Ндірістік практика II


ж мен 13.03.2023 ж Сот құрылымымен танысу,басшылық,судьялар,Түркістан обылысы бойынша соттар әкімшісі аудандық және оларға теңестірілген соттары



бет3/6
Дата08.07.2023
өлшемі50,05 Kb.
#104090
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
28.02.2023 ж мен 13.03.2023 ж Сот құрылымымен танысу,басшылық,судьялар,Түркістан обылысы бойынша соттар әкімшісі аудандық және оларға теңестірілген соттары.
Мен өзіме тапсырылған жұмысты атқарап жүріп кезекті практикалық жоспар бойынша Сот құрылымымен, олардың жұмыстарымен, қызметтік міндеттерімен танысуды мақсатқа алдым. Қазақстан Республикасының сот жүйесiн Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және Қазақстан Республикасының Конституциясына және осы Конституциялық заңға сәйкес құрылатын жергiлiктi соттар құрайды. Қандай да болмасын атаумен арнаулы және төтенше соттар құруға жол берiлмейдi. Жергiлiктi соттарға мыналар жатады: облыстық және оларға теңестiрiлген соттар (Республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары, мамандандырылған сот - Қазақстан Республикасының Әскери соты, мамандандырылған қаржылық соттар және басқалар); аудандық және оларға теңестiрiлген соттар (қалалық, ауданаралық, мамандандырылған сот - гарнизонның әскери соты және басқалар).
Қазақстан Республикасында мамандандырылған (әскери, қаржылық, экономикалық, әкiмшiлiк, кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi және басқа) соттар құрылуы мүмкін. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергiлiктi соттардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы мен өзiнiң атауы бейнеленген мөрi болады.
Аудандық және оған теңестірілген соттар.Жалпы алғанда қазақстан сот жүйесінің негізгі буынына аудандық және оған теңестірілген соттар жатады, өйткені сот төрелігі бойынша жұмыстардың зор үлесі солармен жүзеге асырылады.Аудандық және оған теңестірілген соттар Жоғарғы Сот Төрағасының ұсыны бойынша Қазақстан Республикасының Президентімен құрылады, қайта құрылады және таратылады. Қазақстан Республикасының Президенті бірнеше әкімшілік-аумақтық бірлікте бір аудандық сот немесе бір әкімшілік-аумақтық бірлікте бірнеше аудандық соттар құруы мүмкін.Аудандық сот бірінші сатыдағы сот болып табылады.Аудандық сот төрағадан және тұрақты судьялардан тұрады. Аудандық соттар судьяларының жалпы санын Қазақстан Республикасының Президенті Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынымы бойынша бекітеді. Әрбір аудандық сот судьяларының саны сол сот төрағасының Жоғарғы Сот Төрағасымен келісілген ұсынымы негізінде Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа соттардың қызметін ұйымдастыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша уәкілетті органмен (әрі қарай – уәкілетті орган) белгіленеді.
Егер штат бойынша ауданда бір судья (бір құрамды сот) қажет болса, ол төраға құзыретін біржола жүзеге асырады. Аудандық сот төрағасы судьяның және сот буыны жетекшісінің қызметін біржола атқарады. Судья міндеттерін орындай отырып аудандық сот төрағасы:
судьялармен сот істерін қарастыруды ұйымдастырады;
аудандық сот кеңсесіне жалпы басшылық жүргізеді;
азаматтарды қабылдайды;
аудандық сот жұмысының жоспарын бекітеді;
судья лауазымына үміткерлердің тағылымдама өтуін ұйымдастырады;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы және судьялық этика нормаларын сақтау бойынша жұмыстарды қамтамасыз етеді;
өкімдер шығарады;
заңмен көзделген басқа құзырлықтарын жүзеге асырады.
Аудандық сот төрағасы уақытша болмаған жағдайда төрағаның өкімімен оның міндеттерін атқару осы соттың бір судьясына жүктеледі.
Аудандық соттың төрағасы және судьялары болмаған жағдайда олардың міндеттерін орындау облыстық сот төрағасының өкімімен басқа сот судьяларына жүктеледі.
Аудандық сот төрағасының құзыреті уақытынан бұрын тоқтаған немесе мерзімі аяқталған жағдайларда төрағаның міндеттерін уақытша орындау облыстық сот төрағасының өкімімен сол соттың бір судьясына жүктеледі.
Аудандық соттар кеңселерінің негізгі рөлі және міндеттері – судьялармен сот есебін жүргізу және сот тәжірибесін қорытындылау, сот төрелігін жүзеге асыру бойынша судьялар жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған көмекші - қызмет етуші міндеттерін жүзеге асыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет