Құндылық – қоршаған ортадағы объектілерді анықтау, оның адамға, қоғамға жағымды және жағымсыз мәнін (ақиқат, қайырымдылық және қатыгездік, әдемілік және зұлымдық) белгілеу, адамның қоғамдық өмірге немесе табиғат құбылыстарына қатынасы



бет4/4
Дата30.09.2024
өлшемі26,07 Kb.
#146169
1   2   3   4
Байланысты:
құндылық

т.б. – құрмет көрсету.
Қазақ даласында қағазға жазылып қабылданған заңдар болмаған кездің өзінде ешкім бұза алмайтын рухани ережелердің маңызы өте зор болды. Халқымыз «Жігіттің екі сөйлегені – өлгені» дейді, яғни айтқанын орындамау, берген уəдесінен таю жігіт үшін өліммен тең болды. Сондықтан қазақтар арасында адамға деген сенімділік ешқандай күмəн тудырмаған. Мысалы: «Тірідей жерге кіру» –ұят пен намыс, «уəде – құдай аты», «қоянды қамыс өлтіреді, жігітті намыс өлтіреді», « жақсы жігіт ақылына жеңіп іс қылар, жаман жігіт оңай істі күш қылар» т.б.
Қазақ халқының ұлттық мінезінің тағы бір көрінісі – оның қонақжайлылығы. Əрине, бұл – барлық халықтарға да тəн жалпы адамгершілік қасиет. Əйтсе де, жай ғана жолаушы болсын, мейлі кедей, мейлі бай болсын, жолы түсіп бұрылған қонақты жылы шыраймен қарсы алып, шамасы келгенше сый-құрметін көрсетіп аттандыру қазақ халқы үшін заңмен тең болды. Сондықтан қашанда қонақ үшін сыбаға сақтаған. Осыған орай, əрбір жолаушы кез-келген қазақ үйінде қонақ асын «бөлінбеген еншім» деп талап етуге ерікті болған. Мысалы, «қонағуар /қонақжай/ адам», «қонағын атқару», «қонақ асы», «қонақ кəде», «қонақ қойдан жуас» т.с. сияқты фазеологизмдер ұлттық мінез сипатының айғағы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет