Осы мәнді сипаттамаларды бір сипаттамаға қосса, маңызды анықтама алуға болады: ұйым дегеніміз — қызметтері саналы түрде ортақ мақсатқа немесе мақсаттарға жетуге бағытталған адамдар тобы. Сонымен, әрбір ұйымның құраушылары - адамдар, мақсаттар оларды шешу үшін ұйымның потенциалын қозғалысқа келтіретін және жұмылдырушы басқару болып табылады.
1 Сервис саласындағы коммуникация түсінігі
Ұйымның мақсатына жетуде коммуникация басты рөлді ойнайды.
Коммуникация – бұл екі немесе одан да көп адамдар арасындағы ақпарат алмасу.
Коммуникация – жетекшінің тиімді шешім қабылдауы және оны ұйымның қызметкерлеріне жеткізуі үшін қажетті мәліметтердің, хабарламалардың негізінде ақпараттың алмасуы.