Ндірістерді автоматтандыру


ТП АБЖ қолданудың мақсаты



бет2/23
Дата30.05.2022
өлшемі0,99 Mb.
#35934
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Лекция- каз

1.2 ТП АБЖ қолданудың мақсаты:
- жабдықтың жұмыс режимін белгіленген критерилерге сәйкес үйлесімділеу; (мысалға, отынды аз шығындау арқылы талап етілген сападағы өндірістік буды алу);
- ауыр физикалық және жүйкелік жұмыс мөлшерінен адамды босату;
- ТБО-ң қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету;
- басқару сапасын арттыру арқылы жабдықтың тозуын азайту.


1.3 ТП АБЖ құрылымы


Автоматтандыру жүйесінің құрылымдық сызбасы жалпы түрде 1-суретте көрсетілген. Автоматтандыру жүйесі автоматтандыру объектісінен және осы объектіні басқару жүйесінен құралады. Автоматтандыру объектісі мен басқару жүйесінің арасындағы белгілі әрекеттестік арқасында, автоматтандыру жүйесі, х1, х2,..., хn параметрлерімен сипатталатын объект жұмысының талап еткен нәтижесін толығымен қамтамасыз етеді.

1.1 сурет - Автоматтандыру жүйесінің құрылымдық сызбасы


Бұл параметрлерге мысалы, технологиялық процестің мақсатына сәйкес соңғы өнімін сипаттайтын шамаларды, технологиялық процестердің жүрісін, оның тиімділігін анықтайтын, апатсыз режимді қамтамасыз ететін және т.б. жеке параметрлерді жатқызуға болады.


Бұл негізгі параметрлерден басқа, автоматтандырудың құрама объектісінің жұмысы y1, y2, ..., уj қосалқы параметрлермен сипатталады. Олар сондай-ақ, бақыланып және реттеліп отыруы қажет (мысалы, тұрақты болу). Мұндай параметрлерге мысалы, технологиялық бу мен сығылған ауа дайындау қондырғыларының, айналма сумен жабдықтау сорап станциясының жұмысын сипаттайтын шамаларды жатқызуға болады.
Бұл қондырғылардан тек технологиялық қондырғының кірісіне шикізат пен белгіленген параметрлі энергия тасымалдаушыны жіберу талап етіледі. Сонымен қатар шикізат пен энергия тасымалдаушылардың қажетті мөлшерін жіберу технологиялық қондырғыға жатқызылатын басқару құралдарымен іске асады.
Жұмыс барысында объектке, х1, х2,..., хn параметрлерінің талап етілген мәндерден ауытқуын болдыратын, f1, f2, ... fi ауытқу әсерлері келіп түседі. Ағымдағы х1, х2,..., хn және y1, y2, ..., уj мәндері жайлы ақпарат басқару жүйесіне келіп түседі және g1, g2,..., gk алдын-ала жазылған мәндермен салыстырылады. Нәтижесінде басқару жүйесі шығыс параметрлерінің ауытқуларының орнын толтыру үшін, ε1, ε2, ...., εm басқарушы әсерлерді өңдеп шығарады.
Сонымен, автоматтандыру объектісі жалпы жағдайда бірнеше басқару бөлімшесінен құралады. Басқару бөлімшелері жеке қондырғылар, агрегаттар және т.с.с. түрінде немесе бірдей қондырғылардың, агрегаттардың жеке параметрлерін басқарудың жергілікті каналы түрінде көрсетілуі мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет