Құндылықтар ұғымы. Құндылықтарды жіктеу


 «Мəңгілік Ел» жəне «Ұлы Дала» категориялары



бет7/7
Дата10.12.2023
өлшемі65,18 Kb.
#136714
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Құндылықтар ұғымы. Құндылықтарды жіктеу-emirsaba.org

30. «Мəңгілік Ел» жəне «Ұлы Дала» категориялары.
«Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан
халқына Жолдауында Елбасы «Мəңгілік Ел» ұлттық идеясын айқындап берді. Шын
мəнінде, бұл ұлттық идея біздің халқымыздың сан ғасырлық арманына ғана емес,
сондай-ақ Тəуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның дамуының нақты нəтижелеріне
негізделетін мемлекетіміздің мемлекеттік идеологиясы.
Бүгінде біздің еліміздің осы даму кезеңінде нақты тұжырымдалған «Ұлттық идея» неге
қажет болды деген сұрақтар көптеп қойылуда.Жаһандану жағдайында полиэтникалық
Қазақстанның болашақта бəсекеге қабілетті болуы, 2050 жылға қарай елдің əлемдегі
ең дамыған отыз мемлекеттің қатарына кіруі осы ұлттық идеяның қалыптасып,
дамуына байланысты. Қазақстанда бұл процесс тəуелсіздік алған сəттен басталды.
Кейінгі жылдардың стратегиялық құжаттары Қазақстанның болашақ құрылысы
моделінің мүмкін нұсқаларын жəне мемлекеттік идеология үшін қажетті құндылықтарын
қарастырады. Мəселен, 1997 жылы қабылданған «Қазақстан – 2030» Стратегиясында:
«біз - өз тарихы мен өз болашағымыз бар Еуразиялық елміз. Сондықтан біздің
модельіміз ешкімге ұқсамайды. Ол түрлі өркениеттердің жетістіктерін сіңіреді».
Сондықтан, қоғамдық санаға бəсекеге қабілеттілік, бəсекелестік идеологемалары
белсенді енгізілуде. Жаңа саяси жағдайларда 2010 жылы қабылданған «Қазақстанның
ұлттық бірлігі доктринасы» маңызды құжат болды. Доктринада ұсынылған ұлттық бірлік
қағидалары біздің мемлекетіміздің ұлттық идеясын қалыптастыру негізіне алынды. Бұл
қағидалар:
- «Бір ел - бір тағдыр»;
- «Əртүрлі шығу тегі-тең мүмкіндіктер»;
- «Ұлттық рухты дамыту» болып табылады. Уақыт көрсеткендей, ең ақылға қонымды
жол – этникалық күрделі құрылымға қарамастан, елдің барлық азаматтарының
мүдделерін біріктіру. Елдің азаматтық қоғам жағдайына көшуі жəне Қазақстанда
бірыңғай халықтың қалыптасуы – ұлттық идеяның өзегіне айналды.
«Ұлы Дала» ұғымына келер болсақ, ол ертеден бар ұғым. Дешті Қыпшақ деген сөз –
қыпшақтың даласы деген сөз. «Ұлы Дала ұғымына мынау Алтайдан Қара теңізге дейінгі
даланы атайтын болған. Оның негізгі аумағы – біздің қазақтың жері. Біздің даламызда
кен де болған, темір де болған, қолөнер де болған, бəрі болған», - деп атап өтті
Елбасы. Осы орайда ҚР Президенті мұндай ұғымның көптеген елдерде бар екендігін
атап өтіп, жапондар күншығыс еліміз, қытайлықтар аспан асты еліміз, кəрістер таңғы
шық еліміз деп санайтындығын мысалға келтірді. «Бізде де сондай ұғыммен
теңестіретін болсақ, бізге «Ұлы Дала еліміз» деп айтқан келеді. «Ұлы Дала» мен «Көк
аспан» деп те айтуға болар еді. Кең дала - біздің жеріміз. Осы жерде біз тұрып
жатырмыз, өсіп жатырмыз, өркендеп жатырмыз, ұрпақ асырап жатырмыз. Осы жерде
мемлекетімізді құрып, оны шаңырағын биік қылып, көк тудың астына жиналып
жатырмыз. Біздің байрағымыздың өзінде көк аспан, жарқырған күн бейнеленген», - деді
Н.Назарбаев. Дамыған елде руханият бірінші орында тұрады. Ол – барлық адамға


азық. Рухани байлығы мол адам ғана шын мəдениеттің дамуына үлес қоса алады.


Рухани байлық бар жерде елдің бірлігі де нығая түседі. Мəселен, бəрі санадан
басталады. Өскелең ұрпақты өз өлкесін сүюге, құрметтеуге тəрбиелеу жұмыстары
қарқынды жүргізілуде. Балабақша бағдарламалары да рухани құндылықтарды өз
жоспарларына енгізіп, жұмыс істеуде.Ауыл-аймақтарда экологияны жақсартуға жəне
елді-мекендерді абаттандыруға баса мəн беріліп, жергілікті деңгейдегі тарихи
ескерткіштер мен мəдени нысандарды қалпына келтіру жұмыстары нақтыланды.
Үлкен қалаларға көшіп кетсе де, туған жеріне қамқорлық жасап жүрген, ауылын
көгалдандыруға, мектептерді компьютерлендіруге, музейлер мен мəдениет
ошақтарына демеушілік жасап жүрген кəсіпкерлер туралы көріп, естіп жүрміз.
Аймақтардағы өнер ошақтарын өз есебінен жөндеуді қолға алып жатқан мəрт
азаматтарды баспасөз бетінде насихаттап, үлгі етудің артықтығы жоқ деп ойлаймын.
Рухани байлықтың кемел де қуатты болғаны – жеке азаматтарымыз үшін де, еліміз
үшін де маңызды. Бұл мақсат болашақта жүзеге асса, ақыл-ойы толысқан, отбасын,
Отанын риясыз сүйетін, рухани бай ұрпақ – өркениет бəсекесіне қабілетті болатыны
анық.

http://emirsaba.org




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет