Құндылық – қоршаған ортадағы объектілерді анықтау, оның адамға, қоғамға жағымды және жағымсыз мәнін (ақиқат, қайырымдылық және қатыгездік, әдемілік және зұлымдық) белгілеу, адамның қоғамдық өмірге немесе табиғат құбылыстарына қатынасы


Б.Ерасов зерттеуінде құндылықтар былайша топтастырылады



бет2/4
Дата30.09.2024
өлшемі26,07 Kb.
#146169
1   2   3   4
Байланысты:
құндылық

Б.Ерасов зерттеуінде құндылықтар былайша топтастырылады:

  • өмірлік құндылықтарға: өмір, денсаулық, тəн, қауіпсіздік, жақсы жұмыс, адамның денелік хал-ахуалы, тоқтық, тыныштық, сергектік, күш қуат, төзімділік, өмір сапасы, қоршаған орта т.б.;

  • əлеуметтік құндылықтарға: статус, əлеуметтік

  • орта, бедел, еңбек, байлық, кəсіп, тəртіп, отбасы, бейбітшілік, еркіндік, т.б.;

  • саяси құндылықтарға: сөз еркіндігі, азаматтылық, Ата заң, т.б.;

  • моральдық құндылықтарға: жақсылық, игілік, махаббат, борыш, намыс, шыншылдық, ақ ниеттілік, парасаттылық, ізеттілік, ар – ұят, мейрімділік, бақыттылық, т.б.;

  • діни құндылықтарға: сенім, дін, иман, құтқару, тозақ, жұмақ, періште, əулие, т.б.;

  • эстетикалық құндылықтарға: əсемдік, əдемілік, мұрат, стиль, үйлесімділік, өнер, əдебиет, поэзия, дəстүршілдік, мода, мəдениет, т.б.


Осы құндылықтарға байланысты фразеологизмдер:
ӨМІР /ДҮНИЕ-

  • Бар ғалам

  • Бес күндік дүние /көне/

  • Дүние қолдың кірі

  • Дүниенің төрт бұрышы /көне/

  • Жер жаһан (жүзі)

  • Он сегіз мың ғалам /көне/

  • Опасыз дүние /поэтикалық/

  • Санаулы күн


ДЕНСАУЛЫҚ –

  • Ағы ақ, қызылы қызыл

  • Аяқ-қолы балғадай /сүйсіну/

  • Беті шиқандай /қызыл/

  • Екі бетінен қаны тамған

  • Екі иығына екі кісі мінгендей/сүйсіну

  • Нарттай қызыл


ТЫНЫШТЫҚ /сәті/-

  • Аспандағы құс ұшуын, жел есуін тоқтату

  • Құлаққа ұрған танадай

  • Сілтідей тыну

  • Тырс етпеу

  • Шыбынның ұшқаны естіліп тұру

ТУҒАН ЖЕР-

  • Ата мекен

  • Кіндік кесіп, кір жуған жер

  • Кіндік қаны тамған жер

  • Қара орман

ДАЛА-

  • Байтақ дала

  • Елсіз құла дүз

  • Ен дала

  • Қу медиен дала

  • Құлазыған қу дала

  • Құлан жортпас қу дала

  • Мидай дал


АБЫРОЙЛЫ БОЛУ,беделділік

  • Беделі көтерілу //арту//

  • Мерейі /мәртебесі/ үстем болу

  • Шоқтығы биік болу

  • Дәурені жету //келу

  • Дәуірі жүру

  • Дүниенің тұтқасын ұстау

  • Жіліктің майлы басын ұстау /пайдалы қызмет/

  • Заманы келу

  • Қазанның құлағын //тұтқасын/ ұстау


БАЙЛЫҚ –

  • Ақшаны күреп алу

  • Ас та түк, сый құрмет көру

  • Асқан мен тасқан

  • Аузынан ақ май ағу

  • Дәулет біту

  • Дәулетіне сәулеті сай

  • Дүниені шайқап өту

  • Кекірік ату /байлықтан/

  • Кенеліп қалу/аяқ астынан/

  • Кекірік ату

  • Көйлегі көк, тамағы тоқ болу

  • Қағанағы қарқ, сағанағы сарқ*/уайымсыз/

  • Мал біту

  • Малға бөгу

  • Не ішіп, не жеймін демеу



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет