28.03.2023-10.04.2023ж Электрондық талап арыздар мен басқа да электрондық құжаттарды қабылдау және есепке алу тәртібі туралы нұсқаулықтармен танысу. Талап арыз беру Азаматтық істердің сотта қаралуы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 59-бабының 8-тармағында және 66-бабының 3-тармағында, сондай-ақ «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 13-бабының 5-тармағында көзделген істерді қоспағанда, азаматтық істер аудандық (қалалық) және оларға теңестірілген соттарда қаралып, шешіледі.
Облыстық және оған теңестіріліген соттарда:
- аудандық және оған теңестірілген соттардың шығарылған шешімдеріне апелляциялық шағымдар және наразылықтар келтіргенде;
- апелляциялық сатыдағы соттың шығарған қаулылары мен ұйғарымдарына кассациялық шағымдар мен наразылықтар келтіргенде, азаматтық істер қаралады.
Жоғарғы Сот жергілікті және басқа да соттардың заңды күшіне енген сот актілеріне Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының өтініштері, наразылықтары бойынша қадағалау тәртібімен азаматтық істерді қарайды.
Талап жауапкердің тұрғылықты жері бойынша сотта қойылады. Заңды тұлғаға талап заңды тұлға органының орналасқан жері бойынша қойылады
Тұрғылықты жері белгісіз не Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері жоқ жауапкерге талап оның мүлкі орналасқан жер бойынша немесе оның ең соңғы белгілі тұрған жері бойынша қойылуы мүмкін.
Заңды тұлғаға да талап оның мүлкі орналасқан жер бойынша қойылуы мүмкін.
Заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің қызметінен туындайтын талап та филиалдың немесе өкілдіктің орналасқан жері бойынша қойылуы мүмкін.
Алименттер өндіріп алу туралы және әке болуды анықтау туралы талаптарды талапкер өзінің тұрғылықты жері бойынша да қоя алады.
Мертігуден немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуынан келген зиянды өтеу туралы талаптарды да талапкер өзінің тұрғылықты жері бойынша немесе зиян келтірілген жер бойынша қоя алады.
Орындалу орны көрсетілген шарттардан туындайтын талаптар да шарттың орындалатын жері бойынша қойылуы мүмкін.
Некені бұзу туралы талаптар талапкердің кәмелетке толмаған балалары тұратын немесе денсаулық жағдайы бойынша талапкердің жауапкер тұратын жерге баруы ол үшін қиындық келтіретін жағдайларда да оның тұрғылықты жері бойынша қойылуы мүмкін.Жалақыны, зейнетақы және жәрдемақыны өндіріп алу туралы талаптар, сондай-ақ заңсыз соттаудан, қылмыстық жауапқа заңсыз тартудан, бұлтартпау шараларын заңсыз қолданудан не әкімшілік қамау түрінде әкімшілік жазаны заңсыз қолданудан азаматқа келтірілген зиянды өтеуге байланысты еңбек, зейнеткерлік және тұрєын үй құқықтарын қалпына келтіру туралы талаптар талапкердің тұратын жері бойынша қойылуы мүмкін. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыларға дау айту жөніндегі талаптар талапкердің тұрғылықты жері бойынша да қойылуы мүмкін.Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы талаптар талапкердің тұрғылықты жері не шарттың жасалу немесе орындалу жері бойынша қойылуы мүмкін.Кемелердің соқтығысуынан келтірілген залалды өтеу туралы, сондай-ақ теңізде көмек көрсеткені және құтқарғаны үшін сыйақы алу туралы талаптар жауапкер тұрған немесе кеме тіркелген порттың орналасқан жері бойынша қойылуы мүмкін.Жер учаскелеріне, үйлерге, үй-жайларға, ғимараттарға, жерге тығыз байланысты басқа объектілерге (жылжымайтын мүлік) құқықтар туралы, мүлікті тыйым салудан босату туралы талаптар осы объектілер немесе тыйым салынған мүлік орналасқан жер бойынша қойылады.Мұра қалдырушыға кредит берушілердің мұраны мұрагерлердің қабылдап алуына дейін қойылған талаптары мұраға қалдырылған мүлік немесе оның негізгі бөлігі орналасқан жердегі соттың соттауына жатады.Тасымалдаушыларға жүктер, жолаушылар немесе теңдеме жүкті тасымалдау шарттарынан туындайтын талаптар көлік ұйымының тұрақты жұмыс істейтін органы орналасқан жер бойынша қойылады.Әр жерде тұратын немесе орналасқан бірнеше жауапкерге талап талапкердің таңдауымен жауапкердің біреуі тұратын немесе орналасқан жері бойынша қойылады.
Талап арыз сотқа жазбаша нысанда және электронды нысанда беріледі.
Арызда:
1) арыз берілетін соттың атауы;
2) талапкердің атауы, оның тұрғылықты жері, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер немесе, егер талапкер ұйым болса, оның тұрған жері, салық төлеушінің тіркеу нөмірі мен банк реквизиттері, сондай-ақ, егер арызды оның өкілі берсе, өкілдің атауы және мекенжайы.
3) жауапкердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), оның тұрғылықты жері немесе тұрған жері және егер талапкерге оның тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер, жұмыс орны және салық төлеушінің тіркеу нөмірі (егер сот бұйрығын шығару туралы арызда көрсетілген болса) белгілі болса немесе, егер жауапкер заңды тұлға болып табылса, оның атауы, нақты орналасқан жері немесе, егер талапкер бұл деректер белгілі болса, Бірыңғай мемлекеттік тіркеуден салық төлеушінің тіркеу нөмірі және банк реквизиттері;
4) талапкердің құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін және оның талап қою талаптарын бұзудың немесе бұзу қаупінің мәні;
5) талапкер өзінің талаптарын негіздейтін мән-жайлар, және бұл мән-жайларды растайтын дәлелдемелер;
6) егер талап қою бағалауға жатса, талап қоюдың бағасы;
7) арызға қоса тіркелетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.
Арызда дауды шешу үшін маңызы бар өзге де мәліметтер көрсетілуі, сондай-ақ талапкердің өтініші баяндалуы мүмкін.
Арызға талапкер немесе талап арызға қол қоюға және оны ұсынуға өкілеттігі болған кезде оның өкілі қол қояды.
Талап арызға қажет болатын құжаттар
1) жауапкерлер мен үшінші тұлғалардың санына қарай талап арыздың көшірмесі;
2) мемлекеттік баж төлеуді растайын құжат;
3) өкілдің өкілеттігін куәландыратын сенімхат немесе өзге де құжат;
4) талапкер өз талаптарын негіздейтін мән-жайларды растайтын құжаттар, егер көшірмелер оларда бомаса, жауапкерлер мен үшінші тұлғалар үшін бұл құжаттардың көшірмелері;
5) оны дауға салған жағдайда нормативтік құқықтық актінің мәтіні;
6) талапкердің мерзімді кейінге қалдыру, ұзарту, сот шығындарын төлеуден босату немесе олардың мөлшерін азайту туралы, талап қоюды қамтамасыз ету, дәлелдемелерді талап ету туралы өтініші және, егер олар талап арызда жазылмаған болса, басқалар да қоса тіркеледі.