Құндылықтар ұғымы. Құндылықтарды жіктеу


 Саяси еркіндік. Ұлттық еркіндік



бет2/7
Дата10.12.2023
өлшемі65,18 Kb.
#136714
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Құндылықтар ұғымы. Құндылықтарды жіктеу-emirsaba.org

11. Саяси еркіндік. Ұлттық еркіндік. 
Еркіндік — адамның немесе жеке ұлттың, халықтың өз мүдделері мен мүмкіндігіне сай
əрекет етіп, өз қалауын жүзеге асыруы. Адамдар өз əрекеттерінің объективті
жағдайларын қалауынша таңдап алуға ерікті емес, алайда олар нақтылы жəне
салыстырмалы еркіндікке ие. Ғылыми-техникалық ілгерілеу əрбір адамға, əлеуметтік
топқа, тұтас ұлтқа қызмет ете отырып, олардың табиғаттың объективті заңдарын
игеруіне, іс жүзінде қолдануына жəрдемдеседі. Жеке адам мен ұлттың еркіндік
дəрежесінің артуы тұтастай алғанда қоғамның ілгерілеу үрдісінің өзекті өлшемі болады.
Оның əлеуметтік кедергілерге қарсы күресі, жалпы алғанда, қоғамның алға басуының
қуатты қозғаушы күші болып табылады. Саяси еркіндік - мемлекет конституңиясы
кепілдік беріп, заң бойынша қамтамасыз етілетін азаматтардың, демократиялық түрде
еркін саяси үрдістерге қатысу құқықтары. Оларға сайлау жəне сайлану құқығы, сөз,
ақпарат алу бостандығы, еркін, тең, жүйелі өткізілетін сайлау құқығы, саяси ұйымдар
құру, азаматтардың өз мақсат-мүдделеріне қарай іс-əрекет жасау жəне т.б. жатады.
Саяси еркіндіктер БҰҰ Бас Ассамблеясының 1948 жылы 10 желтоқсанда қабылданған
Адам құқықтарының жалпыға бірдей Деклараңиясында толық қарастырылған.
15. Өнердің функциялары мен түрлері, категориялары.
Өнер- (грек.сезіну)-көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын ішкі
сезімін жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам
танымының формасы. Өнер қоғамдық адамның нақты өмірлік тəжірибесін тереңдету,
кеңейту үшін өмірді өз тұтастығында қайта қалыптастырады. Ол-адам өмірқамының
бейнелік үлгісі. Өнер тұлғаны өзінің бүкіл көпқырлылығында жəне көркемдік
тəжірибесімен өзара əрекеттесе отырып, адам əрекеті мен санасының барлық
құрылымында əсер етеді. Өнер-адам баласының жан-жақты жетілуіне,эмоциялық
күйіне,өсуіне мүмкіндік береді.Өнер туындылары адам сезіміне қозғау салып,оқиғаны
басынан өткізгендей күй кешіреді,лəззəтқа бөлейді.Мысалы:Театрға барып спектакль
көрсеңіз не кинотеатрдан кино көрсеңіз не əзіл-сықақ театрына барсаңыз,өз сезіміңізге
ие бола алмай сахна көрінісіне қарап күліп не жылап алатыныңыз сөзсіз.Бұл өнердің
құдыреті.Қазақ халқының өмірінде сөз өнерінің орны ерекше болған.Ертеден


қолданылып келе жатқан мақал-мəтел, əн-өлеңдер,шешендік сөздер тіл өнері арқылы


ұрпақтан -ұрпаққа жетіп отырған.»Өнер алды-қызыл тіл»-деп бекер айтылмаса керек.
Өнер түрлері:
1)Орналасуына қарай
Кеңістіктік(мүсін,сурет, сəулет өнері)
Уақыттық(əн,музыка,т.б)
Кеңістіктік-уақыттық (би, сахналық өнер,кино)
2) Бейнелеу (сурет,мүсін)жəне бейнелейтін (сəулет, дизайн)
3)Қарапайым(мүсін,сурет музыка)жəне күрделі (балет, театр)
Негізгі эстет. категориялар – сұлулық пен сұрықсыздық, асқақтық пен пасықтық,
трагед. жəне комед. болса, олар қоғамдық байланыста, адам өмірінің əрбір саласында
– өндірістік-еңбек пен қоғамдық саяси қызметте, табиғатқа көзқараста, мəдениет,
тұрмыста, т.б. жағдайларда дүниені эстет. тұрғыдан ұғынып түсінудің көрінісі ретінде
байқалады. Эстет. тұрғыдан ұғынып-түсінудің субъективті жағы – ішкі сезімдерді,
талғамдарды, бағалауды, күйзелісті, идеяларды, мұраттарды Эстетиканы объективті
өмірлік процестер мен қатынастарды көрсете бейнелеудің өзіндік формасы ретінде
қарастырады. Өнер, көркем шығарм. оның маңызды жағы ретінде қарастырылады.
Эстетика өнердің мəнісі мен оның заңдылықтарын зерттей отырып, арнаулы, теор.
жəне тарихи ғылымдармен жəне өнер туралы ғылымдармен тығыз байланыста
дамыды. Бірақ Эстетика– негізінен философияның бір саласы. Ол адамның ақиқатқа
эстет. қатынастарының (оның ішінде өнердің) жалпы заңдылықтарын зерттейді, ал өнер
зерттеу ғылымдары өнердің қаз-қалпындағы ерекшелігіне назар аударады.
Философия сияқты дүниетану ғылымы бола отырып, Эстетика эстет. сана мен өнердің
қоғамдық болмысқа, адам өміріне көзқарасы туралы мəселені шешуді өз
проблематикасының басты назарына қояды. Осы мəселенің материалистік шешімін
басшылыққа ала отырып, Эстетика өнердің табиғаты мен көркем шығарм. процесінің
түрлі жағын: өнердің шығу тегін оның мəнісін жəне қоғамдық сананың басқа
формаларымен байланысын, оның тарихи заңдылықтарын, көркем образдың
ерекшеліктерін, өнердің мазмұны мен форманың өзара байланысын, көркемдік əдіс
пен стильдің маңызын, т.б. ғыл. тұрғыдан ашып көрсетеді. Катарсис (грекше "тазару")
— адам жаны мен тəнін тазарту, рухтық жөне ағзалық жаңаруды білдіретін ұғым.
Катарсис ұғымы антикалық философиядан алынған. Көне гректер катарсисті
денсаулықтағы бұзылған үндестікті қалпына келтіру үшін тазарту жүргізу əдістері деп
қарастырған. Нақты медициналық мағынасымен қатар катарсис эстетикалық ұғым
деңгейіне көтерілген сөз. Антикалық эстетикада катарсис адамға өнердің қалай əсер
ететіндігін көрсету үшін пайдаланылған. Онда катарсис əсіресе музыка, поэзия мен
трагедияның адамның рухы мен жанын тазарту жолындағы маңызын білдірген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет