Құндылықтар ұғымы. Құндылықтарды жіктеу


 Тарихты философиялық пайымдау пəні ретінде талдау



бет5/7
Дата10.12.2023
өлшемі65,18 Kb.
#136714
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Құндылықтар ұғымы. Құндылықтарды жіктеу-emirsaba.org

24. Тарихты философиялық пайымдау пəні ретінде талдау.
Тарихты зерттеу пəн ретінде бөлек қарастырғандардың бірі Джанбатист Вико болатын.
Оның шағармаларында ұлттардың тарихтары мен арақатынастары кірген. Грек
мифтеріне ұқсатып ол тарихты үш кезең арқылы қарастырған. Грек мифологиясын
зерттегендер бірден оның алғашқы титандар тарихын, олимпиялық құдайлар тарихын
жəне қаһармандардың тарихын байқайды. Вико да өзінің концпциясында осы үш
сатыларды, яғни көне, классикалық жəне қазіргі деп тарихты бөліп қарастырған.
Викодан бастап тарихтың өзі жеке зерттеу пəні болып бөлінген. Оның негізгі
шығармасы «Основания новой науки о господстве наций». Өзінің еңбегінде Вико
мифтермен аңыздарға сүйеніп, адамның иррационалдық табиғатын рационалдық
жолмен шешуге тырысқан.вико мен басқа ағартушыларды қызықтырған сұрақ –
адамдардың «ақылсыз» яғни көне, дөрекі жағдайдан зерделі жағдайға өтүі. Жалпы
ағартушылардың ойынша тарихтың өзі екі күштің күресі – рационалдық жəне
иррационалдық. Олар рационалдық, прогрессивтік күштің жеңісіне күмəнміз сенген.
Ағартушылардың ілімдерінде қарамақайшылықтарды кездестіруге болады. Оған
қарамастан орта ғасыр философияға қарағанда жаңаша көзқарастың пайда болуы
бірден көзге түседі.адамзат тарихы адам табиғаты туралы қозғалған мəселемен
ұштасады. Вико жəне кейінгі ағартушылар адамның тарихтағы өмірін ерекше адамдық
шындық ретінде қарастыруға жол ашқан. Гегельдің атақты шəкіртінің бірі Маркс тарихи
процесті диалектикалық əдіс арқылы шешуге тырысқан. Оның ілімі диалектикалық
материализм деп аталған. Тарихты қарастырған кезде ол бес тарихи əрі экономикалық
формацияларды ұсынған болатын. Яғни маркстің ойы адамзаттық тарих ол Гегельдің
абсолюттік рухы емес, қоғамдағы экономикаға негізделген таптық
қарамақайшылықтардың қоғамдағы сана арқылы белгілі болған материяның дамуы.
Маркстың зерттеушілері оған экономикалық детерминист деп ат қойған. Маркс пен
Энгельс қоғамды үнемі өзгерісте болады деп есептеген. Философия тарихында тарих
философиясына ерекше мəн беріп жəне батыс философияға еліктемеген орыс
ойшылдарын атап кету жөн. Ресей патшалығының тарихының өзі көптеген қарама
қайшылықтарға толы əрі оның Еуропа мен Шығыстың арасында орналасқандығы
өзіндік тарихи философиялық сана сезімдерін қалыптастырған. Орыс
философиясының негізгі мəселесін Ресейдің тарихи тағдыры болған. Əрине, орыс
ойшылдары батыс философиямен ертеден таныс болып, атақты еуропалық
ойшылдарымен тығыз байланыста болған. Сонымен қатар олар философияда өз ізін
қалдыруға тырысқан. Тарихи философиялық ізденістерге əлеуметтік тұрғыдан ойтүрткі
болған Петр І патшаның реформалары болған. Оның реформаларының арқасында
ресей дворяндары Еуропада білім алып, ағартушылардың философиялық ойларымен
таныс болған. ХІХ ғ. басында алғашқы «Общество любомудров» атты орыс
философиялық үйым құрастырылған. Оған тікелей В.Ф. Одоевский қатысқан. өз
еңбектерінде Одоевский батыс философиясының біржақтылығын сынаған. Ресей сол
біржақтылығынан бас тартып келешекте өз рухани бастамасын жоғалтпай дамыса екен
деген ой оның басты үмітіне айналған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет