Халқымыздың мінезіне тəн ең бір ерекше қасиет – рухани, əрі адамгершілік құндылықтарды жоғары бағалау. С.Темірбеков (1998) ондай құндылықтарға ақ көңілділік, шынайы адалдық, батырлық, сенімділік, көмек көрсету жəне үлкендерді құрмет тұту, ата-анаға деген шексіз махаббат, өзін-өзі құрбан ету т.с.с. асыл қасиеттерді жатқызады. Əрбір адам үшін бұл қасиеттер ерекше байлық ретінде өте жоғары бағаланады. Мысалы: «Ағынан жарылу» – ақ көңіл, «алақанға салып аялау» – мейрімділік, «ананың ақ сүтін ақтау» – адамгершілік, борыш, «өлімнен ұят күшті» – намыс, «бетегеден биік, жусаннан аласа», «құрақ ұшу», «бəйек болу»