Құндылықтар ұғымы. Құндылықтарды жіктеу


 Мəдениет, оның табиғаты мен мəні. Философия тарихындағы



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата01.02.2023
өлшемі127,2 Kb.
#64362
1   2   3   4   5   6   7
20. Мəдениет, оның табиғаты мен мəні. Философия тарихындағы
мəдениеттанулық теориялар (З. Фрейд, Н. Данилевский, О. Шпенглер, К.
Леви-Строс).
19-20 ғғ. психоаналитикалық теорияның пайда болуы адам мен мəдениетті түсінуде
өзіндік «антропологиялық революция» жасады деп айтса болады. Психоанализ негізін
салушы Зигмунд Фрейд өзінің «Тотем жəне табу» еңбегінде культурогенез мəнін
алғашқы мəдениет құбылысы арқылы ашады. Тотемизмнің алғашқы мағынасын ашуға
тырысқан ол мəдениет феноменін түсінуде тыйым салу жүйесінің, яғни табудың үлкен
мағынасы бар екендігін көрсетеді. Жыныстық қарым-қатынастарға тыйым салу жəне
оны невроз тудыратын жəне бейсаналы салаға ығыстырып шығару түптеп келгенде
адамзат тарихының ең ежелгі сатысында пайда болған мораль мен құқықтың қоғамдық
нормалар. З. Фрейдтің теориясында қалау- тілектерге тыйым салу немесе мəжбүрлеу
мəдениеттің негізі болып табылады. Оның көзқарастарының негізінде адамдағы табиғи
бастау, бейсаналылық, кысым көрсету мен табиғат нормалары арасындағы
қарама-қайшылықтар жатыр деген ой-тұжырым жатыр.


Фрейдтік «мəдениет» термині адамдардың табиғатқа билік жүргізу барысында игерген
білімдері мен əдіс-тəсілдерді, адам қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында
игіліктерге қол жеткізу мағынасын білдіретін айта кету қажет. Сонымен қатар фрейд
теориясы адамдар арасындағы қарым-қатынастарды, əсіресе игерілген игіліктерді
бөлуді реттейтін институттарды да қамтиды. Басқаша сөзбен айтқанда мəдениет бір
жағынан адамды сыртқы ортаның факторларынан қорғап, табиғат игіліктерін игеруге
жəне оларды адамдар арасында бөлуге үлесін қосады, ал екінші жағынан мəдениет
адамды оның қалау-тілектерінен айырып, оған ауыртпалық түсіреді.
Жалпы психоанализ теориясы өз саласындағы бірден бір теория болмаса да, адам
психикасын тануда жəне оның терең қырларын ашуда, сонымен қатар адамзат
қоғамынының дамуын түсінуде маңызды қадам болды. Мəдениеттің , оның пікірінше,
екі маңызды қыры бар:
- бір қыры, ол адамға табиғат күшін игеруге жəне өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру
үшін одан материалдық игіліктер алуға мүмкіндік беретін адамдар алған барлық білім
мен іскерлікті қамтуы.
- екінші жағынан, оған адамдардың өзара қарым-қатынасын реттеу үшін, əсіресе қол
жетімді материалдық игіліктерді бөлу үшін қажетті барлық белгілер кіреді.
З.Фрейдтің айтуынша, əрбір мəдениет алғашқы талап-тілектер, қажеттіліктер күштеу,
мəжбүрлеумен жəне басумен құрылады. Сондықтан, адамдарда қоғамға қарсы жəне
антимəдени үрдістер жиі кездеседі.. Юнг сексуалдылық теориясын теріске шығарып,
либидо түсінігін тұлғаның психикалық үрдістерінің белсенділігін анықтайтын жəне
мəдениет пен өркениет дамуының психоэнергетикалық негіздерін анықтайтын
психикалық энергия деп түсіндіреді. Швейцариялық ғалымның ойынша, халықтардың
өмірі психологиялық заңдарға бағынады, ал халықтың жаны жеке тұлғаның
күрделенген жанының құрылымы. Тек сана мен бейсананың үйлесімділігі ғана сау жəне
рухани бай тұлғаларды қалыптастырып, қауіптің алдын алады. Рухани мəдениет жəне
шығармашылық бейсана шарттарында негізделеді. Шығармашылық үрдіс архетипті
бейсаналық жандандыру мен оны ашудан, оның толық аяқталған өнер туындысына
дейін көтеруден тұрады.
Н.Я.Данилевский – орыс əлеуметтанушысы, мəдениеттанушысы, публицист жəне
геосаясаткер, алғашқылардың бірі болып тарихқа деген өркениетті көзқарастың негізін
салушы. Негізгі идеялары: жалпыадамзаттық өркениетті сынау. Дін, мəдениет (ғылым,
өнер, техника), саясат, қоғамдық-экономикалық өмір секілді 4 негізден тұратын:
мəдени-тарихи түрлер тұжырымдамасы. Мəдени-тарихи түрлер жəне өркениеттер
этнографиялық материалға қарсы тұрады. Ғалым мəдени қызметтің төрт түрін бөледі:
а) діни, Б) мəдени (ғылыми жəне эстетикалық шығармашылық), в) саяси, г)
қоғамдық-экономикалық.
Данилевский келесі мəдени-тарихи типтерді (немесе өзіндік өркениеттер) ерекшелейді:
1) Египет, 2) қытай, 3) ассирия-вавилон-финикиялық, 4) Үнді, 5) Иран, 6) еврей, 7) грек,
8) Рим, 9) жаңа-семитикалық, немесе араб, 10) Герман-романдық, немесе еуропалық,
11) мексикалық, 12) Перуандық (соңғы екеуі өз дамуын аяқтамаған). Бір мəдени-тарихи
түрдегі өркениеттің негіздері басқа түрдегі өркениеттерге берілмейді. Мəдени-тарихи
түрдің өсу кезеңі айқындалмаған. Олардың гүлдену жəне даму кезеңдері қысқа болып
келеді. Кейбірі біржола жойылып кеткен. Мəдени – тарихи түр этнографиялық
жағдайдан мемлекеттікке жəне одан өркениеттікке қарай дамиды. Тарих барысы
бір-бірін ығыстыратын мəдени-тарихи типтердің өзгеруінен көрінеді




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет