Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Д. СЕРІКБАЕВ атындағы ШЫҒЫС-ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Т.С. Дмитриева., К.А.Елеусизова
ПОЛИГРАФИЯЛЫҚ ӨНДІРІСТЕРДІ АВТОМАТТАНДЫРУ
5В072200 «Полиграфия» мамандығының студеттеріне арналған дәрістер конспектісі
Өскемен
Усть-Каменогорск
2014
Дмитриева Т.С., Елеусизова К.А. Полиграфиялық өндірістерді автоматтандыру: 5В072200 «Полиграфия» мамандығының күндізгі, сырттай және дистанционды курстар оқу түріндегі студенттеріне дәрістер конспектісі. / Т.С.Дмитриева, Елеусизова К.А./ ШҚМТУ-Өскемен, 2014.
«Полиграфиялық өндірістерді автоматтандыру» пәнінен дәрістер курсында электронды құрылғыларды жобалауының қысқа теориялық негізі баяндалған, электронды құрылғылардың сұлбалы есептеуінің нұсқалары және оларды есептеудің әдістері берілген.
Ақпараттық технологиялар және энергетика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды.
© Д.Серікбаев атындағы Шығыс
Қазақстан мемлекеттік
техникалық университеті,
2014
1 АВТОМАТТЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛУ ҚАҒИДАЛАРЫ, МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ
1.1 Негізгі терминдер мен анықтамалар
ТП АБЖ (технологиялық процестердің автоматтандырылған басқару жүйесі) -технологиялық процестерді тікелей адамның қатысуынсыз басқаруға арналған бағдарламалық және техникалық құралдар жиынтығы.
ТБО (технологиялық басқару объектісі) - бірыңғай материалдық және энергетикалық ағымдармен өзара байланысқан агрегаттар мен жабдықтар жиынтығы.
ТП (технологиялық процесс) - бастапқы материалдар күйінің өзгеру реттілігі (яғни кеңістіктегі орналасуы мен физикалық-химиялық қасиеттерінің өзгерісі).
Үздіксіз ТП - деп, параметрлерінің өзгерісі үздіксіз аналогты түрде жүретін технологиялық процесті айтамыз (бу алу процессі).
Дискретті ТП - деп, өзгерісі дискретті күйлердің: «ашық-жабық», «қосу-ажырату», «сигналдың болуы-сигналдың жоқтығы», реттілі ауысуы арқылы анықталатын технологиялық процесті айтамыз (гидрометаллургиядағы реагенттерді мөлшерлеу, СБП станоктарында детальдарды өңдеу және т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: |