Құндылықтар ұғымы. Құндылықтарды жіктеу


 Дін философиясының пəні мен мəртебесі. Діннің анықтамасы



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата01.02.2023
өлшемі127,2 Kb.
#64362
1   2   3   4   5   6   7
28. Дін философиясының пəні мен мəртебесі. Діннің анықтамасы.
Адамзат тарихында діннің көптеген түрлері бар. Олардың барлығы
адамның толықсыздығынан, толықсыздығынан туындайды жəне жоғарғы құндылыққа
жетуге, толығуға жолдар ұсынады. Дін дүниені түсінудегі жəне қоғамның, индивидтің
жоғарлауында, өмірдің, универсумның мағынасын мойындаудағы адамдардың
бірліктерін бекітудегі ең бір қажетті форма. Гегель дін — біздің санамыздың саласы,


онда дүниенің барлық құпиялары шешілген, терең ойдың барлық қарсылықтары жоққа
шығарылған, ол мəңгі ақиқат, мəңгі тыныштық, мəңгі бейбітшілік саласы; онда барлық
халықтар өздерінің жетістіктерін жəне өмірлерінің рахатын көрген деп жазады.
Дін ұғымы (лат. religio) лига сөзінен шығады, яғни байланыс, бірлік; лига сөзінің аналогы
болып санскриттегі йога сөзі табылады (бағытталу, күш салу). Байланыс ұғымы
шарттасқан, бірлескен, үздіксіз, бүтіндік, қауымдастық, т.б. мағынаны білдіруі мүмкін.
Практикада дін ретінде əрбір байланыс түсіндірілмейді, онда рухани байланыс бірінші.
Байланыс ішкі жəне сыртқы, кездейсоқ жəне қажетті, мəнсіз жəне мəнді, материалды
жəне материалды емес болады. Байланыс феноменінде үш аспектіні көрсетуге
болады: материалды, энергетикалық, ақпараттық. Дінді ерекше байланыс деп айтқанда
оның ішкі, қажетті, мəнді, заңды, материалды емес ақпараттық-энергетикалық бірлігін
көрсетеді; сонымен бірге діни энергия (күш) өмірлік белсендік, рухани күштердің
бостандығын түсіндіреді. Дін рухани байланыс бола отыра өзінің материалдық
белгілерімен, символдарымен, əлеуметтік ұйымдарымен қосымша жүреді. Сондықтан
діннің ең бір жалпы сипаттамасы жалпы байланыс ұғымын керек етеді, бірақ негізгі
болып тұрақты рухани байланыс табылады. Осы мағынасында ол жеке жəне ұйымдық
махаббатқа, сүйіспеншілікке жақын. «Құдай ол махаббат, сүйіспеншілік», бұл пікір
сенушілердің арасында көп тараған. Л. Фейербах махаббатта себепсіз жаратушы
бастаманы қарастыруға тырысты: Сүйіспеншілік, Махаббат ол Құдай. Шынымен,
сакральды объектіге діни махаббат, сүйіспеншілік жалғыз сенушілер арасында
таралады (немесе мен ішіндегі абсолютке). Басқа сенімдегілермен күресте діни
адамдар абсолютке жəне өздерінің шіркеулеріне деген махаббатты қолдауда көптеген
күш жұмсайды. Махаббат амбивалентті жəне ол қарама қарсы сезімге де айналуы
мүмкін.Махаббаттың, сенімнің, үміттің бір біріне өтуі діни жандылықтың жəне
руханилықтың динамикасын сипаттайды. Дін филосоиясының негізгі категориялары:
Теология ( грек. Theos Құдай жəне logos сөз; Құдай туралы ілім:
а) діни мағынада құдайылық ашылудың зерделі ақиқатын методологиялық тұрғыда
жасау (Дж. Ф. ван Акерен);
б) атеистік мағынада абсолютті шындық туралы ілімді рациональді- жүйелілік тұрғыда
түсіндіру, қорғау, сонымен бірге сенушілердің өмірінің сипаттары мен нормаларын ұқсас
тұрғыда негіздеу.
Теизмда Құдай өзінің тудырған дүниесінен бөлек шексіз Болмыс жəне Абсолютті
Тұлға ретінде түсіндіріледі. Дүние Құдайдан шықпайды жəне оның ішінде болмайды,
бірақта ол ештеңеден пайда болады,ex nihilo, ешқандай алғы шартсыз болады.
Құдайдың тудырған табиғатына трансцентенттігіне байланысты Оның туындылары
əрқашанда жаңа, яғни ешқашан болмағанды тудырады. Құдай дүниені Сөзімен
(Логоспен), Абсолютті Тілегімен немесе Абсолютті Еркімен тудырады. Теизм көбіне
иудаизмге, христиандыққа жəне исламға тəн.
Деизм. Теизмнен деизмді ажырата білу керек ( лат. Deus құдай), ол Қайта өрлеу
дəуірінде көп тараған. Деизмнің негізін қалаушы лорд Чербериге (ХVII в.) байланысты
Құдай дүниені тудырып, оның əрі қарай дамуында жəне физикалық заңдылықтарына
араласпайды.Көрнекті деистер Толанд, Вольтер, Лейбниц болған. Деизм жаратуды бір
актімен шектесе,
теизм Құдайдың дүниені өзінің жоспары бойынша тудырады.
Атеизм. (atheism құдайсыз) Құдайға тұлға ретінде сенімді терістеу жəне сыни анализ,
сонымен бірге басқа да құдайларға, жоғарғы күштерге сенімді терістеу. Бұл сын
философиялық, ғылыми немесе тарихи-ғылыми сипатта болуы мүмкін. Атеистік
концепция өзінің сынаған діни ілімдеріне мағыналық құрылымына жəне ойлау


образына ұқсас. Сондықтан абстрактілі атеим мүлдем жоқ, бірақ əрбір атеизм нақты бір
дінге(өзі терістейтін) байланысты болады. Осы тұрғыда оны сол сынаған дініне
байланысты атау дұрысырақ: христиандық атеизм, мұсылмандық атеизм, иудейлік
атеизм жəне т.б. Қазір атеизмді еркін ойлаумен, діни индифферентизммен,
антиклерикализммен дұрыс емес араластырады. Атеизм Құдай өмір сүреді жəне Оның
болмысын дəлелдеуге болады дейтін монотеизмге қарсы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет