыға  рек-

тор  гранты  сертификатын  ұсынды.  Және 

білім  ордасының  қалыптасқан  дәстүрі  бой-

1 ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІ

БІЛІМ – ӨМІР ШЫРАҒЫ

Білім мен ғылымды игермеген ел ешқашан кемел келешектің көкжиегін көре алмасы анық. Елбасы еге-

мен елдің ертеңгі күні көзі ашық, көкірегі ояу, жаны жақсылыққа құмар жастар мен өткенді сараптап, ой-

арманы өрге ұмтылдырған өскелең ұрпақтың қолында екендігін ұдайы айтып келеді. Осы үдеден шыға алған 

азаматтың кез келген саланың үздік маманы атануына жолы ашық. 

ШАТТЫҚПЕН   

  ШАЛҚЫП...

Өмірдің бейбіт бағы гүл,

Асудан асып асқарлы.

Мінекей биыл тағы бір

Оқу жылы басталды.

Шаттықпен шалқып 

 

 

     толғана



Ой толқытқан жүрегін.

Өмірге алмақ жолдама,

ТИГУ-ге келген түлегің!

ынша  бірінші  курс  білімгерлеріне  Білім 

кілті  мен  студенттік  билет  тапсырса,  олар 

өз  кезегінде  студенттік  ант  қабылдады. 

Одан соң білімгерлермен тығыз байланысты 

жұмыс жасайтын ТИГУ-дің оқу ісі жөніндегі 

проректор  мен  факультет  декандары  таны-

стырылды. Оқу ісі жөніндегі проректор Шер-

таев Ерман Тельманұлы, Тараз қалалық Ар-

дагерлер  кеңесінің  төрағасы  Жақсылықбай 

Тәжібаев  пен  университетіміздің  Ардагер-

лер  кеңесінің  төрағасы  Жәнібек  Майханов 

құттықтай  сөз  сөйлеп,  жалынды  жастарға 

оқуда озат атануға шақырды.

Салтанатты  шара  барысы  республика 

көліміне танымал топ «Мерей», халықаралық 

байқаулардың  лауреаты,  ТИГУ  түлегі  Жан-

на  Асанқұлова  және  университеттің  өнерлі 

жастарының  мерекелік  бағдарламасына 

ұласты.. 

Бүгінде 

Тараз 


инновациялық-

гуманитарлық  университетінде  жиырма-

дан  аса  бакалавр,  оннан  аса  магистратура 

мамандықтары  бойынша  бес  мыңға  жуық 

студент білім алуда. Оларға 205 профессор-

оқытушылар, құрамында 23 ғылым докторы, 

91 ғылым кандидаты, 4 phd докторы мен 90-

ға  жуық  магистр  сапалы  білім  беру  ісімен 

шұғылдануда. 

ТИГУ  35  шетелдік  жоғары  оқу  орында-

рымен  өзара  әріптестік  қарым-қатынастар 

мен байланыстарды тұрақты жүргізіп келеді. 

Әлемнің  жетекші  жоғары  оқу  орындарында 

«студент  алмасу  бағдарламалары»  бойынша 

100-ден астам ТИГУ студенттері білім алуда. 

Бүгінгі  ТИГУ  –  бұл  көрнекті  ғалымдар 

мен  педагогтар,  белгілі  ғылыми  мектептер 

мен  орталықтар,  кәсіби  және  тұлғааралық 

қарым-қатынастардың 

жоғары 


деңгейі, 

дәстүрлер  сабақтастығы,  бай  ғылыми-

педагогикалық және өмірлік тәжірибені жаңа 

буынға дарыту мүмкіндігіне ие іргелі оқу ор-

нына айналып келеді.

Демек,  біздің    білімгерлер  универси-

тет  таңдауда  жаңылмаған.  Ендігісі,  тек  та-

лапкерлерден  талап  етілетіні  –  білімге  де-

ген  құштарлық,  ғылымға  деген  ынта  мен 

жігер,  танысам  екен,  түсінсем  екен  деген 

қызығушылық қана. 

Нұржан ТУҒАНБАЙ,

Медиа орталық директоры

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Урал федералдық университетінің Құрметті докторы атанды

tigu.kz

АҢДАТПА


tigu.kz

ҰЛТТЫҚ РУХТЫ 

КӨТЕРУ – ТАРИХ 

ТАНЫМЫНАН 

БАСТАЛАДЫ

ҰЛТ ҰСТАЗЫ 

АТЫНДАҒЫ 

АЛТЫН МЕДАЛЬМЕН 

МАРАПАТТАЛДЫ 

2-бет

ОҚЫТУШЫЛАРМЕН 

ҚАЛАЙ ТІЛ 

ТАБЫСАМЫН 

?

ТАЛАНТТЫ 

БІЛІМГЕРЛЕР 

ТАНЫЛДЫ

3-бет

4-бет

4-бет

Е

лдің  экономикалық  мәселелерінде  күрмеуі  мол 

қиындықтар  әлі  де  жеткілікті,  оның  үстіне  әлемдік 

дағдарыс,  көрші  елдердегі  түрлі  аумалы-төкпелі  жағдайлар 

күшейіп  тұрғанда  –  мемлекеттілігіміздің  тарихына  ден 

қоюымыз,  ең  алдымен,  өзімізді  мықты  халық,  ұлт  ретінде 

сезінуіміздің  қажеттілігінен,  қазақ  елі  деген  ғайыптан  пайда 

болған жасанды құрама емес, терең тарихы бар, жан беріп, жан 

алысқан тағдырлы күресі бар, сол азаттық жолындағы күресте 

өзінің  табандылығымен,  мықтылығымен  ұлы  далада  байтақ 

атамекенін сақтап қалған рухты ел екенін санамызға тереңірек 

сіңіре отырып, өзге іргелес жұртты да, бүкіл әлемді де соған 

мойындату  болса  керек.  Сондықтан  Қазақ  хандығының  550 

жылдығы қаз-қатар үйлерді тігіп тастап, той тойлаудың жылы 

емес, рухани тұрғыдан толысудың, тұтастанудың жылы болуы 

қажет.


Қазақ  мемлекеттілігінің  тарихын  Ұлы  дала  тарихынан 

бөліп қарастыра алмаймыз. Сондықтан да бұл мерейлі мере-

кеден түйінделетін бірінші толғамды ой – қазақ халқы ежел-

ден  осы  Ұлы  даланың  байырғы,  әрі  тұрақты  мекендеушісі 

екенін  тарихи  тұрғыдан  тану,  таныту  болмақ.  Әрине,  мұны 

өзіміз  білеміз  дегенмен,  мойындағысы,  танығысы  келмейтін 

астамшыл  пиғылдардың  бар  екені  қазір  жасырын  емес. 

Іргелес алып державалармен қаншалықты көп векторлы сая-

сат жүргіздік дегенмен, олардың ішінде қазақ жеріне көз тігу, 

оның байлықтарының дәмін тамсана сезіну пиғылы бар екені 

белгілі.

Тәуелсіздік жылдарындағы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың үлкен 

жұмыстарының бірі – шекарамызды бекітуі, заңдастыруы бол-

ды.  Енді  осы  ата-бабамыздан  аманатқа  қалған  ұлан-байтақ 

кеңістіктің  иесі  ретінде,  тәуелсіз  Қазақ  елінің  мемлекет 

құрушы  ұлт  ретінде  рухани  толысуымыз,  тұтастануымыз, 

рухы  мықты  ел  ретінде  сезінуіміз  күн  тәртібінде  өткір  тұр. 

Қазақ хандығының 550 жылдық мерейлі тойы осындай руха-

ни  сілкіністер  әкелсе,  жас  ұрпақтың  сана-сезіміне  жасындай 

жарқыраған тың бетбұрыстар әкелері анық.

Екіншіден,  халықтың  өзін-өзі  тануы  әлдебір  үстемшіл 

идеологияның  әсер-ықпалынан  ада  жаңаша  көзқараспен 

зерделенуі  –  уақыт  талабы.  Бұл  тұрғыда  тарихшы, 

қоғамтанушы ғалымдардың иығына үлкен жүк түсетіні белгілі. 

Бірақ бұл олардың ғана жұмысы емес, көзі ашық, көкірегі ояу, 

білімі  терең,  парасатты  ұлтжанды  бүкіл  зиялы  қауымның 

тізе  қоса  отырып  атқаратын  ортақ  абыройлы  міндеті.  Оған 

өнер адамдары да, қанатты қалам иелері де атсалысуы тиісті. 

Ең  болмағанда,  қарапайым  халық  күнделікті  баспасөзде 

шығып жатқан белгілі ғалымдардың, қайраткерлер мен ақын-

жазушылардың  тұшымды  мақалаларын,  ой-толғаныстарын 

оқып, өз жадын жаңғыртуы, рухани оянуы мейлінше маңызды.

Осы ретте тарихшы, профессор Берекет Кәрібаев айтпақшы, 

халық жадын оятудың заманауи әр алуан амал-тәсілдері бар. 

Соның  бірі  –  мемлекет  қолға  алып  отырған  қазақ  тарихына 

қатысты көп сериялы фильм түсіру. Бұл өте қуанарлық және 

құптарлық  жағдай.  Сонымен  қатар  бұл  қыруар  жұмыс  өнер 

адамдарының  мойнына  (сценарисі,  режиссері,  актерлері, 

суретшілері,  т.б.)  үлкен  жүк,  жауаптылық  артады.  Кеңестік 

кезеңдегі «Қыз Жібек» фильмі неге классикаға айналды? Ең 

алдымен,  онда  ұлттық  рух,  қазақы  салт-дәстүр,  қазақ  елінің, 

жерінің  байтақтығы  мен  көркемдігі,  соларға  деген  мәңгілік 

сүйіспеншілік – фильмнің өн бойынан есіп тұрды. Сол себепті 

де Қазақ хандығының 550 жылдық тарихы туралы түсірілетін 

фильмнен  де  осы  талапты  күтеріміз  анық.  Қазақ  тарихының 

шынайы бейнеленуі, ел болу жолындағы үлкен еңбек сіңірген 

тарихи тұлғалардың ірі, кесек образдарының жасалуы, олардың 

басындағы  жақсы  қасиеттер  мен  түрлі  қайшылықтардың 

терең  ашылуы,  психологиялық  тереңдік  пен  ел  болу,  бірігу 

жолындағы ішкі рухтың мықтылығы көрінуі тиісті деп білеміз. 

Әлемдік  дағдарыстың  күшеюіне  байланысты  еліміз  үнемдік 

экономикаға  көшті.  Сондықтан  да  алдыңғы  кезекте  Қазақ 

хандығының  іргесін  құрушы  Керей  мен  Жәнібек  хандар, 

Қазақ хандығының ақырғы ханы Кенесары туралы фильмдер 

түсіріледі деген ақпарат естілді. Бір жағынан бұл да дұрыс бо-

лар. Бірақ қалың көпшіліктің күтер тілегі – шынайылық пен 

ұлттық рухтың асқақтығы болса дейміз.

Қазақ  хандығының  550  жылдық  мерекесі  –  тек  ел  билігін 

жүргізген хандармен шектеледі деп келте қарауға болмайтын 

тәрізді. Бұл қазақ халқының арғы-бергі тәуелсіздік үшін күрес 

жолы, талайлы тағдыры. Бұл жолда ақын Жұбан Молдағалиев 

жырлағандай, қазақ халқы «мың өліп, мың тірілді». Ендеше, 

бұл  мерекенің  аясында  халық  батырлары,  әділдікті  ту  еткен 

рухты  билер  мен  шешендер,  халықтың  өзге  де  ел  жадында 

қалған  қарапайым  өкілдері  жөнінде,  олардың  қазақ  елінің 

дамуына,  күшеюіне  сіңірген  қайрат-жігері,  үлесі  туралы  да 

мүмкіндікке  орай  айтылуы  қажет.  Қазақ  елі  туралы  әңгіме, 

әрине,  550  жылдық  тарихпен  шектелмейді.  Қазақ  жерінде 

біздің  дәуірімізге  дейінгі  қаншама  тарихи  жәдігерлер  бар. 

Оларды  да  жаңа  тарихи  көзқарас  тұрғысынан  зерделеу  де 

маңызды.  Осы  ретте  жергілікті  өлкетанушылардың  матери-

алдары  да  құнды.  Мәселен,  біз  білетін  Жамбыл  ауданының 

тұрғыны,  тарихшы  Әмірхан  Мырзаев  Қаратау  өңірінде 

зерттелгені бар, ғылымға енбеген немесе толық зерттелмегені 

бар тастағы суреттер мен таңбалар ондаған мыңның үстінде 

деп болжам жасауға болады деп жазады. Сонда барып, көненің 

көзін тауып, суретке түсірген өлкетанушының еңбегі лайықты 

бағалануы  тиіс.  Өлкетанушы  Ә.  Мырзаев  петроглифтердің 

әр  өңірдегі  санына  дейін  нақты  болжамдар  айтады.  Кіші 

Қаратаудағы Теріс петроглифтерінің өзі мыңның үстінде десе, 

Кемер петроглифтері 500-дей, Үлкен Шабақты өзенінің жоғары 

жағындағы  Байжон  қыстағы  петроглифтері  300-дің  үстінде, 

Қаратаудың  Үлкен  Тұра  етегіндегі  Жүзімді  петроглифтері 

жарты мыңға жуық, Келіншек тауындағы Арпаөзен, Қойбағар 

әлі  толық  зерттелініп  біткен  жоқ.  Оған  қоса  жалғыз  жарым, 

5-10, 40-50, 80-90-нан асатын суреттер мен таңбалары бар тау 

шатқалдары  қаншама  дейді.  Бұл  петроглифтердің  айтатын 

сыры тереңде. Біздің дәуірімізге дейінгі VІІІ ғасырда салынған 

деп  болжам  айтатын  Кіші  Қаратаудың  Елікті  сайындағы  си-

рек  кездесетін  тәжі  бар  мосқал  адамның  тасқа  қашалған 

суреті өлкетанушыны айрықша қызықтырады. Осындай тасқа 

қашалған  әр  алуан  суреттер  мен  таңбалардың  сырына  үңіле 

отырып,  өлкетанушы  Қаратау  өңірінің  ежелгі  адамдардың 

қоныс мекені болғанын дәлелді алға тартады. Өлкентанушы Б. 

Мырзаевтың еңбегінің екінші бір құнды жағы бұл жұмыстарды 

ол жалғыз атқармайды. Мектеп оқушыларынан өлке тарихына 

қызығатын шәкірттерді топтастыра білген. Бұл жас ұрпақтың 

өз  елінің  тарихына  қызығушылығын  арттыратынын  ескерер 

болсақ,  ұлтжандылық,  қазақстандық  патриотизм  дегеннің 

бастауы да осыдан өрбімей ме? Өлкетанушының осы петро-

глифтерге  байланысты  көтеретін  көкейкесті  мәселелері  де 

бар. Кейбір құнды жәдігерлер жойылып барады немесе жой-

ылу  үстінде.  Бұл  жерде  мыңдаған  жыл  табиғаттың  әр  алуан 

құбылысына төтеп берген сурет, таңбалардың адам қолымен 

бұзылуда екенін өлкетанушы қынжыла айтады. Бұдан туатын 

басты мәселелердің бірі – құнды жәдігерлерді қорғау жайы бол-

са қажет. Осы ретте облыс әкімдігінің мәдениет басқармасына 

үлкен  ұсыныс-тілек  бар.  «Туған  өлке  ғажайыптары»,  немесе 

«Ұлы дала тарихы» деген атпен тасқа қашалып жасалған су-

реттер мен таңбалардың неге фотоальбомын жасамасқа?! Ал 

туған өлкенің тау-тасын кезіп, әр шатқал-сайына үңіліп жүрген 

Ә. Мырзаевтың еңбегі бұған жақсы материал емес пе? Көрнекті 

фотоальбом шығару біріншіден, өлкетану тарихында тамаша 

қадам  болса,  екіншіден,  біздің  өлкеміздің  ықылым  заманнан 

жеткен құнды ескерткіштері ғылыми айналымға түседі. Бұл ел 

тарихына қосылған зор үлес болар еді.



Сәмен ҚҰЛБАРАҚ,

филология ғылымдарының докторы, профессор

ҰЛТТЫҚ РУХТЫ КӨТЕРУ – ТАРИХ 

ТАНЫМЫНАН БАСТАЛАДЫ

Биыл Қазақ хандығының 

550 жылдығын тәуелсіз 

елімізде, оның ішінде 

Жамбыл жерінде 

кең көлемде атап 

өтілуінің өзіндік терең 

тағылымы бар. Елба-

сы Н.Ә.Назарбаевтың 

алдымен экономика 

деуінің мәнін күнделікті 

тіршіліктен жақсы 

сезінсек, оның екінші 

қанаты – мемлекет 

құрушы негізгі ұлттың 

рухының биік, мықты 

болуының қаншалықты 

маңызды екенін қазіргі 

уақыт айрықша аңғартып 

отыр.

2

Ж

уырда 



ТИГУ 

мен 


Та-

раз 


қаласы 

әкімдігі 

ішкі 

саясат 


бөлімі 

«Тараз 


жастар 

орталығының»  ұйымдастыруымен  ҚР 

Конституциясының  20  жылдығына 

арналған  «ҚР  Конституциясына  –  20 

жыл:  тарихи-құқықтық  тәжірибелер» 

атты  дөңгелек  үстел  отырысы  өтті. 

Отырысқа  Жамбыл  облысы  прокуратурасы  Қылмыстық 

процестің  сотқа  дейінгі  сатысындағы  заңдылықтарын 

қадағалау  басқармасының  басшысы  А.Ә.Әбілдаев,  Та-

раз  қаласы  әкімдігі  ішкі  саясат  бөлімі  «Тараз  жастар 

орталығының» директоры Е.Ж.Төлендиевқатысып, мерейлі 

датаға  орай  өткізілген  жиында  арнайы  баяндама  жасады. 

Сонымен қатар, ТИГУ-дің профессор-оқытушылар құрамы 

мен  қызметкерлері  Ж.Аягөзов  «ҚР  Конституциясының 

тарихи  танымдық  болмысы»,  Н.Әбдімомынов  «Жеті 

жарғы  –  Қазақ  хандығының  алғашқы  конституциясы», 

Ж.Бақтыхожаев  «Конституция  –  кемел  болашағымыздың 

кепілі», Ұ.Құрманбаев «ҚР Конситуциясының тарихи жады 

мен  саяси  саналық  табиғаты»  тақырыптарында  баяндама 

оқып, бірнеше тың мәліметтер келтірді.



ЖОО ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Б

ұдан 



былай 

әкімдерден  бөлек 

министрлер 

және 


ұлттық 

жоғары 


оқу 

орындарының  ректорла-

ры  халық  алдында  есеп 

бермек.  Жуырда  Парла-

мент  Мәжілісінде  өткен 

«Ақпаратқа  қол  жеткізу 

туралы»  заң  жобасын 

таныстыру 

барысын-

да  осындай  мәселе  көтерілді.  Сондай-ақ  құжатта  «ашық 

үкімет  порталы»  жүйесіне  ашық  мәліметтерді  жариялау 

қарастырылып отыр. Онда республикалық және жергілікті 

бюджеттің игерілуіне қатысты деректер жазылады. Бұдан 

бөлек  мемлекеттік  орган  жетекшілерінің  арнайы  блогын 

ашу  көзделген.  Осы  шаралардың  нәтижесінде  ел  алдын-

да  ақпараттың  ашықтығы  70%-ды  құрамақ.  Қазір  бұл 

көрсеткіш  небәрі  40%.  Айта  кетейік,  заң  жобасы  әзірге 

жұмыс тобында талқыланып жатыр. 



РЕКТОРЛАР ХАЛЫҚ АЛДЫНДА 

ЕСЕП БЕРМЕК

«СЕРПІН» ЖОБАСЫ ІС ЖҮЗІНДЕ

ҮЗДІК УНИВЕРСИТЕТТЕР 

ҚАТАРЫНДА

Қ

останайдағы  бір  ғана 



жоғарғы  оқу  орны 

«Серпін» бағдарламасы бой-

ынша 450 студент қабылдап 

отыр. Мемлекет грантына ие 

болғандардың дені оңтүстік өңірдің жастары. 450 гранттың 

бағыттары  –  инженерлік-техникалық  мамандықтар, 

ауылшаруашылық мамандықтары және ветеринария сала-

сы. «Серпін» бағдарламасымен келген талапкерлер оқуын 

бітіргеннен  кейін,  осы  жерде,  солтүстік  өңірде  қаламыз 

десе,  оларды  жұмыспен  қамтамасыз  ету  көзделген. 

Мемлекеттік бағдарламамен келген студенттер үшін білім 

грантында көрсетілген жеңілдіктер толығымен сақталады. 

Енді  «серпіндіктер»  тұрмыс  жайына  алаңдамай,  сапалы 

білім  алуға  күш  салса  болғаны.  Астықты  өңір  болашақ 

мамандардың еңбекке араласар күнін асыға күтеді.

Қ

азақстанның 



тоғыз 

жоғары 


оқу 

орны 


халықаралық 

рейтинг-


те 

үздіктер 

қатарына 

енді.  Бүгінде  QS  рейтингі 

( у н и в е р с и т е т т е р д і ң 

халықаралық 

рейтингі) 

бойынша  еліміздің  жоғары 

оқу  орындары  –  әл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық 

университеті және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 

университеті  ТОП-400-дің  құрамына,  тағы  жеті  универ-

ситет ТОП-800-ге енді. Әлемде дамыған түрлі универси-

теттер бар мына заманда бұл жақсы нәтиже. Әлі де дами 

түсетін түрлі перспективалар бар.



83 ЖАСТАҒЫ МАГИСТРАНТ

83 


жастағы  алматылық  Юрий 

Бойко  Томск  политехникалық 

университетінің 

магистратурасы-

на  түсті.  Зейнеткер  электр  энер-

гетикасы  дипломын  алуға  ниетті. 

Инженер-механик  20  жылдан  бері 

алматылық 

«Агропромтехремонт» 

кәсіпорнын  басқарып  келеді,  ал  оған 

дейін 12 жыл бойы КСРО құрылыс және сәулет академи-

ясында бас конструктор болған. Айта кетейік, Бойко ҰОС-

ға да қатысқан. Соғыс басталғанда ол 10 жаста болыпты, 

бірақ  ол  сол  кездің  өзінде  жау  танкілерін  атып  түсірген. 

Бұған дейін Оралда оқу ақысын төлей алмаған зейнеткер-

студенттің оқудан шығарылғалы жатқаны жайлы жаңалық 

таралған  еді.  Оған  Оралдағы  Қазақстан  инновациялық 

және телекоммуникациялық жүйелер университетінде оқу 

ақысының күрт көтерілуі себеп болыпты.

ТЫҢ МӘЛІМЕТТЕР АЙТЫЛДЫ

«БАЛМУЗДАК»



ҚОҒАМ

Жамбыл облысында С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық университетінің филиалы ашылды

tigu.kz

tigu.kz

№1 (57)

30 қыркүйек 2015 жыл

C

M

Y

K

3

№1 (57) 

30 қыркүйек 2015 жыл

Қ

азақстанның  білім 



министрлігі  2016 

жылға қарай бағалаудың 

жаңа  жүйелерін  енгізуді 

көздеп отыр, оның ішінде 

ҰБТ 

онлайн-режим-



де  тапсыру  мүмкіндігі 

де  қарастырылған,  деп 

хабарлады  білім  және 

ғылым  министрі  Аслан 

Сәрінжіпов.  Бұл  тура-

лы  ол  жуырда  президент  жанындағы  орталық  комму-

никациялар  қызметінде  өткен  баспасөз  мәслихатында 

мәлімдеді.

Министрдің  айтуынша,  биыл  бірыңғай  ұлттық 

тестілеу жемісті өткен.

«Біз ҰБТ орталықтарын көбірек аштық, ҰБТ мен жыл 

бойы алынған орташа арифметикалық бағаны ескеруге 

мүмкіндік  бердік.  Бағаны  оқу  бітірушілер  онлайн  ре-

жимде  тікелей  интернет  арқылы  алу  мүмкіндігіне  ие 

болды.  Соның  арқасында  биыл  ҰБТ  өткізу  сапасына 

қатысты бірқатар шаруа атқардық. Бұл жұмысты бұдан 

да былай жалғастырамыз», деді министр.

ҰБТ-ны ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ 

ТАПСЫРУЫ МҮМКІН

Е

стімеген  елде  көп. 



Павлодардағы 

оқу 


орындарының 

бірінде 


оқитын  студент  дәмханадан 

гамбургер  ұрлады,  -  деп 

хабарлайды 

Павлодар 

облыстық 

ІІД 


баспасөз 

қызметі. 

Хабарламада 

айтылғандай,  Павлодардағы 

ЖОО  бірінде  оқитын  2-ші  курс  студенті  дәмханадан 

гамбургер  ұрлаған,  ол  қазір  қолға  түсті.  Жігіт  мұндай 

қадамға  неліктен  барғанын  түсіндіре  алмады.  Тек 

ақшасы болмағанын айтқан. Қазір бұл оқиға бойынша 

тергеу  жүріп  жатыр,  студент  ешқайда  бармау  жөнінде 

қолхат жазып, үйіне босатылды.



ГАМБУРГЕР ҰРЛАҒАН СТУДЕНТ

Қ

а з а қ с т а н 



ж о ғ а р ы 

оқу 


орындары 

Қ ы р ғ ы з с т а н н а н 

келген  студенттер 

арасында 

таны-

мал.  Бұл  туралы 



жуырда 

Астанада 

ТМД-ға  қатысушы 

мемлекеттердің 

білім 

беру 


саласындағы 

ынтымақтастығы 

жөніндегі 

кеңес 


барысында 

Қырғызстан Білім және ғылым министрі Эльвира Сари-

ева мәлім етті.

«ТМД  елдерінде  студенттердің  елеулі  көлемі  Ресейге, 

содан кейін Қазақстанға барады. Яғни, осы екі мемле-

кетке  үлкен  сұраныс  бар.  Қазақстан  менеджмент,  эко-

номика  және  болжау  институты  өте  үлкен  сұранысқа 

ие  болып  отыр»,-деді  ол.  Э.  Сариева  Қырғызстаннан 

Қазақстанға  келіп  оқып  жатқан  студенттердің  нақты 

санын  айта  алмады.  Оның  пайымынша,  шамамен 

5  мыңнан  астам  жастар  елімізде  білім  алуда.  Оның 

сөзіне қарағанда, Қазақстандағы жоғары оқу орындары 

өздерінің  жақындығымен,  қаржылық  жағынан,  білім 

сапасымен  және  жұмысқа  орналасу  жағдайымын  тар-

тымды болуда.

ҚЫРҒЫЗ СТУДЕНТТЕРІ ҚАЗАҚ 

УНИВЕРСИТЕТТЕРІН ТАҢДАЙДЫ

А

с т а н а 



мектептеріндегі 

о қ у ш ы л а р 

сабақты  08:30-

да  емес,  таңғы 

07:40-та  бастап 

оқуы 


мүмкін. 

Бұл 


туралы 

Астана  қалалық 

Білім  басқармасы  бастығының  орынбасары  Қасымхан 

Семғазиев  хабарлады.  Астана  қаласының  әкімі 

Әділбек Жақсыбеков ағымдағы жылдың 12 тамызында 

көлік  басқармасына,  «Астана  ЛРТ»  ЖШС  және  білім 

басқармасына  елорда  жолдарында  таңғы  сағат  7-ден 

басталатын  көлік  кептелістеріне  байланысты,  оларды 

жеңілдету мәселесін қарастыруды тапсырған еді. Атап 

айтқанда, әкім оқу үдерісінің кестесіне өзгерістер енгізу 

–  мектептердегі  сабақтарды  сағат  7:40-тан  бастауды 

қарастыруды тапсырды. Бұл оқушылар саны 3 мыңнан 

асатын мектептерге қатысты болып отыр. 

ЕНДІ САБАҚ 07:40-та БАСТАЛУЫ 

МҮМКІН

Жоғарғы оқу орнының 

табалдырығын аттаған 

әрбір бірінші курс студенті 

қобалжитыны анық. Мектептен 

кейінгі өмірінің жаңа баспалдағы 

алдында студент көңілінің 

толқуы да заңдылық. Өйткені, 

жаңа оқу жылын бастағалы 

отырған жас өрен студенттік 

өмірдің қыр-сырымен толық 

қанық емес.

Студент  атанғаннан  кейінгі  ба-

сты  міндет,  ол  –  оқу,  білім  алу. 

Оқу  басталғанда-ақ  бірінші  курс 

студенті  өзі  жайында  қандай  көзқарас 

қалыптастырса,  қалған  оқу  ағымында 

да  дәл  солай  жалғаса  беруі  ғажап 

емес.  Егер  жағымсыз  стереотип 

қалыптастырса, оны бұзу оңайға түспесі 

анық.  Сондықтан  да  бірінші  курс 

өкілі  оқу  басталғанда-ақ,  лекция  мен 

семинарларға  белсенді  қатысып,  өзін 

көрсете білуі қажет. Бұл босаңсуға жол 

бермей,  берілген  ақпаратты  дұрыс  иге-

руге, сонымен қатар ұстаздармен жақсы 

қарым-қатынас  орнатуға  мүмкіндік 

береді.  Оқуда  белсенділік  таныту  - 

студенттің  оқуға  деген  ынтасының 

ұстаздар алдындағы көрсеткіші. Бірінші 

семестрді  сәтті  өткізуіңе  де  септігін 

тигізеді.  Себебі  көптеген  келеңсіз 

(шәкіртақыдан айырылу, оқудан шығып 

қалу) жағдайлар осы бірінші емтиханда 

орын алатыны белгілі.

Әрине,  жоғары  оқу  орнындағы  оқу 

жүйесі мен мектептегі оқу жүйесінің ара-

сында  үлкен  айырмашылық  бар  екенін 

де ұмытпау қажет. Бұл жерде студенттің 

жауапкершілігі  мен  дербестігі  басым 

орын алады. Бұл бір жағынан, тәртіпке 

үйретсе, екінші жағынан, босаңсытады. 

Барлығы студенттің өз еркіне байланы-

сты.  Көптеген  бірінші  курс  студенттері 

сессия 


жақындағанда 

барлығын 

қалпына келтіремін деп көп рет сабақты 

қалдырып  алады.  Бұл  бірінші  семес-

трден  бастап  әдетке  айналып 

кетсе,  кейін  бас  ауыртарлық 

жағдайларға  тап  болуыңыз 

мүмкін.  Яғни,  кей  пәндерді 

кейін  оқимын  деп  шегеріп 

тастамаңыз.

Лекцияға  қатысу  -  пәнді 

оқытушының  талаптары  мен 

оқыту  стилімен  танысу  үшін 

керек.  Лекциядағы  конспект 

арқылы емтиханға дайындалуға 

болады, өйткені пәннің негізгі мәні мен 

мазмұны  дәл  осы  лекцияда  бекітілген. 

Лекцияда  оқытушы  пәннің  өзегін  та-

нытатын  әрі  емтиханда  сүйену  керек 

оқулықтар мен авторлар тізімін береді.

Емтиханға  дайындық  кезінде  жаттап 

алғанға қарағанда пәнді ұғынып оқыған 

дұрыс екенін түсінген дұрыс. Сондықтан 

жүйелі  түрде  оқу  ғана,  пәнді  еркін  де 

терең игеруге толық мүмкіндік береді.

Есте  ұстаған  жөн,  студенттік  өмір 

тек  қана  оқумен  ғана  шектелмейді, 

оқудан  тыс  әр  түрлі  іс-шаралар  да  бар. 

Оған  қатысу  арқылы  жаңа  қатынастар 

орнатуға,  таныстар  табуға  болады.  Со-

нымен  қатар  өзіңді  танытуға  да  жол 

ашасың.


Мектептен  жоғары  оқу  орнына  келгенде  жаңа 

сөздер  естисіз.    Алдымен,  кімнің  кім  екенінен 

бастайық.

РЕКТОР  –  жоғары  оқу 

орнының  басшысы.  Ол 

қызметкерлерді 

жұмысқа 


қабылдайды, 

босатады, 

барлық бұйрыққа қол қояды. 

Ректордың бірнеше орынба-

сары бар. Олар – проректор-

лер, ректор қызмет демалы-

сына не іс сапарға кеткенде ректордың орнын басады. ЖОО 

басқару  қызметінде  ректорге  көмектесіп,  басқа  да  қызмет 

түрлеріне жауап береді.

Жоғары оқу орны кішкентай болса, проректор біреу болуы 

мүмкін,  ал  үлкен  болса,  оқу  жұмысы  жөніндегі  проректор, 

ғылым,  даму  ісі  жөніндегі,  тәрбие  ісі  жөніндегі  проректор 

деген  бірнеше  қызметтен  құралады.  Студент  барлық  про-

ректор  ішінде  оқу  жұмысы  жөніндегі  проректормен  тығыз 

қарым-қатынаста  болады.  Ректор  пен  проректорлер  ректо-

ратта жұмыс істейді.



ДЕКАН.  ЖОО  бірнеше  бөлімдерге  бөлінеді.  Кей  ЖОО 

ішінара  институтқа  бөлінеді.  Ал  кейбіреулері  бірден  фа-

культетке  бөлінеді.  Факультет  кафедраларға,  кафедралар 

мамандықтарға  бөлінеді.  Осы  факультеттерді  басқарушы 

тұлға  –  декан  деп  аталады.  Деканның  орынбасарлары 

бар.  Барлығы  сіздің  қауіпсіздігіңізге  жауап  беруші.  Олар 

отыратын  жұмыс  орны  деканат  деп  аталады.  Кез  келген 

сұрақтарыңыз бойынша деканатқа барып, декан және оның 

орынбасарынан көмек сұрай аласыз.

Егер  ЖОО  факультеттерге  емес,  институттарға  бөлінетін 

болса,  оның  басқарушысы  директор  деп  аталады.  Оның  да 

қызметі деканның қызметімен бірдей болады.



КАФЕДРА 

МЕҢГЕРУШІСІ. 

Әр 


факуль-

тет  бірнеше  кафедраға  бөлінетінін  айттық.  Бұл  әр  саланың 

әр  түрлі  мамандыққа  бөлінуіне  байланысты.  Меңгеруші 

кафедрадағы  оқу-ағарту,  ғылыми  істерді  басқарады, 

ұйымдастырады.

ТЬЮТОР, КУРАТОР, ЭДВАЙЗЕР. Бұл синоним сөздер, 

тек әр ЖОО-да бір қызмет түрі әртүрлі аталады. Куратор-эд-

вайзер не тьютор студенттің оқу ісін ұйымдастырады, яғни 

мектептегі  сынып  жетекшісінің  қызметіне  ұқсайды.  Бірақ 

барлық  куратор  бірдей  сынып  жетекшісі  секілді  қамқор  да 

мейірімді бола бермейді. Куратор сізбен мүлдем ісі жоқ бол-

са  да,  сізді  танымайтын 

болса да, оған өкпе арта 

алмайсыз.  Себебі  бұл 

мектеп емес...



СТУДЕНТ БІРІНШІ КҮННЕН БАСТАП НЕНІ ЕСТЕ 

САҚТАУ КЕРЕК 

?

ЖАТТАП АЛ, «БАЛМҰЗДАҚ»

ТАНЫП АЛ, «БАЛМҰЗДАҚ»

РЕКТОР, ДЕКАН, КУРАТОР ДЕГЕН КІМДЕР 

?

Әлемде қанша адам болса, 

сонша пікір бар, сонша мінез бар 

дейміз. Жан-жақтан жиналған 

студенттердің өскен ортасы, алған 

тәрбиесі бойынша сан қырлы 

болып келетіні секілді оларға 

білім беретін оқытушылардың да 

түрлі мінезі, түрлі қылығы бола-

ды. Сізге қойылатын балл сол 

кісілердің қолында болғандықтан, 

әр қайсысының тілін таба 

білгеніңіз жөн. Тілін табу деген 

– жалпақтап, айтқанының бәрін 

құптау емес, ыңғайына жығылып, 

бағытына бейімделу.

Сабақ  үстінде  сұрақ  қойған  студент 

қылығын  бір  оқытушы  зеректікке, 

білім  құмарлыққа  баласа,  бір  оқытушы 

әдепсіздік,  өзін  сыйламағандық  деп 

түсінуі  мүмкін.  Сондықтан  алғашында 

аңдысын  аңдып,  оқытушыларды  та-

нып  алмайынша  артық  әрекетке 

бармағаныңыз абзал.

«Менің  үйрететінімді  ешкім  еш  жер-

де  үйреткен  жоқ»,  «менің  пәнім  ең 

маңызды» деп айта беретін оқытушылар 

болады.  Сіз  олай  ойламасаңыз  да, 

ол  кісі  өз  ойын  ешқашан  қате  деп 

есептемейді. 

Мұғалімнің 

пікіріне 

келіспейтін  болсаңыз,  сол  сәтте 

тойтарыс  беріп,  қарсы  пікіріңізді 

дәлелдеуге  тырыспаңыз.  Үлкен  кісіге 

қарсы  шыққандықтан,  сіздікі  бәрібір 

дұрыс  емес  болып  шығады.  Одан  да 

әдептілік  танытып,  оңашада  неме-

се  сөз  арасында  өз  ойыңызды  майда 

да  мәдениетті  тілмен  жеткізіп  көріңіз. 

Оқытушы тарапынан бірден қарсылыққа 

ұшырасаңыз,  «сіздікі  дұрыс»  дей 

салыңыз.


«Студенттер не біледі дейсің», «Олар 

не  айтып  жарытады,  шектеулі  кезеңде 

менің  білетінімді  алып  үлгерсін».  Бұл 

сөзді көбіне егде тартқан кісілер айтады. 

Олар ешқандай тапсырма бермей, 

қорытынды  аптада  барлығына 

жоғары  балл  қоя  салады.  Сабақты  бос 

өттіге санап, «тапсырма беріңіз», «сабақ 

өтейік»  деп  ерекшеленетін  студенттер 

болады. Олар басқаларға жек көрінішті 

болудан басқа пайда таппайды.

Балл қоймай, жалындырғанды жақсы 

көретін  оқытушылар  болады.  Оларға 

илікпеңіз.  Сабақ  айтқанда  өзіңізге 

сенімді  екеніңізді  білдіріп,  тура  қарап 

тұрып,  «імм»,  «жаңағы»,  «қалай  еді» 

деген  сөздерге  жол  бермей,  саспай, 

аптықпай  айтып  шығыңыз.  Жақсы 

баллды жағымпазданбай-ақ, жалынбай-

ақ  ала  алатыныңызды  дәлелдеңіз. 

Өзіңіз  жете  білмейтін  тақырыптарды 

бастамаңыз, ол сізге қосымша сұрақтар 

қоя  бергісі  келеді.  Жауап  бере  алмай 

қалсаңыз,  міне,  ұят  деген  сондай  бола-

ды.

ОҚЫТУШЫЛАРМЕН ҚАЛАЙ ТІЛ 

ТАБЫСАМЫН 

?

БІЛІП АЛ, «БАЛМҰЗДАҚ»

Мемлекеттік 

комиссия мүшесі 

диплом тапсырып 

тұрып:

-Пықып Асабасұлы,сіз 

қызметке сонау түкпірдегі 

«Шағыл» атты кұмды 

ауылға баратын 

болдыңыз,- десе студент:

-Мүмкін емес, дека-

нымыз ылғи маған 

«Мына оқуыңмен алысқа 

бармайсың» деуші еді, - 

депті

«БАЛМУЗДАК»



КЫЗЫК-ШЫЖЫК



.

.

.

ҚОҒАМ

Аслан Сәрінжіпов, білім және ғылым министрі: 

-Келесі жылы студенттердің шәкіртақысы 25 пайызға өседі

tigu.kz

tigu.kz

БАС РЕДАКТОР

Нұржан Маратұлы

ТУҒАНБАЙ

n.tuganbai@bk.ru

8 775 384 42 77

ТІЛШІЛЕР:

Нұрcұлтан СЛАМБЕКОВ

Салтанат ҚАРАСАЙ

ДИЗАЙНЕР:

Бағлан БАУЫРЖАНҰЛЫ

Меншік иесі: «Тараз инновациялық-

гуманитарлық университеті» мекемесі

Газетке ҚР Мәдениет және ақпарат

министрлігінің №9561-Г

09.10.2008 жылы тіркеу куәлігі берілген.

Газет айына 1 рет шығады

Газет Тараз қ. Төле би даңғылы, 22 үй,

«Сенім» ЖШС баспа орталығында

басылды. Индекс 080012.

Таралымы - 500 дана     Тапсырыс - №838



Мекен-жайымыз: Тараз қ.,

Желтоқсан көшесі, 69 Б, индекс 080000

C

M

Y

K

4

№1 (57) 

30 қыркүйек 2015 жыл

Бұл  марапат  Мұқатай  Немеребайұлына  еліміздің  жоғары 

білім беру жүйесінің дамуына қосқан зор үлесі, новаторлық 

ұсыныстары  және  жаңа  буын  мамандарды  дайындаудағы 

инновациялық істері үшін берілді. 

Мұқатай Немеребайұлы 4 монография және 23 оқулық пен 

оқу құралдарының авторы. 140-тан аса ғылыми әдістемелік 

мақалалары  жарық  көрген.  Үш  аспиратқа  жетекші  бо-

лып,  олардың  диссертациялары  жоғары  бағаланып,  үшеуі 

де  ғылым  кандидаттары  атанған.  ҚР  Білім  және  ғылым 

минстірлігінің  2009  жылғы  «Жоғары  оқу  орнының  үздік 

оқытушысы»  атағы  беріліп,  төсбелгісімен,  2010  жылы  «ҚР 

Білім  беру  ісінің  құрметті  қызметкері»  белгісімен,  2014 

жылы  Жамбыл  облысының  әкімінің  Құрмет  грамотасымен 

марапатталған.

Университеттің  профессор-оқытушылар  құрамы  мен 

ұжымы  атынан  Мұқатай  Немеребайұлын  аталған  марапа-

тымен құттықтаймыз. Жемісті еңбек пен қажыр-қайрат, зор 

денсаулық, отбасы амандығын тілейміз.

УНИВЕРСИТЕТ МЕДИА ОРТАЛЫҒЫ

ҚҰТТЫҚТАУ



ҰЛТ ҰСТАЗЫ АТЫНДАҒЫ 

АЛТЫН МЕДАЛЬМЕН 

МАРАПАТТАЛДЫ

ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР! 

Сіздер  әрқайсысыңыз  қайта  оралмас  қызыққа 

толы  кезеңді  бастан  кешіп  жатқандырыңызды 

ұмытпаңыздар.  Аудиториядағы  апай  алдындағы 

алаңдаушылық, тәтті мұңға бөлейтін махаббат 

машақаты,  достармен  өткен  думанды  кештер, 

құрбылармен  жарасқан  қалжың...  Мұның  барлығы 

да дәл қазір тек сіздерге тиесілі сезім, таныс та 

бейтаныс ұғым.

Осындай  түрлі  күйді  бастан  өткеріп,  оны  қағазға 

түсіру тіпті ғажап сезім. 

«ЖАСТАР АЙДЫНЫ» 

газеті бүгіннен бастап 

тамаша тәтті сезімнен туындаған жазбалар жарияла-

нып тұратын «БІЛІМГЕР БЕТІ» атты арнайы айдар 

ашып, жүргізіп отыруды қолға алмақ. Түрлі бастан 

өткен қызықты оқиғаларды, тартымды әңгімелерді, 

астарлы сатира мен ғашықтық ғазалдарын, достық 

әзілмен жазылған өлеңдерді қабылдаймыз. 



Олай болса, 

«ЖАСТАР АЙДЫНЫ» 

– СЕНІҢ 

ГАЗЕТІҢ! ЖАЗЫП ТҰР. ЖАТЫП ОҚЫ!

Біздің электронды мекен-жай: 

tigu-press@mail.ru

 ЖАСТАРДЫҢ ҮНПАРАҒЫ

Университет  жаңалықтары  мен  тіршілігі  жайлы  «Жастар  айды-

ны»  газетінен  басқа  әлеуметтік  желілерден  де  танысуға  болады. 

Тәуліктің  кез  келген  уақытында  байланыста  боламын  десеңіз, 

қызықты жайттармен бөлісемін десеңіз бізді мына желілерден таба 

аласыз:

ТИГУ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ 

ТИГУ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ 

БІЗБЕН БІРГЕ 

БОЛ, ДОСТЫМ!

Б

ірінші  курс  студенттерінің  арасында  жас  дарындарды 



анықтау  мақсатында  жарияланған  арнайы  іріктеу  шарасы 

«Біз таланттарды іздейміз» атты концерттік бағдарламаға ұласты. 

Бірінші  курс  студенттері  өздерінің  бойындағы  табиғи  талантта-

рын әсем ән, тәтті күй мен мың бұралған би, көркем сөз оқумен, 

театрланған  қойылымдар  арқылы  көрсетті.  Қоғамдық  және 

мәдени-көпшілік шараларға белсене қатысатын дарынды студент-

тер қатары осылайша толыға  түсуде.

Байқау  10  номинациядан  құралды 

(ән  айту,  хореография,  көркемсөз  оқу, 

ақындық  өнер,  театрландырылған  көрініс 

немесе  әзіл-сықақ  көрсету,  аспапта  ой-

нау,  жүргізуші-конферансье,  фотогра-

фия,  бейнелеу  өнері  халықтық  көркем 

дәстүрлі  қолөнері,  сән  театры).  Байқауға 

университетімізден  50-ге  жуық  білімгер 

қатысып,  өз  бақтарын  сынап  көрді. 

Белсенділік танытқан білімгерлер универ-

ситет ректорының алғыс хаттарымен мара-

патталды. 

Нұрсұлтан СЛАМБЕКОВ, 

ДШ 15.7 тобы



Тараз инновациялық-

гуманитарлық 

университетінің ғылыми 

жұмыстар жөніндегі 

проректоры, Аймақтық 

Менеджментінің 

Академиясының 

академигі, техника 

ғылымдарының докторы, 

профессор Немеребаев 

Мұқатай Немеребайұлы 

ҚР Жоғары оқу орында-

ры қауымдастығының 

А.Байтұрсынұлы 

атындағы алтын 

медалімен марапатталды.

БАЙҚАУ


Психологтар 

адам 


есімінің 

өз 


өміріне  тікелей  қатысы  барын  айта-

ды.  Балаға  ұлы  адамның  есімін  қою 

психологиялық  тұрғыдан  алғанда  белгілі 

бір  жауапкершілікті  жүктеп,  баланың 

атына заты сай болып өсуіне, сол тұлғаға 

еліктеп,  жақсы  қасиеттерін  алуына  оң 

ықпал  етеді  екен.  Мағынасыз  есімдерге 

келсек, ол адамды түрлі қиын жағдайларға 

итермелеп,  іштей  қуыстануы  сияқты 

келеңсіз  жағдайларды  бастан  кешуіне  се-

беп  болады-мыс.  Сондықтан  балаңызға 

есім қояр алдында «Жеті рет өлшеп, бір рет 

кес»  деген  аталы  сөзді  естен  шығармаған 

жөн.


Есіміңіз қандай әріптерден құралған? 

Бойыңызда нендей қасиеттер табыла-

ды? Психологтардың ұсынған мынадай 

нұсқасына көз жүгіртіп көріңіз.

А-күш-қуат,билік

Ә-әдемілік

Б-тұрақсыздық

Г-құпиялылық

Ғ-кір-қожалақ,тазалықты сақтамау

Д-көпшілдік

Е-өмірге төзімділік

Ж-сенімсіздік

З-ішкі түйсік

И-рухтандырушылық

К-жылдамдық

Қ-қырағылық

Л-әртістілік

М-қамқоршылдық

Н-алғыр ақыл

Ң-жүректілік

О-сезімталдық

Ө-өнер

П-қарапайымдылық

Р-өз-өзіне сенімділік

С-парасат

Т-мінсіз адамды іздеу

У-ренжігіштік

Ұ-шыдамсыздық

Ү-еліктеуіш

Ф-нәзіктік

Х-тартымдылық

h-жауыздық

Ц-мақтаншақтық

Ч-берілгендік

Ш-қызғаныш

Щ-интеллект

Ы-тиімділік

Ь-жұмсақтық

Э-қызығымпаз

Ю-менмендік

Я-өзінің атынан ғана сөйлеу

Өздеріңіздің есімдеріңізді тексеріп    

  көріңіз

Нұрсұлтан СЛАМБЕКОВ,

студент

Instagram   – @tigu_taraz 

VK 

 

– tigutaraz 

Facebook 

– tigupress

Youtube 

– tigutaraz 

e-mail  – tigu-press@mail.ru

      www.tigu.kz 

ТАЛАНТТЫ БІЛІМГЕРЛЕР 

ТАНЫЛДЫ

ПСИХОЛОГ ПАЙЫМЫ

ЕСiМДЕР 


СЫРЫ

ҚҰМСАҒАТ



Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет